«Қазақ тілі сабағында  дамыта оқыту технолгиясын қолдану тиімділігі»

 

Қарағанды қаласы

№30 жалпы білім беретін орта мектебінің

бастауыш сынып мұғалімі

Кузембаева Ляззат Дюсенбаевна

 

«Бала дамуының ең шарықтау шегі –

                                                   бұл тіл мен ойдың шығармашылығы»

Л.С. Выготский

   

      Оқытудың, тәрбиелеудің мазмұнын қоғам дамуының қарышты қадамына сәйкестендіріп, оны шырқау биіктерге көтеруге бағытталған тың әдіс-тәсілдер жасалуда. Нәтижесінде тұтас педагогикалық үрдістер өзгертіліп, білім берудің тиісді деп табылған жаңа технологиялары дүниеге келуде. Оқыту барысында жаңа технологиялық әдістерді пайдалану шәкірттердің ойлана білу қабілеттерін дамытады, олардың білім сапасын жақсартады, ой өрісін кеңейтеді, есте сақтау қабілеттерін өсіреді. Оқыту мен дамыту әдістерінің екеуі де жеке тұлғаның қалыптасуына үлкен ықпал ететін маңызды айғақтар болып саналады. Дамыта оқытуда оқушының ойлау, ізденушілік, зерттеушілік қабілеттері артып, талдау арқылы белгілі бір шешімге келуге, оны дәлелдей білуге, оқушының өз ой-пікірін айтуға мүмкіндік беріледі.

      Бастауыш сатыбұл оқушы тұлғасы мен санасының қарқынды дамитын құнды, қайталанбайтын кезеңі. Сондықтан бастауыш мектепоқушыны тұлға етіп қалыптастырудың алғашқы баспалдағы. Президент жолдауында: «Ұлттың бәсекеге қабілеттілігі бірінші кезекте білім деңгейімен айқындалады» – деген байламы жеке адамның құндылығын арттыру, оны дайындайтын ұстаз жауапкершілігінің өсуі, тынымсыз еңбек, сапалы нәтиже деген ұғыммен егіз. Қазіргі мектеп білім берудің ұлттық моделіне өту оқыту мен тәрбиелеудің соңғы әдіс-тәсілдерін, жаңа инновациялық педагогикалық технологияны игерген, психологиялық-педагогикалық диагностиканы қабылдай алатын, нақты тәжірибелік іс-әрекет үстінде өзіндік даңғыл жол салуға икемді, шығармашыл педагог-зерттеуші, ойшыл мұғалім болуын қажет етеді.

Мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқыту үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияны ендіруді міндеттейді. Сондықтан оқу-тәрбие үрдісінде жаңа инновациялық әдіс-тәсілдерді енгізу оқушылардың білімге деген қызығушылығын, талпынысын арттырып, өз бетімен ізденуге, шығармашылық еңбек етуге жол салу.

Бастауыш сынып оқушыларын оқытуда негізінен дамыта оқыту технологиясы басшылыққа алынады. Себебі қазіргі оқулықтар дамыта оқыту технологиясы негізінде жазылған. Сондықтан әрбір бастауыш сынып мұғалімі «Дамыта оқыту» технологиясындағы  сабақтың құрылымын, әдіснамалық негіздерін толық меңгеріп, өз іс-тәжірибесінде шығармашылықпен қолдана білуі тиіс.Оқушылардың сабаққа қызығушылығын оятатындай тапсырмалар мен жұмыс түрлері ұйымдастырылады.Мысалы,2-сыныпта «Сөйлем» тақырыбын оқытудың осы кезеңі саяхатқа шығу арқылы бірнеше тапсырмаларды мүдірмей орындап,тапсырманы дұрыс орындауын қадағалау керек.Саяхатқа шығу үшін тіркескен вагондары бар поезға отырамыз.Әр вагонға бір жұмбақтан жасырынған.

Мысалы,1-вагонда: «Жылт-жылт еткен,жырадан өткен»;

 2-вагонда: «Тәтті,тәттінің іші қатты,қаттының іші тәтті»;

3-вагонда: «Кішкентай ғана бойы бар,айналдырып киген тоны бар»;

4-вагонда: «Қанаты-жоқ ұшады,аяғы жоқ қашады»;

5-вагонда: «Ти десем,тимейді,тиме десем ,тиеді»;

6-вагонда: «Отқа жанбас,суға батпас»;

1-тапсырма:Әр жұмбақтың шешуін тауып,әрқайсысының шешуіндегі бірінші әріптен сөз құрастыру керек.-Қандай сөз шықты?-СӨЙЛЕМ.

2-тапсырма:Паровоз тоқтап қалды.Көмекке келейік.Ол үшін сөйлем неден тұратынын табайық:-Сөйлем сөзден тұрады.-Сөйлемнің бірінші сөзі қалай жазылады?

3-тапсырма:-Пойыздың ең соңғы вагонына сөйлемнің ТЫНЫС БЕЛГІСІ деген сөз жазылыпты.Қалай ойлайсыңдар,бұлар қандай сөйлемдар?Мұндай сөйлемнен кейін қандай тыныс белгілері қойылады?Қане,ойланып көрейікші.

-Нүкте.Сұрау белгісі.Леп белгісі.

-Сөйлем туралы ойды жинақтап ,сызбаға түсіруге болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


       Осындай жұмыстың түрінің негізінде оқушылардың жаңа тақырыпқа бет бұруына жағдай жасайды да,жаңа тақырыпты дұрыс меңгереді.Жаңа тақырыпты мнңгертудің алғы шартын қалыптастыру жұмыстары жүргізіледі:

·        Үй тапсырмасын жаңа тақырыппен байланыстыру;

·        Жаңа тақырыпқа негіз болатын түсінік-белгілер туралы ойларын жинақтау;

·        Өткен тақырыппен өтпеген оқу материалын шебер байланыстырып сұрақ қою арқылы проблемалық жағдаят тудыру;

·        Стандартты емес тапсырма беру;

·        Беймәлім(танылмаған) білім нысаны туралы ақпаратты проблемалы түрде беру,яғни оқушыға білім неғұрлым жұмбақ көрінсе,ол оны соғұрлым білсем деген ынтасы арта түседі.Осы әрекеттерді ұйымдастыру арқылы мұғалім жаңа сабақтың қызықты өтуін қамтамасыз етеді.

       Сабақ барысында оқулықтағы жаттығулар мен оқулықтан тыс тапсырмалар орындатылады.Сонымен қатар ойындар ойнатуға да болады.

Мысалы: «Адасқан сөйлемдер» дидактикалық ойыны.

Ойынның шарты:берілген сөйлемдерді айтылу мақсатына қарай өз үйіне орналастыру керек.1.Өсімдік көктейді 2.Түйе боталайды  3. Балам,өркенің өссін  4.Дала қандай аппақ   5.Қамшы деген не  6.Кірпі қалай дыбыстайды

 

 

 

 

 

 

 


Ой сергіту жаттығуы: «Сөзден сөз шығарып,ол сөздерден сөйлем құра»деп беруге болады.

Дамыта оқыту – дәстүрлі оқытуға соңғы уақыттарға дейін балама жүйе деп қарастырылды. Оның нәтижесінде әр оқушы өзін-өзі өзгертуші субъект

дәрежесіне көтерілуі көзделіп, соған оқыту барысында лайықты жағдайлар жасау үлкен нәтиже берді.

Дәстүрлі және дамыта оқыту жүйелерінің негізгі белгілерінің салыстырмалы сипаттамасы

 

Педагогикалық процесінің компоненттері

Мазмұнындағы басымдылық

   Дамыту оқыту

Мақсат

Дәстүрлі иллюстрациялық түсіндірме әдісі

   Байқампаздығын, ойлауын, практикалық әрекетін дамыту

Бастапқы мазмұн

Оқушыларда білім, білік, дағды қалыптастыру

Заңдылықтарды, теорияларды, ұғымдарды, ережелерді қорыту

Оқытудың формалары

Факторлар, мысалдар, тақырыптар, дәлелдер

Бірлескен ұжымдық іс-әрекет

Оқыту әдістері

Жеке,топтық,фронтальді ауызша түсіндіру, көрнекілік, практикалық

Проблемелық баяндау, ізденушілік, зерттеушілік, ойлау

Бақылау, бағалау

Оқытудың нәтижесін мұғалімнің бақылауы, бағалауы

Өзін-өзі бақылау, өзін-өзі бағалау, рефлекция

 

         Дәстүрлі оқыту әдістемесі негізінде метафизикалық (сандық, мазмұндық) әдіснама, ал дамыта оқыту технологиясының негізінде диалектикалық (интенсивті, сапалық, мәнділік) әдіснамасы жатыр деп айтуға болады. Дәстүрлі оқыту балада білім, білік, дағды алуға қажетті ақыл, сана бар деп есептеп, сол ақылға дайын білімді құю керек деген көзқарасқа, ал дамыта оқыту бала бойындағы табиғи қабілеттерді, ойлауды, жаңа белестерге көтеруді мақсат тұтатын принциптерге негізделген. Дәстүрлі оқыту жаттауға, есте сақтауға, ал дамыта оқыту дербес жұмыс істеуге, алған білімді пайдалана білуге үйретеді.

       Дамыта оқытуда баланың ізденушілік – ойлау әрекетін ұйымдастыру басты назарда ұсталады. Ол үшін бала өзінің бұған дейінгі білетін амалдарының, тәсілдерінің жаңа мәселені шешуге жеткіліксіз екенін сезетіндей жағдайға түсуі керек. Содан барып оның білім алуға деген ынта-ықыласы артады, білім алуға әрекеттенеді. Сабақ мұндай жағдайда төмендегідей 3 құрамдас бөліктерден тұратын болады.

1.     Оқу мақсаттарының қойылуы.

2.     Оны шешудің жолын бірлесе қарастыру.

3.     Шешімнің дұрыстығын дәлелдеу.

Бұл – үшеуі дамыта оқытудың Д.Б.Элконин – В.В.Давыдов жасаған жүйесінің негізгі компоненттері.

Дамыта оқыту технологиясының нәтижелері:

1.     түрлі әдістерді пайдалану сабақтың нақты мәнін терең ашуға көмектеседі;

2.     оқушылардың барлығын сабаққа қатыстыруға мүмкіндік туады;

3.     олардың әрқайсысының деңгейін анықтауға болады;

4.     оқушылардың көбін бағалауға мүмкіндік бар;

5.     оқушыларды ізденіске баулып, өз бетімен жұмыс істеуге үйретеді;

6.     оқушылардың қабілеттері, сөз саптау еркіндігі, ұйымшылдығы, шығармашылық белсенділігі артады;

7.     жеке тұлғалық сипатын дамытуға, шығармашылығын шыңдауға, өзіне деген кәсіби сенімін қалыптастырады

      Бастауыш білім беру деңгейінде қолданылатын оқыту технологиялары төмендегі негізгі талаптарға сәйкес болуы керек.

 

 

·        Оқу үрдісінде білім алушылардың өздерін еркін сезінуіне жағдай туғызу.

·        Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын дамыту, күтілетін нәтижелерге жетуге талаптандыру.

·        Жеке бас дамытуға бағытталған әдіс-тәсілдерді қолдану.

·        Өз бетімен жұмыс істеп, шешім қабылдауға мүмкіндіктер туғызу.

       Дамыта оқытуда баланың ізденушілік - зерттеушілік әрекетін ұйымдастыру басты назарда ұсталады. Ол үшін бала өзінің осы кезге дейінгі білетін тәсілдерінің жаңа мәселені шешуге жеткіліксіз екенін сезініп, содан барып оның білім алуға деген ынтасы артып, білім алуда әрекет жасайды.