Экономика

Капанова Ш.А. магистрант, Садуакасова К.Ж. э.ғ.к., доцент

«Қаржы академиясы» акционерлік қоғамы, Астана қаласы

Фискалды саясат көмегімен реттеудің тиімділігін көтеру

 

Фискалды саясат құлдырау немесе тоқырау кезінде  үкіметтің бюджеттік жетіспеушілік бағытында өзгеруі керек және керісінше  егер де экономикада  инфляцияның артық сұранысы пайда болған жағдайда тежегіш фискалды саясат болуы керек. Оның құрамына төмендегілерді енгізуге болады: мемлекеттік шығындарды азайту; салықтарды ұлғайту; жоғарыда аталған екеуінің үйлесімділігі.

Фискалды реттеудің тиімділігін көтеру – бюджеттік жүйе жағдайы еңбекке артық салық салумен, әлеуметтік саланы, ғылымды және даму қызметтерін екі есе қаржыландырмаумен, сонымен қатар мемлекеттік бюджеттің үлкен және тұрақты профиципімен сипатталады. Мұнда еліміздің түрлі аймақтарындағы адам басына шаққандағы бюджеттік шығындардың онсыз шектен тыс дифференциясы күшейеді. Бұл аймақ тұрғындарының басым көпшілігі қажетті әлеуметтік кепілділіктермен қамтамасыз етілген қаржыларды ала алмайды. Көрсетілген теңсіздікті жеңіп шығу еңбек және өндірістік қызметке алынатын салық ауыртпалығын төмендетуді, толық салықтық емес табыс көздерін іздестіруді (ең алдымен табиғи ресурстарды пайдалану төлемдері), сонымен қатар бюджеттің табыс пен шығынының тепе-теңдік қағидасын қалпына келтіріп, соңғысының бағдарламалық – мақсаттық әдісін қалыптастыруды көздейді.

Сонымен қатар салық құралдары көмегімен инвестициялық белсенділік жағдайын күрт жақсартып, өндірісті дамыту мен жаңа техниканы игеру, ғылыми-зерттеу жұмыстарын дамыту, кәсіпорынның айналым қаржыларын толықтыру мен резервтерді қалыптастыруға бағыттылған пайда бөлігін салық салудан босатуды көздейді. Өндірісті жандандыруға ынталандыру үшін өндірісті ұлғайтқан, инвестицияны көбейткен кәсіпорындарға салықтық несие беріп, амортизацияның жеделдетілген әдістерін енгізу қажет. Соңғыны негізгі қорларды ұлғайту механизмі есебінде қалпына келтіру үшін, үнемі негізгі құралдардың нарықтың құнын қайта бағалап, амортизацияны есептеп отыру керек. Тозуды қалдық құнынан емес, бастапқы құннан және де амортизациялық аударымдарды мақсаттылық пайдалануды қамтамасыз етуі қажет.

Салық салу жүйесін ұтымды ету мен мемлекеттік бюджеттің табыс базасын ұлғайтуда бір мезгілде мемлекеттік шығындардың тиімділігін күрт көтеруде іс-шаралар қабылдау керек. Бағдарламалық – мақсаттық әдіске негізделген бюджеттік саясатта әлеуметтік сала, білім беру, ғылым, мәдениетті қаржылындырудың заңдық бекітілген нормативтері сақталады. Бұл үшін жақында ғылымға  белгіленген нормативті қайта қарау қажет (2 % жалпы ішкі өнім), сонымен қатар білім беру, денсаулық сақтауды қаржыландыру нормативтерін тиісінше жалпы ішкі өнімнің 8 және 6 % деңгейінде бекіту керек. Инновациялық белсенділікті қолдауға мемлекеттік ассигнования көлемін жалпы ішкі өнімнің 5 % дейін көбейту керек (даму банктерінің қаржыларын тартуды ескере отырып).

Мемлекеттің бюджеттік саясаты елдің әлеуметтік-экономикалық дамудың мазмұнды мақсатына сәйкес келуі қажет. Мемлекеттік бюджетті қалыптастыру қағидасы бағыттылған даму жүйесінің экономиканы реттеудің жалпы логикалық тұрғысынан қайта қарауды қажет етеді. Даму мақсаттарының басымдылығын адекватты бюджеттік жоспарлау технологиясымен қуаттау қажет.Оның негізіне шығын белсенділігінің бағдарламалық-мақсаттық қағидасын жүзеге асыратын, бюджеттік шығындар бағытын анықтайтын заңды бекітілген нормативтері саналады. Мұнда маңызы жағынан ғылым мен ғылыми-техникалық прогреске ынталандыру, білім беру мен ұлттық қауіпсіздік шығындары бірінші кезекте беріліп, яғни болашақтағы даму тұрақтылығын құрайтын шығындар ғылыми негізделіп, елдің барлық аймақтарында адам басына шаққан бірыңғай әлеуметтік кепілдіктерді қаржыландыру нормативіне сәйкестендірілуі қажет.

Елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының басымды бағыттарын жүзеге асыратын мақсатты бағдарламадан тұратын даму бюджетіне өзгерту қажеттілігі қаорастырылады. Бұл бағдарламалар ғылыми-зерттеу жұмыстарына бағытталған бюджеттік ассигнациялармен бірге және инфрақұрылым объектілерін салып, даму институттарын қосқанда, қатыстырылған көздер есебінен қаржыландырылатын инвестициялық жобаны қамтиды.

Экономикада басталған қайта жандану тұсында және оның тұрақты өсуі макроэкономикалық жағдайлар кешенінің қалыптасуы мен өндірістік қызметтің кемелденуінің артықшылығын қамтамасыз ете отырып оған инвестицияның дамуын көздейді. Бұл жағдайлар келесілерді қамтиды: ақша айналымын реттеу; өндірісті несиелеу механизмі мен пайыздық үстеме ақыны төмендетуді қалыптастыру; қабілетті әрі белсенді инвестициялық институттар жүйесін дамытуды, ең алдымен банктік; өндірістік және инвестициялық қызметтерге салық салуды оңтайландыру; монополистердің арқасында орын алған тізбектік сәйкессіздікті түзету; шетелдік өнім шығарушылар жағынан болған бәсекелестіктен ішкі нарықты қорғау.

Ақша айналымын реттеу, ақша-несие саясатын белсендіру - өндірістік кәсіпорындардың қаржы жағдайын сауықтыру мақсатында және олардың инвестициялық белсенділігі мен ақша айналымын мемлекеттік реттеу тиімділігін арттыру үшін бірқатар өзара байланысқан іс-шаралар жүргізу болып табылады.

 Біріншіден, экономиканы демонегизациялаудың негізгі себептерін жою, яғни ақша көлемін сандық тұрғыда негізсіз реттеу саясатынан бас тартып, ішкі бағытталған экономика секторларының табыстылық нормасынан аспайтын деңгейге дейін қайта қаржыландыру үстемелерін реттеп, біртіндеп төмендетуге көшу.

Ақша ұсынысының деңгейін  өндірістік сала жағынан несиелік ресурстарға деген  сұранысымен сәйкестендіру қажет. Бұл үшін валюталық қордың өсуіне шығарылған ақшалар орнына қалыпты сектордағы төлем қабілетті кәсіпорындардың векселдерінің  кепілдіктеріне коммерциялық банктерді қайта қаржыландыруға көшу қажеттілігі туындайды. Бұл Қазақстан банк ұйымдарымен төлем қабілетті жоғары кәсіпорындарының  мониторингінн ұйымдастыру және халықтық  банктің эмиссиялық  саясатының мөлдірлігін қамтамасыз ете отырып, оны экономиканы ремонетизациялау  міндеттерімен сәкестікке келтіруді көздейді. (өз кезегінде Қазақстанның банктерін  модернизациялауға  қажетті несиелік ресурстарына еркін қол жеткізу, олардың шаруашылық қызметінің тиімділігі мен мөлдірлігін  арттыруды қажет етеді). Мұндай ақша ұсынысы саясатының қалыптасуы  ақша  эмиссиясының басты міндеті болып табылатын – экономикалық өсуді  несиелеуді қамтамасыз етеді. Қайта қаржыландыру үстемесін  төмендету барысында  Қазақстан  банктері шаруалық субъектілерінің белсенділігін арыттыра отырып, олардың қызметінің тиімділігіне қатаң талап  қояды. Бұл өз кезегінде мемлекеттің  экономикалық саясаты  мен  мақсатына жауап беретін  ақша – несие  саясатын жүргізуге  мүмкіндік береді.

Екіншіден – жаңа  құрылым  мен  заманауи  технологияларды игерген (нақты  әлеуметтік  міндеттерді орындайтын) кәсіпорындарды қайта жабдықтау  мен  дамытуға ұзақ мерзімді  несиелеу механизмін қалыптастыруға кірісу қажет.  Мақсатты жүзеге асыру үшін тұрақты қорды орталықтандырылған  қайта қаржыландыру механизмін дамытатын толыққанды институттарды құрып,  оны даму бюджетіне  айналдыру.

Үшіншіден - өндірістен және одан басқа салаларға ақша ресурстарын салып, мемлекетпен кепілдендірілген жоғары табысты құралдарды басқа мақсаттарға қолдануды тоқтату; әсіресе бұл Қазақстан банктерінің облигациялары мен олардың  коммерциялық банктерде  ашқан депозиттік шоттарына қатысты,  өндірістік қызметті қайта қаржыландыруға ақша ұсынысы саясатының бағдарын «артық» ақша көлемін тазалау мәселесін түсіреді: қажетті пайыздық үстемелерді реттеу өндіріс көлемінің өсуі және оның тиімділігін арттыру мен тауарлар, қызметтер ұсынысын несиелеумен байланысын қамтамасыз етеді

Төртіншіден  - отандық банк жүйесін шетелдік бәсекелестерден қорғауды күшейтіп, ең алдымен  Қазақстан нарығында соңғылардың  қатысуына шектеу қажет.

Бесіншіден – ақша көлемінің құрылымын жақсарту және оның нақты құрамын едәуір қысқарту қажеттілігі туындап отыр. Бұл үшін саудадағы және қаржы қызметі  саласындағы ақпаратты  технологияларды енгізіп, есеп айырысу  мен  төлемдерді  электронды  жолмен жүзеге асырып, электронды  нысанда жасалған келісімдерді құқықтық тұрғыдан сенімді қорғалудын қамтамасыз ету керек. Бұл іс-шаралар экономиканың экономикалық қылмыстан айырылуына, шаруашылық айналымның құрамынан «көлеңкелі» экономиканың істен шығаруына, экономиканы ремонетизациялау мен төленбеген төлемдердің қысқаруына, ақша айналымының тиімділігін арттыру мен құнсызданудың төмендеуіне өз әсерін тигізеді.

Ұсынылған шараларды жүзеге асыру нәтижесінде ақша ұсынысы нақты ақшаға деген сұраныс серпініне сәйкес келіп, еліміздегі барлық ғылыми-өндірістік потенциал мен экономиканың өсуінде тиімді қолдануға мүмкіндік береді. Ақша эмиссиясына мақсатты бақылау жасау мен несиелеу институттарының рефинанстау механизмінің өндірістік салалар жағынан ақшаға деген сұранысын реттеп, төмен құнсыздану мен пайыздың үстемелерді ұстауға, төлем айналымын ықшамдауға, өндірістік кәсіпорындардың қаржы жағдайын жақсарту мен инвестициялық белсенділікті көтеруге ықпалын жасайды.