Жасөспірімдерге кәсіби бағдар берудегі психологияның маңызы

Айтжанова Р.М., Тасболат Ж.М.

Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік Университеті

ХХІ ғасыр заманының әлеуметтік-экономикалық қарым-қатынастарына сай еліміздің ертеңі, жарқын болашаққа үміткерлеріміз жасөспірімдерге кәсіптік бағдар беру ісі қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2006 жылғы Қазақстан халқына жолдауында «... әр оқушының білімі мен қабілеті деңгейінің тиімділігін бағалаудың біртұтас жүйесін жасау керек» деп көрсетілген [1].

Жасөспірімге бағдар беру проблемасы бүкіл әлемнің бұрыннан талқыланып келе жатқан глобальді мәселелерінің бірі.  Шет ел профессорларынан 1908 жылы Ф.Барсонс Гарворд университетінде(АҚШ) жас жеткіншектерге болашақ өмір жолын дұрыс таңдау үшін «кәсіптік бағар беру бюросын» құраған. Соңынан 1910 жылы Нью-Йоркте аналогиялық бюро құрылды. Бюроның міндеті адамдарға, әсіресе оқушыларға терең түрде кәсіптің талаптарын үйретіп білім беру болды. 1927 жылы Ресейдің еңбек биржасында бірінші кәсіптік кеңес беру бюросы ашылды [2].

Және осы мәселені ТМД ғалымарының арасынан Е.А.Климов, И.С.Кон, В.Н.Шубкин, және Қазақстанық ғалымдардың ішінен педагог-психологтар Жарықбаев Қ.Б., Қоянбаев Р.М. т.б. қарастырған [3].

Білім және ғылым министрлігінің соңғы жіберген мәліметтеріне сүйенсек, Жоғарғы Оқу Орындарын бітірген түлектердің 50 пайызы ғана өз мамандығы бойынша жұмыс істейді екен, яғни қалған 50 пайызы болашақ маман дайындау үшін грант негізінде оқытуға ел қазынасынан бөлінген қаражатты текке тиімсіз кетіріп отырғандығы болып саналады [4].    

Кәсіпті өзінің қалауымен және саналы түрде таңдау адамның алдындағы өмірін, өзін-өзі ұсынуы, жақсы маман, кәсіби өсу қабілеті мен бәсекелестік қабілетін дамытуға мүмкіншіліктер береді. Жасөспірімге кәсіп таңдау үлкен моральдық проблема. Таңдау көбейген сайын, соғұрлым бұл мәселе күрделі болады.

И.С.Конжас ерекшеліктер психологиясында кәсіптік анықтауды бірнеше кезеңдерге бөлген:

1-ші кезең – балалар ойыны, ойын барысында бала өзінің мінез-құлқына байланысты жекелеген элементтері, әр түрлі кәсіптік рольерді ойнап көрсетеді.

2-ші кезең – жеткіншектің фантазия, жеткіншек өзіне ұнайтын кәсіпті  арманап, өзін сол мамандық өкілі ретінде сезінеді.

3-ші кезең – жасөспірімдердің мамандық таңдауы. Әртүрлі қызметтің түрлерін сұрыптайды. Әуелгі олар қызығушылығы тұрғысынан бағалайы, сосын өзінің қабілетіне қарай, соңынан бағалау жүйесі тұрғысынан қарайды.

4-ші кезең- өзіңе ұнаған кәсіпті таңдауға практикалық шешім қабылдау, өзіне ең басты 2 компонентті кіргізеді; болашақ еңбектің біліктілік деңгейін, көлемін және оған дайындалу ұзақтығын және нақты мамандық таңдауды анықтайды [2;77б.].

Біздің ойымызша, кәсіби бағдарды жастардың еркін, өз бетімен және саналы түрде таңдауға алын-ала ғылыми және практикалық, психологиялық дайындық жасау керек.

Сонымен қатар мамандық таңдауда профессионалды түрде кәсіби кеңес жүргізу қажет. Арнайы дайындықты және жауапкершілікті қажет ететін бұл қиын іске арналған кеңес беретін орталықтар Қазақстаннын көп қалаларына болғанына қарамастан, олардың әсері, яғни ықпалының әлсіздігі сезіледі.

Кәсіби мамандық таңдауы тек қоғамық қана емес, сонымен қатар психологиялық проблемаға да жатады. Осыған байланысты негізгі психологиялық пайымдар бар. Олар төмендегідей:

- Адам ойының тұрақтылығы мен жеке қабілетінің практикалық өзгеріссіздігі осыларға байланысты, яғни адамның іс-әрекетіндегі, қызметіндегі мүмкіндігі мен жетістігі. Бір жағынан кейбір жұмысқа сәйкес келетін жұмыс таңап алу, ал екінші жағынан адамның жеке қабілетіне сәйкес келетін жұмыс таңдап алу.

- Әрбір адамның керекті қабілетін қалай болса да бөліп алуға болады деген ойдан туындайды. Бұл екі жақындау да әр түрлі болып жіктелуі мүмкін, бірақ оларың ортақ методологиялары жетіспеушілігі сонда, яғни жеке қабілеттілік пен еңбектік іс-әрекет. Егеменді және бір-біріне қарама-қарсы алыптар деп қарастырылады. Сонда да оның бірі екіншісіне бағындырылады.

- Бұл іс-әрекеттің жеке стиліндегі жіктелу ізденісі, яғни іс-әрекетпен естің жалғыздығы.

Бұл концепция Е.А.Климовтың келесі жіктелген алғы шарттарына негізделген: - іс-әрекеттің жетістігі үшін тұрақты тәрбиелейтін жеке психологиялық қасиеттер профессионалды іс-әрекет талаптарына тәсілдену нұсқасы; кейбір нашар дамыған жеке қабілеттерді жаттығулар арқылы басқа қабілеттің араласуымен немесе тәсілдерімен орнын толтыру; қабілеттің жіктелуін тұлғаның жеке өзінік қасиетімен бірге жүргізу қажет, яғни дамудың ішкі талаптарын, сыртқы талаптарымен есептестіру [2;77б.].

Мысалы, осынай психологиялық әдебиетте профессиография деген бөлімі болады. Мұндай бөлімінде – мамандықтың бір түрінің адам психикасына қойылатын талаптартары жинақталады. Бұл бөлімде психология, педагогика, экология, медицина, экономика т.б. мамандықтарының әрқайсысының өз іс-әрекеттеріне сай профессиограммалары болады. Соның ішінде-кәсіби бағдар беру,  профессиологияның айналысатын жеке бір саласы болып табылады. Бұл сала көбіне маманықты дұрыс емес таңдап алудың алдын алу шарасына жатады. Кәсіби кеңес беру, кәсіби насихат жүргізу, кәсіби бейімделуін қамтамасыз ету, кәсіби экспертиза кәсіби бағдардың түрлері болып табылады.

«Кәсіби кеңес» - әр түрлі мамандықтардың өзіндік ерекшеліктері жайлы сауаты аз жасөспірімге практикалық кеңес беріп, бағыт бағдар беру. Кәсіби кеңеске - тиісті маманыққа сай медициналық, психологиялық талаптар туралы, осы мамандықтың әлеуметтік қоғамға қаншалықты қажет екендігі жайлы түсінік қалыптастыру жатады. Бұндай шараларды арнайы мекемелер, психолог маманары, немесе шәкірттеріне мұғалімдері жүргізе алады.

Кәсіби кеңесте – жас жеткіншекке кәсіптің қиындықтарын, медициналық қарсы көрсеткіштері жайлы, болашақта сол кәсіптің даму перспективасы жайлы жалпылама түсінік берілуі керек. Және әр түрлі мамандықта оқып жатқан студенттермен кездесулер өткізіп олардың осы кәсіпке қызығушылығын одан әрі арттырып отырған жөн.

Ғалымдарың жасөспіріммен жүргізген әлеуметтік сауалнамаларыдың, сұрақтарына жауап берулерің нәтижесіне, мамандық таңдаушылар бірінші орынға жұмыстың еркін шығармашылық сипатын, екінші орынға мамандықтың қоғамда алатын орны, ал үшінші орында жалақы мөлшерін қойған. Бірақ жастардың «шығармашылық сипаты» деп отырғандары негізінде оның қоғамдағы беделі ғана болады. Мәселен, мамандықтардың арасынан қызмет көрсету саласының кей кәсібін жас жеткіншектің ұнатпауы, менсінбеуі  тек кейбір үлкен аға-әпкелерінің дәп сондай пікірлерін қайталау болып табылады. Жоғарғы сынып бітірушілердің көпшілігі «интеллектілі» кәсіпке бағдарланып оқытылатын Жоғарғы Оқу Орындарын таңдайды екен. Алайда, халқымызға ғалым, инженерлер ғана емес, кең профильді мамандық иелері де өте қажет. Бірақ қазіргі таңда елімізге алғашқыларына қарағанда кейінгілері көбірек қажет. Бір кәсіптің бірегей болуы оның қоғам пікірінегі беделі мен оның кең тарауы болып саналады.

Жасөспірімді, жоғарыда айтып кеткендей, маманық егелерімен кездесу ұйымдастыру барысына әдетте сынып жетекшілері және әрине ата-анасы, басқада мамандарға қатуға болады. Мұндай кездесулерде, оқушыларға кәсіп жайлы қажетті мағлұматтар жинақталынады:

-     Кәсіп жөнінде жалпы мәлімет;

-     Еңбектің санитарлық – гигиеналық жағдайы;

-     Мамандыққа деген психо – физиологиялық талап;

-     Кәсіптік қызметтің экономикалық және құқықтық арнайы дайындығы туралы [2;79б.].

Біздің пікірімізше, кәсіби бағдар беру үшін арнайы психолог маманы бірінші  әр бір жеткіншекті зерттейді. Сонда бала психологиясын зерттеу кәсіби дайындығын, ынтасын, қабілетін анықтауды қиынға соқтырмайды.  Бұл шараның басты мақсаты – жоғарғы сынып оқушылары белгілі бір мамандыққа жеке тұлғалық, психофизиологиялық қасиетін, яғни, баланың психикасының дамуы, денсаулығының ерекшелігі мен организмінің құрылысының сай келуі және сол кәсіпке жарамдылығын анықтау деп ойлаймыз.

Қорытындылай келе, өз мамандығын сүймеген адам – өмірінде өзінің жолын таппаған адам. Сол себепті, маманық таңдау барысында қандайда болмасын болашақ маман иесіне мұғалімдері, ата-аналары кеңес беріп отыруы қажет. Және белгілі бір кәсіпке бағытталған жоғарғы оқу орнындағы мамандықта оқып жатқан үздік студенттерінің мектеп бітірушілерге арнап агитациялық семинарлар, кештер ұйымдастырып, жиірек өткізгендері жөн болады. Осы арқылы жастардың мамандық таңдауда көздері ашық болып, өздерінің болашақ өміріне не қажет екендерін біршама ұғынып, өз қалауымен әрі саналы түрде таңдауға жетелейді. 

Тағы да қосарымыз, кәсіби бағдар беру ісі болашақ әріптестеріміз психолог мамандарына шамалы болса да жеңілдеу үшін мынадай әдіс-тәсілдерді ұсынғымыз келеді: білім алушының құжаттарын, оқушының оқу процессі кезеңінде атқарған еңбектерінің жемістерін, яғни шығармашылық жұмыстары, қолөнер заттары, олимпиада жарыстарына қатысқандағы марапаттау граммоталарын талқылау; баланың мінез-құлқын, жүріс-тұрысын қадағалап, қоғамық мәдени ортада өзін-өзі ұстай алу қабілетін байқау; сонан кейін арнайы сауалнамалар жүргізіп, анкеталар толтырғызып, әр баламен жеке әңгіме-сұхбаттар жүргізсе дейміз. Сонымен, жасөспірімнің мамандықты дұрыс әрі саналы түрде таңдауы тек өз өмірінің болашағы үшін ғана маңызды емес, ол ел экономикасында да орасан зор үлесін тигізеді.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев: Инновациялар мен оқу – білімді жетілдіру арқылы білім экономикасына, 2006// Егемен Қазақстан. – Астана: №90-93. – Б. 3-6.

2. А.Қ.Егенисова. «Жоғарғы сынып оқушыларына кәсіби бағдар берудің психологиялық ерекшеліктері».– Ы.Алтынсарин Атынағы Ұлттық білім беру академиясының «Білім» ғылыми-педагогикалық журналы. – Алматы, 2009. – Б. 76-80.

3. Е.К.Климов. «Как выбирать профессию». – Москва, 1984. – Б. 65-6. 

4. AknurAknur. «Жоғарғы сынып оқушыларына кәсіби бағдар беру мәселелері». – www.Szh.kz.