Үсенова С.М., Байбулатова А.Е.,
Үсенов Н.М.
М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті,
Қазақстан
БАЛАНЫҢ МЕКТЕП ӨМІРІНДЕГІ
ӘЛЕУМЕТТІК
ЖАҢА
ОРТАҒА БЕЙІМДЕЛУІ
Мектепке жаңа келе салып, бала мектеп оқушысы
бірден бола қоймайды. В.В.Давыдов пікіріне сай, бұл
қалыптасу, яғни мектеп өміріне ену бүкіл бастауыш
кезеңі барысында жүзеге асады. Және мектепке дейінгі
балалық шақтың сипат-ерекшеліктері бүкіл бастауыш
мектеп кезеңін сипаттайтын болады.
Баланың психологиялық
қиындықтарға тап болуының алғышарттарының
бірі, оның "әлеуметтік жаңа даму жағдайына"
енуі, яғни ішкі жаңа бағыт-бағдарының
өзгеруі. Мұның барлығы баладан күрделі
психологиялық қайта құрылуды талап етеді.
Ал келесі бір қиындықтар түрі
субъективті алғышарттар арқылы туындайды. Ол алғышартгар:
бала-бақша мекемелеріне барып жүріп, барғысы келмеу
ниеттерінін орнығуы; мектеп оқушысы болып қалыптасуды
кешеуілдететін бірқатар жеке-дара ерекшелікгер, яғни
тұйықтық, агрессивтілік, мазасыздық,
ұқыпсыздық т.б.
Балалардың бастауыш мектептегі түрліше
қолайсыздық жағдайлары психиатриядан алынған
"дезадаптация" терминімен анықталады. Дезадаптацияны
құрайтын шарттардын бірі 3 төменгі оку мотивациясы,
үлгерімнің төмен болуы және аса жоғары
дөрежедегі мазасыздану проблемасы.
Атақгы психолог Л.С.Выготский 1730-шы жылдары былай
деген
болатын: "Бала өлеуметтік ситуацияның бір бөлігі,
баланың қоршаған
ортаға және ортаның балаға деген қарым-катынасы
бастан кешулер
және баланың өз іс-әрекеті арқылы беріледі.
Қоршаған ортаның күші
баланың бастан кешулері арқылы башттаушы маңызға ие
болады.Бұл
дегеніміз, баланың бастан кешу жағдайларын терең іштей
талдауға
міндеттейді".
Міне, кезінде, яғни 1930-шы жылдары, айтып кеткен
Л.С.Выготский ой-пікірлері біздің зертгеу жұмысымыздың
әдіснамалық негізін құрады.
Бастауыш мектеп окушыларының бойында мазасыздану
күйі ұзақ уақытқа созылатын болса, бұл ол
баланың жүйке жүйесінің жұмысына өсер
етеді. Нәтижесінде уақыт өте келе, астения дамиды, яғни
жүйке бірте-бірте тозады, әлсірейді. Астения кезінде шаршау
жиілейді, жұмысқа деген бала қабілеттілігі төмендейді,
зейін қоюлары нашарлайды, естері әлсірейді. Әрине, бұл
кемшіліктердің барлығын жоюға болады, бірақ оларды
жоймайынша оку іс-әрекетіңде табыс, нәтиже төмендей
беретіні сөзсіз. Бұндай жағдайда көптеген ата-аналар
баланың кездескен қиыншылықтарын жою үшін,
күнделікті қосымша сабақтар ұйымдастырады. Бұл
бала астенизациясын жоғарылатады, бірақ жалпы ситуацияға
теріс әсер етіп, дамуды одан ері тежелтеді.
Үнемі бола беретін нәтижесіздік жағдайы
уақыт өте келе, шындыққа деген пессимистік
қатынасты, көзқарастың пайда болуына және
депрессивті күйдің өріс алуына себепші болады.
Әдетте мінез-құлықтық
қиыңдықтар дегенді әдебиетте "мектептік
мазасыздану" деген терминімен түсіндіріп жүр.
Эмоциялық күй-қалып жөнінде Қазақстанда
жазылған еңбектер де бар. Мысалы, айтып кететін болсақ,
М.В.Кузубованын "Жасөспірімдік шақтағы мазасыздану
жайлы" және АЛ.Ескендірованың "Агрессияға"
байланысты кандидаттық диссертация жұмыстары белгілі.
Психология ғылымдарының докторы, профессор
С.М.Жақыпов өзінің "Оқыту процесінде
студенттердің танымдық іс-ерекетін басқару"
еңбегінде мынандай құнды пікірді алға тартады.
"Бірлескен іс-әрекет жағдайында
эмоциялар санаға жекелеген ұғымдар жөніндн белгі
береді. Бірлескен іс-әрекетте бір субъектінің эмоциясы өзге
субъект үшін жеке мән-мағына жайлы белгі ретіңде болуы
мүмкін.
Эмоциялардың сигналдық функциясы негізгі
үш қарым-қатынас каналы арқылы жүзеге асуы
мұкін. Олар: одағай, интонацияны білдіреді, 2-ші: , ым-ишарат, 3-ші
мәнерлі қимыл, дене тұрын білдіреді".
Бастауыш сыныпта оқушылардың мазасыздануы
туралы зерттелген зерттеулер жоқ. Бірақ, жоғарыдағы
еңбектерге, әдебиеттерге терең талдау жасай отырып, мынандай
қорытындыға келуге болады.
Бастауыш мектеп кезеңі өте еліктегіштігімен
дараланады.
Жан Пиаже айтқандай, бұл кезең –
интуитивті ойлау кезеңі, яғни бала нақты
әрекет-амалдарды орындай отырып, нағыз ойлау, логикалық
ойлауға көшеді. Жөне осы ойлауда міндетті тұрде
эмоциялық күй қатар жүреді.
Осы жас кезеңіңде мазасызданудың
туындауы түрлі факторларға байланысты, яғни
социометриялық статус, жас кезеңі, отбасы жағдайы және
т.б.
Мазасыздану өзге эмоционалды қалып
сияқты бастауыш мектеп окушысының мінез-құлқына
әсер етеді. Және бұл калып түрлі іс-әрекет
түрімен, оның ішінде ақыл-ой әрекетімен тығыз
байланысты.
Жалпы, педагог, ересек, ата-аналар осы жас
кезеңінің тұрлі даму ерекшеліктерін қатаң
түрде ескеріп, тиісінше психокоррекциялық жаттығуларды
әдістемелік тұрғыда дұрыс өткізе білулері тиіс.
Адамның көптеген психикалық
кдсиетгерінің негідері нақ осы бастауыш мектеп жасыңда
қалыптасады және әдетке айналады. Мектепке келген бойда
кездесетін қиындықтар түрлері, мысалы, мектеп режиміне
байланысты, әлеуметтік қарым-катынас (мұғалім,
сыныптағылар, отбасындағы). Осы қиындықгармен
соқтығыса отырып, балалар мазасыздануды бастан кешіріп отырады.