Усенова С.М.,  Тоғызбаева Г., Сапарова Н.

М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Қазақстан

 

ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫҢ ЖӘНЕ ТОПТЫҢ РЕФЕРЕНТТІЛІГІ

 

Әлеуметтік-психология механизмдеріне мотивацияны беру объектісі ретінде зерттеуге алған педогогикалық психолог үшін, адамға жүргізуші әсер беретін топтар мен адамдар қызықты, ол балалық және жеткіншек жастарда ол үшін сенімді құндылықты ұсынатын және оның жетілуіне ашық әсерлерді анықтайды. Осындай референттілікті жоғалту адам үшін рухани тұңғиық дағдарысты, ал кейбір жағдайда дене өліміне, адам қоғамының байланысының үзілуіне әкеп соқтырады. Референттіліктің мұндай түсінігі теңестірудің жоғары дәрежесін болжайды және құнды бағдардың жақындығы нақты болмаса, онда индивидтің ұсынысында болады.

Жеткіншіктер ұжымындағы озат теңестіруді және тереңдік дәрежесі бойынша теңестірудің үш деңгейін бөле отырып Р.Л.Кричевский және Е.М.Дубовская былай деп жазады: “... теңестірудің екінші деңгейінің бірқатар жағдайларында және үшінші деңгейдің барлық жағдайларында субъектінің басқа мәнді позициясын қабылдағаны туралы айтуға құқылы, ол біздің ойымызша, кейбір авторлардың терминдерінде мақсат жүйесіндегі әрекетті білдіреді және теңестіру объектілерінің мотивтерін, ал басқа зерттеушілердің терминдері бойынша мотивация моделдің мінез-құлқын игеруі сияқты мінезделеді.” Нақты осы белгіні (басқа мәнді теңестіру дәрежесі) біз топтың немесе тұлғаның референттілігін анықтайтын әдістің негізіне жатқызуді ұсынамыз.

Референтті метрикалық процедура тұлғалық семантикалық дифференциал әдісі негізінде құрылған. Бұл әдіс бұрын біздің мақсатымызға жақын А.С.Морозовпен қолданылған болатын, ол зерттеуді үш әдістің көмегімен жеткіншектер тобында жүргізген: социометрикалық, референтті метрикалық (Е.В.Щедрина бойынша) және эмоционалды бағалау қатынасын анықтайтын әдіс. Соңғысы семантикалық дифференциал әдісі негізінде құрылған. Тұлғалық семантикалық дифференциал әдісінің көмегімен алынған жеке нәтижелерді факторлық талдауға тарта отырып мынаны анықтауға болады: адам зерттелуші үшін маңызды болады ма (бұл жағдайда басқаны және өзін-өзі бағалау сол бір факторлар негізінде өткізіледі) және ол зерттелуші үшін референтті болады ма (бұл жағдайда осы факторлар бойынша бағалау маңыздылығы соншалықты жақын болады). Егер бізге алдын-ала зерттелушіге сол адамның маңыздылығы мәлім болса, мысалы: бала үшін оның ата-анасы маңызды, яғни зерттелушімен сол адамды және өзін-өзі бағалау бірдей факторлар тілінде жүргізіледі, онда факторлік талдау қажеттілігі болмайды. Мұндай жағдайда референттілікті анықтау үшін екі қатардағы бағалау арасындағы корреляция кэфицентін анықтау жеткілікті.

Референттілік диагностикасының процедурасы келесі жағдайда жасалған. Зерттелуші өзін мінездей отырып (референттілік дәрежесін анықтауға қажет болған), тұлғалық тізімдемесі бар бір типті бланкілерді толтырады: әрбір бөлімге сол сапаның айқындығы дәрежесіне сай санды белгі (0-ден 2-ге дейін) берілген. Содан кейін, тәжірибе жүзінде алынған мәліметтер арасынан статистикалық корреляция анықталған, кэфицент корреляциясы сол зерттеулші адамның референттілік дәрежесі мінездемесіне қабылданған.

Бұл әдіс референттіліктің диагностикасының, тұлғалық семантикалық дифференциал әдісі негізінде құрылған және оны қолдану біздің тәжірибеміздің тапсырмасының ерекшілігіне сай болғандықтан ғана мүмкін болды, ал ең бастысы біздің зерттелуші балалар 7-10 жаста болды. Балаға берілетін “мен” қатарымен “басқа референтті” қатары арасындағы жоғары маңызды корреляция коэфиценті, жасына қарай өзіндік ойының жетілуіне байланысты өзгеруі мүмкін. Шын мәненде, референттілік дәрежесі жоғары тұлға, психологиялық өте жақын адам болуы керек, және сонымен қатар, онымен салыстырғанда өзін төмен бағалауы қажет және менің өмірімді өзімнің референтімнен айыратын бөлек қасиеттерін айыру қажет. Мұндай, балада болмайтын ересектер әсерін өзінің тікелей, оның идентификациялық мінездемесіне сай, мынадай жолмен алуға болады, біріншіден, зерттелушінің “мен” деген идеал образын анықтау және оны басқа нақты референтті образмен салыстыру: референттілік болған жағдайда бұл образдар жақын болады, ал корреляция кэфиценті екі қатар арасында статистикалық маңызды, екіншіден “жақсы-жаман” критериясы бойынша тәжірибеде қолданатын зерттелушінің өзінің тұлғалық тіркемесінің бағасы: егер, жақсы бағаланатын қасиеттері бойынша басқа маңызды бағалау қатары жоғары көрсеткіш көрсетсе, онда сол адамның зерттелушінің референттілігін анықтау үшін қосымша ақпарат бере алады.

Диагностиканың бұл тәсілін, мақсаттың және тапсырманың зерттелуіне немесе диагностиканың және зерттелушінің жасына байланысты өзгертуге болады.

Бала үшін ең бірінші және бастапқы жалғыз референтті топ болып, оның отбасы болып саналады, өйткені туылған сәттен бастап оны шектеулі ересектер ортасы қоршайды. Зерттеулер, “ барлық бастапқы және мектепке дейінгі жаста, баланың тұлғалық құрылымының басты факторы болып үлкен адам қалатынын” анықтады. “Бала үшін үлкен әріптес, әлеуметтік құбылыстар туралы білімнің қайнар көзі болып қызмет етеді және біруақытта қоғамның мүшесі сияқты сезінетін объекті болып қалыптасады, оның қасиеттері мен өзара байланыстылығымен ерекше тұлға ретінде. Соңында үлкендер бала үшін әртүрлі шарттарда қалай істеу керек екендігінің үлгісі болады” .

Сонымен қатар, білім алу сатысында, “отбасы әлеуметтендіру институты ретінде (осы сатының бірінші жылдарында ерекше) үлкен роль атқаруды жалғастырады”, кіші мектеп жасындағы бала үшін ол үлгілі референттік топ болаып саналады, оның тұлғасына отбасының әсері (сонымен қатар мотивация аясына) оқудың адекватты тапсырмаларына және оларға қарама-қайшы болуы мүмкін. Білім алудың бастапқы кезінде кіші жастағы оқушылар үшін оқу-танымдық мотивтердің оқу қызметінің адекваттығының жоқтығы тән, мектептегі оқу, оқушылардың басым көпшілігімен оятады және ойландырады, немесе оларда құрылған мотивтердің көмегімен (бәрінен бұрын әсер ететін ойын мотивтері), немесе енді құрылатын мотивтер көмегімен (бәрінен бұрын жақын референттік орта үшін үлгілі болатын мотивтер). Сондықтан, баланың мектепте істегені, ол үшін, ереже сияқты, оның ата-анасы үшін оқу жұмысы сол мағынаны береді, ал балалар қатесіз түсінеді: олардың орнында ата-анасы жасаса, онда олардың нені талап етеді, және солай болатын болса, онда не үшін, қандай мақсатта. Яғни, балақайдың көз қарасымен мағынасыз таяқшаларды жазу, терең ойды тудырады, егер ата-анасы шын мәнінде бұл істі маңызды деп санаса, оған көңіл, қызығушылық аударса, және ата-анасы таяқшаларды жазу қоршаған ортаның заңдылықтарын танудағы, ондағы әрекеттердің жалпылама тәсілдерін қабылдаудағы, бірінші кішкентай сатысы деп санаса. Біздің көз қарасымызша, осы жерде сызылған психологиялық нақтылық маңындағы фактілерге сүйене отырып, ата-аналарда, олардың балаларымен жүзеге асырылатын оқу қызметінің мотивациясы бар деп айтуға болады. Ішкі “бала-ересек” жұбының референттілік қатынасы жағдайында, бұл мотивация бала үшін білетін ғана емес, сонымен қатар нақты әрекет ететін, доминациялық болып саналады, оның оқуына тұлғалық мағына береді. Егер, референттік қатынастар болмаса, онда ата-ананың мотивациясы бала үшін білетін ғана болып қалады, ойлау-бейнелеу функцияларын орындамай.

Бәрінен бұрын тағы да бір рет жаңа мотивтерді иелену референттік топтың ішкі қызметін бөлетін ұжымда басталатынын айту қажет. Әрбір референттік топ нақты әрекеттестік стилімен мінезделеді, нақты тәрбие бағдар әсерімен, балаға қатысты референтті ата-ананың позициясымен. Нақты осы әрекеттестіктер арқылы әлеуметтендіру басталады, “отбасының біршама бағдарынан, оның мүшелерінің (баланың ерекше) өмірлік қызметінің ролі байланысты.” Ал, бұл мағынада отбасының жауаптылығы “тұлға алдында ұлғаяды”.  Ата-аналардың баланы оқытудағы әрекеттестік стилі мен тәрбиелік тактикалары, сол мағынаны білдіреді, сонымен қатар, тұлғалық мағыналардың трансляциясы жүзеге асады.

Әдебиеттер:

1.     Грановская Р.М. Элементы практической психологий. ЛГУ.1981

2.     Дубровина И.К. Формирование личности в переходной период: от подросткового до юношескому возрасту М 1987.

3.     Краховский А.П. О подростках М 1990.

4.     Казаков В.Г., Л.П.Кондратьева  Психология М.1994г.