«СТО» технологиясы арқылы оқушылардың көркем шығарма оқуға қызығушылығын артырудың тиімді жолдары

 

Төлендиева Фариза Кенжебекқызы

Райымбек Смайлов атындағы орта мектеп, Т.Рысқұлов ауданы, Жамбыл облысы

 

Оқушылардың көркем әдебиетке қызығушылығын ояту – жас жеткіншектердің туған еліне, ана тіліне деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастыратындығы белгілі. Бүгінгі таңда жастардың көркем әдебиетті оқуды әдетке айналдырмағандығын есепке ала отырып, көркем шығармаларды оқудың жаңа, тиімді жолдарын ұсынады.

Егер мұғалім сабағын ерекше тартымды, оқушының бәріне де түсінікті етіп өткіземін десе, ең әуелі оқушылардың сол сабаққа деген қызығушылығын оята білуі керек. Қазіргі мектеп оқушыларының талғамы терең. Себебі балалар күнде де, түнде де теледидар алдынан кетпейді, әйтседе әдеби кітаптарды да оқитын сауатты балалар да аз емес.Шәкірт қызығушылығын сабақта дамытып тәрбиелеуде мұғалімнің сабақты әр алуан түрде, жаңа технологиямен өтуінің маңызы зор. Адамның қызығушылығы сан алуан болуы мүмкін. Осылардың ішінде біреуі ғана басты болады. Мұндай қызығушылық  көркем әдебиет әрекетіне аса қажет. Қызығушылық тұрақты қасиетке айналғанда ғана адам өз іс-әрекеті-нен жақсы нәтиже шығара алады.

Оқу бағдарламасы бойынша қажетті талапты орындап жүрген  оқушылардың көркем әдебиетке деген қызығушылығы барма немесе оқығандары арқылы өмірлік дағдылар қалыптастыра алдыма деген сұраққа жауап ретінде Л.Выготский: «Мектепте ғылымға бағытталған жұмысқа, ережені жаттауға қабілеті аз адам, өз қызығушылығын оятатын белгілі бір іс-әрекет саласында өте дарынды және қабілетті болуы мүмкін. Егер мұғалім бір нәрсені жақсы меңгертуді ойласа, оның қызықты болуын қамтамасыз етуі керек»,- деген сөзін алуға болады.        

 «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» (СТО) бағдарламасының қазіргі таңда білімді, білгенін өмірге пайдалана алатын шәкірт тәрбиелеуде алатын орны ерекше.Сыни тұрғыдан ойлау көңілге қонымды дәлелге ұмтылады. Сыни тұрғыдан ойлайтын адам мәселені шешудің жолын өзі іздеп табады да сол шешімдерді саналы дәлелдермен нақтылай түседі.

Сын тұрғысынан ойлау стратегиясы бойынша жүргізілетін жұмыста оқушылардың

1.өз бетінше тұжырым жасау, қорытындыға келу,

2.ұқсас құбылыстардың арасынан тиімдісін таңдай білу

3.проблеманы шеше білу

4.пікірталасты жүргізе білу қабілеті  қалыптасады.

           Сын тұрғысынан ойлау технологиясының 3 кезеңіндегі

І.Қызығушылықты ояту

ІІ.Мағынаны ажырату

ІІІ:Ойтолғаныс фазалары бойынша оқушы алдымен көркем әдебиетті оқуға  деген -қызығушылығын арттырып, сол оқыған кітабындағы кейіпкерлерге талдау жасай отырып - мағынаны ажыратып, өзінің алған әсерін, түйіндеген ойын - ойтолғаныс арқылы беріп отырады.

Кітапқа сүйіспеншілігін арттыру және дамыту, ойлау және шығармашылық қабілеттерін, қиялын, есте сақтау қабілетін дамыту және пікірін қалыптастыру, ойын еркін жеткізуін мадақтау, бір-бірімен ынтымақтастықты дамытуға көмектесу, сауатты жазуға дағдыландыруды мақсат етемін.

Оқушыларды қызықтыру мақсатында  9 сыныптағы «Қыз Жібек» жырын өткен кезде осы СТО технологиясының бірнеше стратегияларын пайдалану арқылы оқушылардың жырды қызыға оқығанының куәсі болдым. Мысалы оқушылар Төлеген мен Бекежанды салыстыра отырып ВЕНН диаграмасын,.ДЖИГСО, әлемді шарлау стратегиялары, жырдағы басты кейіпкерлер әрекетін қызығушылықпен орындады.

7 сыныптағы М.Әуезовтың  «Көксерек» әңгімесін өткенде  Кубизм әдісінің маңызы зор деп ойлаймын. Себебі, 1.Суреттеп беріңіз, 2.Салыстырыңыз, 3.Зерттеңіз, 4.Қолданыңыз, 5.Бұл туралы ойлағанда көзіңізге не елестейді 6. Талдаңыз деген кубиктің 6 жағы тақырыпты жан-жақты қамтуға мүмкіндік туғызатын оқыту стратегиясы.

8 сыныптағы М.Мақатаевтің «Аққулар ұйықтағанда» поэмасын оқыту барысында І.Ой шақыру бөлімінде « Аққу» сөзінің сырына үңілсек,

ІІ.Топтастыру бөлімінде «Аққу» туралы оқушыларды еркін ойлауға және тақырыпты ашық талқылауға бағытталған стратегия екенін көреміз.

ІІІ. 5 жолдан тұратын қортындылау тақпағы - Сэнкуэн стратегиясы ақпаратты түйіндеп айту, терең ойды, сезімді және сенімді қысқа сөзбен қамтиды. Мысалы;

1.Аққу

 2.сұлу, нәзік

3.жүзеді, ұйықтайды, ұшады.

4.Аққуды атуға болмайды.

5.Аққу- киелі құс

Осы сабақты өткізу барысында:

Поэманың мазмұнын бұрынғыдай емес, өз еріктерімен қажеттілік ретінде қызығып оқыды. өткен сабақпен жеңіл әрі толық байланыс болды; жеке өзі үшін емес, топпен жұмыс жүргізе бастады; кез-келген оқиғаның астарына ой жүгірту керек екендігін сезіне бастады; кейіпкердің ерекшелігін өзге кейіпкермен салыстыра отырып ашуға тырысатын болды, өз пікірін ашық түрде қорғап, жеңілден ауырға өтуге тиімді жол іздей бастады.Оқытудың тиімді және тиімсіз жақтарын анықтау және «оқу мен жазу процесін бала үшін актуалдандыру» жұмысын жолға қоюда іс - әрекетінің бұл түрі көп көмектесті

Стратегияларды ендіре жүріп, көркем мәтінді талдау жұмысында Блум сұрақтарын сараптау, салыстыру, жинақтау жұмыстарының маңыздылығына көз жеткізуге болады.

Қәзіргі кезде  RWCT  әдістері арқылы әдебиет пәніне деген оқушылар қарым-қатынасының өзгергенін және алған білімдері туралы өз қөзқарасын айта алады. Олар жаңа сабақта білімді және шығармашылықпен, сыни тұрғыдан ойлай отырып қорытынды

жасайды.

RWCT жобасының философиясын терең меңгерген ұстаздардың шәкірттерін өз пікірін ашық айтып, өзара шынайы сұхбат жүргізетін, рухани жағынан дамыған жеке тұлға ретінде дамуына ықпал жасау.