Филологические науки\ 3.Теоретические и методологические
проблемы исследования языка
к.ф.н., доцент Найманбай А.Р.
Евразийский национальный
университет им. Л.Н. Гумилева, Казахстан
Қазақ тіліндегі антонимдердің көркем прозадағы
стильдік қызметі
В статье рассматривается стилистические и контекстуальные задачи
антонимов в произведениях казахского писателя Г. Мустафина.
In the article stylistic and contextual tasks on
antonyms were considered in this G. Mustaphin’s work.
Антонимдік
қатынастар – көркем шығарма тілінде
қарама-қарсылық мағыналық жүк
көтеріп, үлкен стилистикалық қызмет атқарады. Кез
келген көркем туынды – қандай да бір тілдік құралдар
арқылы жүзеге асып, оқырман сезіміне әсер ететіні
белгілі жағдай.
Шеберлік деген ұғымның
ауқымы кең. Ол талмай талаптану, шығармашылық ізденіс
тәжірибесінде жетіліп, қалыптасады да, үлкен іске жол ашады.
Тегінде – шеберліктің қолданылу аясы да мол. Зергер қолынан
шыққан асыл заттар да, әр алуан бояу, өрнектерімен
әшекейленіп, өмір қажеттігіне асып жатқан
тұрмыстық бұйымдар да өз шеберлерін тапқан
заттар. Небір сұлу қалалар, сәулетті ғимараттар шын
мәнінде іскер қолдың жемісі болса, көркем сөз
шеберлерінің де көтерер жүгі мен атқарар ісі мол болып
келмек. Сөз зергерлері – шеберлікті жан-жақты жетілдіріп,
шыңдай түсуі қажет.
Жазушының тіл шеберлігі ғалым А.
Байтұрсыновтың пікірі бойынша адам санасының үш
негізіне сүйену барысында жүзеге асады: ақыл; қиял;
көңіл.
«Ақыл ісі – аңдау, яғни
нәрселердің жайын ұғыну, тану, ақылға салып
ойлау, қиял ісі – меңдеу, яғни ойдағы
нәрселердің тұрпатына, бейнесіне ұқсату,
бейнелеу, суреттеп ойлау; көңіл ісі – түю, талғау» [1,
141]. Осы үшеуіне сүйену негізінде ақын зерттеу отырған
затты не құбылысты жеткізеді. Сонымен қатар
ақынның жаңа қолданыстарының пайда болуына негіз
болатын осы үш нәрсе.
Көркем шығарма тілінің
стильдік қажеттілігі туралы ғалым Ғ. Кәрімов: «Көркем тексті өнер туындысы ретінде
зерттегенде таза лингвистикалық әдіс-тәсілдермен шектеліп
қалу жеткіліксіз. Себебі, көркем туынды, даралық көркем
стиль жазушы шығармаларының көркем құрылысы
ғана емес, әр жазушының шығармаларына тән
мазмұн мен түр ерекшеліктері. Көркем әдебиет
стилистикасында шығарманың тілін оның идеялық
мазмұнынан бөліп алып қарауға болмайды. Бұдан
талдаудың лингвистикалық принциптері мен
әдіс-тәсілдерін әдебиеттану тұрғысынан талдаумен
ұштастыру қажеттілігі туады» – деп жазса [2, 17], академик
Ғ. Сыздық «Көркем
туындының тілін лингвистикалық стилистика тұрғысынан
талдау дегеніміз – тілдің жеке бөліктерін (единицаларын)
түгелдеу емес, сол бөліктердің, айталық,
сөздердің, тіркестердің, сөйлемдердің
қолданысын, қолданыстағы көрінісін зерттеу
болмақ. Нақтылай айтсақ, сол бөліктерді теріп алып, жалаң
көрсете салу – көркем тілді зерттеушінің шаруасы емес, сол
сөздердің қолданысы қандай мақсатты өтеп
тұр, солар арқылы жазушы нені, қалай суреттеп тұр –
осыларды тану»
[3, 5 б.] деген тұжырым жасайды. Ғалым И.А. Федосов стильді
«белгілі бір қарым-қатынас саласындағы коммуникативтік
функцияларды орындайтын лексикалық, фразеологиялық және
грамматикалық жүйені білдіреді» деп түсіндіреді [4, 211].
Контекстік антонимдердің қолданысы
жөнінде И.А. Стернин: «Көп жағдайда контекстік антонимдерді
жасаушы фактор, көп жағдайда жалпы көнерген
мағынаның бар болуы мен қарама-қарсы бірлік,
мағынаның қарама-қарсы дифференциал және потенциал негізінде пайда болады» [5, 23] – деп жазса, белгілі
зерттеуші-ғалым А. Жұмабекова: «қазақ тіл білімінде
антонимияны зерттеудегі аз қарастырылған аспектілердің бірі –
контекстуалды антонимдер болып табылады. Антоним болмайтын сөздер
мәтінде қарама-қарсы қойылып, олар стилистикалық
антонимдер деп аталады», – дейді [6,
24].
Узуалды (тұрақты емес) және
контекстуалды антонимияны белгілеу шартты түрде ғана және
дәстүрлі болумен байланысты. Сөйлеу барысында белгілі бір
жаңа құбылыс пайда болып бекиді, содан кейін ғана
тілдік жүйеге көшеді. Контекстуалды оппозицияларды узуалдылардан
бөлектеуші шектер тұрақсыз болады. Бірнеше мысалдарда
қарама-қарсылықтардың қайталануы контекстуалды
антонимдердің узуалдардың қатарына өтуіне себепкер
болады. Көп мағыналы сөздің бір мағынасын
жоғалту, антонимиялық лексемалардың тілдік саладан
шығуына себепші болады.
Антонимдерді тілдік және контекстуалды
деп бөлудің басты себептері олардың негізінде жатқан
қарама-қарсылық бірінші қатарға шығады.
Үлкен – кішкентай, ауыр –
жеңіл жұптары қисынды түрде ұғымдармен тез
байланысып, әр түрлі контексте бірге болуының арқасында
дәлме-дәл орнына келтіру дәрежесінің
жоқтығын иемденеді. Ал сөйлесуде кездесетін антонимдерге
келер болсақ, мұндай тілдік және ассоциативті
қарама-қарсылық іске асады, ал қисындылық
жағы келесі кезекте қалады. Осы сияқты оппозициялар белгілі
бір контекске тән.
Узуалды антонимиялық оппозиция –
градуалды, привативті немесе эквиполентті түрде туындап, қисынды
және тілдік қарама-қарсылықты білдіре, екі және
одан да көп лексемаларды қарсы қойып, адам санасындағы
тұрақты қарама-қарсы ассоциацияларды бекітеді.
Қарсы қою элементтеріне лексикалық, грамматикалық және
стилистикалық біркелкілік тән.
Контекстуалды антонимиялық оппозиция
дегеніміз – екі және одан да көп лексемаларды
қарама-қарсы қою және ассоциативті, тілдік
қарама-қарсылықтарды іске асыру. Контекстуалды антонимдер –
тіл жүйесінде бір-біріне қарама-қарсы семантиканы
білдірмейді, әр алуан тілдік және тілден тыс себептерге байланысты
контексте бір-біріне қарама-қарсы қойылады. Бұнда
оппозициялар сөйлеу барысында бір рет ғана қолданылады,
оларға қарама-қарсы құрылымдардың
және қарама-қарсылықтың формалды
құралдарының міндетті
түрде болуы қажет» [6, 26].
Тілші-ғалым, академик М.С. Серғалиев
антонимдердің стильдік қызметі жөнінде былай дейді:
«Қазақ тіліндегі антонимнің стилистикалық
қызметіне қатысты зерттеулер жоқтың қасы. Тілдік
факторларға қарағанда, ондай қызмет баршылық.
Мұны біз жазушы Ғ. Мұстафин шығармалаы арқылы
талдаймыз.
Алдымен, антонимдік
құбылыстың өзі тілдегі
қарама-қарсылыққа негізделгендіктен, контрасты
айқын байқататыны белгілі: Жамандықты жасырса,
жақсылықтан қасиет қала ма? («Қарағанды»,
186-б.).
Екі құбылысты салыстырып,
қарсы қою арқылы қайсыған ерекше мән беру
керектігі түсінікті болады: Жаман
жерде жел ескен. Жақсы жерге ел көшкен («Шығанақ»,
175-б.). Игіліктің ерте-кеші жоқ, жоспарыңызды қалдырып
кетіңіз («Миллионер», 247-б.).
Антонимдік қатарлар кереғар
іс-әрекеттердің пайда-зиянын айқын білдіреді: Ақымақ
достан, ақылсыз дұшпан артық. («Шығанақ»,
277-б.). Ақылмен мыңды,
ақырумен бірді ғана көндіресің («Шығанақ»,
9-б.).
Қайшылықтың тереңірек
ашылуына антонимдік қатардағы сөздердің
эмоциональдық қасиеттері елеулі ықпал етеді: Асыл сөз
нар кескен қылыштай, жаман сөз өтпес пышақтай.
Сипалақтап көп сөйлегенше, аз сөйле де дәл айт
(«Шығанақ», 23-б.).
Антоним мағыналас сөздердің
келесі бір тобы адамды әлдебір қимылға, жақсы істі
орындауға шақырып, соған үгіттейді: – Аз уақытта,
көп өзгеріс болыпты, – деді Жақып, рюмкесін орталап
қойып («Миллионер», 377-б.).
Маусымбай көп біліп, көп айтса да аз түсінетін
тәрізді («Қарағанды», 17-б.).
Антонимдердің қолданысында кей
реттерде қимыл-әрекеттерді, қимыл-әрекеттердің
сын-сипаттарының немесе сол қимыл-әрекет иелерінің
болып жатқан немесе болған оқиғаға
мүмкіндігінше толық қатысатынын көрсетеді: – Сыртын
өзің көрдің, мен ішін де көрдім («Дауылдан
кейін», 404-б.). Сырты қиналғанмен іші күлімдеп тұр. –
Әйеліңіз бүгін емес, ертерек бұзылған («Дауылдан
кейін», 468-б.).
Антонимдердің қызметінен
қарама-қарсы ұғымдағы сөздердің
оқиғаға бірдей дәрежеде қатынасатынын
байқауға болады: Ыстық-суыққа, аш-тоққа,
қуаныш-қайғыға, ақылға ортақтаса
білгенді айт («Шығанақ», 169-б.).
Сөйлеу, жазу практикасында көрініп
жүргеніндей, антонимдер шартты түрдегі қалыпты жайды
танытады. Оның мәнісі – антонимдерді қолданғаннан
кереғар әрекеттердің ешқайсысы байқала
қоймайды деген сөз: Ол Шығанаққа түсінеді,
дүлей машинаға түсінбейді («Шығанақ», 28-б.).
Сөзін бітірер-бітірместен Ержан тұра жөнелді, Төкен
қоса жөнелді («Шығанақ», 39-б.)» [7, 174].
Антонимдердің стилдік қасиетке
қатысты нақты талабын М.И.
Сидоренко былай деп түсіндіреді: «нақты ұғымды
білдіретін сөздер түрлі стильге жатса немесе эмоционалдық-экспрессивті
бояуы түрлі болса, онда олар антонимдер болып табылмайды» [8, 113].
Тілдік деректер мағына
қарама-қарсылығы лексикалық немесе фразалық
антонимдермен шектелмейтіндігін көрсетеді. Тілімізде жеке
тұрғанда антоним бола алмайтын сөздер де қолданылу
ретіне қарай бір-біріне қарсы мағынада жұмсала алады.
Ондай сөздердегі, мағына қарама-қарсылығы
көбінесе мәнмәтінге байланысты болады, ондай антонимдер
сөз мағынасының әр қырынан көрінуіне,
сөздің стильдік мүмкіншілігіне байланысты болады.
Сондықтан оларды лексикалық
немесе фразалық антонимдерден бөліп, стильдік (контекстік)
антонимдер деп атаған дұрыс. Ғалым Ж. Мусин стильдік
антонимдердің жасалуының мынадай түрлерін атап өткен:
1)
Тіліміздегі мағыналары бір-біріне қарсы болсада үнемі жарыса,
қатар қолданылып, антоним ретінде қалыптасқан кейбір
сөздерді осы стильдік антонимдер қатарына жатқызуға
болады; 2) Стильдік антонимдер сөздің синонимдік қасиетін
пайдалану арқылы да жасалады. Көркем әдебиетте стильдік
антонимдердің мұндай түрлері жиі кездесіп отырады; 3)
Сөздің ауыс мағынада қолдану мүмкіндігін
пайдаланып та стильдік антонимдер жасауға болады; 4) Сөздің
синекдохалық қасиетін пайдаланып та стильдік антонимдер жасала
береді; 5) Стильдік антонимдер кейде, бірде, біресе, не, немесе, яки
сияқты сөздердің көмегі арқылы да жасалуы
мүмкін. Стильдік антонимдер жасау үшін аталған сөздер
сапалық ұғымдарды білдіретін сөздермен тіркесіп, бір
сөйлем ішінде немесе көршілес сөйлемдерде қайталанып
келулері тиіс. Бұлайша қайталап келу сапалық
ұғымдарды білдіретін сөздер арасындағы аз ғана
мағына қарама-қарсылығын күшейтіп жібереді.
Сөйтіп, антонимдік мән береді [9, 22-24].
Антонимдер сапаның бағасын
білдіргенде, олардың мағынасы объективтегі дүниедегі заттар
мен құбылыстардың арақатысына байланысты болады. Егер
бұл қатынас өзгерсе, антонимдердің мағыналары да
өзгереді. Бұл өзгеріс антонимдердің қолданылуына
тікелей әсер етеді. Келтірілген антонимдік контекстердің
көпшілігіндегі қарсы мағыналас сөздер
сөйлемнің бірыңғай мүшесінің қызметін
атқаратындығын байқатады.
Әдебиеттер:
1. Байтұрсынов А. Ақ жол. –
Алматы, 1991. – 463 б.
2.
Көркем тексті өнер туындысы
ретінде зерттеудің өзекті мәселелері.
– Алматы, 1993.
3. Шалабаев Б. Көркем проза тілі. – Алматы: Білім,
1994. – 128 б.
4.
Федосов И.А. Функционально-стилистическое дифференциация русской фразеологии. –
Ростов на Дону:Изд-во. Ростов на Дону университета, 1977.
5. Стернин И.А. Лексическое значение слова в
речи. – Воронеж, 1985.
6. Жумабекова А.К. Оппозитивный анализ
антонимических единиц казахского и русского языка: дис.... докт. филол. наук. –
Алматы, 1995. – 161.
7. Серғалиев М. С. Стилистика негіздері.
Оқулық. – Астана: Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ, 2006. – 273
б.
8. Сидеренко М.И. Антонимия и
экспрессивно-стилистическая принадлежность слов. В кн.: Слово в
лексико-семантической системе языка. – Л., 1972.
9. Мусин Ж. Қазақ тілінің
антонимдер сөздігі. – Алматы: Мектеп, 1984. – 176 б.
Заявка на участие в конференции
1. Найманбай
Айнур Рахымбердикызы
2.
Евразийский национальный университет им. Л.Н. Гумилева. Республика Казахстан.
3. Доцент
кафедры практического казахского языка, кандидат филологических наук.
4.
Республика Казахстан. 010008. г. Астана, ул.
Мунайтпасова 5.
5. 8
7172 35-75-69 (внут. 56-24); факс: 24-29-20; мобильный тел.: 87015702694.
6.
E-mail. Ainura-1978@mail.ru
7. Тема статьи: Қазақ тіліндегі антонимдердің көркем прозадағы стильдік қызметі.