ӘОЖ 37.014 (574=512.122)

 

Самашова Г.Е.1, Құрымбаев С.Ғ.2

пед. ғыл. канд., доцент

Қуанышбекова Е.3, Жуасбаев М.4

КО-09-2 тобының студенттері

Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті, Қарағанды қ. 1, 3, 4

Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, Қарағанды қ.2

 

БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ КРЕДИТТІК ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ ЖӨНІНДЕ

 

Бүгінгі таңда қоғамның білім деңгейі мен санаткерлік әлеуеті ұлттық байлықты құрайтын маңызды сипатқа ие болып отыр, ал адамның білімділігі, кәсіби біліктілігі, шығармашылыққа талпынысы және кәсіби даярлығын жетілдіруге бейімділігі еліміздің дамуына, тұрақтылығына және қауіпсіздігіне негіз бола алады.

Қазақстан Республикасының білім беру саласы тамырын тереңге таратқан. Оқыту, тәрбиелеу және білім беру жүйесін ежелгі энциклопедист-философтар негізін салып, ұзақ уақыт бойы ұлы ойшылдар оны өз еңбектерінде дамытып, сол арқылы қазіргі кездегі Қазақстанның білім беру саласы құралып, ары қарай даму сатысында тұр.

1990 жылдардан бастап Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне, ұлттық идеяға бағытталған бағдарламалар дүниеге келуде.

1992 және 1999 жылдары қабылданған «Білім туралы» заңға байланысты Республикада білім беру саласын демократияландыру, гуманизациялау, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарды меңгеруге сай тың мәселелер қаралуда.

Ел Президенті Н.Назарбаевтың «Қазақстан-2030» бағдарламасына сәйкес «Мемлекеттік білім беруді 2010 жылға дейін дамыту бағдарламасы» бекітілді, оның негізінде Қазақстан Республикасы Үкіметі мақұлдаған «Қазақстан Республикасының білім беру саласын дамытудың 2015 жылға дейінгі концепциясы» жасалды. «Ауыл жылы» жариялануына байланысты «Ауыл мектебі» мемлекеттік бағдарламасы бекітілді [1].

Білім беру жүйесін жетілдіруде ең басты қадам - мемлекет бойынша Бірыңғай ұлттық тест және оқытушылардың аралық аттестациясы енгізілген [2].

Мемлекетте жоғарғы кәсіби білімді 50 мемлекеттік ЖОО-ды қамтамасыз етуде. Ондағы профессорлік-оқытушылық құрамы 38 мың, оның ішінде 14 мыңы докторлар мен кандидаттар.

Әлемдік ЖОО-ның жетекші жүйесінің үлгісіне жақындастыру мақсатында Қазақстанда 3 сатылы мамандарды даярлау жүйесі енгізілуде: бакалавриат – магистратура - доктарантура (PhD) [3].

Білім беру жүйесіндегі реформаны қалыпты шешу және болашақты дамыту мақсатында Қазақстанның білім беру жүйелерінде Республика бойынша оқу-әдістемелік кеңестер құрылуда, ал ЖОО-лар ішіндегі жетекшілері, яғни отыздан астамы оқу-әдістемелік орталықтары қалған барлық негізгі мамандық бойынша жұмыс істейді.

Ғылым және білімді дамытуға жағдай жасау мақсатында атаулы сыйлықтар және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлықтары беріледі, соның ішінде педагогика саласында ең үздік саналатын ғылыми зерттеу жұмысына берілетін Ы.Алтынсарин атындағы сыйлық және мемлекеттік стипендиялар бар.

Білім беру саласында Қазақстанда Халықаралық байланыстар кеңейтілуде. Жыл сайын мыңнан астам қазақстандықтар шетелдің ЖОО-ларында оқуда және ғылыми кәсіпорындарымен тәжірибе алмасуда, соның ішінде Президенттік халықаралық «Болашақ» стипедиясы бойынша иегелер саны да жылдан-жылға көбеюде (сурет-1).

      1 – сурет. 2010 жылға дейін «Болашақ» стипендиясының иегерлер саны

 

Білім беру саласында қайта құрудың ең басты кезеңі жалпы орта білім жүйесін ақпараттандыру. «Мектепке-интернет» бағдарламасы бойынша 1500 мектеп пен 70 колледжі Интернет жүйесіне қосылған және бұл жұмыс әлі белсенді түрде жүргізілуде. «Қазақстанның ауылдық мектептеріне арналған қашықтық оқыту» және «Қашықтан оқытудың спутниктік каналы» атты ұшақтық жобалар жұмыс істеуде, ол әртүрлі аймақтағы мұғалімдер мен оқушыларды өзара жұмыс істеуін қамтамасыз етуге арналған. Электрондық оқулықтар мен мультимедиялық оқу бағдарламалары жалпы білім беру саласындағы жиырмадан асық пәндер бойынша жасалған. Электрондық оқу залдары мен кітапханалар іске қосылды және жасақталуда [2].

Қазақстан Республикасының Евразиялық аймаққа кіруі, XXI ғасырға аяқ басуы ел Президентінің «Қазақстан-2030» атты стратегиялық бағдарламасына сәйкес жаңа техника мен технология үрдістерінің дамуы келешекте білім беру қандай бағытта өрбуі керек деген өзекті мәселе туғызды.

Тек білім беру арқылы ғана біз өткенімізді тануға, қазіргі уақытымызда еркін бағытталуымызға және келешегімізді болжап, қалыптастырумызға мүмкіндік аламыз. Тарихымызға көз салсақ Қазақстанның тәуелсіздік алғанына аз ғана уақыт өтіп, енді ғана аяғына нық тұрып жатқанын байқаймыз.

Басты жаңалықтардың бірі, Астанада Назарбаев университетінің ашылуы болып табылады. Бұл халықаралық білім ордасы Елбасының «интеллектуалды ұлт» қалыптастыру бастамасының бір қадамы ғана. Десек те, елеулі қадам. Бұл оқу орны Президенттің өзі айтқандай Лондон мен Сингапур арасындағы әйгілі оқу орнына айналмақ.

Университеттің еліміздің ішкі заңдарына бағынбайтын өз дербес заңы бар. Білім ағылшын тілінде беріледі. Талапкерлерді таңдауға да талап өте жоғары. Мұнда оқитын жастар ақпаратты-коммуникация технологиялары, ғарыш, нанотехнология мен компьютерлік инженеринг мамандықтары бойынша білім алуда.

Ал, екі жылдан соң мемлекеттік саясат пен бизнес мамандығанда оқитын студенттерге арналған магистратура ашылады деп жоспарлануда. Бұдан бөлек алты мектеп пен үш ғылыми орталық та салынбақ. Яғни өмір туралы, баламалы энергетика және инструменталды ғылыми орталықтарда студенттер ғылыммен жан-жақты шұғылданып, теориялық тәжірибелерін практикада шыңдай алады.

Жалпы аумағы 143 мың шаршы метрді алып жатқан университет студенттердің жатақханалары мен оқытушыларға арналған тұрғын үйлер де қарастырылған. Қазіргі уақытта университет әлемнің 30-дан астам жетекші жоғары оқу орындарымен 11 әріптестік келісіміне қол қойып үлгерген.

Қоғамның дамып өркендеуіне байланысты қазіргі таңда білім саласында ең өзекті мәселенің бірі әлемдік білім кеңістігіне жол ашатын 12 жылдық білім беру жүйесіне көшу мәселесін кеңінен қарастырып, тәжірибе жүзінде мемлекетіміздің бірнеше мектебінің оқу процесіне енгізілуде.

Білім берудің бұл моделі әлемнің 80% астам елдерінде қолданылады. Бұл – соңғы жиырма-отыз жылда ғылым мен техниканың орасан жетістіктерге қол жеткізіп, жаңа технологиялардың қоғам өміріні ңәртүрлі саласында кеңінен енгізілуіне байланысты туындаған жағдай. Сондықтан жастарды жаңа кезеңнің талаптарына сай тәрбиелеу үшін оларға жаңа мазмұнның, жоғары деңгейде білім беру қажет [1].

Осындай өзекті мәселені шешу үшін дүниежүзілік қауымдастық 12 жылдық білім беру жүйесін екөшуде. Ендеше біз де, әлемдік тұтастықтың бірі ретінде, бұл мәселеден шет қала алмаймыз. Керісінше, біз Қазақстанның білім беру жүйесін әлемдік білім кеңістігіне үйлестіруге мейлінше ұмтылуымыз қажет.

12 жылдық білім беру мазмұныны ңнегізгі мақсаты дамып келе жатқан қоғамда өмір сүруге икемді, қоғам пайдасына қарай өзін-өзі толық жүзеге асыруға дайын білімді, шығармашылыққа бейім, құзыретті және бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыру.

12 жылдық оқытуға көшу жалпы алғанда Қазақстандық білім беруді реформалаудың стратегиялық мақсатын: білім берудің ойлы, шығармашыл тұлғаны қалыптастыруғ абағдарланған жаңа ұлттық үлгісін дамытуға, «баршаға білім беру» үлгісінен» әрбір адамға өмір бойында білім беру» үлгісіне өтуге мүмкіндік береді және әлемдік білім беру кеңістігіне жеделенуді қамтамасыз етеді [3].

Бүгінгі күні әлемде жалпы білім берудің 12-жылдық мектепке арналған халықаралық стандарты қалыптасып отыр. Орта мектептегі 12-жылдық білім АҚШ, Канада, Жапония, Швеция, Францияда; Германия, Чехия, Италия, Швейцарияда – 13 жылдық; Голландияда – 14 жылдықжүйеқабылданған.

2004 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы бекітілді. Бұл бағдарламада тұңғыш рет еліміздің білім беру саласында күрделі реформа жүргізу, 11 жылдық орта білімнен 12 жылдық орта білімге көшу білім беруге бағдарланған оқыту жүйесінен дүниежүзілік үрдіск есәйкес білім беру жүйесіне көшу керектігі негізделген.

Кредиттік оқыту жүйесі – даралану, білім беру траекториясының білім ауқымын кредиттер түрінде есепке алу іріктелуі және даралану таңдамалылығы негізінде өз бетінше білім алу және білімді шығармашылықпен игеру деңгейін арттыруға бағытталған білім беру жүйесі [4].

Кредиттік оқыту жүйесін енгізудің мақсаты – ҚР-ның білім берудегі ұлттық жүйесін әлемдік білім беру жүйесіне интеграциялау, халықаралық стандарттарға сай келетін дипломдарды конверциялануын, олардың еңбек нарығында талап етілу жағдайларын қалыптастыру [3].

Кредиттік оқыту технологиясы Қазақстанның жоғары білім жүйесіне ұлттық білім беру бағдарламаларын халықаралық мойындау, студенттер мен оқытушы-профессорлық құрамның ұтқырлығын қамтамасыз ету мақсатында енгізілді.

Кредиттік оқыту жүйесінің мынадай артықшылықтары бар [5]:

-  Қазақстан жоғары оқу орындарының жоғары білім туралы дипломдарын әлемдік университеттік қоғамдастықтың мойындауы;

-  білім сапасының халықаралық стандарттарға сәйкестігі, сол арқылы қазақстандық жоғары мектептің халықаралық білім беру кеңістігіне кірігу үрдісін қамтамасыз ету;

-  академиялық еркіндік және оқу бағдарламаларының көп нұсқалылығы, пәндер мен оқытушыларды таңдау мүмкіндігі;

-  оқу үрдісі мен жеке білім алу жолын және мамандандыруды таңдауды ұтқыр жоспарлау мүмкіндігі;

-  студенттерге академиялық ұтқырлықтарды қамтамасыз етумен шектелмей, сонымен қатар жаңа жағдайларға бейімдейтін икемдерді қалыптастыруға, алған білімді іс жүзінде пайдалана білуге көмек көрсету;

-  оқу үрдісін барлық қажетті оқу және әдістемелік материалдармен қағаз жүзінде және электронды түрде қамтамасыз ету;

-  оқытудағы мәжбүрлеу әдісінен студенттің өзін білім алуға белсенділендіруге көшу. Мұнда студенттің өздік жұмысына баса назар аударылады, ол бітірушілерді «өмір бойы» оқуға дағдыландыруы керек;

-  студенттердің аудиторлық және өздік жұмыстарының тиімді арақатынастарын белгілеу.

Ата - баба өнегесі негізінде рухани адамгершілік  тәрбие беру жүйесін жасап, оны білім беру жүйесінде іске асыратын болсақ, онда білім сапасы мүлде жаңа деңгейге көтерілер еді. Себебі, өміршең тәрбие негізінде берілген білім – нәтижелі білім емес пе?

 

ӘДЕБИЕТТЕР

1        Білім туралы. - Об образовании: Қазақстан Республикасының Заңы. - Алматы: Литера, 2000. - 96 б.

2 Н.Ә. Назарбаев – «Жаңа әлемдегі – жаңа Қазақстан» - Қазақстан халқына жолдауы. 2007ж.

3        Н. Назарбаев – «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» -  Қазақстан халқына жолдауы 2011ж.

4        Самашова Г.Е., Готтинг В.В., Нұрмағанбетова М.С. «Кәсіби оқыту» бакалаврларын даярлаудағы мультимедиа құралдарының сипаты. Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің хабаршысы. – 2011. - № 1 (32). – Б. 52 – 56.

5        «12 жылдық білім беруге сай мамандықтарды дайындаудың өзекті мәселелері» - А. Мухамажитов.