Рысбаева А.К., оқытушы

Қазақ Бас сәулет-құрылыс академиясы

Алматы, Қазақстан

 

ОҚУШЫ ПОРТФОЛИОСЫ

 

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында: «Ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау» керектігі атап көрсетілген.

Бүгіні таңда заман талабына сай ұлттық білім беру жүйелерінде көптеген өзгерістер болып жатыр, оқу тәсілдерімен құралдарының бүкіл әлемдегі білім жүйесіне ортақ жалпы элементтері қарастырылуда. Білім беруде ақпараттық технологияларды пайдалану оқыту үдерісін толық өзгертуге, оқытудың жеке тұлғаға бағытталған моделін жүзеге асыруға септігін тигізеді. Қазіргі оқыту құралдары (компьютерлер, телекоммуникациялық байланыс құралдары, қажетті интерактивті бағдарламалық және әдістемелік жабдықтар) оқыту түрлерін жетілдіруге мүмкіндік береді. Мектеп оқушыларына ақпараттық және коммуникациялық технологияларды игерту қазіргі заманда әрбір жеке тұлғаның оқу және жазу қабілеті сияқты сапалармен бірге әрбір адам үшін қажетті шартқа айналуда.

Мектеп оқушыларын, еліміздің болашақ кәсіби мамандарын заман талабына сай тәрбиелеу және оларға жаңаша көзқарас қалыптастырып,  шапшаң шешiм қабылдауға бейiмделудi үйрету - ұстаздар алдында тұрған үлкен міндет. Мектеп қабырғасындағы оқушылардың алған білімдері,  жоғарғы оқу орындарындағы кәсіптік дайындық – маманның өз жұмысына деген шеберлігін қалыптастыруға үлкен ықпалын тигізеді. Педагог ғалым А.Дистервергтің “Нашар мұғалім ақиқатты өзі айтып береді, жақсы мұғалім оқушының өзін ізденуге жетелейді“ дейтін қанатты сөзі, мүғалімнің негізгі мақсаты оқушының өз бетімен іс-әрекетін дамытуға бағытталуы тиіс екендігіне көз жеткізеді.

Баланың жан жақты дамуына, өз пікірі мен ойын ашық жеткізуіне, әр адамның қабілетіне қарай жүргізілетін шығармашылық әрекеттерінің толық іске асырылуы тек оқытудың негізгі кезеңдерін толық меңгерген ұстаздың көмегімен іске асатыны баршаға мәлім. Ғылым мен техниканың күн сайын жаңара жаңғырып дамуында күнделікті оқушыға жүргізілетін әрбір пәннің, әрбір сабақтың алар орны ерекше. Ендеше, оқушылардың сабақ барысында белсенділігін көрсетуіне, өзіндік шығармашылық iс-әрекетін дамытуына мұғалімнің шеберлігі аса қажет. Оқушылардың шығармашылық әрекеті – күнделiктi оқу жұмыстарында оқу-танымдық тапсырмаларды жүйелi пайдалану, оқушының жеке ерекшелiктерiне сай оқытудың дәстүрлi емес формаларын пайдалану арқылы бiрте-бiрте қалыптасатын күрделi үрдiс. Шығармашылық iс-әрекет күрделi процесс болғандықтан, мұғалiм мен оқушының бiрлесiп жасайтын сапалы әрекетiн керек етедi.

  Білім беруде, білім мазмұнын оқушының толық меңгеруінде оқытудың педагогикалық жаңа технологияларының алатын орны ерекше. Қазіргі компьютер мен интерактивті бағдарламалық әдістемелік құралдар мұғалім мен оқушылардың қарым-қатнастық формаларын өзгертіп, мұғалімді ақылдаса отырып көмектесетін кеңес беруші ретінде қарастырады. Ал мұндай өзгеріс оқушы жастардың білімге деген ынтасын арттырып, оқушылардың өздігінен жұмыс жасап, көп ізденулеріне бағыттайды. Оқытудың жеке адамға бағытталған қызықты түрлерін енгізуді қажет етеді.

Ғылым мен техниканың қарқынды даму кезеңінде, оқытудың жаңа педагогикалық технологиялары негізінде «оқушы портфолиосы» ұғымы пайда болуда. Интернет беттерінде, кейбір әдебиеттерде: «Оқушы портфолиосы - оқушының барлық жұмыстарын бір жүйеге біріктіретін, оның білім-біліктілігінің әр түрлі салаларын байланыстыратын жұмыстарының жиынтығы» деген анықтама берілуде. Оқушы портфолиосы -  оқушының жұмыс папкасы ғана емес, алдын ала жоспарланған жетістіктерінің өзіндік іріктеулері. «Портфолио» термині - педагогика саласына саясат пен бизнестен келген сөз. Портфолио оқушының оқу-танымдық іс-әрекет өнімдерімен жұмыс жасау технологиясын, формасын, ұйымдастыру үрдісін қарастырады. Өзінің іс-әрекеттер нәтижелеріне баға беруге, оларды талдауға және жеке субъективтік позициясын саналы түсінуге арналған. Ең алдымен оқушы портфолиосының түрлеріне тоқталайық:

1.     Мақсаты бойынша:

·        жекеменшік портфолио (өзі үшін арналған);

·        есептік (басшылық үшін);

·        жобалық (ұжым мен ұйым дамуы үшін);

2.     Мазмұны бойынша:

·       жетістіктер (белгілі бір бағыттардағы);

·       рефлексия (мақсатқа жетуді талдау мен бағалау);

·       проблемалық бағдар (жүйе құраушылары мен қажетті шешімдер);

·       тақырыптық (негізгі пәндер бойынша маңызды жұмыстар).

Оқушы портфолиосының негізгі функциялары:

1.     Жинақтаушы: оқушы жұмыстарының жиынтығы.

2.     Үлгілеуші: оқушының жеке кәсіби өсу траекториясын қалыптастыру құралы.

3.     Рефлексия-шығармашылық: түрлі технологиялар мен олардың тиімді әдістерін өзіндік талдау мен жобалау.

Оқыту барысындағы оқушылардың іс-әрекетінде ойлау амалы нәтижесінде алған білімін, дағдысын, танымдық белсенділігін арттыру, олардың танымдық әрекеттерінің нәтижесінде біліктілікке қол жеткізу  бүгінгі оқу үрдісінің негізгі мақсаттарының бірі. Сабақта компьютерлік техника жетістіктерін пайдалану оқушыларды шапшаңдыққа, тапқырлыққа, өз бетімен жұмыс жасай білуге үйретеді және оқу процесінің тиімділігін арттыруға ықпал етеді. Ендеше, оқушы портфолиосын дайындауда осы мүмкіндіктердің барлығына қол жеткізуге болады. Басты мақсат: оушыларға портфолионың аса қажет екендігін, оның мүмкіндіктері мен артықшылықтары жайында мағлұматтар бере отырып, олардың барлығының өзіндік портфолиосының болуына ынталандыру. Портфолио типін анықтауда жұмыстың мақсаты мен мазмұнына байланысты портфель типін анықтап, жұмыс жоспарына сай міндетті және таңдауы бойынша алынатын бөлімдерді анықтау мұғалім көмегімен жүргізіледі. Оқушы өзінің өзіндік портфолиосын құрып, оны талапқа сай етіп толтыра отырып өзінің материалдарымен толықтырады. Портфолионы өткізу мерзімі немесе оны тексертуді мұғалім таңдайды. Белгілі бір уақыт сайын, әр тоқсан соңында немесе жыл соңында өткізу алдын ала тапсырылған тапсырмаларға байланысты келісіледі. Оқушы портфолиосының мазмұны мұғалім мен оқушының талап тілектері бойынша құралып, оқыту үрдісін сапалы ұйымдастыруға бағытталады.

Оқушы портфолиосының мазмұны:

·        Сыртқы парақ(титульный лист);

         Жылдық жұмыс жоспары(пәндер бойынша жетістікке жетудегі алға қойған мақсаттар);

         Шығармашылық жұмыстар (рефераттар, баяндамалар т.с.с.);

         Шығармашылық тапсырмалардың қорытындылары;

         Өзіндік білім көтеру мақсатында жиналған материалдар(аудио және бейнематериалдар, фотосуреттер);

         Сабаққа қажетті, білімді дамыту мақсатындағы материалдар(сызбалар мен кестелер, графиктер мен диаграммалар т.с.с.);

         Ұжымдық және жеке ғылыми-әдістемелік жобалар.

         Бақылау-тексеру және тест жұмыстарының қорытындылары.

         Топтық және ұжымдық жұмыс қорытындылары.

         Оқу үлгерімі туралы құжаттар.

         Жетістік баспалдақтарын анықтайтын материалдар(марапаттау қағазы, мақтау қағазы, диплом, алғыс хат т.с.с.);

         Пікірлер мен ұсыныстар бөлімі(түйіндеме, ұсыныс хат, пікірлер т.с.с.);

Оқушы жыл бойы дайындаған өзіндік портфолиосы арқылы компьютерді оқу үрдісіне, бағдарлы  бағытқа тиімді және ұқыпты пайдалана білу дағдыларын, ақпараттық технологиялардың жетістіктерімен жұмыс жасау іскерліктерін көрсете алады. Жұмыстарының нәтижесінде өздерін өздері бағалай білетін болады. Жұмыс жүргізу нәтижесінде оқушы портфолиосының төмендегідей артықшылықтарын көруге болады:

         «Портфолио» безендірудегі ұқыптылық пен эстетикалық талғамның болуы;

         «Портфолио» құрудағы материалдардың құрылымдық және логикалық берілуі;

         Әр түрлі жұмыс бағыттарын қамтитындығы;

         Жүйелеуге және толықтырулар енгізуге жағдай жасалуы;

         Жекелеген және жүйелі өзгерістер енгізу мүмкіндігінің болуы;

         «Портфолио» құрудағы көрнекіліктің болуы;

Әр пәннің мұғалімдері  өз мамандығының сапа деңгейін, жеке бастарының жұмыс істеу ерекшелігін, әдістемелік тәжірибесін, педагогтік шеберлігін оқушыларға «оқушы портфолиосын» тиімді құрғызып, оқу үрдісінде дұрыс пайдалана алуларынан көре алады. Оқушы портфолиосы тек оқушыға ғана күнделікті ізденуіне, талмай жаңаша жұмыс жасауына міндеттер жүктеп қоймай, мұғалімдердің күнделікті сабағына ізденіспен қарап, жаңаша іс тәжірибелерін және әдістемелерін кеңінен пайдалануға мүмкіндік береді.  

 

Әдебиеттер:

1.     Қазақстан Республикасының «Білім туралы Заңы».-Алматы, 2000.-96 б.

2.     Вульфов Б.З.,Харькин В.Н.Педагогика рефлексии. - М.:Эгвес,1996. - С.17.

3.     Дистерверг А.Избранные педагогические сочинения.- М.:Учпедгиз, 1959. - 259с.

4.     Новые педагогические и информационные технологии в системе образования: Учеб.пособие для студ.пед.вузов и системы повыш. квалиф.пед.кадров/ под ред.Е.С.Полат.- М.: Издательский центр «Академия», 2005.- 272с.