Түркі
тілдеріндегі дуративті қосымшалардың берілу жолдары
Сманова
Бақытгүл Ілесханқызы –
ОҚПУ
доценті, ф.ғ.к.
Қазіргі
түркі тілдерінде қимылдың бірнеше қайталануын
білдіретін қосымшалар жеке грамматикалық категориялар ретінде
өздері кездеспейді. Көпшілік жағдайда олар басқа
грамматикалық категориялардың қосымшаларының көп
мағыналарының бір
мағынасы ретінде қолданылады. Сондықтан да бұл
қосымшалар туралы пікір айтқан ғалымдар оларды түрлі
грамматикалық категориялардың құрамына енгізіп жібереді
де‚ мағыналарын анықтағанда ғана бөліп
көрсетеді.
-ала‚
–еле қосымшалары туралы пікір айтқан ғалымдар оны екі
элементке бөліп:а –ла‚ е-еле деп көрсетеді.Бұл жердегі ла-ле элементі
ла-ле қосымшасымен
төркіндес. Бұл қосымшаның құрамындағы
а‚ -е‚ элементі туралы айтылған пікір онша көп емес. Екінші бір топ
ғалымдар да -ла‚ –ле қосымшасын -ала‚ –еле қосымшасымен
тең деп санап‚ олардың бірін
екіншісінен ажыратпайды. Мысалы: А.Ысқақов етістік негізді
туынды түбір етістіктерді талдаған кезде -ла‚ –ле қосымшалы
туынды түбірлерге мысал беріп‚ олар арасында бірнеше -ала‚ –еле
қосымшалары арқылы жасалған туынды түбір етістіктері
келтіріледі. Мысалы: қуала‚ т.б.[1,248]. Соңғы пікірдің
пайда болуына бұл екі қосымшаның мағыналарында
айырмашылықтың болмауы себепші болған сияқты. Сондықтан
да көпшілік ғалымдар -ла‚ –ле қосымшасының көне
формасы -ала‚ –еле болған деген пікір де айтқан. Татар
тілінің грамматикасын жазған авторлар: «Тектес қосымшалар
арқылы жасалынған етістік негізді туынды түбір етістіктер
кездеседі: чүкеле ″сесть на кортычках″ (чүк – встать на
колени‚ припасть) ‚ куала ″погонять‚ подгонять‚ понукать″ (ку
-гнать‚ гонять‚ гнаться)‚ алдала ″обманывать″ (алда -обманывать)‚
сибеле ″накрапывать″ (о дожде)‚ (сип–поливать).
Чүк–чүкәлә‚ ку–куала‚ сип-сипәлә
сөздерін салыстыра отырып бұл қосымшаның көне
варианты –ла‚ -ле‚ болмастан -ала‚ –еле екендігіне көз жеткізуге болады деген қорытынды жасауға
болады.[3,287]. Әрине, авторлардың берген дәлелдері өте
сенімді емес. Неліктен кейде дауысссыз дыбыстарға біткен түбірлерге
-ла‚ –ле тікелей қосыла береді‚ ал –ала‚
-еле қосымшалары қосылмайды деген
сұрақтарға жауап бермеген. Мысалы: айқай-ла‚
қарай-ла, сұрақ-та, дерек-те т.б.Сабала,төбеле,тістеле
сияқты сөздерге ала,-еле қосымшасы қосылған деуге
дыбыс заңдылығы бойынша бір дауысты дыбыстың түсіп
қалуы заңды деуге болады.
Б.А.Серебренников
бұл қосымшаның этимологиясына тікелей тоқталып‚ -ала‚
–еле қосымшасын -а‚ –е және -ла‚ –ле сыңарларынан
құралады; -ла‚ –ле болса л және а‚-е элементтерінен
құралған деп көрсетеді [2,38]. Ала‚ –еле қосымшасының
а және -ла‚ –ле элементтерінен құралғанын
дәлелдеуге болады. Бірақ -ла‚ –ле элементінің л және а‚
–е ажыратуды әлі де болса толық дәлелденген деуге болмайды.
Б.А.Серебренников өз пікірін дәлелдеу үшін л элементі
түркі тілдерінде жиі қолданылатын етіс қосымшасы -ыл‚-іл‚
-л-лармен төркіндес дейді.[4, 6]. Ырықсыз етістің -ыл‚ -іл‚
–л қосымшасының түп төркінін туралы түркологияда
азды-көпті пікір айтылған болатын [5,256]. Біздіңше‚ -ыл‚ -іл‚
қосымшасы туралы айтқан
авторлардың пікірлерінің бірде-бірі жан-жақты
дәлелдеуден кейін айтылған пікір деуге болмайды.
Б.А.Серебренниковтың пікірі шындыққа жақындау. Тек етіс
қосымшалары тіл тарихында есім сөздерге қосылған ба‚
жоқ па деген сұрақтарға жауап беруді талап етеді.
Э.В.Севортян
түрік ғалымы Б.Аталайдың -ала‚ –еле қосымшасы а
және -ла‚ –ле элементтерінен құралған деген пікірлеріне
тоқтала отырып‚ «бұлай түсіндіру ғылымға
ештеңе бермейді» деп бағалаған болатын [7,346]. Бірақ
Б.Аталайдың пікірін қолдаушылар да болған. Мысалы:
«Түркмен тілі грамматикасының» авторлары (бұл тараудың
авторы Б.Чарыяров) «Етістіктің түбірлері дауыссыз дыбыстарға
бітсе -ала‚ –еле‚ дауысты дыбыстарға бітсе -ла‚ –ле қосылады»[10,227]
деп жазған болатын. Ала‚ –еле қосымшасы қосылған
сөздер мен -ла‚ –ле қосымшасы қосылған сөздерді салыстырып
қарайтын болсақ‚ олардың арасында мағыналық айырмашылық
байқалмайды. Мысалы: себеле‚ қуала‚ жетеле‚ қайтала‚ тістеле‚
тырнала‚ сілкіле‚ үйкеле‚ сипала т.б.
Түркі
тілдерінің материалдарын салыстыра отырып қарайтын болсақ‚
бұл қосымшалардың мағыналарында аздап болса да
мағыналық айырмашылық пайда болатынын байқауға
болады. Мысалы: қазіргі татар тілінде алда етістігі де –ла
қосымшасын қосып‚ алдала етістігін жасайды. Басқа түркі
тілдерінде алда етістігі –ла қосымшасын қабылдамайды. Жоғарыда
келтірілген екі мысалымыздың екеуінде де түбірге
қосылған қосымша –ала болуы ықтимал. Демек -ала‚ –еле
қосымшасының қолданылу аясы қазіргі қазақ
тіліндегіден кең болған сияқты. Екінші бір ескерте кететін
жайт -ала‚ –еле
қосымшасының ертеректе -ыла‚ –іле формасы да болған
сияқты. Мысалы: қазіргі қырғыз тілінде бақала
(бақ –қарау‚ ала –қосымша) сөзі кездеседі.
Қазіргі қазақ тілінде бұл сөзге бақыла
(бақ-ыла) сөзі тура келеді. Азербайджан тілінде силкәлә
(силик-әлә) сөзі қолданылады. Бұл сөзге
қазақ тіліндегі сілкіле (сілкі-ле) сөзі тура келеді.
Дұрыс‚ бұл жерде түбір - сілік‚ оған і қосылып
сілкі сөзі жасалынады. Сілкіле дегенде осы сілкі сөзіне –ле
қосымшасы қосылу арқылы жасалынған деуге болады.
Бірақ әзірбайжан тіліндегі әлә қосымша‚
оның әзірбайжан тілінде силкә формасы кездеспейді. Бір
талассыз нәрсе сол – қырғыз‚ әзірбайжан тілдеріндегі -ала‚
-әлә қосымшасына қазақ тіліндегі -ыла‚ –іле
қосымшасы сәйкес келеді. ыла‚-іле формасын кейінгі кездерде пайда
болған деуге де негіз жоқ. Бір ескерте кетерлік жайт‚
қырғыз тілінде бақала сөзімен бірге бақмала‚
бақыла сөздері де кездеседі. К.К.Юдахиннің көрсетуінше‚
бұл үш сөздің мағыналарында айырмашылық
жоқ (8,100).М.Оразовтың пікірінше бұл айтылғандардан
екі қорытынды шығаруға болады [11,10]. Біріншіден, ала,-еле қосымшасының қолданылу
өрісі бір кездерде қазіргіден кең болған.Екіншіден
оның ала,-еле вариантынан басқа да фонетикалық варианттары
болған.
Ала,-еле
қосымшасы-күрделі қосымша.Оның бірінші элементі –а
ертеректе қимылдың бірнеше қайталануың білдіретін
қосымша болған.Бірақ ол өзінің о бастағы
мағынасың жоғалтып есім сөздерден етістік
жасайтың жұрнақтар қатарына өтіп кеткен.Дегенмен
есім негізге қосылған кезде де оның қимылдың
бірнеше қайталануың
білдіретін мағынасы байқалынып қалады.Мысалы,жалтыр-а,сарын-а
т.б.Ол осы мағынасың еліктеу-бейнелеу сөздеріне
қосылғанда да сақтайды. Мысалы, күркүр-е,күркүре,жалбыр-а,жалбыра
т.б. Бұл қосымшаның қырғыз тілінде мала,-ыла
варианттарының осы мағынасынан [4,10].
Ла,-ле қосымшасы
мен а,-е қосымшаларының ара қатынасын салыстыра зерттеген кей
ғалымдар а,-е қосымшасын ла,-ле қосымшасының ықшамдалған
варианты деп көрсетеді. Н.А.Баскаков қарақалпақ
тілінің материялына сүйене отырып «А қосымшасы ла,-ле
қосымшасының фонетикалық дамуы нәтижесінде пайда
болған.Мүмкін ол ла,-ле қосымшасының
құрамындағы л дыбысының түсуі нәтижесінде
кейінгі кездерде пайда болуында.Бұл қосымша түбірлері л, н
және т дыбыстарына біткен есім сөздерге қосылып етістік
жасайды.Мысалы,тіл(язык)-тіле (тіл-е)-просить, орын-место [6,319]. Ьұл
жерде қарақалпақ тілінің фонетикалық,
грамматикалық заңдылықтарына сүйенбей, мағынасына
қарап қана пікір айтқан сияқты.Бұл екі
қосымша тіл тарихында өзара мағыналас қосымшалар
болған.Ла,-ле қосымшасының қолданылу өрісі
кең болған.Тек кей тілдердің өздерінің ішкі
заңдылықтарына байланысты бір тілде ла,-ле қосымшасы
арқылы жасалыңган туынды түбір етістіктер екінші бір тілдерде
а,-е қосымшасы арқылы жасалынған болуы мүмкін.
Ала,-еле қосымшасының
мағынасын анықтау үшін этимологиясың білу үшін
бір мағыналы екі қосымша бірінен кейін бірі қолданыла береді
ме деген сұрауға жауап беруіміз керек.Есім сөздерде
бұндай құбылысты табу қиынға
түседі.Өзгеге, басқаға сияқты сөздерде екі
барыс септігі қатар қолданылып тұр деуге болады. Бірақ
бұл сөздердегі бірінші барыс септігінің қосымшасы өзінің
мағынасың түбір сөздің мағынасымен
кіріктіріп жіберген де сын есім ретінде қолданылып тұр. Етістіктерде
мағыналас қосымшалар бірінің үстіне екіншісі
қабаттасып қолданыла береді. Мысалы, қара-с- тыр- ғыз-
дым –қарастырғыздым, қара-т- тыр- дым-қарттырдым
т.б.Бұлай қабаттасып қолданылған кезде
кабаттасқан қосымшалардың мағыналары
анығырақ байқалынады.Нақ осы қимылдың
бірнеше рет қайталануың білдіретің қосымшалар да
бірінің үстіне екіншісі қабаттасып қолданылған. Б.А.Серебренников
түркі тілдеріндегі ыстыр,-істір қосымшалары негізінде бұл
құбылысты дәлелдеген.
Түркі
тілдеріндегі дуративті қосымшалар туралы пікір айтқан, алғаш
зерттегендер орыс ғалымдары болатын.Бірақ олар да бұл
қосымшаны жинақтап берген емес, бұл әдіс күні
бүгінге дейін сақталынған. Мысалы,кей ғалымдар
дуративті қосымшаны етістіктің (вид) категорияларына қосады
[9,27]. Етістіктің сипат
категориясы түркологияда басы ашылмаған мәселелердің
бірі. Бұл көмекші етістіктердің аналитикалық
форманың құрамында келіп грамматикалық
категорияның аясына ене алады.Түркі тілдерінде дуративті
қосымшалардың саны әлде қайда көп. Біз
олардың үлгісі ретінде бір тобына ғана талдау жасадық.
Қимыл-әрекеттің бірнеше қайталануың
білдіретің қосымшалар бірінің үстіне бірі қосыла
беретін болған. Мұндай қабаттасып қолданылу түркі
тілдерінде етіс қосымшаларында ғана сақталынған.
Түркі тілдерінің ішкі заңдылықтарына байланысты кей
қосымшалар тілдің құрамында сақталынса, екінші
бір тілде қолданылмайтын,үшінші бір тілдерде өлі
түбірлердің құрамында ғана қолданылатын
дәрежеге жеткен.
Пайдаланылған әдебиеттер
1.Ысқақов А .
Қазіргі қазақ тілі.Алматы,1974ж.
2.Серебренников Б.А .К Истории
суффиксо деноминтальных глаголов в тюркских языках.Советская
тюркология,№5,1972г.
3.Современный татарский
литературный язык.М.1969г.
4.Оразов М. Көмекші
сөздер.Ташкент:2 том, Наурыз 1997ж.
5.Кононов А.Н. Грамматика современного турецкого
литературного языка.М.1956г.
6.Баскаков Н.А. Каракалпакский язык.2 часть,М.1952г.
7.Севортян Э.В. Аффиксы глаголообразования в азербайджанском языке.М.1966г.
8.Оразов М. Семантика казахского глагола. Алматы
1983г.
9.Қазақ тілінің грамматикасы.Алматы 1967ж.
10.Грамматика туркменского языка.Ашхабад,1970г.
11.Оразов М. Қазақ тіліндегі дуративті
қосымшалар.Ташкент 1989ж.
Резюме
В статье рассматриваются
некоторые проблемы передичи дуративных приложений в тюркских языках.
Summary
The
article deals with some provlems of transposition of durative appositions in
Turkic languages.