АДАМГЕРШІЛІК
ҰҒЫМЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ СИПАТЫ
Оңтүстік
Қазақстан Педагогикалық Университеті,
«Отырар» институтының магистранты
Мусабекова Карима Бакировна
Адамгершiлiк мәдениет адамзат
қоғамының даму тарихы арқылы қалыптасады, әрбiр
дәуiрдiң өзiндiк қайшылықтарымен бiте
қайнасып, жетiледi. Сондықтан да адамгершiлiктiң мәнiн
абстрактылы түрде қарап, оны адамдардың табиғатымен,
биологиялық ерекшелiктерiмен ғана байланыстыруға болмайды.
Адамзат тарихында адамгершiлiкке байланысты пайда
болған категорияларға мыналар жатады: жомарттық,
батырлық, ерлiк, әдiлдiк, қарапайымдылық,
кiшiпейiлдiлiк, адалдық, шыншылдық, ұяттылық, ар мен
намыс, тағы басқалары. Әрбiр қоғам
өзiнiң даму процесiнде адамгершiлiк категорияларына, оның
мазмұнына көптеген өзгерiстер енгiзiп отырған.
Адамгершiлiк - адамдардың практикалық өмiрiнен тамыр алып,
пайда болған әдет- ғұрыптар мен дәстүрлердi
тудырып, солармен сәйкес дамиды. Ал мораль болса, шындыққа
қарама- қарсы, терiс қарым- қатынаста пайда болады
және адамның өзiне субьективтi түрде мiндет қоя
бiлумен туындайды. Адамгершiлiк қасиеттерi отбасында,
қоршаған ортада, балалар бақшасында, мектепте,
адамдардың iс-әрекетiнiң барысында бiр- бiрiмен араласуы
нәтижесiнде, қоғамдық тәжiрибе алуын
өмiрмен байланыстыру арқылы қарлыптасады. Халықта:
“Ұяда не көрсең, ұшқанда соны iлерсiң”
деген мақал бар. Тәлiм – тәрбие болмаған жерде
адамгершiлiк мәдениетi мен қасиетi де қалыптаспайды.
Адамгершiлiктi, оның жоғарыда айтылған
категорияларын қалыптастыру үшiн жүргiзiлетiн қатынастар
аз емес, өте көп. Олар: дос- жарандармен, ата- анамен, оқушы
мен ұстаздың арасында қарым- қатынас орнату,
өзара сыйласу, қонақжайлылық, жолдастық,
достық, туыстық қарым- қатынастар.
Адамның адамгершiлiгi - оның жоғары
қасиетi, былайша айтсақ, кiсiлiгi. Оның негiзгi
белгiлерiнiң бiрi - адамдық ар - намысты ардақтау, әр
уақытта жақсылық жасауға ұмтылу, соған
дайын болу, “Өзiң үшiн еңбек қылсаң, - дейдi
Абай, - өзi үшiн оттаған хайуанның бiрi боласың.
Досыңа достық- қарыз iс, дұшпаныңа әдiл
бол”. Ақылды, мейiрiмдi адам кез- келген уақытта
өзгенiң жақсылығын бағалағыш болып келедi.
Арлы адам- ардақты. Бiздiң ортамызда осы сапаларды бойына
сiңiрiп қана қоймай, өзiн қоршаған
ортаға таратушы, осындай өз сапаларымен жас ұрпақты
тәрбиелеушi ұстаздар аз емес. Адамгершiлiгi мол адам -
басқаларға қашан да үлгi-өнеге.
Батырлық, ерлiк көрсету дегенiмiз -
адамның жан дүниесiнiң ерекше қасиетi. Ержүрек
адамды бүкiл халық мақтаныш етедi. Бауыржан Момышұлы,
Талғат Бигельдинов, Әлия Молдағұлова,
Мәншүк Маметова, тағы басқа ер жүрек
ұл-қыздарымыз халқымыздың мақтанышы.
Олардың әрқайсысы бiздiң елiмiзге абырой, атақ,
даңқ әкелдi. Соларды үлгі, өнеге етіп отыру.
Әр адамның бойында жастайынан
мынадай қасиеттер қалыптасуы керек. Олар:
Отансүйгiштiк.
Халқымыз кiр жуып, кiндiк кескен атамекенiн аялап, елiнiң
тiлi мен мәдениетiн, әдебиетi мен тарихын, бiртуар аяулы
перзенттерiн мақтан тұтып, қадiрлеп, қастерлеудi
ұрпағына аманат еткен.
Қазақ елi – бiздiң Отанымыз,
атамекенiмiз. Оны қастерлеп, қадiрлеп қадiр
тұтқан адам ғана есейе келе туған халқы мен
ел-жұртын, атамекенiн шын көңiлiмен сүйетiн болады.
Өйткенi халқымыз “Отан – от басынан басталады” деп бекерге
айтпаған. Ата-анасын, өз үрiм-бұтағын жанындай
жақсы көрiп сүймеген баланың ел-жұртын,
халқы мен ұлтын сүйетiн толыққанды азамат болуы
екiталай. Ұлтжанды кiсiнiң имандылық – адамгершiлiк
қасиеттерi, сондай-ақ, оның достарына, ата-анасына деген
көзқарасынан да жақсы байқалады. Қазақ
елiнiң кез-келген перзентi жұмыр жердiң қай
бұрышында жүрсе де өзiнiң iс-әрекетi мен
мiнез-құлқынан өз ұлты мен халқына деген
сүйiспеншiлiк қасиеттерiн тайға таңба басқандай
айқын байқатып отыруы тиiс.
Әдептiлiк.
Бұл халқымыздың ұлттық
психологиясының өзегi, имандылық пен адамгершiлiктiң
басты белгiсi, оның ғасырлар бойы қалыптасқан
қоғамдық санасының практикалық көрiнiсi,
барлық кiсiлiк қасиеттердiң жиынтығы. Әдеп
сақтаудың экологиялық астары да бар. Әдептi адам
табиғаттың досы, оны қызғыштай қорғай да
бiледi. Табиғаттың әсемдiгi мен сұлулығына,
әдемiлiгiне әрбiр адам зиян келтiрмеуге тиiс. Мәселен, суды
ластау, талды кесу, қайнардың көзiн ашпау, жолдағы
тасты алып тастамау, көктi жұлу, құстарды ату,
құдыққа түкiру – барып тұрған
әдепсiздiк. Әдеп сақтау – халықтық рәсiмге,
жол-жоралғыға, тәртiпке бағыну, ерiксiз бағыну
емес, бұл ата дәстүрдi құрметтеу,
қастерлеу, дәл айтқанда адамгершiлiк борышты өтеу.
“Әдептiлiк - әдемiлiк” дейдi халық. Яғни,
әдептiлiк: iзеттiлiк, кiшiпейiлдiлiк, көпшiлдiк деген сөз.
Бауырмалдық.
Халқымыздың бауырмалдығы “Бала бауыр еттен
жаралған” деп, оны ерекше қастерлеп, әлпештеуден
бастаған. Осы туралы қасиеттi кiтап: ешбiр адам баласы жат емес,
барлық адамзат баласы бiр-бiрiне дос, бауыр дейдi. Олай болса
оқушыларды бастауыш сатыдан бастап бауырмалдық қасиетке
баулуымыз қажет.
Қайырымдылық.
“Қазақтардың” – деп жазды, осы халықтың
өмiрiн, тұрмыс-салтын зерттеушiлердiң бiрi А.И.Левшин:
“(1799-1879) – басқа Азия халықтарына қарағанда,
қайырымдылық, адамды аяу, қарттарға құрмет
көрсету, баланы аялап, жанындай жақсы көруі – айрықша
қасиет. Яғни, қайырымдылық – кең мағыналы
ұғым екенiн оқушыларға түсiндiруiмiз қажет”
.
Түйін
Адамгершiлiк мәдениет
адамзат қоғамының даму тарихы арқылы қалыптасады,
әрбiр дәуiрдiң өзiндiк қайшылықтарымен бiте
қайнасып, жетiледi. Сондықтан да адамгершiлiктiң мәнiн
абстрактылы түрде қарап, оны адамдардың табиғатымен,
биологиялық ерекшелiктерiмен ғана байланыстыруға болмайды.