Соискатель Ахметкалиева Г.М.

 

Восточно-Казахстанский гуманитарный колледж, Казахстан

 

МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ШАҚТА БАЛАНЫҢ АДАМГЕРШІЛІК ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ

 

Қоғам өмірінің барлық сфераларында терең өзгертулер жүрде, әсіресе келешек ұрпақтың адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру сұрағы өзекті болып тұр. Жаңа ғасыр басында адамның қоршаған ортамен қарым-қатынасы шиеленісе түсті. Бір жағынан барша саланың ғаламдануы, екінші жағынан рухани азғындану бас көтеріп, үдей түсті. Бүгінгі күнде еліміздегі  күннен күнге нашақорлық, маскүнемдік, жұмыссыздық тағы басқа да қоғамға теріс қылықтар жалпы тәрбие процесін күрделенгендігін және оның қажеттілігін байқатады.

Н.Ә.Назарбаевтың 2005 жылдың 19 ақпандағы «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» атты халыққа Жолдауында елімізді одан әрі жаңарту мен демократияландыру үшін қазақ халқының моральдық және рухани құндылықтарын одан әрі дамыта беруге аса көңіл бөлу қажеттігін баса айтқан. [1]

Білім жүйелеріндегі осыған орайлас жаңартумен «жұлқыну» оқу процесіндегі жайлы ойшылдық жағына, әрбір балаға озаттық сапалардың дамуының және өзіндік адамгершілік құндылықтарының құруына акцент азайды, өмір мәнін түсінуіне автоматты білімдер адамды жүргізбейді, оларды рухани етпейтінін педагогтер ұғынуға тырысты. Бала бақшадағы әр әдістемелердегі берілетін адамгершілік тәрбиесі, нақты бір жүйеге қойылмаған. Қазіргі кезеңде мектепке дейінгі әр мекемелерде адамгершілік құндылықтарды енгізу, жүйесін құруымен өңдеу өткір мәселелері мен мақсатқа бағытталған. Академик B.C Леднев сөздерімен айтқанда, біріншіден - бөлек жалпы білім беретін пән болу қажет және, екіншіден, «дақ түсіру» оның барлық білім сфераларында, басқа пәндерде осы процесс ықшамдауына арналуы қажет. (Леднев B C, 2002. ).

Дамудың рухани негіздерін  баланың әлеміне, оның мінезін, адамгершілік мінез-құлық ерекшеліктерін мектепке дейінгі шақта қажетті өткізу. Л.С.Выготский мектепке дейінгі шақта баланың нақты адамгершілік негіздері бекиді деген. Дер кезінде адамгершілік құндылықтары қалыптаспағанда, бұл қасиеттер адам дамуына тек қана кедергі болып қана қоймай, сонымен қатар жас өспірімдік шақта бала дамуында әлеуметке қарсы мінез-құлықтың  болуына әсерін тигізеді.

Балаға адамгершілік тәрбие беру туралы педагогикалық-психологиялық, философиялық ойлар көптеген педагогтердің еңбектерінен кездестіруге болады. Бала бойындағы адамгершілік құндылықтарды қалыптастыруда арнайы тәрбие жұмыстарын жүргізуді өз еңбектерінде Ш.А.Амоношвили, О.С.Богданов, Е.В.Бондаревская, Н.И.Болдырев, Н.К.Гончеров, А.А.Гусейнов зерттеулерінен де көруге болады.

Л.С.Выготский, Б.Г.Ананьев, А.Н.Леонтьев, С.Л.Рубинштейн психологиялық зерттеулерінде балаға жеке-бағытта жақындап келуді ұсынады. Олар баланы субьект ретінде қарап, басқа адамдармен қарым-қатынаста және байланыста қалыптасқан мінез-құлқын анықтауға болады деп қарады. Сондай жақын келу бала бойында жан ашу, іске араласу, бірге күйзелу сияқты адамгершілік құндылықтарды сынауға мүмкіндік береді. Бұл адамгершілік сапалары қарапайым адамгершілік нормаларды саналы орындаудан, қоғамдық ортадан адамгершілік тәртіпті игеруден басталады.

Адамгершілік құндылықтарды танып, өзін-өзі айқындау әртүрлі бағытта ғылыми салаларда зерттелген. Мәселен, педагогикада О.С.Богданов, Д.М.Гришин, Г.К.Нурғалиева, Р.К.Төлеубекова сияқты ғалымдардың еңбектеріне талдау жасау арқылы тәрбие процесінде адамгершіліктің қажеттілігін айқындай келе, адамгершілік дегеніміз адамның жалпы игілік, жақсылық және тұлғаның еркін дамуы сияқты адамгершілік мақсаттарға жетуге бағытталған және адамгершілік мотивтер бойынша, адамгершілігі жағынан дәлелденген тәсілдер арқылы жүзеге асқан іс-әрекетті реттейтін адамның белсенділігінің, оның қоршаған дүниемен өзара қатынасының өзіндік түрі, формасы екендігін көреміз.

Мектепке дейінгі шақта адамгершілік құндылықтардың құру маңыздылығын орнату үшін оны құрастырушы ұғымдарының мағынасын түсіну қажет. Ғылымда құндылықтар астары «адамға арналған олардың дұрыс немесе жағымсыз мағынадағы және қоғамдық айқындаушылар (жақсылық және жауыздық, керемет және ұсқынсыз, әділ-тұтқындар) қоғамдық құбылыстардағы, қоғам өмірлері және табиғаттың нақты ақиқат объектілерінің ерекше арнайы анықтамалары (философиялық)» яғни, әрбір адам өмірінде және қоғамдық ақиқаттан хабардар болуын қамсыздандырады. Өз өмірінде қоғамды ұйымдастыру үшін, жалпы мақсаттар және мінез-құлық түрлері анықтау үшін мәнді. Адамдарда аралық көңіл болу көп жағдайда құндылықтармен анықталады. Көне грек философы Аристотель адамгершілік пен ғылымның арасындағы айырмашылықты «Ғылым нақты бір затты, оның табиғатын зерттесе, адамгершілік сол затпен, яғни қоршаған ортамен қарым-қатынас жасаудың жолдарын үйретеді деп тұжырымдады»,- деп көрсетті. Бір сөзбен айтқанда  адамзат баласының қоғамдағы әрбір қарым-қатынасы тек адамгершілік құндылықтармен ғана нәтижелі болады. Бұл дегеніміз қоғамдағы адамдар өмірінің мәнді-мағыналы болуы адамның ой парасаты мен адамгершілік іс-әрекетіне байланысты. Демек, адамгершілік құндылықтарды қалыптастыруда баланың өзін-өзі тануына, өз әрекетін бағалауына үлкен мән беріледі.

Қай кезеңде болмасын, біз педагогтер жеке тұлға тәрбиесі туралы айтқанда алдымен бұл процестің кім үшін, қандай мақсатта жасалатындығын ұмытпауымыз керек. Тұлға ретінде бала ең алдымен ата-ана үшін балалық борышын ақтау мақсатында қызмет ету қажеттігін ескеруіміз қажет. Содан кейін ғана өз отбасының болашақ қоғамға үлесін, рухани және материалдық жағынан өз өмірін жақсарта отырып, елінің өркендеуіне үлес қосуы. Олай болса, біз ата-анаға болашақ баласының бойынан көргісі келетін адамгершілік құндылықтарының қалыптасуына көмектесуші, ықпал етуші адам екендігіміз. Көп жағдайда біз баланы, жеке тұлғаны өзіміз қалағандай етіп жасауға тырысамыз. Балаға табиғат берген табиғилықтан бұрын жасанды қасиеттерді бойына сіңіртіп, ең соңында сол әрекеттен аластауын қалаймыз. Мәселен, бала өмірге келген күннен бастап, біз баланың қалауынша емес, өз қалауымызша қарым-қатынасқа түсеміз. Бала «көрейін, ұстайын, жасайын» деген кезінде, тағы да ерік бермейміз. Ал оқу, үйрену қажет кезінде қызығушылық бала бойынан көріне қоймайды. Ол кезде енді ата-ана да, педагог те балаға күштеп оқытуға, үйретуге тырысады. Бұл жағдайда баланың өзін-өзі бағалауы, өзін-өзі айқындауы көрінбейді. Тек педагогтің, немесе ата-анасының бағыт көрсетуімен ғана әрекет етеді. Бұл ешқандай жаңа технологияны, ешқандай жаңашылдықты жүзеге асырмайды. Сондықтан бала тәрбиесінде баланы өзіміздей болғанын емес, өзінің қалағанын, тілегенін жасауға жағдай жасасақ, оны тәрбиелеуге кедергі жасамаймыз, тек тәрбиенің бала бойында қалыптасуына жағдай жасаймыз. Бала өзінің жеке тұлғалық қасиетін, «мен» тұжырымдамасын көрсете алады.

Біз бала тәрбиесіне оң ықпал жасай отырып,  оның табиғатын оятамыз. Осы жерде Ш.А.Амоношвилидің «Жүрексіз нені ұғуға болады» деген мысал әңгімесін еске түсіргім келеді. [2] Яғни, біз кейде, онау дейміз, мынау дейміз, бірақ баламен жүргізілген жұмыстың қажеттілігіне, оның нәтижесіне көңіл бөлмейміз. Ш.А. Амоношвили сөзімен айтсақ баланың жүрегіне жол табу үшін, бала жүрегін оқи білу үшін ешқандай батыс технологиясының қажеттілігі жоқ. Ең алдымен педагогтің өз жүрегі таза болуы қажет. Баланың пәк, кіршіксіз таза жүрегіне таза жүрегімізбен қалауынша жақсылықты бере аламыз. Біз баламен жүргізілетін әрбір істі үлкен мәселе деп қарамай, оны күнделікті қарапайым, әрі шешімі бар іс деп қарауымыз қажет. Мектепке дейінгі бала, ол әлі ойын баласы, оның негізгі әрекеті ойын. Бала өзінің бар өнерін ойында, ойын үстінде көрсетеді. Егер біз мектептегі білім беру ісінде оқыту жүйесін негізгі әрекет деп алып, соған жаңалықтар енгізген болсақ, мектепке дейінгі кезеңде баланың ойынының мазмұнына, бағытына, ұйымдастыруына көңіл бөлуіміз қажет. Баланың ең алдымен өзіне, күллі әлемге, жанындағы жақындарына, құрбы-жолдастарына деген сүйіспеншілік сезімі сонда ғана оянады. Егер де біз «әркім өзі жақсы көретін, өзіне қолайлы іспен айналысу керек» деген болсақ, баланың да құмары қанып ойнауына, қуанышқа бөленуіне жағдай жасауымыз керек. Тіпті кейде өмірде үлкен адамдар да көңіліне жақпаған іс, қаламаған тапсырма берілген болса, немқұрайлылық байқатады. Біз оны үлкендер- кемшіліктерімізбен, жетістіктерімізді келешекте қайталамас үшін, басқаларға үлгі болу үшін, жан-жақты талдап баға беріп отырамыз. Ал бала болса, тек біз талдау жасағанда ғана өз ісінің сол орта үшін, өзі үшін жақсы, немесе жаман екендігін айтады. Бірақ оны түсініп, келешекте қайталамайды деп кесіп айту қиын. Педагог оған қайта-қайта ескерту жасап отырады. Ересек адам қандай болмасын істі алдымен өзі үшін, өз қажетіне қарай жасайды десек, баланың да жасаған әрекеті өзіне, өз пайдасына жұмсалуы керек. Егер балада өзін қанағаттандыру болса және өз ісіне баға беру, есеп беру болатын жағдайда, өз бойынан шыққан жақсылықты, көмектесуді, қайырымдылық көрсетуді шынайы көңілмен жасайды. Оны өзі үшін де, ортасы үшін де қажет деп түсінеді. Міне, бұл оның бойындағы адамгершілік құндылықтардың көрінісі. Егер бала бойында қандай болмасын әрекет, қатынас, байланыс оның мектепке дейінгі естияр шағында көрініс таппаса, оны кейін жаттатып қалыптастыру қиынға соғады. Сондықтан адамгершілік құндылықтарды мектепке дейінгі кезеңнен бастау қажет пе, содан кейін де оған тоқталуға болмай ма деген сұраққа, біз кейін тіптен кеш қаламыз деп жауап берер едік. Сондықтан балалық шақтың қызықты болуын, бала ойынының маңызды болуын, әрі оның айналасына деген көзқарасының табиғи шынайы болуын ескергеніміз жөн. Сөз соңында Ливан ақыны Халио Гибраттың «Сенің балаларың сенің балаларың емес» деген өлеңіне тоқталуды жөн көрдік.

Сенің балаларың, сенің балаларың емес.

Оларды өмірге назар аударған Алла жаратқан.

Олар сенің арқанда әлемге келеді,

Бірақ сен оларды ертіп әкелмейсің,

Сен өз махаббатыңды оларға ұсына аласың

Бірақ өз ойыңды емес, себебі оларды ойлау өз меншігінде.

Сен олардың тәніне пана бере аласың,

Бірақ олардың жанына емес.

Себебі, олардың жаны ертеңгі күн үйінде мекендейді.

Оған сен тіпті армандап бара да алмайсың.

Сен олардай болуға талаптана аласың,

Бірақ оларды өзіңдей етуге тырыспа

Себебі өмір артқа қайтып келмейді,

Және кешегі күнге тоқтатылмайды. [3] 

Осы өлең жолдарымен келісе отырып, егер бала бойында адамгершілік құндылықтарын жастайынан көргіміз келсе, оның қалыптасуына тек көмектесуіміз, қолдау жасауымыз қажет. Сонда ғана ертеңгі қоғамда бәсекелестікке түсе алатын, өзінің біліктілігін жан-жақты көрсете алатын болашақ ұрпақ бойынан адамгершіліктің жоғары құндылықтарын көре аламыз.

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер.

1.                   Назарбаев Н.А. Қазақстан экономикалық, әлеуметтік, саяси жедел жаңару жолында. Егемен Қазақстан, 19 ақпан, 2005

2.                   Ш.А. Амоношвили «Жүрексіз не ұғамыз». 12 жылдық білім, №6, 2005

3.                   Познай Истину... VIII. Книга для родителей. Алматы, 2005

 

 

 

Резюме

В статье расматривается значимость формирование нравственной ценности у детей дошкольного возраста.