АУЫСПАЛЫ ЕГІСТЕГІ АРПА ӨНІМДІЛІГІНЕ
ФОСФОР
МЕН АЗОТТЫҢ ӘСЕРІ
Мусабекова Айсулу Анаркуловна1
Мусабеков
Туменбай Анаркулович2
ТОО «Красноводопадская СХОС»
Қазақстан, Сарыағаш.1
«Қапланбек»
гуманитарлық агроэкономикалық колледж. Сарыағаш.2
Қазіргі уақытта
Оңтүстік Қазақстанның тәлімі
егіншілігінің топырағында қара шіріндінің
құрамы азайған. Негізінен қара шіріндінің азаю
себебі – топырақты қарқынды түрде өңдеуде
минерализациялау, өсімдік қалдықтары мен
тыңайтқыштардың егістікке жеткілікті мөлшерде
түспеуі. Осындай қолайсыздық жағдайлардан топырақ
қорларының көпшілігі әртүрлі дәрежеде
тозған. Қазіргі уақытта жыртылған топырақтың
көпшілігі құнарлылығын жоғалтқан,
топырақ құрамындағы қарашірік мөлшері орта
есеппен 25-30 %-ға дейін кеміп, оның құрамы
едәуір өзгерген. Ал оның жыл сайын жоғалуы 0,6-1,2 т/га
құрайды [1].
Егіншілік мәдениетін арттыру өсірілетін дақылдардан
сапалы және мол өнім алудың негізгі кепілі болып саналады.
Осы күрделі мәселенің оңтайлы шешімін табу ауыспалы
егіс жүйесін кеңінен игерудің арқасында іске
асырылмақ. Нәтижесінде біз егістік жерлерді тиімді пайдаланып,
топырақтың құнарлылығын сақтап әрі
қоршаған ортаның жағдайын жақсартуға
толық мүмкіндік аламыз. Тәлімі жерлерде енгізілген ауыспалы
егістердің негізігсі сүрі танап болып есептеледі. Себебі ол жерде
қыста-көктемде жауған жауын-шашын және қоректік
заттар жиналып, арамшөптер, өсімдіктер зиянкестері және
ауруларымен күресудің агротехникалық тәсілдері
сәтті жүргізіледі.
Ең маңызды фактор өсімдікті барлық қоректік
элементтермен қамтамасыз ету, ауылшаруашылық дақылдарынан мол
өнімнің кепілі. Барлық элементтердің ішінде фосфор мен
азоттың да ролі ерекше. Азот –
өсімдіктердің басты қоректік элементі. Азот қоры
топырақ құнарлылығын арттырады, яғни
топырақтағы гумусты азотқа байытады және азотты
тыңайтқыш астық дәніндегі белок мөлшерін
арттырады, Әр түрлі топырақта өсімдіктердің
азотпен қоректену түрлері әр түрлі болады. Күздік
арпа көктемде қыстан әлсіреп шығады. Осы кезде
өсімдікке қоректік элементтер өте қажет, бірақ
топырақта өсімдікке сіңімді азот жетіспейді, өйткені
күзде жаңбыр суы нитраттарды топырақтың терең
қабатына жуып әкетеді, ал нитрлеуші бактериялар әрекеті ерте
көктемдегі салқын әсерінен баяулайды. Өсімдікке азот
тыңайтқышын берсе, өсімдіктің өсуі мен дамуы
жақсарып, өнім беруі жоғарылайды. Топырақ арқылы
азотты өсімдік аммоний ионы NH4+ және нитрат ионы N0–3
түрінде сіңіреді. Фосфор – барлық тірі организмнің
құрамына кіретін маңызды элемент. Фосфор ферменттердің,
витаминдердің кұрамында болады. Фосфорсыз хлорофилл
түзілмейді, онда өсімдік жапырағы кемірқышқыл
газын сіңіре алмайды. Өсімдікте фосфор жетіспесе, жапыракта
қара кошқыл жасыл, қара дақ пайда болып,
өсімдіктің гүлденуі мен пісуі баяулайды. Фосфор
тыңайтқышын топыраққа енгізу аркылы алынатын
жемістің сапасы жақсарып, өнімі артады.
К.А. Тимирязев: өсімдіктің минералды тыңайтқыштар
мен қоректенуі барлық дақылдардың өнімінің
жоғарлауына және оның сапасының артуына себеп болады.
Азот дәндегі ақуыздың мөлшерін жоғарылатады, ал
фосфор өнімділікті арттыруда үлкен мәні бар. Фосфор
тыңайтқышы егіс кезінде тұқыммен бірге берілді.
Өсімдікте қант, крахмал, май және басқа
қосылыстардың түзілуін қамтамасыз етеді [2].
Күздік арпа қараша мен сәуір
айларындағы топырақ ылғалына және қоректік
режиміне сәйкес өнім құрайды. Әрине, бұл
құбылыс өсу кезеңіндегі топырақтағы
қоректік режим мен тығыз байланысты болғандықтан,
бірінші кезекте жалпы тыңайтқышты тиімді пайдалану мәселесіне
көңіл бөлген жөн.
Тәлімі жерде орналасқан
арпа дықылының 3 танапты (бидай- мақсары -арпа) ауыспалы
егісте топырақтағы жылжымалы фосфор мен азоттың арпа
өнімділігіне әсері зерттелді
(2005-2008 жж) (Кесте-1).
Кесте – 1 ауыспалы егістегі арпа
дақылының өнімділігі, ц/га
Тыңайтқыш |
1 дақыл - бидай |
2 дақыл - мақсары |
3 дақыл - арпа |
N 0 P0 |
20,1 |
8,0 |
20,5 |
N 30 P30 |
30.1 |
13,4 |
30 |
N60 P60 |
30 |
13 |
29 |
Сонымен үшінші дақыл ретінде
өсірілген күздік арпаға тыңайтқыш берілмеген
жағдайда – 20,5 ц, ал екінші нұсқада (N30P30 кг/га)
тиісінше – 30 ц, және тыңайтқышты (N60 P60 кг/га)
бергенде 29 ц дән жиналды.
Қорытындылай келе, тәжірибе нәтижесі
көрсеткендей ең жоғары сапалық көрсеткіштер
тыңайтқыш (N30P30
кг/га) енгізген нұсқадан алынды
және дән сапасының, өнімділігінің артуына тікелей
әсер етеді. Ал экологиялық тұрғыдан алып
қарағанда арпа, егістігіне енгізілген
тыңайтқыштың мөлшері аймақ үшін
ұсынылған талаптарға сай болғандықтан,
топыраққа, оның флорасына, ондағы өсетін өсімдіктерге кері
әсерін тигізетін жағдайлар байқалған жоқ.
Мақалада ауыспалы егіс топырағында жылжымалы фосфор мен
азоттың арпа өнімділігіне әсері баяндалады.
Қолданылған
әдебиеттер:
1. Кереев, А. Сабанның егістердің
ылғалмен жабдықталуына және тәлімі жердегі арпа
өнімділігіне әсері / А. Кереев // Жаршы. – 2001. – №5. – 51-54 б.
2. А.Г. Шестаков., И.В. Гулякин., А.В.
Петербургский. Питание растении и удобрение. Гос. Изд. с/х лит. Москва – 1951
год.
4. З.И. Журбицкий Потребность растений в питании а как основа применения
удобрений. Издательство академии наук СССР. Москва – 1958 г.
3. Отчеты: 2005-2008 Красноводопадская сельскохозяйственная опытная станция.