Педагогические науки/ 5. Современные методы преподавания

 

биология мұғалімі  Жомартова Н.Т.

Қазақстан Республикасы, Қарағанды облысы, Қарқаралы қаласының

О.А. Жаутіков атындағы №1 қазақ орта мектебі

 

Биология сабағында оқу қабілетін белсендірудің әдістемелік негізі

        

Әлемдік білім беру кеңістігінде бәсекеге қабілетті және экономиканы индустриялық-инновациялық дамытудың қазіргі заманғы талаптарына жауап беретін тиімділігі білім беру жүйесін қалыптастыру мақсаты «Қазақстан-2030» ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауында қарастырылған [1].

XXІ ғасырдың табалдырығын білім мен ғылым дамуын саралаумен аттауымыз үлкен үміт туғызады. Ұрпағы білімді халықтың, болашағы бұлыңғыр болмайды дегендей, жас ұрпаққа сапалы білім беру іскерлік қасиеттер мен қабілеттерді жетілдіру – бүгінгі күннің басты талабы.

Ел Президентінің «Қазақстан-2030» стратегиясының бағдарламасында барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатыныың артуы, елдің денсаулығын жақсартумен бірге жас ұрпаққа білім мен тәрбие беру мәселесі атап көрсетілгендей, Тәуелсіз мемлекетімізге еңбекқор, өз кәсібін терең түсінетін, білімі мен іскерлігін жан-жақты қолдана білетін мамандар қажет. Осы айтылған міндеттер мамандар дайындайтын жоғары оқу орындарының алдында тұрған негізгі мәселелер [1].

Оқытудың қазіргі заманғы тенденциялары жаңартылған сапалы өзгерістерін талап етеді. Осы орайда оқушыларға білімнің сапасын арттыру мақсатында әр түрлі бағытта және жаңа әдістерді пайдалана отырып, білім беру үлкен маңызға ие.

Қазіргі уақытта білім берудің мазмұны қайта құрылды, оқытудың әдістемесі өзгерді. Мұның өзі жан-жақты және үйлесімді дамыған адамдарды қалыптастыруға бағытталған тәрбие үрдісін едәуір жетілдіруді керек етеді.

Тәрбие үшін білім беру мазмұнының, оқыту әдістемесінің, өзінің көзқарасын, мәдениетін, өмірлік тәжірибесін келер ұрпаққа беретін ересек адамның, мұғалім-тәрбиешінің жеке басының және білімінің аса зор маңызы бар. Мұның бәрі балалардың дамуын бағыттайтын және олардың қалыптасу ерекшеліктерін анықтайтын ықпалдық күштер жүйесін құрайды.

Тәрбие ісі екі жақты үрдіс болып саналады. Ол, бір жағынан, педагогикалық тәрбиелік жұмысын қамтитын болса, екінші жағынан, осы жұмыстың объектісі тәрбиенің әсерімен, оның мақсатты педагогикалық ықпалымен жұмысқа белсене араласатын балаларды қамтиды. Тәрбие ісінің мақсаты: оқушылардың бойында адамгершілік ұғымдар мен сенімдерді, жоғары моральдық сезімдерді қалыптастыру, мінез – құлықтық берік ұлттық әдет - ғұрыптар мен дағдыларын бойға сіңіру, мінездегі ерік белгілерін қалыптастырып, теріс әдет - ғұрыптарды жою.

Әр түрлі жастағы оқушылардың танымдық қызығуының өзіндік мазмұны, ерекшеліктері зерттеушілер үшін қиыншылық тудырады. Өйткені, танымдық қызығудың қалыптасуы және дамуы – жеке бастың дамуы барысында жүзеге асатын өте күрделі үрдіс. Жалпы алғанда, қызығудың қалыптасуы бала айналысатын іс-әрекетке және жеке өмір тәжірибесіне байланысты болады. Сондықтан да баладағы танымдық қызығудың даму деңгейін нақты жасқа байланысты деп те қарастыруға болмайды. Бір жастағы балаларда тұрақтылығы, мазмұны жағынан бірдей емес қызығу болуы мүмкін [2].

Қызығу өте ерте жастан қалыптасады және танымдық даму оның алғашқы көріну түрі әуестік, құмарлық түрінде болады. Баланың бірінші жылында-ақ оның ашық түсті заттар, қатты шыққан дыбыстар, заттардың қозғалысы өзіне тартады.   Білуге құмарлық – бала табиғатына тән қасиет, ол баланың көргендерін тануына, оның терең екеніне көмектеседі,   баланың қойған  сұрақтары белгілі дәрежеде, қоршаған ортаға деген танымдық қатынас түрінде әуестік, білуге құмарлықты көрсетеді. Мұны танымдық қызығудың бастауы десек болады.

Педагогикалық үрдісте ойынмен оқыту, тәрбие жұмыстарының құралы ретінде кең пайдаланылады. Ойын баланың дүниетанымын кеңейтіп, қоғамдық тәртіп машықтарына тәрбиелейді.

Егер де адам бойында белгілі бір іске деген қабілеті болса, онда ол соған қатысты білім мен іскерлікті тез меңгереді, қабылдайды, сонымен қатар өз жұмысында көрнекті жетістіктер мен табыстарға жетеді. Сонымен адамның білімін терең білуі мен іскерлік, дағдының қалыптасуы нәтижесінде адамның қабілеттері жайлы жорамалдауға болады. Ал егер керісінше болса, яғни білімі, іскерлігі, дағдысы жоқ болса, онда оның бойындағы қабілеттерді сынай алмаймыз. Мұндағы біздің ойымыз, білім, арнайы іскерлік пен дағдының кәсіби дайындық процесі барысында маманға қажетті ерекше өлшеу аспабы болып табылады.

Атақты кеңес педагогы А.С.Макаренко ойынмен оқыту, тәрбие жұмыстарының құралы деген пікірді дамыта отырып, былай деген болатын: “Баланың өмірінде ойынның зор маңызы бар – үлкендер үшін жұмыстың, қызметтің мыңызы қандай болса, балалар үшін ойынның маңызы да сондай. Бала ойында қандай болса, ол ержеткенде жұмысқа да сондай болады. Сондықтан болашақ қайраткерлерді баулу ең алдымен ойын түрінде жүргізіледі” [3].

Биология – адамдардың өзі туралы және айналадағы қоршаған ортаны танып білуге арналған арнайы әдістемелік ақпарат.          Биология жаратылыс-тану ғылымдарының арасында ерекше орын алады. Көптеген биологиялық үдерістерді химиялық және физикалық заңдарға сүйенбей түсіне алмаймыз. Биология ғылымы арқылы оқушылар өздерінің өміріндегі мәселелерді шеше алады. Биологиялық объектілерді зерттеу күрделі жүйелердің, жануарлар, өсімдіктердің қосылу үрдісін анықтауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар биологиялық мәселелер даму идеясымен танысуға, яғни жеке дара организмнің құрылуынан бастап жердегі өмірдің дамуымен аяқталады.   Биологияны оқуда этикалық компонентте үлкен рөл атқарады, әсіресе ол дәстүрлі курсқа жатпайды, биологияны ғылыми пән ретінде қарастырады. Мектептегі биология пәнінің мақсаты жанды заттарға деген қамқорлыққа үйрету. Биология курсы әр түрлі оқытылуы мүмкін: ғылымның негізімен сәйкестендіру, тірі ағзаның деңгейлері арқылы, биологиялық жүйе арқылы, тірі ағзалардың ерекшеліктері т.б. Тәртібі мен мазмұны беріледі. Ережеге сәйкес, ол жас ерекшелікке де байланысты.

Биология мұғалімдерінің педагогикалық жұмысына қойылатын талаптарының баска пәндер мұғалімінің жұмысына қойылатьш талаптардан төрі елеулі ерекшеліктері, айырмашылықтары бар. Сол талаптарды іске асыру - мүғалімнің жүмыстарының мақсаттылығын күшейтіп,сабақта және сабақтан тыс уақытында нәтижелі әрі құнды материалдарды ұйымдастыруына мүмкіндіктер туғыздырады.

Дидактикалық материалдар информатика оқулығының негізінде алынған өзіндік, бақылау және тестік тапсырмалардың, пысықтау сабактарының, дидактикалық ойындаржың  жиынтығы болып табылады.

Дидактикалық ойындар  сыныпта жүргізілетін жұмыстардың ең қызықтысы. Ойынның қандай түрі болса да, оқушыларды өзіне тартып әкететіні белгілі. Оқушылардың пәнге қызығуын шығармашылықпен ойлауын және білім сапасын арттыруда сабақта қолданылатын ойын элементтерінің рөлі зор.

Қорыта айтқанда, сабақтың қызықты да түсінікті болуы мұғалімнің шеберлігі мен ізденімпаздығына тікелей байланысты. Сондықтан оқушылардың пәнге кызыгушылығын артыру үшін сабақты түрлендіріп өту керек деп ойлаймын.

Қолданылған әдебиеттер:

1.   Қазақстан-2030.- Алматы: ЮРИСТ, 2006. - 152 б.

2.   «Қазакстан  Республикасы жалпы білім  беретін  мектептердің тұжырымдамасы» //Қазақстан мектебі, Алматы,  1992

3.   Макаренко А.С. Человек как предмет познания. –  М.: Педагогика, 1980. – 230 с.