ПАТРИОТИЗМЖӘНЕ СТУДЕНТ
ЖАСТАРДЫ ӘЛЕУМЕТТЕНДІРУ
МӘСЕЛЕСІ
Астана қаласы.
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
Албытова Назымгүл
Пышақбайқызы
«Студент» - латын тілінен аударғанда ынтамен
жұмыс істеуші, білімді меңгеруші деген мағына береді. Егер,
студент 17-20 жастағы тұлға ретінде қарастырылса,
бұл оның өнегелі және эстетикалық
сезімдерінің белсенді дамитын, мінез-құлқының
қалыптасып тұрақтанатын, есеюдің әлеуметтік
рольдерінің (азаматтық,
кәсіптік, еңбек және т.б.) толық кешенін
меңгеретін кезеңі. Психологиялық жағынан
қарағанда, студенттердің жеке тұлға болып
қалыптасып, дамуына биологиялық, психологиялық,
әлеуметтік факторлар әсер етеді.
Жаһандану идеясы негізінде
дүние жүзілік дамудың ішкі үйлесуі мен әлемдік
кеңістікке бағытталған саяси, экономикалық, білімдік,
ақпараттық, мәдени, ғылыми
қозғалыстардың өзара ықпалдасуы жатыр. Кез-келген мемлекеттің алдына қойған
мақсаттарына қол жеткізуі жастарды толық қамтымайынша
мүмкін емес. Ал студент жастар қоғамның
органикалық бөлігі және олар елімізді сақтау және
дамыту, оның мәдениеті мен тарихын ары қарай жалғастыру
үшін жауапты қоғамдық-әлеуметтік топ
құрамына кіреді.
Белгілі бір кезеңде
қоғамдағы қайта құру үдерісі
өскелең ұрпақтың қалыптасуына өзінен-өзі
ықпал етеді деген қате пікір салдарынан тәрбиеге өз
мәнінде көңіл бөлінбей, жастар арасында келеңсіз
құбылыстар орын ала бастады. Жастар күш-қуаты мол,
жаңашыл жалындаған топ болғандықтан олар түрліше
инфроқұрылымдар мен түрлі қажетті және
қажетсіз топтарға
(мемлекеттік-саяси, қоғамдық және бизнес
орталар, субьмәдениеттер т.б.) қызығушылық танытады.
Кейбір теріс әсерлер салдарынан
жастар үшін әлеуметтік-мәдени, тұлғалық,
статустық дәрежесі болатын білімнің
құндылығы, өзіндік әлеуметтік феномен ретінде
өз дәрежесіне әлі де көтерілмей отыр. Жастар үшін
мамандық және оқу орнын таңдау көкейкесті
мәселе болып келеді.Зерттеушілер қазіргі кездегі
студенттерді«тұтынушылар», «имигранттар», «традиционалист»
тәрізді топтарға бөліп қарастырады. Яғни,
білім алушылардың үштен бір бөлігінің еңбекке
деген көзқарасы оң болса,екі бөлігі Отанға
қызмет ету жауапкершілігін сезінбейді.
Қазақстан тәуелсіздік
алған тұстан бастап еліміздің экономикалық және
қоғамдық-саяси жүйесінде түбегейлі
өзгерістер болып, оның
нәтижесіндежастар тәрбиесі саласы
айтарлықтай өзгерістер болып жатыр.Мәселен,
Қазақстандағы жастар саясатының негізгі мақсаты
жастарға қоғамдық және мемлекеттік қолдау
көрсету арқылы әлеуметтік жағдай жасау, жастарды
әлеуметтік қорғау, оның шығармашылық белсенділігін,
қабілетін, бейімділігін, сонымен қатар өзін-өзі
дамытуын қалыптастыру болып отыр.
Студенттің әлеуметтенуі
белсенді іс-әрекетте, қызметте және адамдармен
қарым-қатынаста, ізденісте, өз жауапкершілігін
сезінудің нәтижесінде іске
асады. Студент әлеуметтену үдерісінде берілген қоғамда
қабылданған құндылықтарды, қалыптарды,
мінез-құлық үлгілерін бойына сіңіреді.Бұл
орайда, есте ұстайтын негізгі жайтстуденттерді әлеуметтендіруде
белгілі бір әлеуметтік-саяси нормалар мен құндылықтарды
ырықсыз түрде қабылдай беру емес, керісінше олардың белсенділігі мен ерікті
таңдауы болуы тиіс, яғни қалыптасқан
құндылықтарды өз бетінше іріктеп, саралап
қабылдауы. Осыдан, студенттерді
әлеуметтендірудің мақсаты қалыптасқан
экономикалық, әлеуметтік, саяси және рухани-идеологиялық
құрылымдарды сақтай отырып, одан әрі дамыту
болмақ. Әсіресе,
тұтынушылық, имигранттық психологиядан шығып, ар, ождан, намысты жоғары ұстау,
туған жер, халық алдындағы жауапкершілікті естен
шығармау. Осы бағытта жастардың бойында
қазақстандық патриотизм сезімін қалыптастыруда бұқаралық ақпарат
құралдары мен білім беру жүйесі арқылы мақсатты,
жүйелі насихат және ағарту жұмысын жүргізу
қажет. Патриотизмді, азаматтық сана-сезімді дамыту – үнемі
жіті назар аударуды қажет ететін елеулі
фактор.
Әрине,
патриотизмнің нақ рухани-адамгершілік табиғатын сезіну
өте маңызды, себебі рухани-адамгершілік тəрбие негізінде
патриотизм жақсы жағдайда профанацияға айналады, ал жаман
жағдайда - шовинизмге, ұлттық паңдыққа,
өзгелерге деген агрессияшылдыққа əкелуі мүмкін.
Өз халқының мəдениетіне кірістіру арқылы
тұлғаның белсенділігін арттыруға болады. Бұл -
тек мəдениет туралы білім ғана емес, сонымен қатар
мəдениетпен, салт-дəстүрмен бірге әлеуметтік ортада
үйлесімді өмір сүру – әлеуметтену. Студенттерді
әлеуметтендірудегі патриоттық сезімдерді дамыту ерекшелігі -
Қазақстан жастарын тəрбиелеу мен әлеуметтендіру
жүйесіндегі осы бағыттың орнын анықтайды. Бұл
бағыттаменталдықтың өзіндік орны бар демекпіз.
Өйткені ғылымда ұлттық мәдениеттің
әлеуметтендіруге тигізетін
әсерін «менталдық» деп атайды. Бұл ұғымды
ХХ ғасырдың бас кезінде
әлеуметтану ғылымына француз ғалымы Л.Леви – Брюль енгізген.
Менталитет – халықтың терең, іргелі рухани санасы,
тарихи-мәдени және климаттық-табиғи жағдайларының әсерімен
қалыптасқан көпшіліктің ақыл-ойы мен түсініктері. Ұлттық
менталитет өсіп келе жатқан жас буынды тәрбиелеуде
ұстанатын болжау (имплициттік) теориясын да қамтиды ( Н.С.Кон).
Жоғарыда
келтірілген жастарды әлеуметтендіру ерекшеліктері бізге студенттік
топтарда арнайы жүргізілетін тәрбиелік жұмыстарды
мақсатты, жоспарлы, жүйелі жүргізу қажеттігін
көрсетті. 2011-2012 оқу жылында осы бағытта біршама
жұмыстар жоспарланып, олар уақытылы орындалып келеді. Мысал ретінде факультеттегі «Руханият» студенттік
клубының атқарған «Республика күні», «Қыз сыны»,
«Желтоқсан жаңғырығы» атты іс-шараларын келтіруге
болады. Осы шаралар біріншіден,
студенттердің Қазақстан халықтарының
тарихи-мәдени мұрасына ізгілікті қатынасын,
ұлттың төл мәдениетін танып-білу
қызығушылығын, оларды өмір сүруде қолдануға
ынталы, мәдени мұраны сақтау және одан әрі дамыту
қажеттігін ұғындыруға; екіншіден, студенттердің шығармашылық
қабілеттерінің дер кезінде дамуына, өзгермелі ортада өз орнын таба білуіне жағдай жасауға; үшіншіден,
қазіргі заманғы тұлғалық-бағдарланған
білім жүйесіндестуденттердің бойында еңбекке деген
дұрыс мотивация қалыптастыру, жұмыс нарығында
кәсіптік шеберлікке қол жеткізу негізіндеОтанға қызмет
ету жауапкершілік сезімін қалыптастыруға бағытталып жоспарлы
жалғасын табады.
Сонымен, студенттердің
патриоттық сезімдерін дамыта отырып, оларды әлеуметтендіруде бар күшжастардың
əлеуметтік талаптарына, өздерінің керек екендіктерін,
қоғам үшін бағалылығын түсінуіне
бағытталуы керек демекпіз.
Пайдаланған
әдебиеттер тізімі:
1. Қазақстан Республикасы Президентінің
«Қазақстан Республикасының азаматтарына патриоттық
тәрбие берудің 2006-2008 жылдарға арналған мемлекеттік
бағдарламасы туралы» 2007 жылғы 10 қазандағы №200
Жарлығы
2. Жастар саясаты: жастарды әлеуметтендіру мәселелері және
оның келешегі. Астана. 2009ж.
3. Халитова И. Әлеуметтік педагогика. Алматы.: Білім.-2007.-200 бет.
4. Мудрик А.В. Социальная педагогика. Москва: Академия, 2007.-224с.
5. Мустаева Ф.А. Социальная
педагогика. М.: Академический Проект; Екатеренбург: Деловая книга, 2003.-528с.
В статье рассматривается
роль патриотического воспитания как фактор социализации студентов.