Психология

 

Үсенова С.М., Жұмәділова А.

М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Қазақстан

 

ЖЕТКІНШЕКТЕРДІҢ АГРЕССИВТІ МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫ МЕН ӨЗІНДІК БАҒАЛАУЫНЫҢ ӨЗАРА БАЙЛАНЫСЫ

 

Соңғы уақытта қоғам балалардың ауытқушылық мінез-құлқы ретіндегі қатігездік, агрессиялық жағымсыз асоциалды мінез-құлықтарын интенсивті түрде зерттеуді талап етіп отыр. Осындай ауытқушы мінез-құлықтың дамуына ықпал ететін факторларды зерттеу – психология ғылымының негізгі мәселері.

Жалпы білім беретін мектептерде оқитын оқушылардың әрқайсысының өзіне тән жеке даралық ерекшеліктері бар. Сондықтан мектеп психологі алдында тұрған проблемаларының бірі – тиімді көмек көрсету.

Агрессивтілік мінез-құлық адам өмірінде маңызды рөл атқарады. Ол барлық адамдарға тән: балаларға және олардың ата-аналарына, өмірді жаңа бастаған жасөспірім қыздар мен ұлдарға, ересек, орта жіне кәрі жастағы адамдарға, әртүрлі мамандық иелері мен әртүрлі жағдайдағы мінез-құлыққа байланысты агрессия туындап отырады.

Соңғы жылдары мектеп қабырғасындағы балаларда агрессивтілік мінез және әрекет бой көрсетіп келуде.

Балалардың агрессивті мінез-құлқы мен өзіндік бағалауының арасында туындайтын өзара байланысты зерттеу өте мыңызды. Өзіндік бағалау процесі субъектінің агрессивтілігін шешу детерминантына ие болады. Өзіндік бағалау деңгейі ішкі нормативті стандартты реттеп отырады. Егер әділетсіз шабуыл жасаса, яғни субъектінің ар-намысна тисе, онда агрессия балалардың өзінің ар-намысын қорғауға бағытталады. Кейбір зерттеулер бойынша агрессияның төмендеуі өзіндік бағалау процесімен жанама түрде байланысты болған (С.Фишбах). Агрессия сферасын анықтаушы нормативті стандарттар, балалардың агрессивтілік әрекетін дағдыланған түрде реттеп отырмайды. Балалардың мінезіндегі стандартты өзіндік өзіндік бағалау әрекеттері болу үшін, субъектінің зейіні соларға бағытталуы қажет. Яғни «объективті өзін тану» жағдайы болады. Тұлға дауындағы бала жасының дағдарысы балалық пен есеюдің арасындағы шекара ретінде күрделі өтеді. Баланың өзін «нәтиже» деп трансцендентті ұғынуы, мәні бойынша, балалықтан шығарылған жеке даралығын іздеген қателікке жауап ретіндеиндивидуалды тәжірибесі арқылы туындайтын «Меннің», тқрақты жіне диференциалданңан бейнесін көрсетеді. Сондықтанда жеткіншек балалар өз мүмкіндіктерін бір жағынан балалық әуестенулер мен олардың обективті салалары негізінде ұғынады. «Мен» бейнесі адамның әлемдік бейнесін жасайтын болмыстық форма мен сфера ретінде туынды сипаиқа ие болады.

Балалардың «Мен» бейнесі өзіндік ерекшелікке ал өзіндік сана сезімдері символикалық сипатқа ие. Идеалды нақтыланған «Мен» бейнесі бір мифологиялық табиғатқа ие болады. Миф ұғымы «Мен» бейнесі, тұлғалық өмірлік стратегияларын біріктіруге мүмкіндік береді. Өзіндік бағалау кәмелетке жетпегендер үшін олардың агрессивті мінез-құлықтарының көптеген формаларында да көрініс береді: ойлары, қауіптеріне, физикалфқ және психологиялық жәбірленуіне, конфликтілеріне, төбелестеріне, фантазияларына және басқада әлеуметтәк қолдау алмайтын мінез-құлық тың түрлеріне мәнді әсер етеді.

Өзіндік бағалау агрессиялық мінез-құлыққа белгілі-бір өзгешеліктер әкеледі және көп жағдайда тұлға аралық өзара әрекеті, ішкі әсерленулер мен эмоциялық реакцияларды, әрекет мен іс-әрекет мотивациясын анықтайды, өзін және бақаларға деген оң, не теріс қатынасты жасайды. Соңғы кездері жеткіншек кезеңді екі түрлі ықпалмен түсінліреді. Психоналитикалық және әлеуметтік-психологиялық. Біріншісі индивидтің психо-сексуалдық дамуына және отбасындағы эмоциялық өзара қатынасқа екпін қойса, екіншісі индивидтің әлеуметтік тіршілігі, рөлі, статусы, рөлдік конфликтілігі, рөлдік анықталмағандығы және әлеуметтік күту сияқты факторларға назар аударады. Психоаналитикалық ықпалда бала жасында туындайтын жалғыздық және өзін жоғалтуды бастан кешіру жағдайы эмоциялық ашығуды тудырады. Эмоциялық ашығу күйін құрбыларының арасында қанағаттандырады, мұнда ол белгілі бір эмоциялық тәжірибе алады, яғни адамзатқа тән мадақтау, эмпатия қосылу, рөлдік мінез-құлық идентификация, мазасыздану сезіміне бөлену сияқты тұлға аралық қатынастардың сипатына қосылады.

Өзіндік бағалау процесі субективті агрессивті мінез-құлықтың шешуші детерминанты не қарсыласатын, не оны жандандыратын ішкі міндетті нормативті стандарттарды реттейді. Агрессия сферасын анықтайтын нормативті стандарттарды адам дағдыланған әрекеттермен реттемейді. Балалар қоғамда өтіп жатқан рпоцестерді өзіне лайықты болатындай қабылдап, оған тез бейімделіп, соған сәйкес мінез-құлықтың стеротиртерін қарастырады. Өзіндік сана тұрғысында бала өзін қоғам мүшесі ретінде ұғынады және қоғамдық мәнді позицияларда нақтыланады. Балалардың конфликтілігі және «Мені» бір жағынан болмыста  энергетикалық қуатты өзіндік көрінуге ұмтылуынан тұрса, басқа жағынан белгілі бір таңдау мен іс амалдарға жете қоймай тәжірибесіздігінен тұрады.

Әдебиет:

 

1. Н.Л. Кряжева. Развитие эмоционального мира детей.,-М.1996.

2. М.И. Чистяков. Психогимнастика-М., Просвещение, 1990-128c.

3. В.В. Лебединский, О.С. Никольский, Е.Р. Беанская, М.М. Адлер. Эмоциональные нарушение в детском возрасте и их коррекция. Практика и теория индивидуальной психологии.-М., 1995-36c.

4. Бекмұратова Г.Т. Мінез-құлқында ауытқушылықтары бар балалардың ерекшеліктері психологиялық тұрғыды зерттеу. Этнопсихология және этнопедагогика, конференциядағы материалдар тезисі,-А.2005ж.

5. М.И. Булянов. Ребенок из неблагополучной семьи,-М., 1988.