Қазақ халқының ұлттық ойындары арқылы студенттерді салауатты өмір салтын қалыптастыру бағыттары

 

Алматы қаласы, Спорт және туризм академиясы

С.И.Елубаев, магистрант

Жетекшісі - Алимханов Е.А.

 

Халқымыздың тарихи-мәдени мұраларының түрлері сан алуан, Солардың қай-қайсысы да адамға, соның игілігіне қызмет етуге бағытталған.

Осындай аса қүнды мәдени игіліктердің бірі — ұлт ойындары. Бүгінде ойынды халық педагогикасының құрамды бір бөлігі деп тегін айтпаса керек, адам баласы жасағаң жеті кереметтің қатарына сегізінші етіп осы ойынның аталып жүруі де жайдан-жай емес.

Қазақ халқы — материалдық мұраларға қоса мәдени қазыналарға да аса бай халықтардың бірі, Сондай қомақты дүниелер қатарына ұлт ойындары да жатады. Бүгінгі замандастарымыз бен болашақ ұрпақтарымыздың оны оқып үйрене отырып, өздерінің кім екендіктеріне барлау жасауына, ата-бабаларының психологиялық болмысы мен ойлау жүйелеріне зер салуларына, көздеген мақсаттарын саралап, жете білулерін, дәстүрлер жалғасын epicтете отырып, өткен мен бүгінгіні байланыстыра білулеріне, сөйтіп «мәңгүрттік» атаулыға тосқауыл қоюларына септігін тигізбек.

Халқымыздың ұлы перзенттерінің бірі, заманымыздың аса көрнекті жазушысы М.О.Әуезов: «Біздің халқымыздың өмір жешкен — ұзақ жылдарында, өздері қызықтаған алуан ойын өнері бар ғой. Ойын деген, менің түсінуімше: көңіл көтеру, жұрттың көзін қуантып, көңілін шаттандыру ғана емес, ойынның өзінше бір ерекше мағыналары болған»,— деп тегіннен тегін айтпаса керек. Мұхтар Омарханұлының бұл пікірін теориялық қағидаларға ғана сүйеніп айтылмаған, өзі өмір сүрген ортасының және Семей қаласында тұңғыш отау көтерген «Ярыш» атты  футбол  командасының  құрамында ойнаған белсенді өмір тәжірибесінен шығарған қорытыңдысы деп білеміз.

Ойынға зер салып, ой жүгіртіп қарар болсақ, содан үлкен де мәнді-мағыналы істер туындап өрбитінін байқаймыз. Өйткені, ең алдымен ненің болсын бас алып, жол бастар қайнар көзі болатыны белгілі. Ойынды біз бар өнердің бастауы деп білеміз. Ал қай өнер болса да кең арналы, сулы шалқар дариядай болып кемеліне келгенше жолында кездескен сандаған үлкенді-кішілі арналардан бас құрайтын өзен сияқты ғой. Сол алып өзеннің орта тұсынан шыққан адам, оның басы әуелде жылжып аққан бұлақтан басталып еді дегенге онша илана қоймас та еді.

¥лт ойындары біздің көз алдымызға тап осы суреттерді елестетеді. Өйткені бір кезде ол бар өнердің басы, олардың нәр алатын бастауы болғаны анық. Шынында да, көне мәдениет пен әдеби туындылар, ең алдымен, сол халық жиналған думанды-сауықта, ойын-той үстінде дүниеге келіп, көптің игілігіне айналған. Сөйтіп, бүгінгі және болашақ ұрпақ ұлт ойындарының өзі адам еңбегінің жемісі, халықтың фантастикалық ой құбылысының көрінісі, дүниені танып, білуге талпынысының нышаны ретінде өмірге келгенін, оның бар өнердің бастамасы халықтың әлеуметтік-экономикалық өмірін білуге тиіс. Марксизм ленинизм классиктері ойынның пайда Волуына, дамуына материалистік тұрғыдан қарай отырып, оны адамдардың дүниені сезім арқылы нақты бейнелеудегі қабілетінің көрінісі және дамуының жалпы заңдылықтарының айқындаушы құбылысы деп түсіндіреді.

«Идеялық өндіріс, түсіну, сана әуел баста адамдардың материалдық іс-әрекетінен өрілген өмірдің ақиқат тілі»,— деп көрсеткен К.Маркс пен Ф.Энгельс. Ұлт ойындары сол халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайларына байланысты туып, дамығанына қазақ халқының ұлттық ойындарымен таныса отырып көзіміз әбден жетеді. Өйткені қазақ халқының ұлттық ойындары өте ертеде туып, оның көші-қоны тұрмыс жағдайларын жасалғандай әсер береді. Олай дейтініміз осы ойындардың көпшілігі сол көшпелі тұрмысқа лайықталып, арнайы материалдық әзірліксіз ойнала беретіндігінде ғана емес, сонымен бірге халықтың психологиялық ерекшеліктеріне де байланыстылығында екендігіне көзіміз жетеді.

Қазақ халқының тарихи көне жырларының, этностары мен лиро-эпостарының қай-қайсысын алып қарасақ та, олардың өң бойынан халықтың ұлттық ойындарының, әдет-ғұрып салттарының алуан түрлерін кездестіреміз. Ол — ол ма, осы жырлардың негізгі кейіпкерлері — болашақ ел қорғаушы батыр, жауынгер, халық қайраткерлері, ойын үстінде көрінеді. Сол ойын арқылы шынығып, өзінің бойындағы табиғи дарынын шыңдай түседі. Ойынға халық ерекше мән берген. Сондықтан халық оған тек ойын-сауық, көңіл көтеретін орын деп қана қарамаған. Ең бастысы — ел қорғауға қабілетті болашақ қайраткер, өзінің осы қабілетін шаршы топтың алдында, баршаға тең (досқа да, дұшпанға да) еркін бәсекеде жеңіп алуға тиіс болған. Сондай-ақ талапты жас ойын өнеріне өзінен жасы үлкен, танымал ұстаздан үйреніп, жаттығатынын, аянбай тер төгетінін байқаймыз.

Ұлт ойындары осылайша атадан балаға, үлкеннен кішіге мұра болып жалғасып отырған және халықтың дәстүрлі шаруашылық мәдени, өнер тіршілігінің жиынтық бейнесі көрінісі де болған. Әрине, ойын өнер ретінде әдебиет пен мәдениеттің сан алуан түрлерімен қабысып, астасып келіп, бірін-бірі то­лықтырып, байыта түседі.

Өзінің өлең-жырларында халық ойынды тәрбие құралы деп танып, оның бойындағы жастарды ойдандырып, толғандыратын қасиеттерін аша түседі. Ойын тек жас адамның дене күш-қуатын молайтып, оны шапшаңдыққа, дәлдікке, т. б. ғана тәрбиелеп қоймай, оның ақыл-ойының толысуына, есейіп өсуіне де пайдасын тигізеді. Манашыұлы Тұяқпай жырында:

«Балалармен ойнайды,

Ойнап жүріп ол бала

Кеудеге ақыл ойлайды»,—

деп түйіндейді.

Мұндай  мысалдарды халың ауыз  әдебиетінен көптеп келтіруге болады. Бұдан көретініміз ойын тек көңіл кетеру мен ермек үшін жасалмаған, қайта белгілі  бір халықтың әлеуметтік-экономикалық дамудың төменгі сатысында тұрған кезінде, жазу өнері әлі дамымаған, оқу орыны болмаған кезде, өз ұрпақтарын   өмірге   әзірлеу   мүмкіншіліктерін пайдаланатын бірден-бір тәжірибелік іс-әрекет қызметін атқарған. Сонымен бірге ойын сол халықтың өзінің ішкі байланысының ғана емес, басқа халықтармен де ұлтаралық   қатынастарының негізін қалаған. Ойынға жиналатын орын халықтың  сан алуан өнерінің де сарапқа түсетін жері болған. Сөйтіп, ол ғасырлар бойы қоғамдық тәрбиенің баға жетпее жемісті қызметін атқарған.

Абайлап, зер сала қарасақ тілімізде кездесетін кейбір сөз тіркестері: «домбыра ойнау», «қобыз ойнау», «ат құлағында ойнау», «отпен ойнау», «сумен ойнау», «жұмбақ ойнау», «жаңылтпаш ойнау», «ойын-күлкі», «ойын баласы», «доп ойнау», «асық ойнау», «ақсүйек ойнау», «тоғыз құмалақ ойнау», «дойбы ойнау», «шатыраш ойнау» (шахмат ойнау) т.б. сөз тіркестері халықтың көне мәдениетінің бір куәгері — ойын туралы түсініктің туу тарихы тым әріден басталғанынан және ата-бабаларымыз қолданған ойындар түрінің сан алуан болғандығынан хабар береді.

Тарихының көнелігіңе қарамастан ойын үнемі жаңа, ол тот баспайтын, ескірмейтін нәрсе. Өйткені, күн сайын дүниеге келіп жататын сәбилердің қиялын қозғап, сезімдерін аялайтын, денеге қуат, жанға саулық беріп, рухани азық болатын да — осы ойын.

«Барлық білім тәжірибеден, түйсіктен, аңғарудан туады»,— дейді В.И.Ленин. Олай болса, бала өзін қоршаған дүние туралы алғашқы түсінікті ойын үстінде алады, ол дүние сырларын түйсініп аңғарады, тәжірибе жинақтайды.

«Адам ата-анадан туғанда есті болмайды: естіп көріп, ұстап, татып ескерсе дүниедегі жаақсы жаманды танидыдағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады»,— дейді Абай Құнанбаев.

Абайдың бұл пікірін қазақтың ұлттық ойындарына толық қатысты деп ойлаймыз.

Қазақ халқы ұлт ойындарына бай халықтардың бірі. Бірақ ол ертеде ауызекі туып, жалпақ жұртқа ауызекі таралып отырған да, соңдықтан көпшілігі бүгінгі күнге жетпей ұмыт болып кеткен.


Пайдаланылған әдебиеттер:

 

  1. Е.Сағындықов. «Қазақтың ұлттық ойындар».  Алматы; «Рауан» 1991ж.
  2. М.Б.Сапарбаев. Қазақтың ұлттық спорт ойындарының тарихы.
  3. Э.Тлеулов. Дене тәрбиесі. Спорт ілімі мен әдістемесі. Шымкент 2009ж.
  4. Б.Төтанаев. Қазақтың ұлттық ойындары. Алматы.
  5. Ұлттық энциклопедия.