УДК 635.61(62.631.53./575.1)
Бие сүтінің құрамындағы
құрғақ заттар
мен көмірсулар
мөлшеріне премикстің әсері
Жуманова А., Рустенов А.
, Мусабеков Т.
М. Әуезов атындағы
ОҚМУ, Шымкент, Қазақстан
Резюме
Исследованиями установлены,
чтобиологически активный комплекс ППК-70-2
увеличиваютсухое вещество кобьего молока, но практически не оказываю
влияние на содержание углеводов молока.
Symmary
Research has established chtobiologicheski active complex RFP-70-2 uvelichivayutsuhoe substance kobego milk,
but has almost no effect on the
carbohydrate content of milk.
Бие сүтінің
құрамындағы құрғақ заттар мен
көмірсулар көлемі қымыздың сапасына тікелей
әсерін тигізеді. Олардың көлемі көптеген
факторларға байланысты: бие тұқымына, рационға, сауылу
мерзіміне және тағы басқаларына. Әр түрлі
тұқымды биелер сүттерін зерттей келе И.П.Чашкин мен
М.С.Мироненко [1] жаңа
қырғызды бие тұқымының сүтінде 11,10%,
қырғыз жылқысында 10,63%, ал орловтық жылқы мен
қырғыз жылқысының буданында 11,75%
құрғақ заттар мөлшерін көрсеткен. Осы
зерттеушілер Қырғызстанда өсірілетін жақсартылған
жергілікті жылқы сүтінде 11,12%, орловтық желісті
жылқы-ларында 10,96, ал таза қанды салт мінетін жылқыларында
10,91% құрғақ заттар болғанын
анықтаған.
Біраз зерттеушілер
құрғақ заттар мөлшерін сауылу мерзімдерімен
байланыстыра отырып анықтаған. Ш.Сэнгээ [2] сауылу мерзіміне
байланысты бие сүтіндегі құрғақ заттар
үлесін анықтаған. Ғалымның мәліметінше
моңғол жылқысының сүтіндегі
құрғақ заттардың маусым-шілде айларында орта
есеппен 10,38% болатындығын байқаған.
Бие сүті
өзінің құрамында табиғатта кездесетін өте
көптеген химиялық элементтердің болуына байланысты сүт
бездерінде түзіліп шығатын өте күрделі және
маңызды болып саналады. Құлының жақсы
өсіп-дамуы олардың ағзасы мен қаңқа
сүйектерінің жетілуіне аса қажетті минералды заттармен
толықтай қамтамасыз етілуіне тікелей байланысты болатындығы
анық. Қаңқа сүйектерінің жақсы
қалыптасып дамуы бейорганикалық заттармен, атап айтқанда
фосфорқышқылы мен көмірқышқылды кальцимен
және басқа да химиялық қосындылармен қамтамасыз
етілуіне тәуелді. Сондықтан сүт жаңа туылған
төлдің бұлшық еттерімен сүйектерінің
дамуына аса қажетті фосфор мен кальцидің көзі болып табылатын
бірден-бір өнім ретінде белгілі. Сүт құрамындағы
минералды заттар адам ағзасына өте қажетті ақуыз,
нуклеин қышқылдары, гормондар және фосфориттер
түзілуіне қатынасады. Сонымен бірге минералды заттар адам
ағзасында жүретін зат алмасу процестеріне қатынасып,
қоректік заттарының жақсы сіңірілуіне және
әр түрлі гормондар мен ферменттердің белсенді әрекетіне
жағдай жасайды.
Сонымен бірге
ағзадағы әр түрлі
сұйықтықтардың осмостық қысымы, қан
иондарының консистенциясы және де басқа биохимиялық
сұйықтықтар үшін маңызды роль атқарады.
Сұйықтық құрамындағы иондардың
белгілі бір тепе-теңдікте тұрақтануы ұлпалардың
белгілі бір мүшелерінің, жүйке жүйесінің
дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ету арқылы тұтас
азғаның жақсы дамуына әсер етеді.
Бие
сүтінің құрамын және оған әсер етуші
негізгі себептерді анықтауға арналған ғылыми
жұмыстар қатарында Ю.Н.Барминцев [3], Э.Халмурадов [4], А.К.Садыкова
[5], К.И.Дүйсембаев, Б.Р.Акимбеков [6], және
басқалардың еңбектерін атап өтуге болады.
Бие сүтіндегі
құрғақ заттар
мен көмірсулар
көлемі жоғарлату мақсатында тәжірибелік топтағы
биелер рационына биологиялық белсенді ППК-70-2 кешені қосымша берілді. Премикс ППК-70-2 кешенінің бие
сүтінің
құрамындағы құрғақ заттар
мөлшеріне әсері 1-кестеде берілген.
Кесте-1. Бақылау және тәжірибелік
топтардағы бие сүттерінің құрамындағы
құрғақ заттар мөлшеріне премикстің
әсері, %
Апта кезегі |
Бақылау тобы |
Тәжірибе
тобы |
Р |
||||
M |
±m |
Cv |
M |
±m |
Cv |
||
1-ші |
11,31 |
0,09 |
8,96 |
11,51 |
0,08 |
8,47 |
0,01 |
2-ші |
11,32 |
0,07 |
10,03 |
11,53 |
0,09 |
9,61 |
0,01 |
3-ші |
11,34 |
0,06 |
8,65 |
11,50 |
0,08 |
7,73 |
0,05 |
4-ші |
11,34 |
0,08 |
9,92 |
11,51 |
0,07 |
8,93 |
0,01 |
5-ші |
11,32 |
0,09 |
9,55 |
11,54 |
0,07 |
8,52 |
0,001 |
6-шы |
11,33 |
0,08 |
8,12 |
11,53 |
0,08 |
9,71 |
0,01 |
7-ші |
11,32 |
0,06 |
8,32 |
11,52 |
0,08 |
9,47 |
0,01 |
8-ші |
11,34 |
0,07 |
8,43 |
11,54 |
0,07 |
8,46 |
0,01 |
9-шы |
11,33 |
0,07 |
10,07 |
11,54 |
0,08 |
7.12 |
0,05 |
10-шы |
11,33 |
0,08 |
9,17 |
11,53 |
0,06 |
9,73 |
0,01 |
Орташа |
11,33 |
0,07 |
8,63 |
11,53 |
0,08 |
8.54 |
0,01 |
Биологиялық белсенді кешен бие
сүтінің
құрамындағы құрғақ заттар
мөлшеріне әсері алғашқы аптадан байқала бастады.
Тәжірибелік топтағы биелер сүтіндегі
құрғақ заттар мөлшері І-ші аптада 11,51% болып бақылау
тобтарына қарағанда 0,20% жоғары болып шықты. Сол
сыяқты 2-ші аптада 0,21%, 3-ші де
– 0,16%, 4-ші де – 0,17%. Премиксті қабылдаған топтың
сүтіндегі ең жоғарғы құрғақ
заттар мөлшері 5-ші, 8-ші және 9-шы апталарда байқалды.
Бүл апталарда құрғақ заттар мөлшері 11,54%
құрады.
Зерттеу барысында
сауылу айларына байланысты премикс ППК-70-2 кешенінің бие сүтінің құрамындағы
құрғақ заттар мөлшеріне әсері де
анықталынды (кесте 2). Қараша айында екі топтағыда бие
сүттерінде құрғақ заттардың мөлшері
ең төменгі дейгейде болатындығы анықталынды. Оның
негізгі себебі жайылым маусымынан соң, биелердің рационында
құрғақ шөптер көлемінің
көбеуінде болып отыр.
Кесте-2. Сауылу айларына
байланысты премикс ППК-70-2
кешенінің бие сүтінің құрамындағы құрғақ
заттар мөлшеріне әсері, %
Бие топтары |
n |
Сауылу мерзімдері |
Орта есеппен М±m |
|||
қараша М±m |
желтоқсан М±m |
қаңтар М±m |
ақпан М±m |
|||
Бақылау Тәжірибе |
4 4 |
11,26±0,09 11,43±0,08 |
11,31±0,13 11,47±0,09 |
11,34±0,11 11,52±0,12 |
11,38±0,09 11,56±0,12 |
11,32±0,09 11,49±0,08 |
Қыс мерзімінде
бие сүтінің
құрамындағы құрғақ заттар
мөлшері біртіпдеп жоғарлайтындығы байқалады.
Мұның себебі біріншіден,
қыс айларында биелердің суды ішуі төмендейді,
сондықтанда бие сүттерінің құрамындағы
құрғақ заттар мөлшері де жоғарлайды.
Екіншіден, премикс ППК-70-2
кешені бие сүті құрамындағы
құрғақ заттар мөлшерін арттыруға септігін
тигізетіндігі анық болып отыр. Кешен құрамындағы
дәрумендер мен микро-
және макроэлементтер желіннің физиологиялық белсендігін
жоғарлатып, бие сүтіндегі құрғақ заттар
мөлшерінің өсуіне септигін тигізеді.
Сонымен премикс
бие сүтінің
құрамындағы құрғақ заттар
мөлшерінің көбейуіне септігін тигізетіндігі толығымен
анықталды. Кешен құрамындағы дәрумендер мен
микроэлементтер сауын биелердің қан айналым жүйесіне,
азықты қорыту бөлімеріне және желінің
физиологиялық сүт бөлу қабілеттілігіне оң
әсер тигізіп, сүт құрамындағы
құрғақ заттар мөлшерін көбейтіп отыр.
Бие сүттіндегі көмірсулар
негізінен лактозаның дисахариді немесе сүт қанты
түрінде кездеседі. Сүт қанты екі моносахаридтен – глюкоза мен
галактозадан тұрады. Бие сүтінде қанттан басқа,
қалпына келмейтін көмірсулар бар. Бие сүтінде аздаған
мөлшерде галактоза сүт белогымен байланысты түрде кездеседі.
Қымыз өндіру сүт қышқылдары бактерия ферменттері
мен ашытқылардың әсерінен сүт қантының
ашуына негізделген.
Бақылау және
тәжірибелік топтарындағы бие сүті мен қымыздың
қанттарының салмақ
үлестері 3-шы кестеде берілген. Бие сүттіндегі қанттың
мөлшері едәуір тұрақты екендігі байқалды
және премикс ППК -70-2 оны онша
көп өзгерте алмайды.
Бие сүтіндегі қанттардың 99,17- 99,86% лактозаның үлесіне тиетіндігі зерттеу
нәтіжелері көрсетті. Өте аз мөлшерде галактоза
(0,12-0,18%) және фруктоза
(0,01-0,02) кездесетіні де белгілі болды. Қымыз жетілгенде
бақылау тобынан алынған сүтте лактозаның
қалдығы 2,5% болса,
тәжірибедегі топта - 2,3% болып отыр. Премикс қосылған
биелерден дайындалған қымызда лактозаның қалдығы
0,2% кем болып шықты.
Кесте -10.
Бақылау және тәжірибелік топтарындағы бие сүті
мен қымыздың қанттардың салмақ үлесі, %
Көрсет-кіштер |
Лактоза |
Галактоза |
Фруктоза |
Салмақ үлесі |
|||||
бақыл-ау |
тәжіри-бе |
бақыл-ау |
тәжірибе |
бақылау |
тәжірибе |
бақыл-ау |
тәжірибе |
||
Сүттің қышқыл-дығы 5ºТ |
99,86 |
99,83 |
0,14 |
0,17 |
- |
- |
6,7 |
6,8 |
|
Сүттің қышқыл-дығы 7ºТ |
99,83 |
99,80 |
0,16 |
0,18 |
0,01 |
0,02 |
6,8 |
6,9 |
|
Қымыздың қышқыл-дығы
80 ºТ |
2,5 |
2,3 |
- |
- |
- |
- |
2,6 |
2,3 |
|
Қорыта келгенде биологиялық белсенді кешен ППК-70-2 бие
сүтінің
құрамындағы құрғақ заттар
мөлшерін жоғарлатады, ал
оның құрамындағы қанттың
мөлшеріне әсерін тигізе алмайды, бірақ премикс берілген
биелерден алынған сүттердегі лактоза толық спирттік
ашуға қатысатындығы байқалады.
Пайдаланған әдебиеттер
1. И.П.Чашкин мен М.С.Мироненко Молочная продуктивность кобыл Киргизии
/И.Н. Чашкин, М.С. Мироненко // Коневодство и конный спорт. - 1955. - №
6. - С. 19-23.
2. Сэнгээ Ш. Влияние улучшеного кормления
маток и подсосных жеребят на рост и развития жеребрят в условиях табунного
разведения: автореф... канд.с.-х.наук: 17.10.60. -М, 1960. -20 с.
3. Барминцев Ю.Н. Молочная продуктивность казахских кобыл //Эволюция
конных пород в Казахстане. –Алма-Ата: Казгосиздат, 1958. –С.31-34.
4. Халмурадов Э. Химический состав
кобылева молока в Узбекистане //Тез.докл. IX
Респ.науч.-произ.конф.ученых, аспирантов и производствен-ников по
животноводству. –Ташкент: Мехнат, 1973. -С. 98-104.
5. Садыкова А.К. Технология получения молока в условиях фермерских
хозяйств / А.К. Садыкова, М. Молдакимов // Перспективы коневодства России в XXI веке: тез. докл. науч.-практ. конф. и
координационного совещания, посвященных 70-летию ВНИИ коневодства. - ВНИИК,
2000. - Ч. 2. -С.59-61.
6. Дусемебаев К.И.,
Акимбеков Б.Р. Изменчивость удоя и взаимосвязь его с основными компоенетами
молока кобыл в условиях стационарной кумысной фермы //Методы повышения мясной и
молоччной продуктивности лошадей и верблюдов. -Алма-Ата, 1982. -С. 95-100.