Тұрлыбекова З.Ә.

 

Ж.Аймауытов атындағы №64 көп салалы мектеп-гимназиясы,                  Қазақстан. Шымкент қ.

 

МАТЕМАТИКА САБАҒЫНДА ОЙЫН ЭЛЕМЕНТТЕРІН ПАЙДАЛАНУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

 

Ойын балалардың негізгі іс-әрекеті ретінде психологиялық, анатомиялық-физиалогиялық, педагогикалық маңызы зор қызметтер атқарады. Ойын баланың даму құралы, таным көзі, тәрбиелік дамытушылық мәнге ие бола отырып, адамның жеке тұлға ретінде қалыптасуына ықпал етеді. Ойынның тәрбиелік маңызын жоғары бағалай келіп, А.С.Макаренко былай деп жазды: «Бала өмірінде ойынның маңызы зор, ересек адам үшін еңбектің, жұмыстың, қызметтің қандай маңызы болса, нақ сондай маңызы бар. Бала ойында қандай болса, өскен соң жұмыста да көп жағынан сондай болады». Сондықтан келешек қайраткерді тәрбиелеу ең алдымен ойыннан басталады.

  Ойын – баланың қажетті әрекетінің бірі ойынды кіші жастағы балалардың табиғаты керек етеді. Балалардың еңбегі, оқуы ойыннан басталады. Ойын арқылы оқушы білім алуға, оқуға қызықтыра отырып, тұлғалы дамуын қалыптастыруға болады. Жалпы, математика сабағында қолданылатын ойын түрлері оқушылардың математикалық ұғымдарын кеңейтіп, ойлау қабілеттерін арттырып, есептеу дағдыларын шыңдай түсетіні белгілі. Математика сабағында қазақтың ұлттық ойындары қолданылады. Мысалы, «Сақина салу», «Ақсүйек» ойыны белгісіз санды табуға арналған ойын. Ойынға толық сынып қатысады. Кестедегі белгісіз сандардың орнына «ақсүйек» тығылып жатыр. Кім дұрыс шығарса, сол табады. Кім ақсүйекті көп тапса, сол ұтады. Өтілген тақырыптардағы сабақ материалына лайықталған ойын есептерін алып, тек ғана оқушының орындай алатын іс - әрекетімен шектелу жеткіліксіз. Мұндай ойынды ұйымдастырудың және басқарудың сипаты мен жолдары және жолдары және оларды қолданудың тиімді бөліктері жан-жақты ойластырылуы керек. Ойын үрдісінде балалардың білімі тереңдей түседі, осыған дейінгі білімдері мен түсініктері баянды болып жаңа білім игеріледі.

Жалпы білім беретін мектептердің бастауыш сыныптары оқушыларының ой-өрісін дамытатын «Сақина тастау» ойыны. Дидактикалық мақсаты: 20 көлеміндегі қосу және азайтуға берілген мысалды тақтаға шығарып, сақинаны өзі қалаған оқушыға салады. Ойын осылайша жылдам түрде жалғасады. Ойынды басқара жүріп, мұғалім баланың жеке басының ерекшелігіне, оның санасына, сезіміне, ерік-жігеріне, мінез-құлқына ықпал жасайды.

Ойын - адамның өміртанымының алғашқы қадамы деп білеміз. Оның басты ерекшелігі баланың ойлау қабілетін жетілдіру болып табылады. Атау ұйқастарын санау арқылы оқушылар сан үйренеді, санға аты ұйқас заттарды  танып біледі. Санамақтар сан үйретеді, әрі дүние танытады, әрі баланың қисынды ойлауы мен математикалық ойлау қабілетін дамытады. Санамақтың түрлері өте көп. Ойында балалар әр нәрсеге жақсы зейін қояды және көбірек есіне сақтайды. Ойын үстінде ол алға қойылған мақсатты шұғыл және оңай жүзеге асырады. Ойын шарттарының өзі баладан заттарға, айналатын көріністер мен сюжетке зейін тоқтатуды талап етеді. Егер бала ойын талабына зейін қойғысы келмесе, ойын шарттарын есте ұстамаса, онда оны құрдастары ойыннан шеттетуі ықтимал.

Ойын - балалардың негізгі іс - әрекетінің бір түрі. Ойын барысында баланың жеке басының қасиеттері қалыптасады. Кіші мектеп жасындағы балаларды көргендерін, байқағандарын, айналасынан естігендерін ойын кезінде қолданалытанын байқау қиын емес. Ойын айналадағы болмысты бейнелейді. Ойын барысында балалар  дүниені тани бастайды, өзінің күш-жігерін жұмсап, сезініп білдіруге мүмкіндік алады, адамдармен араласуға үйренеді.

«Көрші-көрші» ойынының мақсаты 10 көлеміндегі сандардың ретін меңгеру. Яғни, мұғалім бір санды атайды, «Жеті» дейді жеті саны тағылған бала ілгері шығып, балалардың алдына тұрады. Сонаң соң мұғалім бұл санның көршілері қатарына тұрыңдар дейді. 6,7,8 сандарын құрады. Одан соң 6 және 7 сандары салыстырылады. 6-ның 7-ден біреуі кем, 6-ға 1-ді қоссақ 7 болады. 6 саны 6 бірліктен тұрады. Одан соң 7,8 т.с.с.

Алайда, ойын арқылы есептер мен тапсырмаларды орындау ақыл-ой, адамгершілік, эстетикалық және дене тәрбиесінің  мақсаттарына жету үшін пайдалану орынды. Баланың қуанышы мен реніші ойында айқын көрінеді. Ойын кезіндегі баланың психологиялық ерекшелігі мынада: олар ойланады, эмоциялық әсері ұшқындайды, белсенділігі артады, еркі қасиеті, қабілеті, қиял елестері дамиды, мұның бәрі баланың жан-дүниесіне әсер етіп, оның рухани адамгершілік сезімінің дамуына ықпалын тигізеді.

Халқымыз ойынға тек балаларды алдандыру, ойнату әдісі деп қарамай, жас ерекшеліктеріне сай олардың көзқарасының, мінез-құлқының қалыптасу құралы деп те ерекше бағалаған. Жаңылтпаш, жұмбақ санамақты айту арқылы бала әрі сан, жұмбақтың шешуін тауып, ойын дамытады. Оқушылардың ой белсенділігін, саналы ойлана білуін дамыту, жетілдіру - мұғалімнің негізгі міндеті.  Ойын баланың ойлау қабілеті мен сөздік қорын дамытуға, түрлі дағды мен шеберлікті меңгеруге, қиындықты жеңуге, төзімділікке баулиды.    Санамақ айтыста бала санға ұйқас  сөз табу арқылы, ақындық қабілетін байқайды. Егер ол ұйқас таба алмаса  айтыста  жеңілген болып табылады.                 .                                                                                                                                                             

Жалпы қорытындылай келе,  мектеп оқушыларына математика сабағында ойын - тиімді тәсіл екендігіне көз жеткіздік. Ойын - оқушылардың пәнге деген қызығушылығын, ынтасын арттыруға әсері мол болады деген сеніміміз мол.

Әдебиет

1. Нагибин Ф. Развивающие игры. М.: Просвещение, 1985.

2. Құлбаева С. Ойын әдісімен // Бастауыш мектеп. №3, 2004, 37-38 б.

3. Керімбаева Р. Ойын түрлері және оның ерекшеліктері // Бастауыш мектеп №3, 2008, 11-12 б.