Финансовое отношение

 

Әбітова Арайлым Муратқызы магистрант

Мұқан Бауыржан Ғалиақпарұлы э.ғ.к.

«Қаржы академиясы» АҚ, Астана қаласы

Мемлекеттік бюджетті жоспарлау мен болжаудың  теориялық және методологиялық аспектілері

 

Республикалық бюджет жобасын дайындау үшін Қазақстан Республикасының Президенті бюджеттік комиссияны құрады. Бұл комиссия Экономика және бюджеттік жоспарлау Министрілігімен енгізілген республикалық бюджет жобасының негізгі болжамдық көрсеткіштерін қарастырады. Бюджеттік үдерісте басты рөлді Қаржы Министрлігі атқарады. Ол ҚР-ның Президентінің  жыл сайын халыққа үндеуін  ескере отырып, территория  дамуының экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларына және елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының индикативті жоспарының негізгі  параметрлеріне негізделе отырып алдағы үш жылдық мерзімге мемлекеттік бюджеттің болжамдық көрсеткіштерін жасайды. Қазіргі уақытта Қазақстанда елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының  ортамерзімдік (бес жылдық) және ағымдағы (жылдық) индикативті жоспарлары құрылуда. Қоғамдық іс-әрекеттердің барлық аспектілерінің стратегиялық жоспарлануы және реттелуі бойынша практикалық жұмыстарды өкіметтің атқарушы органы  Қазақстан Республикасының Үкіметі жүзеге асырады. Экономиканы реттеуге және жоспарлық жұмысқа тікелей қатысатын ҚР Үкіметінің жұмысшы органдарының жүйесіне, ең алдымен, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігін жатқызамыз. Материалдар Министерствалар мен Агенстволардың, облыстардың, Алматы және Астана қалаларының, отандық және шетелдік эксперттердің ақпараттарына негізделеді.                                                                            

Индикативті болжамды көрсеткіштерімен салыстыра отырып экономиканың нақты көрсеткіштерінің мониторингісі жүргізіледі. Пайда болған өзгерістердің негізінде ауытқудың себептері талданады және оларды жақсарту бойынша ұсыныстар беріледі.

ҚР-ның экономика және бюджеттік жоспарлау Министрлігі басқаруды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган болып табылады және заңнамамен көрсетілген аяда ҚР-ның әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттарын, ҚР-ның стратегиялық жоспарын және ҚР-ның әлеуметтік-экономикалық дамуының индикативті жоспарын жасаудың салааралық үйлесуін басқаруды жүзеге асырады және ортамерзімге мемлекеттік бюджеттің болжамды көрсеткіштерін және сәйкесінше қаржылық жылға республикалық бюджет  жобасын құрастырады .

Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттарын жасаумен ҚР-ның экономика және бюджеттік жоспарлау Министрлігінің құрылымдық бөлімшесі болып келетін экономикалық саясат және индикативті жоспарлау Департаменті айналысады.

Әлеуметтік-экономикалық дамудың көрсеткіштерінің нақты тізімі өкілетті органмен анықталады, яғни  ол ҚР Қаржы Министрлігі және ҚР Ұлттық Банкісімен келісе отырып жұмыс істейтін, Қазақстан Республикасының экономика және бюджеттік жоспарлау Министрлігі.

Республикалық индикативті жоспарды жүзеге асыру екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде алдағы қаржылық жылға республикалық және жергілікті бюджеттердің жоспарларының және алдағы үш жылдық мерзімге мемлекеттік бюджеттің болжамды көрсеткіштерінің құрылуының негізі болып табылатын Республикалық индикативті жоспар жасалынады. Министрлік орталық және жергілікті басқару органдарына, басқа да мемлекеттік органдарға, және де ұлттық компанияларға республикалық индикативті жоспар Баяндамасының құрылымы мен көрсеткіштерінің тізімін, формасын  жібереді. Одан кейін Министрлік  алдағы үш жылдық мерзімге арналған экономика дамуының  макроэкономикалық көрсеткіштерінің болжамын  жасайды және оны Республикалық бюджеттік комиссияға қарастыруға жібереді. Республикалық индикативті жоспардың Маңызды көрсеткіштерінің болжамы бюджеттік комиссиямен қолдауы жасалғаннан кейін Министірлік үш күндік мерзімде орталық және жергілікті атқарушы органдарға, басқа да мемлекеттік органдарға, және де ұлттық компанияларға жоспардың көрсеткіштерін қайта жібереді.

Қазақстан Республикасында бюджеттің құрылуы бюджеттік тапсырыстардың қосылуына және бюджеттік ұйымдар арасында шектеулі қаражаттың  ары қарай нақты бөлінуіне келіп тоқталуда. Нәтижесінде өз кезегінде төлемсіздік тізбегін әкелетін, несиелік қарыз тудыратын,”нақты емес” бюджет құрылатын. Әсіресе, арнайы шоттар мәселесін айта кету керек. Олардың бар болуы тиімді жоспарлау мәселесін бұзатын:  тәжірибеде арнайы шоттар арқылы бір соманы қабылдау кезінде мемлекеттік органдар қосымша пайда алатын, сөйтіп, олар коммерциялық іс-әрекетке бағытталған және көбінесе, өздерінің негізгі функцияларына «тиімсіз» жұмыс істеген /4/.

Бюджеттік жоспарлаудың жақсаруына республикада бюджеттік бағдарламалау әдісінің енгізілуі ықпал етті. Бұл әдіс бағдарлама әкімшіліктері арасында ресурстарды бөлу, мемлекеттік приоритеттерді басқару мен құру үшін негіз болып табылады.

Ендігі кезекте бюджетті жоспарлау негіздеріне кеңінен тоқталып өтейік.  Бюджеттi жоспарлау туралы жалпы ережелердің қатарына жататындар:

1. Бюджеттi жоспарлау жоспарланып отырған кезң¦ге арналған бюджет түсiмдерiнiң көлемiн және басымдықты ескере отырып, мемлекеттiң әлеуметтiк-экономикалық даму мiндеттерiне сәйкес оларды пайдалану бағыттарын айқындау жөнiндегi ұсыныстарды әзiрлеу үдерісi болып табылады.

2. Бюджет бiр қаржы жылына жоспарланады. Кезектi қаржы жылына арналған бюджеттiң жобасымен бiр мезгiлде алдағы үш жылдық кезеңге арналған бюджеттiң болжамы жасалады.

3. Республикалық бюджеттiң жобасын әзiрлеу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Президентi айқындайды. Жергiлiктi бюджеттердiң жобаларын әзiрлеу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.

Алдағы үш жылдық кезеңге арналған орта мерзiмді фискалдық саясатты айқындау:

1. Орта мерзiмдi фискалдық саясат алдағы үш жылдық кезеңге арналған салық-бюджет саясатын, соның iшiнде: мемлекеттiк, республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң болжамдық көрсеткiштерiн; бюджеттiк бағдарламалардың өткен кезеңнiң iшiнде iске асырылу тиiмдiлiгiн бағалау нәтижелерiн; бюджет қаражатын жұмсаудың басым бағыттарын; республиканың немесе аймақтың әлеуметтiк-экономикалық дамуының негiзгi бағыттарын iске асырудың тәсiлдерiн; бюджетаралық қатынастардың даму бағыттарын; мемлекеттiк және мемлекет кепiлдiк берген қарыз алу мен борыш саласындағы саясатты; ықтимал фискалдық тәуекелдердi айқындайтын құжат болып табылады.

2. Орта мерзiмдi фискалдық саясат республиканың немесе аймақтың орта мерзiмдi әлеуметтiк-экономикалық даму жоспары негiзiнде, өткен қаржы жылы бекiтiлген орта мерзiмдi фискалдық саясат, мемлекеттiк, салалық (секторлық), аймақтық бағдарламалар, өткен қаржы жылы iшiнде бюджеттiң атқарылуын талдау мен бағалау ескерiле отырып, оның негiзгi бағыттары жыл сайын түзетiлiп үш жылдық кезеңге әзiрленедi.

3. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң алдағы үш жылдық кезеңге арналған орта мерзiмдi фискалдық саясатын Қазақстан Республикасының Yкiмeтi ағымдағы жылдың 1 маусымына дейiн бекiтедi және ол мiндеттi түрде жариялануға жатады. Жергiлiктi атқарушы органның алдағы үш жылдық кезеңге арналған орта мерзiмдi фискалдық саясатын жергiлiктi атқарушы органдар ағымдағы жылдың 1 шiлдесiне дейiн бекiтедi және ол мiндеттi түрде жариялануға жатады.

4. Орта мерзiмдi фискалдық саясатты әзiрлеу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.

Бюджет түсiмдерiн болжау мәселесіне тоқталып өтейік.. Бюджет түсiмдерiн болжауды республиканың немесе аймақтың орта мерзiмдi әлеуметтiк-экономикалық даму жоспары және алдағы үш жылдық кезеңге арналған орта мерзiмдi фискалдық саясат негiзiнде бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi орган жүзеге асырады. Бұл ретте шығыстарда бюджеттiк бағдарлама алынған тауарлардың (жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң) құнына тең көлемде көзделуге тиiс.

 

Кесте 1- Жоспарлау нысандары мен олардың мазмұны

 

Жоспарлау нысандары

Шығындарды жоспарлау

Табыстарды жоспарлау

Ұзақмерзімді

Басымдықтардың дамуы мен қаржылануын анықтау

Жергілікті құрылымның келешек қаржылық дамуының табыс негізін құру

Ортамерзімді

Инвестициялық жобалар

Табыс негізін дамытудың келешек жоспарына тартылатын қаржының түрі мен көлемін анықтау

Қысқамерзімді

Бастапқы даму басымдықтары мен инвестициялық жобалар-ды, инвестициялауға және ағымдағы шығындарды қаржы жылына анықтау

Әртүрлі табыс көздерінен түсетін түсімдерді болжау және оларды нақты баптар бойынша бөлу

 

Республикалық бюджет жобасын қарау мен бекiту  туралы жалпы ережелер. Алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңның жобасын Қазақстан Республикасының Үкiметi жоспарланып отырған жыл алдындағы жылдың 1 қыркүйегiнен кешiктiрмей Қазақстан Республикасының Парламентiне енгiзедi. Қазақстан Республикасының Үкiметi алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңның жобасымен бiр мезгiлде мынадай құжаттарды және материалдарды:

1)  әлеуметтiк-экономикалық дамудың орта мерзiмді жоспарын;

2) алдағы үш жылдық кезеңге арналған орта мерзiмдi фискалдық саясатты;

3) республикалық бюджеттiк бағдарламалар паспорттарының жобала-рын;

4) республикалық бюджеттiң түсiмдерi бойынша негiздемелер мен болжамдық есептердi;

5) соңғы есептiлiк күнгi жағдай бойынша мемлекеттiк және мемлекет кепiлдiк берген борыштың жайы туралы деректердi;

6) алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет жобасында негiзге алынған шешiмдердi ашып көрсететiн түсiндiрме жазбаны табыс етедi/2/.

Алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет Қазақстан Республикасы Парламентi Палаталарының бiрлескен отырысында кемiнде екi оқылымда және ағымдағы жылдың 1 желтоқсанынан кешiктiрiлмей бекiтiледi /1/. Қазақстан Республикасының Парламентi ағымдағы жылдың 1 желтоқсанына дейiн алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңды қабылдамаған жағдайда, Қазастан Республикасының Президентi алдағы қаржы жылының бiрiншi тоқсанына арналған республикалық қаржылық жоспар туралы жарлық шығаруға құқылы, ол республикалық бюджеттi Қазақстан Республикасының Парламентi бекiткенге дейiн қолданылады. Алдағы қаржы жылының бiрiншi тоқсанына арналған республикалық қаржы жоспары ағымдағы жылдың 30 желтоқсанынан кешiктiрiлмей алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет жобасының төрттен бiр бөлiгі көлемiнде бекiтiледi. Республикалық қаржы жоспарының атқарылуы осы Кодексте белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.

Кезектi қаржы жылының бiрiншi тоқсанына арналған республикалық қаржылық жоспар бекiтiлген жағдайда, осы қаржы жылына арналған республикалық бюджет сол жылғы 1 наурыздан кешiктiрiлмей  тиiс. Бұл ретте аталған қаржы жылына арналған республикалық бюджет сол жылдың бiрiншi тоқсанына арналған республикалық қаржы жоспары ескерiле отырып бекiтiледi. Алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заң қосымшаларымен, Қазақстан Республикасы Президентiнiң алдағы қаржы жылының бiрiншi тоқсанына арналған республикалық қаржы жоспары туралы Жарлығы қосымшаларымен бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

Республикалық бюджет жобасын Қазақстан Республикасының Парламентiнде қарау. Тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңның жобасын Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Мәжiлiсi мен Сенатының жалпы отырыстарында талқылау Қазақстан Республикасының Үкiметi уәкiлеттiк берген адамның (адамдардың) Қазақстан Республикасының орта мерзiмдi әлеуметтiк-экономикалық даму жоспары, орта мерзiмдi фискалдық саясат және тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңның жобасы бойынша, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Төрағасының ақша-кредит саясаты бойынша баяндамаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Парламентiнiң палаталары уәкiлеттiк берген адамдардың заң жобасы бойынша қорытындыларымен қоса баяндамаларын қамтиды. Қазақстан Республикасы Парламентiнiң палаталары жалпы отырыстарда алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңның жобасы бойынша республикалық бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерi басшыларының сөздерiн тыңдауға құқылы. Алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңның жобасы Қазақстан Республикасы Парламентi палаталарының бiрлескен отырысында кемiнде екi оқылымда қаралады.
      Талқылау Қазақстан Республикасының Үкiметi уәкiлеттiк берген адамның (адамдардың) Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының орта мерзiмдi жоспары, орта мерзiмдi фискалдық саясат және тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңның жобасы жөнiндегi, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Төрағасының ақша-кредит саясаты жөнiндегi, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Палаталары уәкiлеттiк берген адамдардың заң жобасы бойынша қорытындыларымен қоса баяндамаларын қамтиды/1/.

Тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджеттi бекiту Қазақстан Республикасы Парламентi палаталарының бiрлескен отырысында заң қабылдау арқылы жүзеге асырылады.

 

Пайдаланған әдЕбиеттер:

 

1.      №95-IV 4.12.2008 жылғы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі

2.      Постановление Правильства РК от 26 февраля  2009  года №220 «Об утверждении Правил исполнения бюджета и его кассового обсуждения»   

3.      Мельников В.Д. Основы финансов: Учебник для вузов – Алматы. 2007г. 568 б.