Игисинова Ж.Т., б.ғ.к., қауымдастырылған профессор,

Рамазанова М.Қ , биология мамандығының студенті

С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті, Қазақстан

 

МАРҚАКӨЛ МЕМЛЕКЕТТІК ТАБИҒИ ҚОРЫҒЫНЫҢ БАҒАЛЫ ӨСІМДІКТЕРІ

 

Қазіргі нарықтық қатынастардың өз шарықтау шегіне жетіп,  қоршаған ортаның экологиялық жағдайына көп көңіл бөлінуді талап етіп отыр. Сондықтан, табиғи байлықтарды тиімді пайдалану, оларды қорғау, оның ішінде өсімдіктер әлемін қорғау және биоалуантүрлікті сақтау ең өзекті меселелердің бірі болып тұрғаны анық. Қазақстанның өсімдіктер әлемі аулантүрлілігімен ерекшеленеді, оның ішінде бағалы және қызыл кітапқа енгізілген түрлердің алатын орны ерекше. Сол себепті, бұл жұмыс Шығыс Қазақстан облысындағы, Оңтүстік Алтайдың шығысында Марқакөл қазаншұңқырында орналасқан Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығының таксономиялық әртүрлілігін сақтау мәселесіне, қызыл кітапқа енгізілген бағалы түрлерді зерттеу өзекті мәселелердің бірі болып  табылады.

 Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығы Шығыс Қазақстан облысында, Оңтүстік Алтайдың шығысында Марқакөл қазаншұңқырында орналасқан. Ол солтүстігінде Күршім, оңтүстігінде Азу тау жоталарының арасында орналасқан Алтайға тән тектоникалық ойпатты алып жатыр. Бұл аймақ Оңтүстік Сібір тауларының құрамына кіретін Оңтүстік Алтай тауларының шегінде орналасып,  Орта Азия ның шөлді және жарты лай шөлді аймақтары мен, қазақ даласымен және орман ды даламен шекаралас жатқандық тан өсімдік тер әлемі де таңғажа йып алуантүрлі болып келуі де сондықтан.

Оңтүстік Сібірдің тайга ормандарының шекералас болуы, таулы жер бедері, әртүрлі климаттық жағдайлар қорықтың

өсімдіктер әлемінің              

             1-сурет көл көрінісі (шілде, 2010 ж.).

 

өзінше ерекше және бай болуына әсерін тигізді. Қорықтың сәні және биологиялық тұрғыдан қызығушылық тудыратын  ортаңғы бөлігінде орналасқан әсем Марқа көлі болып табылады (1-сурет). Көлде зерттеуді қажет ететін гидрофиттер мен гигрофиттер қаншама. Қорықта 1000 аса жоғары сатылы өсімдіктер, оның ішінде 12 түрлі ағаш және 22 түрлі бұта бар болса, Марқакөлде су және су маңы өсімдіктері, жоғары су өсімдіктерінің 30 түрі таралған. Көл жағасын бойлай қошқыл айрауық, қамыс тәрізді субидайық, торсылдақ және қияқөлең өседі. Таяз суларда өзен қырықбуыны, май қоға, жүзгіш жебежапырақ, келтебес, кәдімгі утамыр, үш құлақ кіші балдыршөп өседі.   Шөптесін өсімдіктер ішінде көпжылдық өсімдіктер басым болып келеді. Маусым – тамыз айында көлдің бетінде әдемі қызғыл түсті гүлдерімен көз жауын алатын қосмекенді таранды көптеп кездестіруге болады (2-сурет).

 

 

 2- сурет. Марқакөлдің су бетіндегі қосмекенді таран (шілде, 2009 ж.)

 

Мәліметтер бойынша осы аймақта  күрделігүлділер (Asteraceae) басым болса, раушангүлділер (Rosaceae), астық тұқымдастары (Poaceae), сарғалдақтар (Ranunculaceae), қияқгүлділер (Cyperaceae), шаршыгүлділер (Brassicaceae). Қоғалар (Typhaceae), кербезгүлділер (Alismataceae), зығырлар (Linaceae), кермектілер (Limoniaceae) және кейбір басқа да тұқымдастар  жеке түрлерімен ғана көрінеді. Түрлер санына  ең бай тұқымдастар: Carex, Salix, Potentilla, Allium, Ranunculus, Poa, Alchemilla, Artemisia, Cirsium, Erigeron, Hieracium, Senecio, Calamagrostis, Oxytropis [1, 2].

Қорықта таралу аумағы қорықпен ғана шектелген эндемик өсімдіктер жоқ. Алтай бәрпісі (Aconitum altaicum)  және ұқсас қазтамақ (Geranium affine) сияқты Алтайдың эндемиктері болса, Алтай-Саян таулы өлкесінің эндемиктеріне сібір қандығы, (Erythronium sibiricum), алтай рауғашы (Rheum altaicum), алтай қоңыроты (Poa altaica), көпгүлді жалтыршөп (Luzula multiflora), ала күлтелі қызғалдақ (Tulipa heteropetala), бұқтырма сүттікені (Euphorbia buchtormensis) жатады.  Зерттеушілердің тұжырымдарына сүйенсек, алтай келлериясы (Koeleria altaica), альпі тілқияры (Hiericloe alpina) және торжапырақ тал (Salix reticulate) Алтай-Саян эндемиктерінің болуы мүмкін [3].

Марқакөлдің өсімдік жамылғысының басым бөлігін бағалы өсімдіктер құрайды. Дәрілік мақсаттағы өсімдіктерге қызғылт семізот, марал түбірі, шұғылық, шілтер жапырақты шайқурай, дәрумендік мақсатта қара және қою қара қошқыл қарақат, алтай ұшқаты, талшықтық мақсатта қосүйлі қалақай, сәндік мақсатта ала күлтелі қызғалдақ, бұйра лалагүл, биік тегеурінгүл, алтай күнгелдісі, тері илеуге қолданылатын кәдімгі қымыздық, тікенді итмұрын, инсектицидтік шыралжын жусан, дәрі бәрпісі, желім алуда пайдалынатын Алтай шырышы, жем-шөптік еркек суоты, айрауық, крахмал алынатын май қоға, бояу мақсатында пайдаланылатын ат қымыздық, дәрі шелнасы, шайыр алуда пайдаланылатын сібір қарағайы, бал- шырынды өсімдіктерге кәдімгі топырақбас, шегіршін лабазнигі, сабын өндіруде қолданылатын дәрілік сабыншөп, тағамдық мақсатта алтай жуасы, алтай рауғашы, сәндік бұйымдар жасауда қолданылатын қара өлеңшөп, сабау тал, арамшөптік терістік тасшыгүл, Еділ қоңыраугүлі, сібір теңгежапырағы, құрылыстық сібір қарағайы, қотыр қайың, техникалық қаракөк тал, отындық сібір шыршасы, сібір самырсыны, қотыр қайың, эфирмайлы кермек жусан, улы тасжапырақ күймесгүл, кәдімгі утамыр, тау бәрпісі танылған. Марқакөл көлінің гидрологиясында, су жануарлар өмірінде  су  және су маңы өсімдіктерінің маңызы өте зор ( 2-сурет ) [4].

Марқакөл қазаншұңқыры өсімдіктерінің құрамында ерекше қорғауға жататын бағалы 72 өсімдік түрі бар. Олардың ішінде 10 түрі ҚССР Қызыл Кітабына(1981) енгізілген: алтай рауғашы (Rheum altaicum), сафлор тәріздес аюдәрі (Rhaponticum carthamoides),  сабақсыз лейоспора (Leiospora exscapa), таңдамалы гуперция (Huperzia selago), сібір қандығы (Erythronium sibiricum), ала күлтелі және жатаған қызғалдақтар (Tulipa heteropetala), дала және кәдімгі шұғылықтар (Paeonia hybrida), қар дәуаяғы (Macropodium nivale), қызғылт семізот (Gymnospermium altaicum). Осылардың үшеуі, жапырақсыз орашықпен (Epipogium aphyllum) бірге ССРО-ның Қызыл Кітабына (1978) енгізілген [5].

Таңғажайып биоалуантүрлікті  сақтау болашақ ұрпақтың бізге қояр басты талаптардың бірі. Сондықтан туған жеріміздің табиғатын сол қалпында, өсімдіктерінің барлық түрлерін сақтай отырып, өз болашағымызды экологиялық білімділікке баулу арқылы  Оңтүстік Алтайдың қайталанбас этолоны -  Марқакөлдің ерекше табиғат үйлесімін сақтап  қала аламыз.

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

 

1.     Заповедники Средней Азии и Казахстана / под. общ. ред. В. Е. Соколова и В. Е. Сыроечковского. - М. : Мысль, 1990. - 400 с.

2.     Сәтімбекұлы Р., Ережепова Ғ. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, Атамекен, 2002, наурыз.

3.     2. А. Т. Макашев Жемчужины Казахстана / А. Т Макашев. - Алма- Ата : Кайнар, 1983. – 25 с.

4.     Утяшева Т. Р. Маркакольский заповедник. Заповедники Средней Азии и Казахстана. Охраняемые природные территории Средней Азии и Казахстана / Т. Р. Утяшева. - Алматы, 2006. - 72-96 с.

5.     Иващенко А.С. Қазақстан қорықтары мен ұлттық бақтары, Алматы, 2006