Бекешева Д.А., Қорқыт Ата атындағы ҚМУ «Қаржы» кафедрасының аға оқытушысы, э.ғ.к.

 

 

Қазақстанның қаржы нарығы: қалыптасу кезеңдері, қазіргі жағдайы және даму мәселелері

 

ТМД-ның барлық елдерінде, соның ішінде Қазақстанда, тәуелсіздік алумен бірге экономиканың қаржы секторының реформасы және дамуы қаржы институттарының тұрақтылығын жетілдіру мен нығайту және тұрғындардың қаржы секторына сенімін арттыру бойынша іс-шараларды белсендендіруге әкелген басымды мемлекеттік міндеттердің маңыздыларының бірі ретінде қарастырылады.

Бүгінгі күнге Қазақстанның қаржы секторы банктік қызметтер нарығы, бағалы қағаздар нарығы, сақтандыру нарығы және зейнетақы қызметтерінің нарығы сынды негізгі секторлармен көрініс тапқан.

 

Банктік қызметтер нарығы: қалыптасуы және әлемдік қаржы дағдарысына дейінгі дамуы.

 

Банк секторы экономиканың қантамыр жүйесі  және қаржы секторының ең үлкен сегменті болып табылады. Қазақстандық банктік қызметтер нарығының қалыптасуы мен дамуының бүкіл кезеңінде ол мәнді реформаларды басынан өткерді.

1990 жылы «Банктер және Қазақ ССР-ндегі банк қызметі туралы» Заң қабылданған кезде отандық банк жүйесін реформалаудың алғашқы заңнамалық негізі қаланды. 1991 жылы екі деңгейлі банк жүйесі қалыптастырылды. Бұған мемлекеттік салалық банктерді қайта ұйымдастыру және СССР Мемлекеттік банкінің республикалық бөлімшелерінің егеменді мемлекеттердің орталық банкі қызметін атқаруы, сонымен қатар алғашқы коммерциялық банктердің құрылуы септігін тигізді. Сол кезден бастап Қазақстан банк жүйесінің бірінші деңгейі Қазақстан Республикасы Ұлттық банкімен және оның облыстардағы бөлімшелерімен, ал екінші деңгейі өзге банктермен көрініс тапты. Нарықтық қатынастардың кеңеюі және несие ісінің дамуы коммерциялық банктердің жылдам өсуіне әкелді, олардың саны, мәселен, 1993 жылы 200-ден астам болды.

1993 жылдың сәуірінде орталық банктің міндеттерін, қызметінің қағидаттарын, құқықтық мәртебесін және құзырлығын, банк жүйесіндегі рөлі мен орнын, Қазақстан Республикасы мемлекеттік үкіметінің органдарымен өзара қарым-қатынасын анықтайтын «Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы» жаңа Заң қабылданды.

Қазақстанның тәуелсіздік алуы мемлекеттіліктің негізгі нышандарының бірі ретінде, сонымен қатар республика экономикасын инфляциялық қысымнан және қолма-қол ақшаның тапшылығынан қорғау мәселесін шешу мақсатында ұлттық валютаны енгізу туралы мәселені шешуді күн тәртібіне қойды. Осыған байланысты, Қазақстан Республикасы Президенті бекіткен ұлттық валюта – теңгені дайындау және енгізу бойынша кезек күттірмес іс-шаралар Бағдарламасы жасалды. Бағдарламаның негізгі бағыттары – бұл дағдарысқа қарсы шараларды қабылдау қажеттігі және әлеуметтік-экономикалық реформалаудың тереңдеуі, қатаң ақша-несие және пайыз саясатын жүргізу, бағалардың еркіндігі, халықтың әлсіз топтарын әлеумттік қорғау.

1993 жылғы ақша реформасы теңгені тікелей енгізу жолымен келесі артықшылықтарды әкелді:

·        респбуликаның тәуелсіз ақша-несие саясатын жүргізуге мүмкіндігі болды;

·        Қазақстан тұрғындары болашақтағы белгісіздіктен арылды;

·        жаңа ұлттық валюта шетел валютасына қатысты оның нақты бағамын анықтауға мүмкіндік берді [1].

1993 жылдың қарашасында ұлттық валютаны енгізу мемлекеттік ақша-несие саясатын және банктік реттеуді жүргізу тұрғысында Ұлттық банктің рөлін арттырды. Ұлттық банк банк жүйесінің қызмет етуінің нормативтік және құқықтық негізін қалыптастыруға үлкен көңіл бөлді, банк қызметі үшін қажетті минималды резервтік талаптар, экономикалық нормативтер сынды пруденциалды реттеудің нормативтері енгізілді, сонымен қатар шетел қатысуымен қызмет ететін банктер қаражаттарының бір бөлігін ішкі активтерге орналастыру туралы және банктің қарыз қоржынын сыныптау туралы ережелер қабылданды. Айта кеткені жөн, банктік жүйенің реформалануы кезеңінде бұл нормативтердің көпшілігі мәнді өзгерістерге ұшырады.

Ақша қаражаттарын орталықтандырылған қайта бөлуді максималды қысқарту және Ұлттық банк қызметтерін орталық банктердің классикалық қызметтеріне жақындату бойынша алдына міндеттер қойған отандық банк жүйесін реформалаудың алғашқы бағдарламасы 1995 жылдың 15 ақпанында қыбалданды.

Банк жүйесін реформалаудың келесі кезеңі ТМД аумағында алғышқылардың бірі болып 1996 жылдың желтоқсанында қабылданған 2000 жылдың соңына дейін капитал өтімділігінің жеткіліктілігі, активтер сапасы, менеджмент, бухгалтерлік есеп деңгейі, ақпараттарды енгізу және беру тұрғысында қызметтің халықаралық стандарттарына екінші деңгейлі банктерді өткізу Бағдарламасы болды [2].

Жалпы, банктердің капиталдану деңгейіне Ұлттық банктің қойған қатаң талаптары банктердің бірігуі/жұтуы, төмен капиталданған банктердің несие серіктестіктеріне өз еріктерімен қайта құрылуы, барлық банк операцияларын жүргізуге лицензияны жою мен қаржылық тұрақсыз және төлем қабілетсіз банктерді күштеп жою тәртібін қолдану есебінен банк секторын оңалтуды жеделдетті. Бұның барлығы халықаралық стандарттар деңгейінде өз қызметін жүзеге асыратын, жоғары капиталдандырылған банктері бар тұрақты банк жүйесін қалыптастыруға мүмкіндік берді. Ұлттық банк тарапынан қабылданған шаралар банктер санының 1993 жылғы 204-тен 1997 жылдағы 81-ге дейін қысқаруына әкелді. Қазіргі уақытта Қазақстанда 37 екінші деңгейлі банк қызмет атқарады.

1997 жылы банктерді инвестициялық және депозиттік деп бөлінуі алынып тасталды, банк қызметінің түрлерін кеңейту қарастырылды, сонымен қатар банктерді ашуға және оларды лицензиялауға, ішкі бақылауға және банктердегі тәртіптерге қатаң талаптар қойылды, CAMEL жүйесі бойынша банктердің қаржылық жағдайын рейтингтік бағалау енгізілді.

Қазақстанда банк операцияларының жеке түрлерін жүзеге асыратын несиелік серіктестіктер, ломбардтар, ипотекалық компаниялар, инвестициялық қорлар және т.б. сияқты банктік емес қаржылық мекемелердің қалыптасуы да маңызды болып табылады. Несиелік серіктестіктер және микроқаржылық ұйымдар сынды банктік емес мекемелер қызметінің мақсаттары мен міндеттері халықты, шағын және орта кәсіпкерлерді несиелік ресурстармен қамтамасыз ету, бәсекеге қабілеттілік және қаржылық тұрақтылық деңгейін арттыру болып табылды, және олардың қызмет етуі ауылдық аймақтардағы қаржылық қызмет көрсету нарығындағы олқылықтарды толтыруға мүмкіндік береді, сонымен қатар қосымша жұмыс орындарын жасау жолымен әлеуметтік мәселелерді шешуге көмектеседі, кедейлік деңгейін төмендетеді және шағын бизнес пен орта бизнесті дамыта отырып, халықтың табыстарын арттырады.

Осылайша, 1998 жылдың соңындағы банк жүйесін қайта қалыптастыру коммерциялық банктерден тұратын олардың екінші деңгейі ломбардтар, несиелік серіктестіктер, тарсталық, лизингтік, факторингтік фирмалар, ипотекалық компаниялар түрінде көрініс табатын банктік емес қаржылық мекемелермен толықтырылғандығымен негізделеді. 2009 жылдың 1 қазанында Қазақстанда банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын 17 ұйым, соның ішінде 7 ипотекалық ұйым жұмыс жасайды.

1999 жылдың сәуірінде Үкіметтің және Ұлттық банктің шешімімен Қазақстанда теңгенің еркін айырбас бағамының режимі енгізілді, бұл әсіресе Ресейде 1998 жылы сыртық қаржы нарықтарындағы дағдарыстан кейін ұлғайып кеткен Ұлттық банктің араласуынсыз валюта нарығындағы сұраныс пен ұсыныс негізінде теңге бағамының қалыптасуын білдірді. Бұл шара қаржы жүйесін тұрақтылығына нұқсан келтірмей экспорттық өндіріс жұмысының рентабельділігін арттыруға мүмкіндік жасады. Қазақстан бұл кезеңде халықаралық қаржылық ұйымдардың ұсыныстарына қарамастан, банк клиенттеріне олардың салымдарын теңгенің девальвациясына дейінгі бағам бойынша ауыстыруға құқық беру жолымен жеке және заңды тұлғалардың жинақтарын қорғау бойынша мүмкін шараларды жасады. Теңгенің еркін айырбас бағамы режимін енгізу өз нәтижелерін уақыт күттірмей берді. Яғни, 1999 жылдың үшінші тоқсанында сауда балансы оң болды, долларлық сипаттағы экспорт көлемі бірінші тоқсанмен салыстырғанда 60 пайызға өсті. 1999 жылдың қазанында теңгенің бағамы  біршама тұрақтанды, ал Ұлттық банктің алтын валюта резервтері бір айдың ішінде 143 миллион АҚШ долларына дейін ұлғайды.

Ұлттық банктің жүргізіп отырған ақша-несие саясатының ең мәнді жетістіктерінің бірі 1993 жылы 2153%-ға дейін жеткен гиперинфляцияны тоқтатуы болды. Инфляция қарқыны мен қайта қаржыландыру мөлшерлемелерінің серпінінің тенденциялары бір-біріне сәйкес болғандықтан, қайта қаржыландырудың банктік мөлшерлемелерінің төмендеуінің серпінді процесі қатар жүріп жатты. Яғни, 1994 жылдың қаңтарынан 2002 жылдың қарашасы аралығында қайта қаржыландыру мөлшерлемесі 27,0-ден 7,5%-ға дейін төмендеді. Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, ақша және несиелер құнының ұзақ мерзімді жоспардағы тұрақтылығы экономиканың тиімді қызмет атқаруының және сәйкесінше оңтайды экономикалық өсу мен халықтың жоғары жұмысбастылығының шешуші алғышарттары болып табылады.

Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаев, Ұлттық банк, Бағалы қағаздар бойынша Ұлттық комиссия, Үкімет өкілдері, сонымен қатар республиканың қаржы нарығының өкілдері қатысқан 1999 жылдың 28 мамырында Алматы қаласында өткен Қазақстан қаржыгерлерінің І Конгресі тек банк секторының ғана емес, бүкіл отандық қаржы нарығының даму тарихында атап өтерлік оқиға болды. Алғаш рет қаржы нарығының барлық секторларының өкілдері экономикалық өсудің және халықтың әл-ауқатын жақсартудың ғаламдық міндеттерін шешуге мүмкіндік беретін қазақстандық қаржы нарығында кең инвестициялық мүмкіндіктерді жасау және жаңа қаржылық институттарды қалыптастыру мәселелерін талқылау үшін ерікті түрде біріккен болатын.

Отандық қаржыгерлердің І Конгресі резолюциясының негізінде Конгресс отырыстарының арасынеда қабылданған шешімдерді әрі қарай жүзеге асыруға бағытталған Конгрестің жұмысшы органы ретінде Қазақстан қаржыгерлерінің ассоциациясы (ҚҚА) құрылды. ҚҚА Қазақстан қаржыгерлерінің атынан мемлекеттің қаржы жүйесін дамыту, жинақтау бағдарламасын жүзеге асыру, жаңа қаржылық құралдарды енгізу, қаржы нарықтарын реттейтін әрекет етіп отырған заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша Парламентпен және Үкіметпен қызметтестік жасауға бағытталды [3].

Айта кеткені жөн, 1999 жылдан бастап Қазақстан қаржыгерлерінің алты Конгресі өткен.

1999 жылдың соңына қазақстандық екінші деңгейлі банктерде жеке тұлғалардың шамамен 30 миллиард теңге депозиттері шоғырландырылған, ал сараптамашылардың бағалуы бойынша, тұрғындарда іскерлік айналымға салынбаған бір миллиард АҚШ долларынан астам жинақтары болған. Ал жинақтардың басым бөлігін кәсіпкерлер Қазақстанның шегінен шығарған. Тіпті еліміздің Ұлттық банкінің ресми мәліметтері бойынша капиталдың елден кетуі 1999 жылы 650 миллион долларды құраған. Осылайша, жинақтардың басым көпшілігі отандық банк секторынан тысқары қалған. Негізгі себептердің бірі – бұл сол кездегі ресми құрылымдардың банктік есеп-шоттарға заңды санкцияланған қол жетімділігі.

Сондықтан отандық қаржы жүйесіне тұрғындардың сенімін арттыру үшін келесі жүйелі шаралар кешені жасалды және жүзеге асырылды:

·        1999 жылы желтоқсанда «Қазақстан Республикасы екінші деңгейлі банктеріндегі жеке тұлғалардың салымдарын (депозиттерін) кепілдендірудің (сақтандырудың) қазақстандық қорын»  құру жолымен жеке тұлғалардың мерзімді салымдарын міндетті сақтау жүйесін қалыптастыру;

·        барлық заңнамалық қайшылықтарды болдырмауға және банктік құпия қағидасын жүргізуге бағытталған «Банктік құпия мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы кейбір заңнамалық актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңының 2000 жылдың 29 наурызында енгізілуі;

·        2001 жылдың 2 сәуірінде «Ақшаларын заңдастырумен байланысты Қазақстан Республикасы азаматтарының амнистиясы туралы» Заңның қабылдануы, оған сәйкес сол жылы тұрғындар табыстарын заңдастыру бойынша акция жүргізілді [4]. Заңдастырылатын соманың көлемі туралы ақпарат құпия болды және оларға ешқандай салық төлеу қажет болмады. Сонымен қатар, еліміздің салық органдары 1995 жылдан 2000 жылға дейінгі жеке тұлғалардың табыстары және мүлкі туралы декларацияна жоюға уәде берді (және жойды).

Жоғарыда аталған шараларды жүзеге асыру нәтижесінде 2000 жылдың басында 16 банк жеке тұлғалардың мерзімді салымдарын ұжымдық кепілдендіру (сақтандыру) жүйесінің қатысушылары болды. Тұрғындар жинақтарын банктерге белсенді тарту нәтижесінде банктің белсенді операцияларын жүргізу көлемінің өсуіне, олардың бәсекеге қабілеттілігінің артуына, банктік қызмет көрсетулердің өзінідік құнының төмендеуіне, және олардың банк клиенттеріне қол жетімділігіне әкелді. 2000 жыл ішінде бұл жүйеге қатысушы-банктер саны 18-ге дейін ұлғайды, ал 2004 жылдан бастап эеке тұлғалардың депозиттерін қабылдауға құқығы бар барлық әрекет етіп отырған екінші деңгейлі банктер қосылды.

30 күнге созылған амнистия нәтижелері бойынша екінші деңгейлі банктерде ашылған ҚР азаматтарының арнайы есеп-шоттарына 480 млн. АҚШ долларынан астам сома түсті, соның ішінде тек 50,5 миллионы шетелден келді. Арнайы шоттарға жатқызылған депозиттердің орташа көлемі 164 мың долларды құраған, және де депозиттердің минималдың сомасы 50 долларды құраса, максималды сомасы шамамен 800 мыңды құраған. Өз капиталдарын заңдастыру құқығын шамамен еліміздің 3 мың азаматы пайдаланды, олардың ішінде 88%-ы қолма-қол ақша әкелді.

Осылайша, банктердегі азаматтардың салымдарын қорғау бойынша шаралар кешені тұрғындардың банктік жүйеге сенімін арттырды. Және де егер 1994-98 жылдарда салымдардың жалпы сомасы ( резидент еместерді қоса алғанда) 5,4-тен 31,6 млн. теңгеге өссе, онда 1999 жылы өсім 23,4 млрд. теңгені, 2000 жылы – 36,7 млрд. теңгені, ал 2001 жылы – бірден 248,3 млрд. теңгені құраған! [5].

Депозит көлемі соңғы жылдары 2000 жылғы 294 млрд. теңгеден 2007 жылдың соңында 6,4 трлн. теңгеге өскен (сурет 1).

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сурет 1 – Қазақстандағы екінші деңгейлі банктердің депозиттері мен міндеттемелерінің серпіні, млрд. теңге

Жағымды макроэкономикалық жағдай және банктердің меншікті капиталы, ресурстық базасы жиынтығының жалғасып келе жатқан өсімі жағдайында 2000 жылдан 2007 жылдың бірінші жартысына дейінгі кезеңдегі несие нарығы қазақстандық қор нарығының серпінді дамушы сегменттерінің бірі болып қалды. Қайта қаржыландыру мөлшерлемелерінің төмендеуіне, төмен инфляцияға, ұлттық валютаның девальвация қарқынының баяулауяна байланысты несиелер бойынша мөлшерлемелер 2000 жылдан 2007 жылға дейінгі кезеңде нақты сектор кәсіпорындары үшін ұлттық валютада 18,1%-дан 12,9%-ға дейін, шетел валютасында 15,5%-дан 10%-ға дейін төмендеді.

Экономикаға несиелердің көлемі 2000 жылғы 276,2 млрд. теңгеден 2007 жылдың соңында 10,2 трлн. теңгеге дейін өсті. Экономикаға банк несиелерінің ЖІӨ-ге қатысының көрсеткіштері көрсетілген кезеңде 10,6%-дан 56,5%-ға дейін өсті (сурет 2).

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сурет 2 -Экономикаға несиелердің ЖІӨ-ге қатысының серпіні, %

 

 

Қысқа және орта мерзімді банктік несиелеудің басты көздері депозиттік базаны кеңейту және шетел қаржы институттарынан синдикатталған займдарды тарту болды. Экономиканы ұзақ мерзімді несиелеудің негізгі көздері ірі қазақстандық банктердің еурооблигациялар шығаруы болды. 2007 жылы қазақстандық банктердің еурооблигациялар шығаруы кезіндегі қарыз алу, банктердің «мерзімсіз» еурооблигацияларын шығаруды қоспағанда, мерзімі 30 жылға жетті. Ұзақ мерзімді сыртқы қорландыруды тарту шарттары да тартымды болды. Айналыс мерзімі 5 жылдан жоғары екінші деңгейлі банктердің ұзақ мерзімді еурооблигациялары бойынша орташа купон 2002 жылғы 10,8%-дан 2007 жылы 8,03%-ға төмендеді. Нәтижесінде екінші деңгейлі банктердің қаржыландыру мерзімі 10-15 жылға дейінгі несиелер беруге жағдайы болды.

Екінші деңгейлі банктердің сыртқы капитал нарықтарында «ұзын» ресурстарды тартуы салдарынан 2003-2007 жж. аралығында банктердің ұзақ мерзімді несиелеуінің өсуі байқалды. Ұлттық банктің мәліметтері бойынша 2007 жылдың басынан қазақстандық экономиканы екінші деңгейлі банктер тарапынан несиелеуі 54,7%-ға ұлғайып, осы жылдың соңына 7258,4 млрд. теңгеге жеткен. Екінші деңгейлі банктердің ұзақ мерзімді несиелерінің көлемі 68,9%-ға өсіп, 2007 жылдың соңында 5800,8 млрд. теңгені құраған, қысқа мерзімді несиелер 16,0%ға артып, 1457,6 млрд. долларды құраған. Осылайша, 2007 жылдың нәтижесі бойынша екінші деңгейлі банктердің жиынтықталған ссудалық қоржынындағы ұзақ мерзімді несиелердің үлесі 79,9%-ға өскен (2006 жылдың нәтижесі бойынша – 72,8%).

Экономиканың шикізаттық емес салаларына екінші деңгейлі банктер ұзақ мерзімді несиелік ресурстарының 634,7 млрд. теңгесі немесе ұзақ мерзімді несиелердің жалпы көлемінің 10,9%-ы келді (2006 жылдың соңына 11,4% болған). Оныі ішінде өңдеуші өнеркәсіпке 49,3%, электр энергиясын, газ және суды өндіру мен бөлуге – 3,7%, көлікке – 17,2%, байланысқа – 5,3% жұмсалған. Осылайша, банк секторы үлкен несиелік ресурстарды иеленді, алайда негізгі қаржылық ағын ел өнеркәсібі мен инфрақұрылымын несиелеуге емес, сауда, тұрғын үй құрылысы және өзге де салаларды (өндірістік емес сала, сауда, жеке қызмет) қаржыландыруға бағытталды. Бұл салалар 2007 жылы екінші деңгейлі банктердің ұзақ мерзімді қарыз қаражаттарының 67,8%-ын тартты [6].

Осылайша, банктердің салыстырмалы арзан шетел капиталын белсенді тартуы Қазақстан экономикасында 2002-2007 жж. Кең ауқымды несие экспансиясының пайда болуын ынталандырды. Бұл кезде банктік несиелеудің орташа жылдық өсу қарқыны 60-70% болды.

Отандық қаржы институттарының қызметін реттеу тұрғысында жүргізілген реформаларды ерекше атап өтуге болады. Реформалаудың басынан бастап Қазақстан қаржы жүйесінің барлық қатысушылары бір тәуелсіз мемлекеттік органмен реттелетін үлгіні таңдаған болатын және мақсатты бағытты соған қадамдар жасады. Қаржы нарықтарын бірегей реттеу жүйесін Қазақстан нарықтарына қолдану мәселелері көптеген жылдар бойына талқыға түскен болатын. Қаржылық реттеуші органдарды біріктіру тұрғысында келесі негізгі аргументтер келтірілді: қаржы қызметінің кең спектірін (банк қызметі, сақтандыру, зейнетақы қызметтері, активтерді басқару, корпоративті бағалы қағаздар нарығындағы андеррайтинг және маркет-мейкинг) білдіретін қаржылық конгломераттардың пайда болуы; қаржы ведомостволарының дұрыс үйлестірілмеген әрекеттерінің болуы, оның салдарынан қызметтерді қайталау, реттеуші қызметті және пруденциалды қадағалауды жүзеге асырудағы қайшылықтар [7].  Сөйтіп, 2003 жылдың шілдесінде екі реттеуші органның бірігуі болды – Ұлттық банк пен Бағалы қағаздар бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық комиссиясы, Бұл Ұлттық банкке бүкіл қаржы жүйесі шеңберінде нарықтың барлық қатысушыларына дерлік қадағалауды жүзеге асыруға мүмкіндік берді. Қаржы нарығын дамыту және қазақстандық қаржы жүйесінде мемлекеттік басқару механизмін жетілдірудің құрылымдың реформаларын жүзеге асырудың келесі қадамы қаржы нарығы қатысушыларын реттейтін бірегей органды құру болды. 2004 жылдың қаңтарынан Қазақстан Республикасы қаржы нарықтарын және қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау бойынша агенттік немесе Қаржылық қадағалау агенттігі (ҚҚА) осындай орган болды.

Айта кеткені жөн, 2004 жылдан бастап Ұлттық банк Қазақстан Республикасындағы бағалар тұрақтылығын қамтамасыз ету негізгі мақсаты болып табылатын орталық банктің классикалық қызметтерін орындай бастады. Негізгі мақсатты жүзеге асыру үшін Қазақстан Ұлттық банкіне келесі міндеттер жүктелген:

1)      мемлекеттік ақша-несие саясатын жасау және жүргізу;

2)      төлем жүйелерінің қызмет етуін қамтамасыз ету;

3)      валюталық реттеуді және валюталық бақылауды жүзеге асыру;

4)      қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге септігін тигізу [8].

2002 жылы 2003-2015 жылдарға арналған Қазақстан Республикасын индустриалды-инновациялық дамыту Стратегиясы (әрі қарай - Стратегия) қабылданды, оның негізгі мақсаты экономика салаларын әртараптандыру және дамудың шикізаттық бағыттылығынан кету жолымен еліміздің тұрақты дамуына жету болып табылады.

Аталмыш Стратегиямен анықталған мақсаттарға жету үшін дамудың мемлекеттік органдары құрылған болатын: «Қазақстанның даму банкі» АҚ, «Қазақстанның инвестициялық қоры» Инвестициялық компаниясы» АҚ, «Ұлттық инновациялық қор» АҚ, «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ, «Экспорттық несиелерді және инвестицияларды сақтандыру бойынша Мемлекеттік сақтандыру корпорациясы» АҚ, «Маркетингтік-талдау зерттеулерінің Орталығы» АҚ.

«Қазақстанның даму банк» АҚ (әрі қарай - ҚДБ) жарғылық капиталда мемлекеттің 100% қатысуымен құрылған. ҚДБ қызметінің мақсаттары мемлекеттік инвестициялық қызметтің тиімділігін жетілдіру және арттыру, өндірістік, көлік пен энергетика құрылымын және өңдеуші өнеркәсіпті дамыту, ел экономикасына ішкі және сыртқы инвестициялар тартуға септігін тигізу болып табылады.

ҚДБ негізгі міндеті ұзақ мерзімді және орта мерзімді төмен пайызды несиелер, соныңішінде экспорттық несиелер беру жолымен, сонымен қатар өзге несиелік институттарға берілетін қарыздар мен несиелер бойынша кепілдік міндеттемелер беру жолымен жеке сектор мен мемлекеттік бастамаларын қаржылық қолдау болып табылады.

Қазақстанның даму банкі сонымен бірге қайтарымды негізде қаржыландырылатын республикалық және жергілікті инвестициялық жобаларға, сонымен қатар кепілдендірілген мемлекеттік қарыздар есебінен қаржыландырылатын жобаларға қызмет көрсету бойынша қызметтерді орындайды.

Жалпы, банк секторымен экономиканы ұзақ мерзімді несиелендіру көлеміндегі ҚДБ үлесі 2007 жылдың соңында 1,3 пайызды немесе 655,8 млн. теңгені (2006 жылдың соңында – 1,4%) құрады. ҚДБ қаржыландыратын экономиканың шикізаттық емес салаларын жеке қарыстыратын болсақ, онда өңдеуші өнеркәсіпте Банктің үлесі 14,2% (2006 ж. – 15,3%), электр энергиясын өндіру мен бөлуде - 32,5%, көлікте – 7,4%, байланыста – 1,7% болды [6].

Біздің қаржы секторының келесі жетістігі ретінде бұл саладағы халықаралық тәжірибені (АҚШ және Малайзия) есепке ала отырып, 2000 жылдың желтоқсанында «Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» (әрі қарай - ҚИК) АҚ –н құру жолымен ипотекалық несиелеу жүйесін енгізу саналады. Компания қызметінің негізгі міндеттері ипотекалық несиелеу көлемдерін кеңейту, пайыздық мөлшерлемелерді төмендету жолымен тұрғын үй алуға жағымды жағдай жасау болып табылады. Қазақстан Ипотекалық Компаниясының рөлі коммерциялық банктермен қатар ипотекалық тұрғын үй қарыздарын беруге емес, ипотекалық нарықты жасау және реттеуге негізделеді.  ҚИК бағдарламасы бойынша несиелер серіктес-банктер арқылы беріледі. Мұндай серіктестер ретінде екінші деңгейлі банктер және банк қызметінің жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар танылады. Сондықтан Қазақстан Ипотекалық Компаниясы қызметінің негізгі бағыттары банктер тарапынан берілген ұзақ мерзімді ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша талап ету құқығын алу, сонымен қатар ипотекалық несиелеу үшін, соның ішінде өзінің ипотекалық бағалы қағаздарын шығару жолымен ұзақ мерзімді ресурстарды тарту болып табылады.

Осылайша, Қазақстан 2001 жылдан бастап ипотекалық несиелеудің екі деңгейлі жүйесі енгізілді: бірінші деңгей  банктер және банктік емес ұйымдар ретіндегі алғагқы несие берушілерді білдірсе, екіншісі – талап ету құқықтарын және алғашқы несие берушілермен берілген ипотекалық несиелерге кепіл құқықтарын сатып алуды жүзеге асыратын қайта қаржыландырушы ұйымдар.

Айта кеткені жөн, 2002 жылы Қазақстан Ипотекалық Компаниясы ТМД елдерінің ішінде алғашқы болып ипотекалық тұрғын үй несиелері бойынша талап ету құқықтарымен қамтамасыз етілген тиесілі компанияларды қамтамасыз ететін ипотекалық обллигацияларды шығарды, және отандық жинақтаушы зейнетақы қорлары мен сақтандыру компаниялары негізгі институционалды инвесторлар болады.

2004 жылы 2005-2007 жылдарға Қазақстандағы тұрғын үй құрылысы Мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде қолжетімді тұрғын үйлерді ипотекалық несиелеудің Арнайы бағдарламасы жасалды және қабылданды. Бұл бағдарламада ҚИК қаржылық оператор рөлін иеленді. 2007 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша «Қазақстан потекалық компаниясы» АҚ екінші ретті нарықта және республикалық бюджеттің несиеліку қаражаттары есебінен салынған тұрңын үйлерді алуға азаматтарға шамамен 81,6 млрд. теңге сомасындағы 31 мыңнан астам ипотекалық несиелер берді. Жасалған келісім-шарттардың басым үлесі Алматы қаласына  (жасалған келісімдердің жалпы көлемінің    31,8%) және Астана қаласына (13,2%) тиесілі болды. Сол кезеңде осындай несиелерді Шығыс Қазақстан (9,5%), Ақтөбе (8%), Павлодар (5,5%), Оңтүстік Қазақстан (6,4%) облыстарының азаматтары белсенді пайдаланды [9]. 

2005-2007 жылдардағы тұрңын үй құрылысы Мемлекеттік бағдарламасының қатысушыларының бірі Қазақстан Республикасы Ұлттық банк Басқармасының 27 қазан 2003 жылдағы шешімімен құрылған «Ипотекалық несиелерді кеплідендірудің Қазақстандық қоры»  (әрі қарай - ИНКҚҚ) болды.

ИНКҚҚ ипотекалық несиелеу нарығында ипотекалық несиелеумен байланысты залалдардың бір бөлігін несие берушілерге кепілдендіру бойынша қызметті жүзеге асырады.

ИНКҚҚ негізгі міндеттері ипотекалық тұрғын үй қарызын алуға ниет білдірген азаматтардың түрлі санаттарына жағымды жағдайды қамтамасыз ету, мерзімдерін ұлғайту, пайыздық мөлшелеремелерді және алғашқы жарна көлемін төмендету жолымен ипотекалық несиелердің қолжетімділігін арттыру болып табылады.

ИНКҚҚ қызметінің басымды бағыттары Ипотекалық несиелер қоры тарапынан ипотекалық тұрғын үй қарызы келісім-шарты бойынша қарыз алушының өзінің міндеттемелерін орындамау жағдайын кепілдендіру есебінен несие берушілердің қаржылық тәуекелдерін төмендету мақсаты болып табылатын елдегі ипотекалық несиелеу жүйесін қалыптастыру, дамыту және жетілдіру болып табылады.

2008 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша Ипотекалық несиелерді кепілдендірудің қазақстандық қоры сомасы 39 296 млн. теңге көлемінде 13 687 кепілдеме міндеттемелерін берді [10]. Осылайша, еліміздің қаржы секторы тарапынан берілген қарыздар қоржынының жалпы көлемінде кепілдендірілген ипотекалық тұрғын үй несиелерінің үлесі 2%-дан 8%-ға дейін артқан. Бұл 2005-2007 жылдардағы Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысын дамытудың Мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде бюджеттік қаражаттар есебінен салынған әрбір екінші пәтерді азаматтар Қордың қолдауымен алғандығын білдіреді.

Алайда, ипотекалық несиелеудің шарттарына сәйкес оны тек қатысты түрде қамтамасыз етілген орта кластың адамдары ғана ала алады.  Және де бұл әлемдік тәжірибе. Қазақстанда төмен табысты тұрғындардың үлесі жоғары, және көпшілік үшін ипотекалық несиелеу әзір қол жетімді болмай отыр. Сондықтан, 2003 жылдың шілдесінде Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй жағдайын жақсарту бойынша жалпы мемлекеттік саясатты жылжыту үшін жарғылық капиталында 100 пайыз Мемлекеттің қатысуымен «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» (әрі қарай ҚТҚЖБ) құрылды.

Тұрғын үй құрылысы жинақтарының жүйесі Қазақстан халқының тұрғын үй жағдайын жақсарту бойынша шараларды несиелеудің жаңа жүйесі болып табылады. Қазақстан – ең алдымен орташа және орташадан төмен табысы бар тұрғындар үшін арналған бұл жүйенің қағидалары мен шарттарының жүзеге асырылуы басталған ТМД аумағындағы алғашқы ел.

ҚТҚЖБ несиелерінің негізгі тартымдылығы – бұл қарыз берілген уақыт ішінде төмен сыйақы мөлшерлемесін кепілдендіру. Банк ссудалық капитал нарығынан тысқары қызмет атқарады, және сәйкесінше банктің пайыз саясаты қаржы нарығының сыйақы мөлшерлемесінің конъюнктурасынан қатысты тәуелсіздіктер болады. Бұл банкке жинақтаушы салымдар бойынша төмен пайыздар төлей отырып, төмен пайыздық мөлшерлемемен несиелер беруге мүмкіндік береді. Тұрғын үй жағдайын жақсарту бойынша іс-шараларды қаржыландырудың мақсатты бағытталған жүйесінің болуы Қазақстан Республикасында тұрғын секторының сатылап дамуына әкеледі.

Сонымен, 2009 жылдың 1 қазанынындағы жағдай бойынша ҚТҚЖБ тарапынан 221,96 млрд. теңге сомасындағы тұрғын үй құрылыс жинақтары туралы 144 232 келісім-шарт жасалған, 47,79 млрд. теңге көлемінде 15 540 қарыз берілген [11].

Бүгінгі күні ҚТҚЖБ көптеген ірі еуропа елдерінде оңтайлы жұмыс жасап келе жатқан және төмен табыс деңгейі бар отбасыларға еліміздегі ең төмен пайыздық мөлшерлемемен тұрғын үйді сатып алуға, салуға және жөндеуге мүмкіндік бергентұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесін жүзеге асыратын елімздегі жалғыз қаржы институты болып табылады.

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

 

1.                      Избасаров Б. Развитие банковской системы Казахстана: первая пятилетка после реформ// htpp://www.priuralie.kz

2.                      Марченко Г. Развитие финансового сектора, как предпосылка экономического роста. Доклад на международной конференции «Экономический рост: после коммунизма», Москва, март 2002 г. // htpp://www.iet.ru

3.                      Официальный веб-сайт Ассоциации финансистов Казахстана// htpp://www.afk.kz

4.                      Закон Республики Казахстан «О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам банковской тайны» от 29 марта 2000 года №42

5.                      Ляхов А.Е. Банковская система Республики Казахстан// htpp://www.lyakov.kz

6.                      Позиционирование АО «Банк Развития Казахстана» в банковском секторе страны по итогам 2007 года// htpp://www.kdb.kz

7.                      Айдосова Б.Х. Автореферат диссертации на соискание степени кандидата наук «Механизм функционирования инфраструктуры рынка ценных бумаг: состояние и проблемы», КГУ им. Коркыт Ата, 2004, с.11.

8.                      Закон Республики Казахстан «О Национальном Банке Республики Казахстан» от 30 марта 1995 года № 2155 (с изменениями и дополнениями)

9.                      Информация о ходе реализации Государственной программы развития жилищного строительства в Республике Казахстан за январь-май 2007 года// htpp://www.mit.kz

10.                  Официальный веб-сайт АО «Казахстанский фонд гарантирования ипотечных кредитов» // htpp://www.mgf.kz

11.                  Официальный веб-сайт АО «Жилищный строительный сберегательный Банк Казахстана» // htpp://www.hcsbk.kz

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

·