Педагогические
науки
Құттыбаева
И.А.
Қорқыт
Ата атындағы ҚМУ магистранты,Қызылорда қаласы,
Қазақстан Республикасы
Білім беру жүйесіндегі ағылшын тілін оқытудың
қажеттігі
Қазіргі
таңда өзекті мәселелердің бірі болып шетел тілдерін,
оның ішінде ағылшын тілін ерте жастан оқыту саналады, себебі
Қазақстан Республикасының шет елдермен саяси,
экономикалық, әлеуметтік және мәдени
қарым-қатынастары күннен - күнге даму үстінде.
ХХІ
ғасыр мектебі түбірлі өзгерістерді талап етіп отыр.
Оқушы әлемдегі болып жатқан өзгерістерді талап етіп
оыр. Оқушы әлемдегі жан-жақты дамыған,
шығармашылықпен, өз бетінше оқи алатын
тұлға ретінде көрсете алуы тиіс. Осыған орай
қазіргі таңдағы оқушы тек бір тілді емес, бірнеше
тілдерді меңгеруі тиіс, оның ішінде әрине ағылшын
тілінде. Ағылшын тілі пәні оқушылар үшін өте
маңызды қажетті пән ретінде саналып отырғаны
бәрімізге айғақ. Ағылшын тіліне оқыту
үдерісінде пәнаралық байланыстың, әсіресі
ағылшын тілінің қазақ, орыс тілдерімен байланысы ерекше
орын алады, себебі бұл пәндердің басты мақсаты жас
өспірімдерді тілге үйрету. Оқушы ағылшын тілдерін
меңгеру арқылы басқа елдердің өмірімен,
тарихымен, мәдениетін терең түсінетін болады.
Ағылшын
тілін тілін ерте жастан оқытуда жас өспірімдердің
физилогиялық, психологиялық қызмет көздерінің мол
екені баршамаызға мәлім. Жас өспірімдердің:
- тез
қабылдауы;
- еліктеуге
бейімділігі;
-
қиялының әртүрлілігі;
- ойлау,
ауызша сөйлеу іскерлігінің дамуы;
-
танымдық іс-әрекеттерінің дамуы;
- есте
сақтауы;
-
қызығушылық қасиетінің молдғы мен
әртүрлілігі;
- жан-жақты
тәрбилееуге бейімділігі;
- еліктеуіш
қасиетінің басым болуы;
-
іс-әрекетті ойын түріндегі тез қабылдауы.
Жоғарыда
айтылған қасиеттерді бала бақшадан, бастауыш мектептен бастап
оқытуды бастау қажеттілігі дәлелдей түседі.
Бастауыш
сынып оқушылары жаңа оқу пәні ағылшын тіліне
үлкен қызығыушылықпен қарап, ауызша сөзге
үйрену басқа пәндерге қарағанда белсенді
түрде болса, жақсы үлгерім көрсетсе, онда олар рухани
қанағаттанушылыққа жетеді. Ағылшын тілін ерте
жастан оқытудың басты мақсаты оқушылардың бойында
қарым-қатынасты дамыту. Осы басты мақсатқа жету
барысында, оқушылардың бойында бағдарлама талаптарына сай
төмендегідей іскерліктерін қалыптастырып, дамытуымыз қажет:
-
тыңдап түсінуді;
-
сөйлеуді (монолог және диолог түрінде);
-
оқытуды.
Ағылшын
тілін ерте жастан оқыту сатысында ауызша сөзді дамыту одан
арғы ауызша базаның дамуында әсерін тигізеді. Ауызша
сөз басқа да іскерліктердің дамуына негіз болып табылады.
Ағылшын
тілін ерте жастан оқытуда мотивацияның рөлі зор екені айдан
анық. Жас өспірімдердің тілге деген
қызығушылығын дамыту негізгі шарт.
Қызығушылық тұлғаның белгілі бір
әрекетте, затқа эмоционалды қатынасы
болғандықтан, зейін машықтанады, ойлау терең болып,
тілдік материал ойда ұзақ уақыт сақталады. Оқу
үдерісінің қызықты, тартымды болуы, эмоционалды
редакдакциялардың көп болуы, ағылшын тіліне деген
қызығушылықты арттырады. Т.А. Дегтерева өз
мақаласында сабақты қызық және тартымды етіп өткізуге төмендегі
факторлар әсер ететінін көрсетеді:
-
мазмұндық, машықтау нысандарының әр
түрлілігі;
- оқушы
мен оқытушы байланысының белсенділігі [2].
Ағылшын тілі оқытушысы оқушылардың мотивациясын
(қызығушылығын) арттыру үшін тиімді да, уақытты
үнемдейтін әдіс- тәсілдерді пайдалануы қажет.
Ғалым-әдіскер
Н.Д. Гальскованың айтуынша ағылшын тілі сабағында қолданылатын
әдіс-тәсіодер төмендегідей талаптарға сай болуы тиіс:
- оқушы
қызығушылығын арттыру үшін тілді
қарым-қатынас әрекетінде қолдану қажеттілігін
тудыратын қолайлы атмосфера жасау;
- оқушы
тұлғасын толығымен оқу үдерісіне тарту;
-
оқушының тілдік, когнитивті, шығармашылық
қасиеттерін аяту, ынталандыру, оқушының оқу
үдерісінің басты тұлғасы ретінде белсенділігін арттыру;
-
сабақта алуан түрлі жұмыс түрлерін, яғни жеке,
жұп, топ, ұжым жұмыстарын ұйымдастыру;
-
сабақта алуан түрлі көрнекілектерді, оның ішінде
техникалық (үнтаспа, компьютер, бейнефильмдер), техникалық
емес құралдарды (суреттер, аплиациялар, альбомдар, сызбалар,
кестелер, сөзжұмбақтар) кеңінен қолдану,
әсіресе ойындар мен ойын элементтерін жиі қолдану;
-
сабақта жаңа педагогикалық технлогияларды (жою әдісін
және т.б.) пайдалану [3].
Біз бастауыш
сыныптың өзінде-ақ ағылшын тілі сабағында
оқушыларға төмендегідей жоба тапсырмаларын береміз.
Мысалы,
«Менің жанұям», «Менің күн тәртібім»,
«Менің досым» тамақ, т.с.с тақырыптарын өткен кезде,
оқушылар сауланамалр жүргізіп, коллаж даярлап, жобаларын
сабақта қорғайды.
Төменде
сауалнама жүргізудің нысаны беріліп отыр:
А) Сен
сыныптасыңнан оның жанұясы туралы сұра:
Аты-жөні |
Жасы |
Мамандығы |
Жұмыс орны, оқу
орны |
Қызығушылығы |
|
|
|
|
|
Ә) Сн
сыныптасыңнан оның досы туралы сұра:
Аты-жөні |
Жасы |
Ата-анасы |
Сыныбы |
Қызығушылығы |
|
|
|
|
|
Бастауыш сыныпта ағылшын тілін ерте жастан оқытуда
көрнекілік құралдарының рөлі өте зор,
себебі олар оқыту мақсатында аз уақыт ішінде тиімді
жетудің көзі болып табылады. Оқу материалдарын жылдам
қабылдауда ұзақ уақыт есет сақтауға,
ойлауға без сезімнің ішінде есту және көру сезімдері
ерекше маңызды, сондықтан көрнекілік бастауыш сынып
оқытушысына баға жетпес көмек көрсететін
құрал болып табылады.
Жалпы білім беру жүйесінде бастауыш сынып оқу үдерсі
төрт жылды қамтиды. Осы аралықты жас ұрпақ мектеп
оқушысына айналып, мінез-құлық өзгеріп, санасы,
ойлауы күрделеніп, жан-жақты білім және тәрбие
алуға бет бұрады. Ғалымдардың тұжырымдамалары
бойынша жас ұрпақтың психалық қаситеттері бастауыш
мектеп жасында қалыптасып оларды оқуға және
еңбектенуге неғұрлым табысты дайндауға болатынын
мәлімдейді. Бастауыш сынып оқушыларының бойыннда болатын
анатомиялық, физиологиялық және психологиялық
өзгерістерге қарамастан, олардың жан-жақты, терең
білім алуға деген құштарлығын оятып, дамыту бастауыш
сынып мұғалімдерінің
басты мақсаты балып саналады.
Жоғарыда аталған өзгерістерді ескере отырып, бастауыш
мектеп оқытушысы әр сабақты терең, қызық,
тартымды етіп ұйымдастырып, оқушыны оқу үдерісіне
толғымен тартып, оның эмоцияларын, сезімдерін оятып,
шығармашылық қасиеттерін ынталандырып, белсенділіктерін
арттыруы қажет.
Пайдаланған
әдебиеттер тізімі
1.
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейін білім беруді
дамыту тұжырымдамасы // Қазақстан мұғалімі. 2004
жыл
2. Дегтерева
Т.А. Как подготовить интересный урок инностаранного языка. М.. Просвещение,
1978.
3. Гальскова
Н.Д. Современная методика обучения инностарнным языкам. М.: Аркти Глосса, 2000.