*99916*

Кирбасова Лейла Габитовна

 

Ш.Е.Есенов атындағы Каспий Мемлекеттік Технологиялар және Ижиниринг Университеті

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ИНДУСТРИАЛДЫ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ 2003-2015 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН  СТРАТЕГИЯСЫ

 

Бүгiнгi әлемдiк экономикада Қазақстан Республикасының өзiндiк орны айқындалып қалды. Бұл мәселенiң өзектiлiгi әлемдiк экономикалық қауымдастықта елiмiздiң нарықтық бағытта дамушы ел деп танылуымен арта түстi. Себебi Елбасымыз атап көрсеткенiндей “мемлекетiмiз әлем таныған, алдыңғы қатарлы елдер қатарына қосылуы керек” деп атап көрсеттi. Сондықтанда болар бүгiнгi күнi экономикалық дамудың тиiмдi жолдарын табу туралы мәселелi сұрақтар кең түрде талқылауға түсiп отыр. Егемендiк алғаннан кейiнгi макроэкономикалық көрсеткiштерге назар аударсақ ұлттық экономикада 1998 жылдан бастап экономикалық өсу байқалды. Тiптi соңғы екi-үш жылда ЖIӨ-нiң өсу деңгейi 10% көлемiнде болып отыр. Бұл шама елiмiз үшiн үлкен жетiстiк, яғни әлем бойынша ЖIӨ өсiмi бойынша басты орындардамыз.

Бiрақта мұндай жетiстiктерге жетуiмiз жер қойнауымыздағы минералды қорымыздың бай болуымен және соңғы жылдары мұнай және метал бағасының өсуiмен тiкелей байланысты. Елiмiз экономикасы әлi де Кеңес Одағы құрып кеткен шикiзаттық негiзде болып отыр. Ал дамыған елдердiң қай-қайсысын алып қарамасақ олар шикiзаттық өндiрiстен сервистiк-технологиялық өндiрiске өтiп, индустриялы-инновациялы дамуға бет алған. Ал шикiзаттық өндiрiспен даму жағынан артта қалған және дамушы елдер ғана айналысады екен. Елбасы атап өткендей, елiмiз жоғары дамыған елдер қатарына қосылу үшiн бүгiнде инновациялық саясатты тиiмдi жүргiзiп, әлемдегi дамыған елдердiң қатарына қосылуымыз қажет екендігі, сонымен қатар реформалар жүргiзiліп ұзақ мерзiмдi стратегиялар мiндеттi түрде керектігі айтылды.

Индустриялдық саясат дегенiмiз мемлекеттiң бәсекеге түсуге қабiлеттi және тиiмдi ұлттық өнеркәсiптi қалыптастыру үшiн кәсiпкерлiкке қолайлы жағдайлар жасауға және қолдау көрсетуге бағытталған шаралар кешенiн бiлдiредi. 

Яғни елiмiз осы мәселелердi шешiп жоғары бәсекеқабiлеттi алдынғы қатарлы елдер санатына қосылуы үшiн, тұрақты экономикалық өсудi және экологиялық тиiмдi өндiрiстi  қамтамасыз ету мақсатында  “Қазақстан Республикасының Индустриялы-инновациялы дамуының 2003-2015 жылдарға арналған ұзақ мерзiмдi стратегиясын қабылдады және ол алғашқы жылдан бастап оң нәтижелер бере бастады. Сондай-ақ Елбасымыз биылғы жылы “Бәсекеге қабiлеттi Қазақстан”, “Бәсекеге қабiлеттi экономика” және “Бәсекеге қабiлеттi халық” деген Қазақстан халқына Жолдауында, елiмiз үшiн өзектi мәселелердiң бiрi Индустриалды-инновациялық стратегияның негiзгi бағыттарын атап көрсеттi.

Стратегияның негiзгi мақсаты – бәсекелестiкке шыдайтын, импорт алмастырушы және экспортқа бағытталған тауар шығаратын өнеркәсiптер құрып, қызмет көрсету саласын мығымдау.

            Индустриялық-инновациялық даму бағдарламасына сәйкес бiз экономиканың шикiзаттық бағытынан арылып, Қазақстанның индустрияландыруының тездетуге, машина жасау мен өнеркөсiп жабдықтарын шығаруды жолға қоюға тиiспiз. Яғни инновация – негiзгi қозғаушы күш болмақ.  

Ендi осы тұрақты экономикалық өсудiң бүгiнгi таңдағы ең негiзгi қозғаушы факторы болып отырған Индустриялы-инновациялы даму стратегиясының мақсаты мен мiндеттерi туралы тоқталып өтсем деймін.                                          

            Стратегияның басты  мақсаты шикiзат бағытынан қол үзуге ықпал ететiн экономика салаларын әртараптандыру жолымен елдiң тұрақты дамуына қол жеткiзу; ұзақ мерзiмдi жоспарда сервистiк-технологиялық экономикаға өту үшiн жағдай жасау болып табылады.

Өңдеушi өнеркiсiпте және қызмет көрсету саласында бәсекеге түсуге қабiлеттi және экспортқа негiзделген тауарларды , жұмыстар және қызмет көрсетулер өндiрiсi мемлкеттiк индустриялық-инновациялық саясаттың басты нысанасы болып табылады.           

Дүниежүзiлiк экономиканың ғаламдануы аясында Қазақстанның қазiргi таңдағы экономикасының дамуында мынадай мәселелер орын алуда:

·  экономиканың бiр жақты шикiзат бағыттылығы;

·  әлемдiк экономикаға ықпалдасудың әлсiздiгi;

·  ел iшiндегi салааралық және өңiраралық экономикалық ықпалдасудың босаңдығы;

·  iшкi рынокта тауарлар мен қызметтерге тұтыну сұранысының мардымсыздығы (шағын экономика);

·  өндiрiстiк және әлеуметтiк инфрақұрылымның жеткiлiктi дәрежеде дамымауы;

·  кластерлiк желiлердiң дамымауы, яғни кәсiпорындардың бiр орталыққа шоғырланбауы;

·  мұнай-газ және кен-металургиялық кешенге жатпайтын экономика саларында негiзгi қорлардың тез тозуы;

·  кәсiпорындардың жалпы техникалық және технологиялық артта қалушылығы;

·  ғылыми зерттеу және тәжiрибелiк-констукторлық жұмыстарға (ҒЗТКЖ) қаржының аз бөлiнуi;

·  ғылым мен өндiрiс арасында ұтымды байланыстыболмауы;

·  мамандарды және жұмысшы кадрларды даярлау мен қайта даярлаудың қазiргi заманғы жүйесiнiң болмауы;

·  экономиканың өңдеушi секторларына инвестициялар салуға отандық қаржы институттары үшiн ынталандыру көздерiнiң болмауы;

·        ЖIӨ-нiң 1 долларына электр энергиясының жұмсалу деңгейi бойынша, сондай-ақ экономика салаларындағы еңбек өнiмдiлiгi бойынша кейбiр индустриялдық дамыған елдерден 7-10 еседен астам артта қалып отырмыз;

Енді стратегияның мiндеттерiне тоқталып өтейін, олар келесі:

·        өңдеушi өнеркәсiпте орташа жылдық өсу қарқынын 8-8,4% мөлшерiнде қамтамасыз ету, 2000 жылмен салыстырғанда 2015 жылы еңбек өнiмдiлiгiн кемiнде 3 есе арттыру және ЖIӨ энергия сыйымдылығын 2 есе төмендету:

·        өңдеушi өнеркәсiптiң негiзгi қорларының өнiмдiлiгiн арттыру;

·        кәсiпкерлiк құрылымды қалыптастыру; бәсекелестiк артықшылықты жетiлдiретiн қоғамдық институттарды қамту; қосылған құнға барынша қол жеткiзе отырып, нақты өндiрестерде қосылған құн тiзбегiндегi элементтердi итеру;

·         ғылымды көп қажет ететiн және жоғары технологиялық экспортқа негiзделген өндiрiстер құруды ынталандыру;

·        сапаның әлемдiк стандартына көшу;

·        дүниежүзiлiк ғылыми – техникалық және инновациялық процестерге қосыла отырып, өңiрлiк және дүниежүзiлiк экономикамен ықпалдасуды күшейту./8 /

    Осы стратегияны iске асыру мерзiмi  2003-2015 жылдарды қамтиды және ол даму барысында келесiдей кезеңдерден тұрады:

1-шi кезең – 2003-2005 жылдар

2-шi кезең – 2005-2010 жылдар

3-шi кезең – 2010-2015 жылдар

Күтiлетiн нәтижелер: Индустриялық-инновациялық саясатты белсендi жүргiзу экономиканың өсу қарқынын жылына 8,8-9,2% қамтамасыз етедi. Бұл 2000 жылмен салыстырғанда 2015 жылы ЖIӨ көлемiн 3,5-3,8% еседей ұлғайтуға мүмкiндiк бередi. Бұдан басқа өңдеушi өнеркәсiпте орташа жылдық өсу қарқынын 8-8,4%-ке дейiн жеткiзуге, 2000 жылмен салыстырғанда 2015 жылы еңбек өнiмдiлiгiн кемiнде 3 есе арттыруға және ЖIӨ энергия сыйымдылығын 2 есе төмендетуге мүмкiндiк бередi. ЖIӨ құрылымында ғылыми және ғылыми инновациялық қызметтiң үлестiк салмағын 2000 жылғы 0,9%-тен  2015 жылы 1,5-1,7%-ке  арттыруға мүмкiндiк беру.

Қорытындылай келе, индустриялық-инновациялық саясатты жүзеге асыруда келесiдей шараларды атқаруымыз керек:

·        елдегi инновациялық күштердi қалыптастыру және нығайту;

·        мемлекеттiк мекемелердiң қызметiн индустриялық-инновациялық дамудың мақсаттарына сәйкес қайта құру. Бұл – бiлiм, ғылым, қаржы фискальдық және тарифтiк саясатты жетiлдiрудi қажет етедi;

·         индустриялы-инновациялы дамуды халық арасында насихаттау;

·        отандық өнiмдердiң халықаралық рыноктарда бәсекеқабiлеттiлiгiн  арттыру үшiн әлемдiк стандарттар мен сертификаттарға көшу;

·        инновациялық қызметке мемлекеттiк қолдау көрсету, шағын инновациялық бизнестi ынталандыру.

Әрине дамыған елдер қатарына қосылу үшiн сол елдердiң даму жолын зерттеп, олардың ұлттық экономикамызға тиiмдi жақтарын ала бiлуiмiз қажет. Бiздiң елiмiзге әсiресе Оңтүстiк Азияның бiрнеше жаңа индустриялы елдерiнiң ұстанған саясаты ыңғайлы болып отыр. Яғни “Азия айдаһары мен жолбарысы” атанған елдер қысқа мерзiмдi аралықта индустриялы-инновациялы саясатты тиiмдi жүргiзу арқылы үлкен жетiстiктерге қол жеткiздi. Яғни , инновация – экономикалық өсуде негiзгi қозғаушы күш болмақ.

Отанымыз Қазақстан Республикасы алдағы кезеңде тиiмдi реформалар жүргiзу арқылы және индустриялы-инновациялы саясатты iске асырып тұрақты экономикалық өсу арқылы әлем таныған, алдынғы қатарлы дамыған елдер қатарына “Азия барысы” деген  атаумен қосылатындығына сенiмiм мол. Ол үшiн әрбiр Қазақстандық азамат осы шара үшiн аянбай еңбек етуi керек.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

1.      Н.А. Назарбаев. Қазақстан – 2030  Қазақстан халқына Жолдауы.

2.      Есентугелов А.  Долгосрочная стратегия развития экономики и размещение производительных сил в РК  //  Аль-Пари, -  6. - 2000 г.

3.      Ю. К. Шокоманов  Состояние и перспективы экономического развития Казахстана в переходной период// Вестник КазНУ, Серия  экономическая. - №4.- 2001 г.

4.      Стратегия / “Қазақстан Республикасының Индустриялы-инновациялы дамуының 2003-2015 жылдарға арналған ұзақ мерзiмдi стратегиясы” – Алматы, 2003 ж.

5.      Әбдiжапар Сапарбаев  Инновация – негiзгi қозғаушы күш//Егемен Қазсқстан, 24 наурыз.-  2004 ж.

6.      Н. Ә. Назарбаев.  Бәсеке қабiлеттi Қазақстан, Бәсекеқабiлеттi экономика және Бәсекеқабiлеттi халық деген Қазақстан халқына Жолдауы.//Егемен Қазақстан, 19 наурыз. - 2004 ж.

7.      Қуат Бораш  Инновация, оның елiмiз экономикасы үшiн маңызы қандай//  Егемен Қазақстан, 23 ақпан. -  2004 ж.

8.      Бердашкевич А.П Оподдержке инновационной деятельности в Японии// Инновации №7. -  2002 г.

9.      Купешова С.Т. Ғылыми-технологиялық және инновациялық саладағы мемлекеттің орны //Саясат . - №2. -  2001 г.