Міндетбаева
А.А.
Қ.А.Ясауи
атындағы ХҚТУ, Информатика және сандық әдістер
кафедрасының аға оқытушысы, Түркістан қаласы,
Қазақстан.
Никимбаева М.А.
Қ.А.Ясауи атындағы
ХҚТУ, 050111-Информатика мамандығының 3 курс студенті,
Түркістан қаласы, Қазақстан.
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПРАКТИКАНЫ ЖҮРГІЗУДЕ
КЕШЕНДІ ТАПСЫРМАЛАРДЫ
ҚОЛДАНУ
Педагогикалық практиканың
маңызы студенттердің белгілі бір уақыт аралығында
мектептің педагогикалық ұжымның мүшесі болады,
бірегей жұмыс жоспарына қатысады, еңбек тәртібін
сақтайды, балаларға қатысты бірегей тәрбие
жұмысына қатысады. Ұжым мүшесі ретінде ол
педагогикалық қызметті ұйымдастыруда белсенді ат салысады.
Педагогикалық кеңесте, әдістемелік кеңесте, сынып жетекшілерінің
семинарларында, конференцияларда
үздік жұмыстардың мұғалімі талданады.
Студенттердің мұғаліммен арақатынасы сыйластық,
түсіністік, педагогикалық мәселелерді
шығармашылық талқылау негізінде құрылады.
Болашақ
мұғалімдердің педагогикалық практикасы кезінде негізге алынатын жағдай - олардың
ұйымдастырушылық шеберліктерін жетілдіруге көңіл
аудару. Ұйымдастырушылық шеберлігі дамыған
мұғалім ғана керекті материалды іріктеп, оның білім
берудегі маңызын айқындап, берілетін білімнің мақсатын
саралап, керекті құралдарын
дайындап, оқытудың әдіс-тәсілдерін іріктей алады.
Педагогикалық
практиканы табысты өткiзу үшiн, студенттердiң кәсiби
бiлiмдердi, iскерлiктер мен дағдыларды саналы игеруге
шығармашылықпен және үлкен жауапкершiлiкпен қарау
қажеттiгiне көздерiн жеткiзiп, педагогикалық практиканы
өз бетiмен орындайтын педагогикалық iс-әрекет ретiнде
қарастыру керек. Ол үшін практикадан өтетін студенттерге
арналған әрбір практика түрлеріне байланысты кешенді
түрде тапсырмалар дайындалуы тиіс.
В.А.Сластениннiң
пiкiрi бойынша, нақты тапсырмалар студенттердiң өзiндiк
танымдық iс-әрекетiнiң мәндi дәлелдерiн
қалыптастыру үшiн, тапсырманы орындау процесiн өз бетiмен
бiлiм алу iс-әрекетiмен жақындастыру үшiн жағдайлар
туғызады. Нақты тапсырма студенттердiң өзiн-өзi
әлеуметтiк, кәсiптiк және адамгершiлiк тұрғыдан
танып-бiлуiне ықпал ететiн өзiндiк танымдық
iс-әрекетiнiң әлеуметтiк-мәндiк себеп-салдарын
қалыптастыру үшiн жағдай жасайды дей келе, «іс-әрекет мақсатымен және оны
жүзеге асыру шартымен сәйкес келетін педагогикалық
жағдайлар - педагогикалық тапсырма болып табылады» - деп анықтама береді. Г.М.Коджаспирова
«Педагогикалық тапсырма туындаған педагогикалық
жағдайлар мен оны шешу негізіне бағытталған, қажетті
әрекеттер жоспары» деп қарастырады.
Сонымен
кешендi тапсырма ұғымына анықтама берейік: «Кешенді
тапсырма - мақсат қоюдан нәтиже алғанға дейiнгi
тұтас педагогикалық үрдісті қамтамасыз ететiн,
педагогикалық мәселелер жүйесiн шешуге
бағытталған логикалық байланысты әрекеттердiң
жиынтығы».
Кешендi
тапсырмалар келесi басты қағидалар негiзiнде құрылады:
1) кешендi
тапсырмаларды орындау үшiн пәнаралық бiлiмдер мен iскерлiктер
қажет болады;
2) педагогикалық
процестiң барлық қатысушыларының өзара
қарым-қатынасы негiзiнде мақсаттың,
құралдардың және орындалған
нәтижелердiң бiрлiгiн қамтамасыз ететiн
жүйелiк-iс-әрекеттiк
амал-әдiс таңдалынып алынады;
3) кешендi
тапсырмаларды репродуктивтiктен шығармашылыққа дейiнгi
өзгермелi тәсiлдермен орындауға мүмкiндiк берiледi.
Кешендi тапсырмаларды аталған қағидалардың негiзiнде
құрастырудың әдiстемесi оларды практика
мәселелерiн шешудiң және оны ұйымдастырудың
құралы ретiнде пайдалануға мүмкiндiк бередi.
1-
суретте кешендi тапсырманы орындау моделi ұсынылады.
Модельге
студенттер орындауы тиiс әрекеттердiң бiрiздiлiгiн қамтитын жалпыланған алгоритм,
оларды жүзеге асырудың мазмұны, тәсiлдерi мен
формалары, қажеттi бiлiмдер мен iскерлiктер қарастырылған.
Модель студенттердiң тапсырмалар орындау кезiндегi бiрiздiлiгi мен
сипатын анықтайтын өзiндiк бағдар болып табылады.
Практиканттар төмендегідей
оқу-тәрбиелік іскерліктерді игеруі керек: тәрбие жұмысын жалпы адами және
ұлттық тәрбие принциптері тұрғысынан жоспарлау, талдау
және жүзеге асыру;
тәрбиеленушіге деген жоғары талаптарды оның
тұлғасына деген терең құрметпен
сабақтастыру; тәрбиеленушілер тұлғасынан оң
мінезді табу және жеке келістерді жүзеге асыру кезінде оған
арқа сүйеу; келешекті сызықтар мен параллель іс-әрекет
әдістемесін қолдану; жеткіншектерді психологиялық зерттеу
мақсатында әдістемелер кешенін қолдану; оқушыларды психологиялық
зерттеудің оқу-тәрбие процесін талдау кезіндегі
нәтижелеріне сүйену; оқу-тәрбие процесін (оның
жекелеген жақтарын) талдау негізінде университет оқытушысы
көмегімен нақты оқу-тәрбие мәселеін қою
және оны шешу жолдарын жоспарлау;
қойылған мәселелерді шешу мақсатында
тәрбиеленудің формаларын, әдістерін және құралдарын
таңдау, әрі қолдану; тәрбиелеу құралын
таңдау кезінде оқушылардың жас және жеке ерекшеліктерін
ескеру; - оқушылық топ ұжымында өзін тәрбиелеу
бойынша жұмыс ұйымдастыру; сабақтың және
сабақтан тыс тәрбиелік шараның негізгі элементтерін
бақылау және талдау, нәтижелерді педагогикалық практика
күнделігіне тіркеу, оларды талдау; өзін кәсіби
дайындаудың бағдарламасын құру және орындау;
педагогикалық күнделік жүргізу.
Студенттердiң педагогикалық практикаға даярлық
деңгейi әртүрлi болатындықтан, мұны кешендi
тапсырмалар орындауда ескеру керек. Практикаға даярлық
деңгейiне байланысты студенттер кешендi тапсырманы әртүрлi тәсiлдермен
орындайды. Студенттердiң бiр бөлiгi кешендi тапсырма орындау
үшiн әрекеттер алгоритмiн және алгоритмiнiң әрбiр
элементiн орындауға байланысты нұсқаулар алады. Тапсырмалар
репродуктивтiк деңгейде орындалады. Олардың екiншi бөлiгi
кешендi тапсырмаларды орындау кезiнде қосымша нұсқаусыз, тек
әрекеттер алгоритмiн ғана пайдаланады. Тапсырмалар
репродуктивтiк-шығармашылық деңгейде орындалады. Ал ендi
студенттердiң үшiншi бiр бөлiгi кешендi тапсырмаларды
жасалынған алгоритмдi теорияға сүйенiп шығармашылық
деңгейдi пайдалана отырып орындайды. Кешендi тапсырманы орындау
тәсiлiнiң өзгерiмдiлiгi студенттердiң тапсырмаларды
таңдауына және оларды шешу тәсiлiн өз бетiмен
таңдап алуға мүмкiндiк бередi. Бұл оның
кәсiби iс-әрекетiн, iс-әрекеттiң жекелеген
тәсiлiн бағалай бiлу қажеттiгiн қалыптастыруға
септiгiн тигiзедi. Зерттелiп, әзiрленген әрекет алгоритмiнде iс-әрекет мақсаты,
құралдары және нәтижелерiнiң бiрлiгiн,
сондай-ақ педагогикалық процестiң барлық
қатысушыларының өзара қарым-қатынасы
көрiнiс табады.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1.
Бекбаева З.Н. Студенттердің педагогикалық практикасын кешенді тапсырмаларды құрастыру
және қолдану негізінде жетілдіру. П.ғ.к.
ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған
диссертацияның авторефераты., - Алматы. 2008.
2.
Педагогическая практика студентов факультета педагогики и психологии:
учебно-методическое пособие / Под ред. Т.Д. Красовой. - Елец: ЕГУ им. И.А.
Бунина, 2007. - 139 с.
3.
Крюкова Т.А. Формирование профессиональной компетентности будущего учителя
в процессе педагогической практики : Дис. канд. пед. наук: 13.00.08 :
Волгоград, 2004 200 c. РГБ ОД, 61:04-13/2634