БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ САБАҒЫНДА ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ  ОҚЫТУ ПРОЦЕСІНДЕ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТАНЫМДЫЛЫҚ БЕЛСЕНДІЛІГІН АРТТЫРУ.

п.ғ.к., доцент  Курбаналиев Б.У.

        

       Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында: «Білім беру жүйе-сінің басты мақсаты-ұлттық және адамзаттық мәдени құндылықтар негізінде жеке тұлғаның қалыптасуына қажетті жағдай жасау» деп көрсетілген. Қолдан-балы өнер-түрлі ұлттың халықтарына сияқты қазақ еліне де тегіс тараған өнер. Әр ұлттың өзіне тән ерекшеліктері бар. Қолданбалы өнер сонымен қатар математикалық ойдың, есептің, бұрыштар өлшемдерінің, өң-түс, сабақтастығы жан-жақты шығармашылықпен ойландыратын тәрбие құралы. Қолданбалы өнерге тән ерекшеліктер-айналадағы ортамен, өмірмен, еңбекпен тығыз байланыста болумен анықталады. Осы өнердің әлеуметтік-тәрбиелік рөлі тек оның туындыларының өзіндік көркемдік, эстетикалық құндылығымен ғана бағаланбайды, ол сонымен қатар адамдардың өз заманына сай талғамын білдіруінен, өткендігі мәдениетпен, ұлттық дәстүрлермен сабақтастығынан көрінеді. Осы өнерді игеру- оқушыны еңбек сүйгіштікке, әсемдікке талаптандырып, халқының тарихын біліп, мәдени мұрасын қадірлеп, дәстүрін жалғастыра білуге баулиды.. Қолдан-балы өнерінен үйірме сабағының тәрбиелік зор. Әрбір оқушыны эстетикалық әрекетке тарту, олардың әрқайсысын өз қолдарымен әдемілікті жасауға үйрету, соған қажеттілігін ояту деп түсіну қажет. Мәселен, көркемсурет, шығармашылық істермен шұғылдануына жағдай туғызу және баулу. Эстетикалық тәрбие-өмірдегі, өнердегі сұлулық пен сұрықсыздықты сезіне, көре, түсіне, әділетті бағалай білетін, шығармашыл белсенді тұлғаны қалыптастыруға мақсатты бағытталған үрдіс. Эстетикалық тәрбие міндеттерін шартты түрде теориялық білімді игеру және практикалық біліктерді меңгеру деп екі топқа бөлуге болады. Бірінші-эстетикалық құндылықтарға баулу, ал екіншісі –эстетикалық әрекетке белсенді араласу. Эстетикалық тәрбие дегеніміз оқушылардың қоғамдағы, ғылымдағы,өнердегі, табиғаттағы әсемдік қабілетін қабылдау, тәр-биелеу болып табылады. Қазіргі мектептегі эстетикалық тәрбие әлі де болса тұлғаның эмоционалдық аясы мен эстетикалық санасының дамуына өз деңгейінде сәйкес келмей отырғаны анық. Сол себептен де мектепте эстетикалық тәрбие беру мәселесі өзекті. Оқушылардың тәрбиелік және дамытушылық қасиеттердің негізгі шарттары:

сәндік-қолданбалы өнер арқылы оқушылардың эстетикалық талғамын қалып-тастыру, отан сүйгіштік сезім мен адамгершілікке тәрбиелеу, сонымен қатар жан-жақты дамыған тұлға тәрбиелеу; оқушылардың жеке шығармашылығын жан-жақты дамытуға, танымдық қызы-ғушылыққа және сүйіспеншілікке, алдына қойған мақсатқа жетуіне және еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу; сәндік-қолданбалы өнер арқылы бұйымдарды көркем орындаумен шығарма-шылық қабілеттерді дамыту; оқушы бойындағы тума дарындық қасиеттерін және байқағыштығын қолдан-балы өнер арқылы дамыту; көріп есте сақтау және жасампаздық қабілетін дамыту; сәндік-қолданбалы өнер түрлері арқылы өнер шеберлерінің туындыларына деген қызығушылығын дамыту;

       Қазіргі кезеңде Республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, Қазақстандық білім беру жүйесі әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Білім беру саласы қызметкерлерінің алдында қойылып отырған басты міндет-тердің бірі-оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды меңгеру. Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Оқыту технологиясы мектепте оқу үрдісіне қажетті әдіс, тәсіл, амал, дидактикалық талап секілді психологиялық-педагогикалық іс-әрекеттердің жүйелі кешені ретінде пайдаланылады. Ол оқушылардың тәртібіне, оқуға, ынтасына, оқу-іс-әрекетіне игі мұғалімдердің интеллектуалдық, шығармашылық қызметі болып табылатын педагогикалық іс-тәжірбиесінің нәтижелігіне, жинақтылығына ұтымды әсер ететіндей оқу-тәрбие процесінің басты күретамырының ролін атқарады. Педагогикалық технология үрдісімен мұғалім мен оқушының іс-әрекетімен тығыз байланысты. Оның құрылымына мыналар кіреді: тұжырымдық негіз, оқытудың мазмұндық бөлімі, оқытудың нақты және жалпы мақсаты.

     Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы барысында орта білім берудің жүйелі реформалануы қоғамдық тұрғыдан үлкен маңызға ие. Осыған орай соңғы кезде оқытудың әртүрлі педагогикалық технологиялары жасалып, мектеп өміріне енгізіліп жатыр. Мектепте оқушыны оқыту мен тәрбиелеудің міндеті жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру болғандықтан, жаңа технология бойынша әдістемелік жүйенің басты бөлігі оқыту мақсаты болып табылады. Жаңа оқытудың негізгі түрлері: дербес және топтық, фронталды. Бастапқы негізгі мақсат-оқушыға деген сенім, оның өз ісіне жауап беру мүмкіндігіне сүйеніп беделі мен қадір-қасиеті сезімін дамыту. Фронталды түріне көбінесе-бағыт беру, талқылау және түзету енгізу жатады. Мұғалім жасалынатын бұйымның қажеттілігін, оны орындағанда қалыптасатын білім мен шеберлік дағдыларын атап көрсетеді. Мұғалім оқушылар жұмысын бақылай жүріп, әрбір оқушыдан өзі берген түсініктері мен нұсқауларына сәйкес жұмысты дәл орындауын, жұмыс орнында қауіпсіздік ережелерін сақтауын талап етеді. Егер қандай да болсын оқушы бір қатені бір емес бірнеше жіберсе, онда мұғалім қайтадан бү-кіл сыныпқа қосымша түсініктеме береді. Сабақтың соңында орындалған жұмысты оқушылармен бірлесе отырып қарап, жұмыс сапасын талқылау ұйым-дастырылады, бұйымның жақсы-жаман жақтары атап көрсетіліп, түзетулер енгізіледі. Сабақты үлгермей, нашар оқып жүрген оқушы жұмысын бағалағанда, олардың азды-көпті табыстарын, сәл де болса, алға басушылығы барын атап көрсетеді.

       Оқытудың жаңа технологиясы жағдайында оқушылардың өздігінен жүргі-зілетін танымдық іс-әрекеті үшін тапсырмалар күрделілігі төрт деңгей бойынша құрастырылып, ондағы барлық деңгейдегі тапсырмалар қызғылықты мазмұн-далған болса оқушыларда ынталану пайда болады. Жаңа технология бойынша сабақ берген мұғалімдер оқушылар үзіліс кезінде де сабақтан бас алмағандарын байқаған. Өйткені олар қолданбалы өнер туралы өзара жұмбақ, сөзжұмбақтар сияқты әртүрлі деңгейдегі тапсырмаларды шешуге ұмтылған. Бұл жаңа техно-логиямен оқытудың ерекшелігі, мәселен, сәндік-қолданбалы өнері сабағында мұғалім берген тапсырмаларды мезгілінде орындаған оқушылар үлгермеуші-лерге көмектеседі. Деңгейлік тапсырмаларды енгізудің басты мақсаты-сынып оқушыларын «қабілетті» және «қабілетсіз» деп жасанды әртүрлі жіктерге бөлуді болдырмау. Осы арқылы деңгейлік және дербес оқыту, сонымен қатар барлық оқушыға қатысты ізгілендіру ұстанымы сақталады. Алғашқы деңгейдегі толық және дұрыс орындамайынша оқушылар келесі деңгейге көшпейді, толық меңгерген оқушылар әрі қарай ілгері ұмтылып, өз-өздеріне деген сенімдері артады. Орындалған тапсырмалар есепке алынып отырады. Әрбір педагогикалық технология жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуға, оның өзіндік және шығармашылық қабілетін арттыруға, қажетті іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыруға және өзін-өзі дамытуына қолайлы жағдай жасауға қажетті обьективті әдістемелік мүмкіндіктерін қамтиды.

     Қазіргі таңда қоғамда және білім мен мәдениет саласында туындаған іргелі өзгерістер жалпы білім беретін мектепте оқу-тәрбие үрдісін түбегейлі қайта қарауды, оны жүргізудің жаңа әдіс-тәсілдерін қолдануды алға тартуда. Бұл үшін әліде жоғары сапалы жаңа бағдарламалармен, оқулықтар ауадай қажет.

 

 

Резюме

        В статье раскрываются некоторые педагогические условия развитии позновательной активности в учебном процессе.

 

Summary.

       This article shows some pedagogical conditions of the development experience of activity in educational.

 

 

Әдебиеттер:

1.Қ.Әбдіғалиев Осы заманғы педагогикалық технология  А.2001

2.К.Ж.Бұзаубақова Жаңа педагогикалық технология  А.2004

3.Қ.О.Жеделов, А.К.Кәрімов Бейнелеу өнері. Бағдарлама  А.2008

4.Б.Ж.Жиентаева Б.Ж. Халық арасындағы ұлттық қолданбалы өнерді оқытудың тиімді әдістері  Ж.2000

5.Қалиев С.,Жарықбаев Қ. Қазақ тәлім тәрбиесі  А.1995

6.Корюкин В.Н. Батик. Художественное оформление тканей  М. 1978

7.Нұрғалиев Р.Өнердің эстетикалық нысанасы  А.1979