Ауданбаева.А.К., Сейдуәли А.С., Арунова Ж.А.,
ЖММ
«Болашақ» Академиясы Қазақстан
Қазіргі
ақпараттық технологиялар негізінде бастауыш сынып
оқушыларының танымдық белсенділіктерін арттыру
Ұлтымыздың кемелді келешегінің ең
басты кепілі-сапалы, жаңа заман талаптарына сай білім беру жүйесін
қалыптастыру жүйелі жолға қойылды.
Елбасы: «XXI
ғасырда білім беру капиталға айналуда. Оның
маңыздылығы жөнінен стратегиялық ресустарымен
бәсекелесе алады және солай болуға тиіс. Елдің даму
деңгейі осы арқылы бағаланатын болады»-деп атап
көрсеткен болатын [1].
Бастауыш
білім-үздіксіз білім берудің басты негізі, алғашқы
басқышы. Осыған орай балаға білім стандарты, типтік
бағдарламаға, бүгінгі күннің талаптары-мемлекеттік
аралық бақылауға сәйкес көлемде білім, білік
дағдыларын меңгеру әрқашан көне тәртібінде.
Оқушының үлгерім аралығын жан-жақты
дамытудың негізгі іс-әрекеті болып табылады. Бастауыш мектеп-ол
оқушы тұлғасы мен санасының дамуы шынайы жүретін
ерекше құнды, қайталанбайтын кезең. Бүгінгі
таңда білім беру саласында әртүрлі сипаттағы және
бағыттағы инновациялар енгізілуде. Азды-көпті мемлекеттік
мониторингтер, сауалнама жүргізіліп, мазмұнға,
ұйымдастыруға оқыту әдістері мен технологияларына
жаңалықтар кіруде. Білім беру саласына енген
жаңалықтарға мына өзгерістерді жатқызамыз:
Әрбір оқушының өздігінен білім
алуының меншікті траекториясын қамтамасыз ететін білім
берудің ашық жүйесін құрайды, ақпаратпен
жұмыс істей алу біліктілігін қалыптастырады және
қатынас жасау қабілетін дамытады, таным процесін
ұйымдастыруды оны жүйелі ойлау жағына жылжыту жолымен
түбегейлі өзгертеді.
Ақпараттық технология- оқу процесінде
оқушылардың танымдық іс-әрекетін қолайлы
ұйымдастыруға мүмкіндік туғызады, жаңа таным
құралдарын пайдалануға және ұйымдастыруға
жағдай жасайды, білім беруді ақпараттық-әдістемелік
тұрғыда қамтамасыз етеді.
ХХІ
ғасыр – жаңа технология мен ақпараттандыру ғасыры.
Барлық сала компьютерлендіріле бастады. Сонымен бірге еліміздің
ертеңі болар жас ұрпақ компьютерді терең меңгеруі
тиіс. Ақпараттық-коммуникациялық технологияны дамыту — білім
берудің бір бөлігі.
Соңғы
жылдары заман ағымына сай білім беру жүйесі электрондық
байланыс, онлайн сабақтар арқылы іске асырылуда. Күнделікті
сабақта компьютер, электрондық
оқулық, интерактивті тақта, интернет қолдану
жақсы нәтиже беруде.
Интерактивтік
оқыту технологиясы– бұл ұжымдық, өзін-өзі
толықтыратын, барлық қатысушылардың өзара
әрекетіне негізделген, оқу үрдісіне оқушының
қатыспай қалуы мүмкін болмайтын оқыту үрдісін
ұйымдастыру болып табылады [2].
Әр
оқытушы сабақ өткізген кезде оқушыларға сапалы
білім беру үшін жаңа технологияларды пайдалана отырып, сонымен
қатар компьютерді, электрондық оқулық пен интерактивті
тақтаны қолдану арқылы білім берсе, оқушылардың
қызығушылығы арта түсері анық.
Интерактивті
тақта-топтағы оқушылардың барлығын оқыту
үшін құнды құрал. Жаңа материалды өте
қызықты және қарқынды етіп түсіндіруге
көмектесетін көзге көрінетін құнды
құрал. Оның ақпаратты түрлі мультимедиялық
ресурстар көмегі арқылы танысуға мүмкіндігі зор. Ол
сызбаларды түсіндіруді жеңілдетіп, қиын мәселерді
шешуге көмектесе алады.
Оқытушылар
өздерінің жаңа ойларын, идеяларын әсерлі, тартымды етіп
көрсету үшін осы тақтаны қолданса мақсаттарына
жетеді. Бұл тақтада оқытушылармен жаңа материалды
бірігіп талдауға мүмкіндігі зор.
Бастауыш сынып үшін бұл білімнің
мақсаттарын анықтаудағы басымдылықтарының ауысуы:
мектепте алғашқы сатыда білім алу мен тәрбиенің
нәтижелерінің бірі ол – баланың заманауи компьютерлік
технологияны меңгере отырып білім алуға дайын болуы.
Осыларды
жүзеге асыру мақсатында бастауыш сынып
мұғалімінің тәжірибелік
қызметінде балаларды үйрету үшін білім беру мен тәрбие
жұмыстарында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды
қолданудың қажеттілігі туындады.
Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды
қолданудың бастауыш сыныптардың сабағында
қоршаған ортадағы ақпараттық ағында
бағдар таба білуге, электрондық-техникалық
құралдар арқылы ақпарат алмасуға, қажетті
ақпаратпен жұмыс жасай білу әдістерін үйренуге
мүмкіндік береді.
Қазақстан Республикасы «Білімді
дамытудың 2011-2020 бағдарламасына» сәйкес
ақпараттық қоғам құруға көшуде.
Бүгінгі күні ақпараттық және телекоммуникациялық
технологияларды қолдана білу қабілеті — қоғамның
әрбір мүшесі үшін қажетті оқу, жазу біліктерімен
тепе-тең саналуда[3].
Қазіргі білім беру электрондық
оқытуға көшу жолында жер-жерлерде ақпараттық
технологияларды — компьютерлер, программалар, ақпаратты сақтау
және тарату құралдарын т.б. қолдануға
негізделген. Ол өз кезегінде әр түрлі деңгейдегі білім
беру мекемелерінің түлектерімен қатар бастауыш сынып
оқушыларының білімдерінің өзгерістерін жедел
бақылауға мүмкіндік береді.
Ақпараттық қоғамға
көшу үрдісі ол ақпараттандыру деп аталады. Мектептер де қазіргі
қоғамға сай болуы үшін ақпараттық
технологияны қолданып оқыту негізіне көшуі керек.
Сондықтан да білімді дамытудың басым бағыты ол –
электрондық оқуға (e-learning) көшу мәселесіболып
табылады.
Ақпараттық технологияны қолдану
арқылы пәнді оқыту: оқушыларға сабақ
барысында мұғалімнің жалаң сөзін тыңдап
қана қоймай, көптеген мағлұматты өз
көзімен көру арқылы қабылданған ақпаратты
есінде жақсы сақтап қалуына мүкіндік береді.
Пәнді оқыту барысында мұғалімнің
оқушыларға қоятын талаптардың бірі:
ақпараттық мәдениетінің дамуы, яғни: ой-өрісінің
дамуына, түрлі ақпарат көзімен жұмыс істей білу
және оны оқушыларға түсінікті етіп жеткізу арқылы
оқушының пәнге деген қызығушылығы арттыру.
Егер де, оқушының пәнге деген қызығушылығы
жоғары болса, ол оқушының пән бойынша білім
сапасының жоғары болуына әсер етеді.
Бұл мұғалімнің жауапкершіліктері
мен міндеттері немесе өмірлік жоспарларын жүзеге асыруда
қосымша мүмкіндіктер алу, бостандықтың бір түріне
қол жеткізуі, кәсіби өсуі, оқушыларға
жақындай түсу, олардың алдында беделінің артуы,
балалармен бірігіп атқаратын шығармашылық жұмыстар,
компьютерэкранында тірек-конспектісінің болуы, әдістемелік
материалының электрондық түрде жүйеленіп
сақталуы, басқалардың тәжірибелерін сабақ
барысында қолдануға мүмкіндіктердің пайда болуы
және т.б. Осының барлығы да мұғалімнің
қажет деп тапқан жағдайында оңай қолжетімді
болады. Ал, егер мұғалім ізденбесе, алдыға жылжу болмайтыны
белгілі. Сондықтан, әр бір педагог алдында осы бағытта
өз қызығушылығын тауып, барлық күдік
қорқыныштарын артқа тастап, сол тақырып бойынша
балалармен бірігіп тереңірек жұмыс жасау керек.
Бүгінгі
күні инновациялық әдістер мен ақпараттық
технологиялар қолдану арқылы оқушының ойлау
қабілетін арттырып, ізденушілігін дамытып,
қызығушылығын тудыру, белсенділігін арттыру — ең
негізгі мақсат болып айқындалады. Ақпараттық және
педагогикалық технологиялар негізінде мұғалімнің
рөлін түбегейлі өзгертуге мүмкіндік туды.
Ақпараттық және коммуникативтік
технологияларды пайдаланып оқыту төмендегідей
нәтижелерге қол жеткізугемүмкіндік береді
- Оқу материалын
жоғарғы дәрежеде меңгеріп шығуы және іс
жүзінде тиянақты, саналы түрде қолдана білуі;
- Ақпараттық
технология мүмкіндіктерін қолданып, өз бетімен білімін
толықтыруға дағдылануы;
- Игерген материалдарын
шығармашылықпен талдап, өңдеп, қорытындылап,
өз көзқарасын қорғай алуы;
- Жеке қабілеттеріне
қарай шығармашылық жұмыстарға белсене араласып,
белгілі бір ғылыми білім саласында өз мүмкіндігін
көрсете алуы;
Қорыта айтқанда, бастауыш сыныпта жаңа
ақпараттық технологияларды, инновациялық әдіс –
тәсілдерді пайдалану — білім сапасын арттырудың бірден – бір жолы.
Оқыту
үрдісінде оқушылардың білім қорын молайтуға,
белсенділігін арттыруға, шығармашылық қабілеттерін
жетілдіруге көмегі бар.
Оқушыларды
шығармашылыққа, өз бетімен іс-әрекет етуге,
өз пікірін айта алатын, оны дәлелдей білетін, өмірге деген
өзіндік көзқарасы қалыптасқан, үнемі
ізденіс үстінде болатын,қоғам дамуына үлес қоса
алатын, жан-жақты жетілген жас ұрпақ өкілдерін дайындай
аламыз.
Пайдаланылған
әдебиеттер:
1 Назарбаев.Н.Ә Инновациялар мен
оқу білімді жетілдіру арқылы білім экономикасы. «Егемен
Қазақстан» 2006, 27 мамыр
2
Мубараков А.М «Жаңа ақпараттық
технологиялар»студенттердің оқу белсенділігін арттырудың
құралы ретінде 2011. 110-113 бет
3
Әбиев Ж., Бабаев.С., Құдиярова.А., Педагогика. А., Дарын.,
2004