Үсенова С.М., Битама Ж.Н. Үсенов Н.М.,

М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Қазақстан

 

БАСТАУЫШ  СЫНЫП  ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ОҚУ ӘРЕКЕТІНІҢ ТАНЫМДЫҚ  НЕГІЗДЕРІ

 

Мектепке  баратын  балалардың  қабылдауын  тексерген психологтардың   еңбектерінде тақырыптың  мазмұнын  айту  түрлі  деңгейде  өткізілуі  керек. Мысалы, толық  тақырып  бойынша,бөлек кішігірім  тақырып  бойынша және  сөйлем  бойынша. Тақырыпты  тез  қабылдайтын  балалар,  бүкіл  текстегі  айтылатын  негізгі  ойы  бар сөйлемді  тауып,  сол  сөйлемнен  қорытынды  жасайды. Толық  тақырып  бойынша  мазмұнын  айту  арқылы 45 оқушының   қабылдауының  даму  деңгейін  анықтағанымызда,  оның  ішіндегі  тоғыз оқушы   өз  күштерімен  негізгі    ойды  тауып,  мазмұнын  айта  алды,  ал  мектепке  дейінгі  балаларда  20  баладан  біеуі  ғана  тапсырманы  орындай  алды. Осы  тақырыптағы  негізгі  ойды тауып,  мазмұнын  айта  алған  9 оқушының  ішіндегі  8 оқушы  үлгерімді  оқушы  болып  саналды, ал  біреуі  тек  тақырыпты  тез  қабылдаудан  үлгерімді  деген  қорытынды  шығарылады.   

Кейбір  балалар  тақырыпты  оқыған  кезде,  оның  толық  мағанасын  түсінбей,  өз  қиялынан  қайтадан туындатын  жеткізген  жағдайлар да  кездесті. Бұл  феноменді  балалардың  шығармашылық  фантазиясынан  ажырата  білуі  керек. Біз  балаларға  оқиғаның  алдын  және  соңын  басқа  да  іс-қимылдармен  толықтырып  отырып,  оның  негізгі  мағанасынан  ауытқымағанына  куә  болдық. Топтағы  кейбір  балалардың тіпті  жаңадан  оқиға  ойлап  шығарғандары да  болды. Сөйлеу  деңгейінің  келесі  маңызды  қырларының  бірі  әңгімеден  түсінік  айту  болып  табылды. Түсінік  айту  әңгіменің  құрылымымен  бағаланды.

Алынған  мәліметтер  бойынша  тақырыптар  арқылы  қабылдаудың  даму  деңгейін  байқағанымызда,  мектепке  дейінгі  20 баланың 11-і, яғни  55%, ал  мектептегі  45 баланың 14-і,яғни 34%, үлгерушілер  тобының 15%,  ал  55% үлгермейтін  балалар екендігі байқалды.

Балалардың мұндай  элементтерден  қате  жіберілуінің  негізгі  себебтері  өз  ойын  айта  алмауында. Сыртынан  бұл түсінік  айту  стилінің  кейбір  ерекшеліктері  сияқты  көрінеді. Мысалы, “қыздар  тамақ ішті және бұлбұл  сайрады” және “ Қыздар  шаршап, жұмырқа мен май жеді“.Мұнда  қиын  сөйлемдер, зат есімдер, күрделі етістіктер, ал кейде   бүтін  сөйлемдер де кездесті. Мұндай  қателіктер  мектепке  дейінгі  20 баланың 9-да, яғни 45%, ал мектептегі 45 баланың  11-де, яғни 25% байқалды.  Ал  үлгерушілер  тобында  мұндай  жағдайлар  20% , ал үлгермеушілерде  70% кездесті. Бұл  топтағы  балаларда  тақырыптарды  бір-бірімен  байланыстыру  элементтерінің  жетіспеушілігі  жоғары  дәрежеде байқалды. Қалыпты  балалармен  салыстырғанда,  мұндай  жағдайлар,  есімдік пен  үстеулердің  жетіспеушілігінен  пайда  болады. Олар үшін етістік пен  аау  септіктегі  сөздік  тән  болып келеді. Осындай  әңгімелер  мектепке  дейінгі  балалада 85%, ал  мектептегі  балаларда 75%.

Іс-әрекет  нәтижесі  диалектикалық  процесті  көрсетеді. Оның  бірінші  мақсаты мен бейнесі, субьективті  әрі  обьективті  негізге  ие  болады. Екіншіден,  психикалық  бейне  қалыптасқан  обьектімен  байланысты  процестің  өзі, яғни,  обьектінің  белгілі  бір  ауысуын  ұсынады,  бұл  мағанада  біз “сол  және  басқа  обьектінің“ бейнесін  аламыз. Үшіншіден,  іс- әрекеттің  нәтижесі.

Қорытындылай келе  бала  мен  тәрбиеші,  оқушы мен  мұғалім  арасындағы  коммуникативтік  қарым-қатынас  ауызша  сабақ  айту  кезінде  қалыптасады

Коммуникативтік  қарым-қатынастың  негізгі  формасы  ретінде  тақырыпты  қалыптастырғанда  сөйлеудің  функцияларының  мынандай  қырлары    анықталды: тақырыптың  жалпы  мағанасын  түсіну,  жаңа  тақырыпты  бағдарлау,  лексикалық  жүйені  қалыптастыру және  сөйлеу  активтілігін анықтау.

Мәліметтерді  талдау  арқылы,  мектепке  дейінгі  балалар  мен  мектептегі  1-сынып оқушыларының  сөйлеу  функцияларының  жеткіліксіз  дамығанын  анықтап,  түсінігін  айту  құрылысында  өз  лексикасын  қолдануын  қалыптастырға   болады.

Балалардың  мектептегі  оқуға  үлгеру  белгілері,  олардың  тақырыптарды  түсінуі,  түсінігін  айта  білуі- сөйлеу  активтілігі  болып  табылады.

Міне,  осылай  мектептегі  оқуға  балалардың   танымдық  өрісінің  даму  деңгейін  қалыптастыруға болады.