ЖОҒАРЫ ОҚУ
ОРЫНДАРЫНДЫҒЫ ПӘНДЕРДЕ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ПЕДАГОГИГАЛЫҚ
ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Оңтүстік Қазақстан Педагогикалық
Университеті,
«Отырар» институтының оқытушысы
п.ғ.к. А.Т. Утебаева
Еліміз егемендік алып,
қоғамдық өмірдің барлық саласында,
соның ішінде білім беру саласында жүріп жатқан
демократияландыру мен ізгілендіру мектептерге
дағдарыстан шығаратын қуатты талпыныстарға жол ашты.
Сонымен қатар біздің Республикамызда білім
берудің жаңа жүйесі жасалып, білім беру кеңістігіне
енуге бағыт алуда. Бұл педагогика теориясы мен оқу
-тәрбие үрдісіндегі
елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр: білім беру парадигмасы
өзгерді , білім берудің мазмұны жаңарып , жаңа
көзқарас, басқаша
қарым-қатынасы, өзгеше менталитет пайда болуда.
Білім беру мазмұны жаңа үрдістік
біліктермен, ақпараттарды қабылдау
қабілетінің дамуымен ғылымдағы шығармашылық
және нарық
жағдайындағы білім беру бағдарламасының нақтылануымен
байланысқа түсуде. Ақпараттың дәстүрлі
әдістері: ауызша және жазбаша , телефон және радио байланысы – қазіргі заманғы
компьютерлік құралдарға ығысып орын беруде. Баланың
жеке басын тәрбиелеуде оның жан дүниесінің рухани
баюына, азамат, тұлға ретінде қалыптасуына көңіл
бөлуде. Бүгінгі жас
ұрпаққа жан-жақты білім беру, тәрбиелеу
әрбір ұстаздың басты міндеті. Қазіргі мектептің
алдында тұрған негізгі мәселе оқушыларды дамыта
оқыту, яғни оқушыны оқу әрекетіне қалыптастыру,
олардың оқуға ынтасын ояту, қызығушылығын арттыру.
Бұл ХХІ ғасыр табалдырығында тұрған азамат дамуының
жаңа кезеңі білім беру
прогрестің ең маңызды факторларының бірі болып
саналатын кезең [1].
Сондықтан, Қазақстан
Республикасының орта білімді дамыту тұжырымдамасында қазіргі
мектептер:
-практикалық қызметте
жинақталған барлық игіліктердің сақталуы ;
-қоғамның
интелектуалды қуатын жетілдіру;
-еліміздің
материалдық –қаржылық әл-ауқатын әрі
қарай дамыту;
-орта білім беру жүйесін
әрі қарай дамыту тағы сол сияқты міндеттерді
көздейді.
Өйткені ғылыми -педагогикалық әдебиеттерде іс жүзінде
анықталып табылған оқыту үрдісінің
нәтижесін көтеретін әдіс-тәсілдері, түрлері
көбінде жаңашыл инновация деп аталады.
«Инновация » ұғымы
педагогикалық сөздік қорына ежелден енген екен. Ол кейбір
ғалым дардың еңбектерінде «жаңа»,«жаңалық
енгізу » деп көрсетіледі.
Кейбіреулері оны «өзгеріс »деген терминмен анықтайды. Біздің
ойымызша, бұл түсініктер кең мағынадағы
терминдермен білім беру жүйесіндегі кез-келген өзгерісті сипаттайды
[2].
Себебі, Инновация термині қазіргі білім берудің
теориясы мен практикасында
кеңінен қолданылуда. Инновация ұғымы ең
бірінші ХІХ- ғасырда
мәдениеттанушылардың зерттеулерінен пайда болды, яғни бір
мәдениет түрлерін екінші ел мәдениетіне енгізу дегенді
білдіреді және бұл ұғым этнографиясында әлі
күнге дейін сақталған.
Инновация (латын сөзі in – в, novis- жаңа)-
жаңа , жаңалық , жаңарту дегенді білдіреді екен. С.И.
Ожегов сөздігі бойынша : инновация бірінші рет шыққан, жасалған,
жуық арада пайда болған, бұрыннан таныс емес енгізілген
жаңалық [3].
«Ғылымның қайнар көзі» - Ресейде
«инновация» ұғымына өте үлкен күдікпен қараған:
ХІХ-ХХ ғ. басындағы бірде- бір білім реформаларында бұл
термин кезікпейді. «Инновация »
ғылымына берілген ең ескі емес анықтама, бұл
салада американдықтар мен
европалық көлемді зерттеулер иесі Э.М.Роджерстің
анықтамасы болып есептеледі. Э. М. Роджерс инновацияны былайша
түсіндіреді: «Инновация – нақтылы бір адамға жаңа болып
табылатын идея» деп түсінік берсе, кейіннен «инновация» ұғымы
«білім беру жүйесіне жаңаны енгізу» мағынасында педагогикалық
еңбектерде кездесе бастады.
«Инновацияның негізін құраушы
ұғымдардың – «инновация» «нововедение» новшество» «новое»
т.б. қазақша аудармаларын жасаған
Ы. Алтынсарин атындағы
білім проблемаларын ғылыми зерттеу институты әдіскері К.Құдайбергенов болып табылады.
Өз еңбектерінде «инновацияны»- нақты қойылған
мақсатқа сай жасалынған жаңа нәтиже деп есептеді.
[4]
Демек, инновация
мақсат пен нәтижеге – жаңалыққа бет
бұрудың кілті деп айтамыз. Қоғамдағы
қазіргі кезде қайта құрулар экономиканы
дамытудағы жаңа стратегиялық бағдарлар
қоғамның алдағы , оның жедел ақпараттануы
мен қарқынды дамуы білім беруге қойылатын талаптарды
түбегейлі өзгертті. Әлемнің жетекші елдерінің
көпшілігінің білім берудің мақсатын, мазмұны мен
технологиялары, оның нәтижесіне қарап бағалайтын болды.
Білім берудің қазіргі негізгі мақсаты білім алып, білік пен
дағды –машыққа қол жеткізу ғана емес,
солардың негізінде дербес,
әлеуметтік және кәсіби біліктілікке – ақпаратты
өзі ізденіп табу, талдау және ұтымды пайдалану, жылдам
өзгеріп жатқан бүгінгі дүниеде лайықты өмір
сүру және жұмыс істеу
болып табылады.
Қазақстан Республикасының білім беру
жүйесі әлемде болып жатқан өзгерістермен үндесуде. Қазіргі
педагогикалық қоғамдастықтың алдында білім
берудің жаңа модулін құрудың, сынақтан
өткізу мен енгізудің ауқымды міндеттері тұр. Оның
жүйесінің негізгі ұстанымдары: «Қазақстан
Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту
тұжырымдамасында» көрсетілген. Қазіргі кезде әлемдік
қауымдастық Қазақстанды нарықтық экономика
елі ретінде танып отыр. Тәуелсіздік алған қысқа тарихи
кезең ішінде Қазақстан экономикада сілкініс жасады,
әлемдік өркениетпен ықпалдасуда жаңа прогресшіл
технологияларды пайдалануда . Елдің әлеуметтік- экономикалық
даму перспективалары айқындалған. Келер ұрпаққа
қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруді
мұғалімдердің инновациялық іс-әрекетінің
ғылыми педагогикалық негіздерін меңгеруі маңызды
мәселелердің бірі.
Инновациялық процесті зерттеу барысында
жүйенің бір жағдайдан
екінші жаңа жағдайға көшуі және
жаңалықты енгізу процесіне
басшылық жасау мәселелерін зерттеу
маңыздылығы Н.В.Горбунова
,М.В,Кларин, А.В.Лоренсов, М.М.Потащник,
В.И.Загвязинский, Т.И.Шамова, Н.Р.Чосуорбекова және т.б.
зерттеулерінде қарастырылған. [5]
Бүгінгі таңда Д.Б.Эльконин мен
В.В.Давыдовтың дамыта оқыту технологиясы, Ш.А.Амоношвилидің ізгілікті тұлғалық
теориясы, В.А.Шаталовтың оқу материалының тірек
белгілерімен тірек конспектілері
(сызба үлгілері)негізінде қарқынды оқыту технологиясы ,
П.И.Третьяковтың, К.Вазинаның, М.М. Жанпейісованың модульдік оқыту технологиясы,
В.М.Монаховтың, В.П.Беспальконың және басқа да
көптеген ғалымдардың технологиялары кеңінен танымал.
Сонымен қатар Лысенкованың «Перспективті дамыта оқыту
технологиясы », Н.П.Гузиктің «Сынып ішіндегі деңгейлеп–саралап
оқыту технологиясы», В.В.Фирсовтың «Міндетті нәтижелер
негізіндегі саралап оқыту технологиясы », Н.Н.Пиканның «Саралап
деңгейлеу технологиясы»,В.Дьяченконың «Жобалап оқыту
технологиясы», М.Жанпейісованың «Модульдік оқыту технологиясы »,
В.М. Монахавтың технологиясы,
Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдовтың «Дамыта оқыту технологиясы», В.Занковтың
дамыта оқыту жүйесі, И.П.Волковтың «Шығармашылық
пен дамыта білім беру технологиясы», Ш.Амоношвилидің «Ізгілікті – тұлғаны оқыту
технологиясы», В.Д.Шадриков «жеке бағытталған оқу жоспары
негізінде оқыту технологиясы», «Ұжымдық тәсілмен
оқыту технологиясы » «Ақпараттық оқыту технологиясы»
(Дьяченко), «Проблемалық оқыту технологиясы », «Ойын арқылы
оқыту технологиясы» В.В . Гузив
т.с.с. жаңа
технологиялық оқыту түрлері зерттелді.
Яғни оқу процесін технологияландыру дегеніміз- білім беру бағыттарына сай
оқыту процесін құрастыру. Педагогикалық технологияның
өзіндік ерекшелігі –қойылған мақсатқа жету
мүмкіндігіне кепілдік беретін оқыту процесін құрастыру
және оны жүзеге асыру . Оқылатын пән мазмұны
мұғалім мен оқушының өзара байланысты іс -
әрекеті. Оқушының ішкі даму процесі негізінде
анықталған нақты мақсат қана педагогикалық
технология құрылымын түсіну кілті бола алады. Қазақстанда
Ж.А.Қараевтің, Ш.Т.Таубаева,
Қ.Қ.Қабдықайыров, С.Н.Лактионова,
М.М.Жанпейісованың және басқа да ғалымдардың
оқытудың жаңа технологиялары белсенді түрде
қолдануда.
Ал соңғы жылдары оқытудың
модульдік технологиясы мен В.М.
Монаховтың, Дьяченконың оқытудың ұжымдық
тәсілі, сондай-ақ, профессор
Ж.Қараевтың оқытудың дербестендіру мен дифференциялау және білім беруді
демократияландыру мен ізгілендіру ұстанымдарына негізделген жаңа
педагогикалық компьютерлік
технологиясы еліміздің көптеген мектептерінде
қолданысқа ие болуда. Қазіргі
уақытта педагогика ғылымының бір ерекшелігі- баланың
тұлғалық дамуына бағытталған жаңа
оқыту технологияларын шығаруға ұмтылуы. Оқытудың
тиімділігін арттыру мақсатында жаңа білім парадигмасына
сүйене отырып , біз оқыту технологияларын тиімді жақтарын
таңдап алуымыз қажет және оқыту – тәрбие
үрдісінде озық технологияларды белсенділікпен енгізілуі керек. Еліміздің
болашағы көркейіп өркениетті елдің қатарына
қосылуы бүгінгі ұрпақ бейнесінен көрінеді.
Қазіргі білім беру саласында проблема- әлеуметтік- педагогикалық
және ұйымдастыру тұрғысынан білім мазмұнына
жаңалық енгізудің тиімді жаңа әдістерін іздестіру
, оны өмірде пайдалану.Әр заманның ұсынары бар
және қалай болғанда да заман ағымынан қалмай,
ілгеру жүру- ұлы мұрат.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
1. Қазақстан Республикасының
20158 жылға дейінгі білім беруді дамыту
тұжырымдамасы. //Қ.М, №1, 2004
ж.
2. Беспалько
В.П. Слагаемые педагогической технологий. –
М.: «Педагогика»,1989ж. 21-38 бет.
3.Жанпейісова
М.М.Технология модульного обучения.–Ақтөбе:РИПК:СО, 1999ж.
4. Таубаева Ш. Т. , Лактмонова С.Н. ,
Педагогическая инновация как
теория
и практика нововедений в системе
образавания : научный фонд
и
перспективы развитие . /Книга
1/- Алматы: Научно –
издательский центр «Ғылым »
2001.
5. Ахметова
А. К. Принципы технологий и содержание образовательной
программы . – Алматы , 1995.
Түйін
Мақалада келер ұрпақты
қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруді
мұғалімдердің инновациялық іс-әрекетінің
ғылыми педагогикалық негіздерін меңгеруі маңызды
мәселелердің бірі екендігі қарастырылды.