ӘӨЖ
371.73
Жасөспірімнің
салауатты өмір салтын қалыптастырудағы педагогикалық
құндылық
Данияров Талғат
Абубакирович
П.ғ.к., Қ.А. Ясауи атындағы ХҚТУ доценті
Усенов Жалғасбек Турлыбекович
ОМЦ. Врач анестезиолог-реаниматолог,
2 категория. Қызылорда қ.
Сахитжанова Сахыш
Омаргазиевна
старший
преподаватель
МКТУ им. Х.А.Ясави
Саурбаева Улмекен
Жиеналиевна
старший
преподаватель
МКТУ им. Х.А.Ясави
РЕЗЮМЕ
Бұл мақалада жасөспірімнің
салауатты өмір салтын қалыптастырудағы педагогикалық
құндылық мәселесі қарастырылады.
РЕЗЮМЕ
В статье рассматривается ценности педагогических
научных проблем и здорового образа жизни.
SUMMARU
In article it is considered values of pedagogical
scientific problems and a healthy way of life.
Салауатты өмір салтын
қалыптастырудың маңызды шарты және осы
жүйелердің қызмет ету формасы болып ұжыммен
тәрбиелеу табылады. Педагогикалық әдебиетті талдау барысында салауатты
өмір салтын қалыптастыру процесінде тиісті шарттарды сақтауды
қажет ететінін анықтауға мүмкіндік берді.
Денсаулықты сақтайтын
білім процесінде денсаулықты сақтауды ескере отырып
ұйымдастыру, психологиялық жағдай жасау; оқушының
денсаулығын рационалды сақтау; жүйелі білім процесін
ұйымдастыру. Бұл үшін құрылымдық
бөлімдер құрылуы мүмкін. Олар: оқушылар
денсаулығын сақтау бойынша мектеп орталығы, әлеуметтік
психологиялық адаптация қызметтері, экология, дене тәрбиесі орындары, спорт залдар, білім
гуманизациясы, творчестволық лабораториялар, пән
оқытушыларының әдістемелік ассоциациялары және т.б. [1].
Денсаулықты сақтауда және қалыптастыруда
максималды нәтижеге жету үшін психологиялық жақсы
жағдайлар болу керек. Ол дегеніміз- мектептегі балалар және
үлкендердің ара-қатынасы, достық атмосфера бойынша
балалардың достығы, әр түрлі творчестволық
әрекетте тұлғаны қалыптастыру, өзінің
психофизиологиялық ерекшеліктеріне сай оқу және даму
мүмкіндігі, творчество және әдемілік атмосферасы.
Мектептегі балалардың
негізгі әрекеті болып оқу табылғандықтан, дәл
оқудағы табыстылық мектептегі оқушылардың
жақсы жағдайына ықпал етеді, ал бұл әрқайсысы
үшін өзінің жеке ерекшеліктеріне сай дамуға
мүмкіндік беру арқылы іске асады. Осыған байланысты
бүгінгі мектеп алдында балаларды дамыту және сақтау
проблемасын тиімді шешуге мүмкіндік беретін формалар, әдістер
және технологияларды табу мәселері тұр. Бұндай
мақсатты іске асыру барлық мектеп пәндерінің оқу
потенциалын есепке алу кезінде ғана тиімді болады.
Жас өспірімдердер
әрекеті түрлерінің әртүрлілігі оқу
және оқудан тыс уақытта іске асады. Оқудан тыс
уақытта оқушылардың әрекеті әдетте сыныптас тыс
жұмыста қарастырылады. Сонымен қатар, педагогикалық
әрекетте сыныптан тыс жұмыс болып оқу процесінен тыс
оқушылар және оқытушылардың мақсатты
ұйымдастырылған әрекеті табылады.
Сыныптан тыс уақытта
жүргізілетін тәрбие жұмысы оқу процесінде іске асатын
тәрбиені толықтырады және тереңдетеді. Сыныптан тыс
тәрбие жұмысының негізгі белгіленуі - оқушыларда
білімнің әртүрлі аумақтарына және әрекет
түрлеріне қызығушылық тудыру және
тереңдету, олардың таланттарын және қабілеттерін ашу
және дамыту, оларға
мамандық таңдау кезінде көмек көрсету, бос уақытын мәдени
ұйымдастыру. Сыныптан тыс жұмысқа оқушылармен бірге
әртүрлі тәрбие-білім сабақтары жатады. Олар
оқудан тыс уақытта өзін-өзі басқару органдарымен
және педагогикалық ұжым басшылығы көмегімен
ұйымдастырылады. Осыған байланысты, педагогикалық
әдебиеттерде көрсетілген сыныптан тыс тәрбие
жұмысының ұйымдастырылу және іске асуының
маңызды принциптерін көрсетуге болады [2].
Сабақтан тыс уақытта
оқушылармен жұмыстың ерекшелігін анықтайтын негізгі
принцип болып сабақтардың формасын және бағытын
таңдау еркіндігі табылады. Сонымен қатар, сабақтың кез-келген
түрінің қоғамдық бағыты бар, оқушы
өзіне қажетті және пайдалы әрекетпен айналысады.
Сыныптан тыс жұмыс инициативаға және жеке әрекетке
тіректі талап етеді, бұл жасөспірімдік жаста өте
маңызды, себебі кез келген әрекет немесе шара оқушылармен
өздерінің еркімен пайда болған әрекет деп
қабылданады, сондықтан оларды белсенді твочестволық
әрекетке ынталандырады.
Сыныптан тыс жұмыс тек
көңіл көтеру принципінде құралмау керек, сонымен
қатар ойын әрекеті, эмоционалдылық, романтика, әдемілік болу керек. Жалпылық принципі де
маңызды орын алады, яғни сынытас тыс жұмыстың әртүрлі
түрлеріне қатысушылардың жалпылығы.
Кешендік принципін іске асыру
әр шараның тәрбие жұмыстарын максималды шешуге
бағытталған болу керек. Мазмұнды, ұйымдастыру
формалары, және әдістерін таңдау кезінде
оқушылардың өсіндік және жеке ерекшеліктері
сақталады.
Сыныптан тыс жұмыс
мазмұны бойынша әртүрлі болады. Оған кіретіндер: дене
шынықтыру, еңбек, көркем-эстетикалық,
қоғамдық пайдалы әрекет және т.б. Сыныптан тыс
жұмыстың формаға еңгізілген көптеген
түрлері бар: ұжымдық (мектеп кештері, конференциялар,
конкурстар), топтық (клубтарға, спорт ұйымдарына
қатысу), оқушылармен жеке жұмыс (сыныптан тыс оқу,
өнермен өз бетінше айналысу).
Сыныптан тыс тәрбие
жұмысының формаларының әртүрлілігі мектеп
өмірінің өзгермелі қоғамдық
жағдайларымен, жаңа әдістермен толықтырылады.
Олардың мазмұны және әдістемесі теледидар
бағдарламаларының атақты ойындарымен байланысты
(«Дөңгелек стөл», «Аукцион», «Не?Қайда?Қашан?)
[3].
Оқушылармен тәрбие
жұмыстарының әртүрлі формасын үш топқа
бөлуге болады:
1)
мектеп өмірімен басқару және өзін өзі
басқару формалары (жиналыстар, сынып жетекшісінің сабақтары,
жиналыстар);
2)
тану фомалары (экскурсиялар, фестивальдар, ауызшы журналдар, газеттер,
тематикалық кештер);
3)
көңілді формалары (кештер, «капустниктер»).
Қазіргі жағдайларда
тәрбиелеушілер назары тұлғаны қалыптастыру
мәселесіне аударылады. «Тұлғалық
бағытталған тәрбие», «оқушыға
бағытталған оқу» түсініктері тәжірибелік,
ұйымдастырушылық-педагогикалық, психологиялық
мазмұнмен толықтырылады: интеллектуалды, физикалық және
эмоционалды даму деңгейінің диагностикасы, білім мазмұнын жеке
қарқынының тактикасын және стратегиясын жасау
және мінездің нақты ерекшеліктерін қалыптастыру.
Осыған байланысты қатысушылар санына байланысты сыныптан тыс
тәрбие жұмысын іске асыру формаларының жіктелуі терең
зерттеліп келеді. Педагогикалық процесті ұйымдастырудың жеке,
топтық және жалпы формалары бір жағынан
тәрбиеленушінің ерекшелігін есептеу және әрекетін
ұйымдастыруды, ал екінші жағынан- барлығының жеке
тұлғалармен әріптестігінің әлеуметтік
жағдайларға бейімделуін қамтамасыз етеді.
Сыныптан тыс жұмыстың
мазмұны және формалары оқушының
қызығушылықтары және сұраныстарымен анықталады.
Сыныпта тәрбие жұмысының кең таралған түрі
болып сынып сағаты табылады. Осы түрдің пайда болу
қажеттігі оқушыларды тәрбиелеуді эстеткалық,
құқықтқы және т.б. әрекеттер бойынша
жинақталған әрекетті жүргізуден байланысты болды.
Атақты педагог В.А.Сухомлинский сынып жетекшісі оқушылармен тек қана өткен кезеңге
ғана емес, сонымен қатар алдын ала болжанған тақырыптар
бойынша әңгіме- денсаулық, жанұя, өнер ету керек
деп айтты [4].
Осылайша, сыныптан тыс
жұмыстың мазмұны жасөспірімнің салауатты
өмір салтын қалыптастыру процесінде нақты жағдайлар
қатарымен анықталады, олар осы әрекеттің
ұйымдастыру принциптеріне негізделеді: шараларға еркін
қатысу, тапсырыстарды таңдау еркіндігі және оларды іске
асыру, жастық жеке психологиялық ерекшеліктер деңгейіндегі қол
жетерлік, ұжымдық талаптарды ескеретін
қызығушылық.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР
1. Педагогика /Под ред. Ю.К.
Бабанского. - М.:Просвещение, 1988. - 179с.
2.
Болдырев Н.И. Методика воспитательной работы в школе. - М: Просвещение,
1981. -223с.
3.
Селиванов В.С. Основы общей педагогики: Теория и методика воспитания. -
М.:Академия, 2000. - 336с.
4.
Сухомлинский В. А. Как воспитать настоящего человека. -М.:Педагогика,
1990.-287 с.