*99618*

А.ш.ғ. д.  Қожабаев Ж.І., ғылыми қызметкер  Сманова Қ.Т.

 

Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының Талдықорған филиалы

 

Ашық қоңыр топырақтағы сілтілі гидролизденетін азоттың мөлшеріне технологиялық

 тәсілдердің әсері

 

Тынайтқыштар қолданудың ғылыми негізделген жүйесін жетілдіру барысында азотты қорек ілімін оңтайландыру мәселесі маңызды орын алады. Топырақтың ылғалдығы мен температурасына байланысты азот басқа қоректік элементтерге қарағанда өзінің тез ерігіштік әрі өзгергіштік қасиеттерімен айрықшаланады. Топырақтағы азот айналымы оның сан алуан минералды қоспалар түрінде кездесіп, өсімдіктердің қоректену жағдайларын, тыңайтқыштар тиімділігін және өнім мөлшері мен сапасын анықтайтындығын дәлелдейді. Соған қарамастан мың сан қайшылық пікірлер де осы азот тыңайтқыштарының төңірегінде айтылып жүр. Ешқандай негізсіз, есеп-қисапсыз қолданылған тыңайтқыштардың бұл түрі топырақтың биологиялық қасиеттеріне кері әсер етіп, экологиялық және гигиеналық дағдарыстың күшеюіне себепші болары даусыз  [1,2].

Егістік тәжірибе Іле Алатауының бөктеріндегі ылғалмен жартылай қамтамасыз етілген ашық қоңыр топырағында 5 танапты ауыспалы егісте жүргізілген. Механикалық құрамы жағынан орташа саздақты, жыртылатын қабатында 1,9% қарашірік, 0,15% жалпы азот, 0,21% жалпы фосфор кездеседі. Аталған тәлімі аймақтың климаты континентальді, тиімді температура жиынтығы 3000 0С шамасында. Жылдық жауын-шашын мөлшері орта есеппен 414 мм.

Біздің зерттеулеріміз көрсеткендей, топырақ өндеу тәсілдері мен қолданылған тыңайтқыштарға байланысты ауыспалы егіс танаптарының 0-30 см қабатындағы сілтілі гидролизденетін азоттың мөлшері бірқатар өзгерістерге ұшыраған.

 

 

1-кесте

Тәлімі ашық қоныр топырақтың 0-30 см қабатындағы сілтілі  гидролизденетін азоттың мөлшері, мг/кг

 

Топырақ

өндеу тәсілдері

Тыңайтқыш аялары

Ауыспалы егіс танаптары

Таза сүрі жер

Күздік бидай

Күздік

бидай

Мақсары

Жаздық арпа

25-27 см аудара жырту

Бақылау

81

76

75

72

67

Көң 30 т/га

100

97

88

71

67

Нақты өнімнің сабаны

93

92

83

89

92

N30P30

86

80

75

73

67

N60P60

89

84

76

72

67

25-27 см сыдыра өңдеу

Бақылау

78

73

68

70

64

Көң 30 т/га

95

87

80

71

65

Нақты өнімнің сабаны

89

82

75

85

77

N30P30

82

76

69

70

64

N60P60

85

79

68

71

64

10-12 см сыдыра өндеу

Бақылау

73

69

66

75

70

Көң 30 т/га

88

82

79

76

70

Нақты өнімнің сабаны

82

79

74

89

79

N30P30

76

72

66

76

71

N60P60

79

75

66

76

70

 

Кестеде  келтірілген мәліметтер өңдеу тәсілдеріне байланыссыз тынайтқыштар енгізілген аялардағы сілтілі гидролизденетін азоттың мөлшері бақылауға қарағанда едәуір жоғары қалыптасатындығын дәлелдейді және де оның шарықтау мәні 30 т/га көң мен жылдағы нақты өнімнің сабанын енгізген нұсқаларда байқалады.

Мәселен, көңнің әсерінен сүрі танаптағы талданған көрсеткіштің шамасы өңдеу тәсілдеріне қарай 88-100 мг/кг құраса, сүрі жерге себілген күздік бидай егістігінде 82-97 мг/кг, ал күздік бидайдың екінші дақылында 79-88 мг/кг аралығында ауытқиды. Аталған шамаларды бақылаумен салыстыра қарасақ, олардың мәні тиісінше 15-19, 13-21 және 12-13 мг/кг жоғары түзілгенін байқаймыз.

Демек, ылғалмен жартылай қамтамасыз етілген тәлімі жердегі 5 танапты ауыспалы егісте тыңайтқыштар қолдану ашық қоңыр топырақтың үстіңгі қабатындағы сілтілі гидролизденетін азоттың мөлшерін ұлғайтып, болашақ өнімнің негізін қалауға айтарлықтай мүмкіндік жасайды.

 

           Әдебиеттер

1. Умбетов А.К. Оптимизация условий минерального питания зерновых культур на богаре юго-востока Казахстана: автореф. ...  д-ра с.-х. наук. – Алматы, 2000. – 47 с.

2. Қожабаев Ж.І. Сұр топырақты аймақтағы дәнді дақылдар өнімділігі.- Алматы: Бастау, 2000. – 40 бет.

 

Резюме

В статье приведено содержание щелочно-гидролизуемого азота в зависимости от способов обработки почвы и фонов питания на полуобеспеченной богаре юго-востока Казахстана.