Қазақ тіліндегі туынды етістіктердің зерттелу
тарихы
«Сырдария »
университетінің
магистранты Г.Ә. Дүйсенбиева
Етістік- тіліміздегі сөз таптарының ішіндегі
ең күрделі және қарымы
кең грамматикалық категория. Етістіктің күрделілігі мен
қарымдылығы оның аса
өрісті лексика - семантикалық сипатымен, бай лексика-грамматикалық
формаларымен, көсіліңкі
синтаксистік қызметімен тығыз байланысты.
Етістіктің лексика-семантикалық
сипатының мейлінше өрісті болатын
себебі - ол семантика тек субьектінің іс-әрекетін ғана емес, табиғат ауқымында, қоғам
өмірінде ұшырасып адамның абстракты ойы мен санасы
арқасында туатын неше алуан амал, әрекетінде, қимыл,
козғалыс, жай, күй сияқты процестерге қатысты
ұғымдарды түгел қамтиды. Оның
түр-түрі қашанда болсын, мезгіл я шақ ұғымымен ұштас болады.
Етістіктің
лексика-грамматикалық формаларының бай болатын себебі-ол формалар
амал -әрекеттің болу мезгілін, жүзеге асу кезеңін
және олардың өту сипатын, яғни бағытын,
қарқыны, тынуы тәрізді жайларды бағдарлатады,
демек, етістік тудыратын, есімнен етістік, тудыратын синтетикалық,
аналитикалық тәсілдердің жүйелерін, олардың
нақтылы үлгі нұсқаларын, қоссақ,
етістік деп аталатын сөз табы
форма жағынан орасан бай категория екені ашыла түседі.
Сөз тұлғаларының өзгеруі жағынан
агглюнативті (жалғамалы) тілдер тобына енетін қазақ тіліндегі
сөздерде негізгі түбір, туынды түбір,
біріккен сөз, қос сөз және тіркес; сөздер
түрлерінде кездесіп, осындай тұлғалық ерекшеліктеріне
сәйкес белгілі мағыналық айырмашылықтары бар топтарға
бөлінеді.
Жалпы тіл білімінде қалыптасып, дағдыға
айналған ғылыми ережелер
бойынша түбір сөздерге белгілі аффикстер қосылу арқылы жасалған жаңа немесе үстеме
мағыналы сөздер туынды түбір делінеді де, сөз жасаудың морфологиялық
немесе синтетикалық әдісіне жатады.
Туынды түбір жасаушы аффикстер түбір
сөздің алдында, соңында
немесе сөз ішінде тұруына қарай префикс (түбір алды), инфикс
(сөз ішінде) және суффикс
(түбірден соң) деп үш түрге бөлінеді.
Қазақ тілінде сөз
жасаудың осы үш түрінің, негізінде соңғы
амалы, былайша айтқанда түбір сөздерге суффикс
қосылу арқылы сөз жасау әдісі мейлінше
дамыған болып саналады.
Қазақ тілінде жиі
ұшырайтын біріккен сөздер мен қос сөздер күрделене
айтылатын тіркес сөздер сөз жасаудың синтаксистік немесе аналитикалық
түріне жатады (21, 5-10 беттер).
Бұл негізгі екі түрінен басқа
қазақ тілінде сөз жасаудың семантикалық түрі де кездеседі. Бұған көп
мағыналы сөздер мен омоним сөздер
және тілдегі байырғы көне сөздердің ешбір
тұлғалық өзгеріске ұшырамай-ақ жаңа мағыналы сөздерге
айналуын жаткызуға болады.
Басқа тілдердегі сияқты
қазақ тіліндегі сөздер де осы айтылған амалдардың
белгілі түрі бойынша өзгеріп, бір сөз табынан екінші
сөз табына, былайша айтқанда, есімдерден етістікке, зат
есімнен сын есімге немесе керісінше болып өзара ауысып-түйісіп отырады. Тілдегі
бұл жағдай жалпы тіл білімінде сөз жасаудың
лексикалық түрі делінеді. Бірақ тіл-тілде бір сөз
табынан екінші сөз табына ауыспай-ақ, сол сөз табының ішіндегі жаңа мағыналы
екінші бір сөздер тобын құрайтындары да кездеседі.
Сөз тудырудың жоғарыда санап өткен
түрлері қазақ тілінің, етістіктеріне
де ортақ қасиет болып саналады. Қазақ тіліндегі ал,
ақ, бу, бол, жет, кел, кет, қал, тұр, өт, ұй,
ұқ, ұр деген сияқты көптеген негізгі түбір етістіктермен қатар осы етістіктерге
белгілі аффикстер қосылып: ал-ыс (алысып-жұлысып дегенде), ақ-тар, бол-ыс (бол-ыс-ып жіберіңіз), бол-дыр (ат шаршап болдырды).,
өт-кер, үй-ір, үй-іл, ұр-ыс, ұр-ғыз
сияқты болып айтылатын және басқа сөз таптарынан
жасалған: ала-ла, бас-қар, ет-ей, бір-бір-ле, өз-ге-р,
түнде-ле-т, аһ-ла, ма-ң-ра, ақ-и-т, тыр-жи (тыр-ыс-тыр
түбірме) осы сияқты туынды түбір етістіктер бар. Қазақ тілінде
кеш және кір, дем және ал, тұр және кел дегендердің бірігуі нәтижесінде пайда
болған сөздер : демал, түрегел деген сияқты
біріккен түбір етістермен қатар ішінара-ла-п, тоқ-мейіл-ден,
қосан-жар-та, алабажақ-та, жайма шуақ-та сияқты
көптеген біріккен сөздерден
туынды түбір етістікке айналғандарды да кездестіруге болады (20, 85-90 беттер).
Пайдаланған әдебиеттер
1.
Оразов М. Қазіргі қазақ тіліндегі қалып етістіктер.
Алматы., 1980
2.
Хасенова А. Етістіктің лексика-грамматикалық сипаты. Алматы., 1971
3.
Хасенова А. Қазақ тіліндегі туынды
етістіктер. Алматы., 1959
4.
Ысқақов
А. Қазіргі қазақ тілі. Алматы., 1974
5.
Бектұров.
Ш, Серғалиев. Қазақ тілі. Алматы., 1994