Әдебиеттік оқу сабақтарында
топтық жұмыстарды ұйымдастыру
Атошева Жазира Бейбитовна, магистрант
Абай атындағы ҚазҰПУ, Алматы
Білім берудің
тұлғалық және қоғамдық
мағыналарын байланыстыра отырып, оқушының біліктілігін
қалыптастыру-қазіргі заман талабы. Оқушы теориялық
білімдер жиынтығын жақсы меңгеріп қана қоймай,
керек жағдайда іс жүзінде қолдана алуы, өмірлік
жағдаяттарға икемдеуі және бұдан да жоғары тұратын
абстракциялық ойлау деңгейінде нәтиже шығаруы тиіс.
Мұның өзі оқу үрдісінің дұрыс
ұйымдастырылуы мен оқыту әдістемесінің жетістіктерімен
тікелей сабақтас.
Дәстүрлі
оқу үрдісі оқушыға, негізінен, дайын,
өңделген оқу материалын ұсынады. Оның
белсенділігі мен шығармашылығының дамуына қолайлы
жағдай жасала қоймайды. Ал жаңа талаптар бойынша оқушы
өзінің дербестігінің, соны ойлай білу қызметінің,
шығармашылық әрекеттерінің нәтижесінде
біліктілікке қол жеткізуі тиіс. Және де қазіргі кезде білім
жүйесінде жариялылық және ізгілендіру принциптерінің
жүзеге асуына байланысты дәстүрлі оқу үрдісіндегі
оқытушы-оқушы жүйесіндегі қатынас өзгеріске
ұшырады. Оқушы оқу үрдісінің субъектісіне
айналды. Оқытуды сабақта ұйымдастырудың әр
түрлі формаларына ұжымдық, топтық, жұп және
дербес формалары жатады.
Барлық мұғалімдердің барынша күшті,
қабілетті барлығын жұмысқа тарта және
қызықтыра білетін педагогикалық құралы-балалар
ұжымы. Ол балаларды зорламайды, мәжбүр етпейді, керісінше
оқу іс-әрекетіне қатыстырады. Сондықтан, сабақ
-мұғалім мен балалардың ұжымдық еңбегі.
Оқытудың
ұжымдық формасы динамикалық (қозғалғыш)
жұп немесе ауыспалы жұп түрінде өтеді. Бұл жерде
оқушылар бір-бірімен әншейін жұптасып қана
қоймайды, әрбір бала кезек бойынша әр баламен кездесіп
жұмыс істейді, демек, барлығы жұптасып жұмыс істейді,
бірақ жұптардың құрамы үнемі өзгеріп
отырады.
Соңғы
уақытта енген оқушының танымдық әрекетін сапалы
ұйымдастыру технологияларының бірі ретінде топтық
жұмыстарды ұйымдастыру әдістемесі (В.К.Дьяченко, А.Г.Ривин)
кеңінен танылып жүр.
Бұл жағдай
сабақ кезінде қалай іске асырылады? Ол үшін балалардың
ішінен те бір оқушыны табады, серігімен жұмысты
аяқтаған немесе бітіре бастаған оқушы қолын
көтеріп, оған белгі береді. Осыдан кейін екеуі бірігіп,
жұмысты жалғастырады. Бұл жөнінде жаңашыл мұғалім
В.Ф.Шаталовтың тізбек және десант әдістерін тиімді
қолдануға -болады.
Оқытуды
ұйымдастырудың топтық формасы сабақта
қолданылады, бірнеше топқа бөлінеді, әрбір топта 4-5
оқушы болады. Оқушылар белгілі оқу тапсырмасын орындайды.
Мысалы: а) талдауды және материалды салыстыруды қажет ететін
тапсырмалар; ә) жаттығуды қажет ететін тапсырмалар; б)
топтау, жинақтауды қажет ететін тапсырмалар.
Барлық
тапсырмалардың сұрақтарына барынша жауап бер, үшін
оқушылардың бірлесіп жұмыс істеуі қажет. Осыдан кейін
әрбір оқушы топтық тапсырманың бөлігін өз
бетімен орындайды, әрбір топтық жұмыс қорытындысы
ұжымдық түрде талқыланады. Жұмыстың
нәтижесін жолдастарының ұсынысы бойынша бір оқушы
баяндайды. Мұғалім жеке жетістіктерді бағалайды және
топтың әрбір мүшесінің бағасын жинақтайды.
Сабақта
жұмыстың мұндай формасы оқушылардың өзара
әрекеттесу тәсілдеріне себепші болады. Мысалы, олар топтық
айтыс, ынтымақтастық, өзара жәрдем, өзара
түсінісу, оқушылардың тұйық мінезділігін, тұйық оңашалануын,
бөлектенуін болдырмау.
Топтық
жұмыстарды ұйымдастыру теориясының негізін салған
А.Г.Ривин, В.К.Дьяченконың пікірінше [1,5], топтық
жұмыстың аса басымдылығы- топ ішінде, мұғалім мен
оқушылар арасында қандай да бір шартты талаптарсыз еркін
түрде, демократиялық тұрғыда оқыту
мүмкіндігі жүзеге асады.
Қазіргі кезде жалпы
білім беретін мектептерде дифференциациялап оқытуда әр түрлі
әдістер қолдануда. Соның ішінде дифференциациялаудың
маңызы түрлі деңгейлік дифференциация болып отыр. Оның
негізгі ерекшелігі оқушыларға берілетін тапсырмалардың дифференциациялауы
болып табылады. Яғни, материалды меңгерудің төменгі
жеткілікті шегін қамтитын міндетті дайындық шегі анықталуда.
Бұл деңгей- барлық оқушылардың шамасы жететін
деңгей. Осы деңгейдің негізінде пәнді
меңгерудің жоғары деңгейлері қалыптасады.
Оқушылар бір сыныпта бір бағдарлама бойынша білім ала отырып,
өз қабілеттеріне, қызығушылығына сай
деңгейді таңдауға мүмкіндік алады. Бастауыш білім
стандартында білім мазмұны оқушылардың білім, білік,
дағдыларына қойылатын талаптар түрінде екі деңгеймен
беріледі:
1. Оқу материалының
мектеп ұсынатын базалық (инварианттық) деңгейі (немесе
деңгейі);
2.Оқушылар
дайындығының ең аз(минималды) қажетті деңгейі [2,6].
Бұл екеуінің
аралығында бірнеше деңгейлер болуы тиіс. Бірақ, бастауыш
сатыны бітіруші оқушының меңгеретін білім, білік
дағдылары міндетті деңгейдегі талаптардан төмен болмауы
қажет. Іс жүзінде осы екі деңгейдегі білім мазмұны
бастауыш сатыдағы мемлекеттік білім стандартының негізі болып
табылады.
Оқушылардың
меңгерген білімі мен біліктерінің
міндетті деңгейдегі талаптарға қаншалықты сай
екендігін арнайы тапсырмалар арқылы бақлып, тексеруге болады.
Тапсырмалар міндетті деңгейдегі талаптардың мазмұны
толық қамтитындықтан
олардың орындалу нәтижесі пәннен алған оқушы
білімі мен біліктерінің объективті жағдайын көрсетеді.
Сондықтан мұндай тапсырмаларды пайдаланып оқушы білімі мен біліктердің,
тәрбиелігінің сапасын, деңгейін бақлауға
министрлік, отбасы, мектеп, мұғалім, ата-ана, оқушының
өзі және әртүрлі қоғамдық
ұйымдар мен әлеуметтік
топтар мүдделі. Бұл тапсырмалар нәтижесінде
мұғалім өзін бақылауды жүзеге асыра алады:
оқушы білімі мен біліктеріндегі жетістіктерді, кемшіліктерді,
олардың себептерін анықтап, өз жұмысына талдау жасайды,
оны жетілдірудің жолдарын белгілейді.
Дифференциация
дегеніміз-оқушыларды қандайда ерекшеліктерінің негізінде
топтастырып оқыту.
Дифференциациялап оқыту-1.
Әр түрлі мектеп, сынып оқу тобы үшін
оқытудың әр түрлі деңгейлі жағдайын жасау.
2. Әр түрлі омогенді топта, сыныпта оқытуды қамтамасыз
ететін әдістемелік, психологиялық және ұйымдастыру,
басқару шараларының кешені, оның негізгі ұстанымы-
саралай оқыту.
Қазақстанда
осы деңгейлік тапсырмалар арқылы оқыту териясы мен
әдістемесін зерттеп жүрген ғалым - Қараев
Жауымбай Амантұрлыұлы. Оның әдістемесі бойынша оқушыларға
үш деңгейлік тапсырмалар ұсынылады.
1-ші деңгей –
оқушылық (өнімсіз-репродуктивтік
деңгей–мемлекеттік стандарттың ең
аз қажетті көлемін қамтиды. Бүл деңгейде оқушылар репродуктивтік әрекеттерін жасайды:
а) жаңағы
өткен екінші кезеңде қарастырылған ұғымдарды, ережелерді, анықтамаларды
т.б. фактілерді
білу талап
етіледі. Койылатын сұрақтар түрі: Не? Қашан?
Қай жылы? Қайда? құрылымы қандай? Аяқта,
формуланы жаз, т.с.с. Демек, бұл деңгейде оқушының теориялық,
тапсырмаларды орындау барысында оның тек
ақпараттық мәні бар білімі анықталады,
ә) үлгі бойынша
берілген практикалық тапсырмаларды орындау арқылы – біліктілігі
анықталады. Бірінші деңгейдің қорытындысы:
зачет (есептелді) алады, ол 5 баллмен бағаланады.
2-ші деңгейде
оқушылардан: 1-ші деңгейде меңгерген ақпараттық білімдерінің
себеп-салдарларын анықтайтын
тапсырмаларды орындап;
өз
білімдерін түрлі жағдайда
қолдана білуі, оқу материалын талдау іскерлігі (екінші деңгейде
қалыптасатын біліктілігі) талап
етіледі.
Бұл жерде оқушының танымдық
қызметіне оқу материалын өзгерту, оны сыни
тұрғыдан ұғыну, шешім қабылдаудың тиімді
жолдарын іздеу, білімді салыстыру арқылы мәтіннің негізгі ойын бөліп
шығару әрекеттері жатады. Сұрақтар түрі: Неге? Неліктен? Себебі? түсіндір,
бірнеше тәсілмен шеш, тексер, салыстыр, талда, классификация жаса, т.б.
3-ші деңгейде: оқушылар
танымдық-ізденушілік сипаттағы, білімнің
тереңделуіне, қортындауына
бағытталған тапсырмаларды орындайды. Тапсырмалар түрі: өз шешіміңді тап, алгоритм
жаса, жүйеле, зертте, қорытынды шығар, жетістіктерін сипатта,
сәйкес келе ме, дұрыс па?, т.б.) [3,27].
«Әдебиеттік
оқу» оқулығындағы білім мазмұнына сай берілетін
білім, білік, дағды төрт деңгейге бөлініп
көрсетіледі.
1. Алғашқы
оқушылық деңгей. Оқушы оқу
сабақтарының негізгі мақсатына жетуге-дұрыс, саналы,
жылдам, мәнерлеп оқуға төселуге тиіс. Соңғы
деңгейлер- осы мақсаттан туатын стандартты білім деңгейлері.
2. Орта алгоритімдік
деңгей. Мұнда берілген сұрақ-тапсырмаларды оқушы
көркем шығарманың өз ішінен, кейбір жағдайда
бұрынғы оқығандарын еске түсіру арқылы өздігінен
немесе мұғалімнің көмегімен орындай алады. Мұндай
берілген жауап әртүрлі тәсіл мен шешілуі мүмкін,
бірақ шешімдер бірдей болады.
3. Жоғары
эвристикалық деңгей. Мұнда берілген сұрақ –
тапсырмаларды орындау кезінде мұғалім оқушыларға
сұрақ қою арқылы оларды ізденіске тартады. «Сол себепті
емес пе?», «Мүмкін, шығарма кейіпкерінің әрекеті
дұрыс шығар?» т.б. типтегі мұғалімнің болжау
сұрақтарына оқушылар түрліше болжау жауаптар береді.
Бұл жауаптардың дұрысы да, бұрысы да болуы
мүмкін. Дұрысын мұғалім құптап,
оқушылар мен бірге өрбітеді.
4. Шығармашылық
деңгейге берілген сұрақ-тапсырмалар (*) ізденіс
сипатында болады. Оқушылар алға
қойылған жұмбақ міндетті дұрыс
аңғарып, іздену жоспарын өздері жасайды, талдайды,
жинақтайды, салыстырады нақтылайды, дерексіздендіреді,
қорытындылар жасайды [4,12].
Оқулықта
төртінші деңгейде шығармашылық тапсырмалар мол
берілген.
Бастауыш сынып оқушысы жас ерекшелігі жағынан қиялға, образды
ойлауға биім. Сондықтан бұл сыныпта оқушылардың шығармашылық қиялын
дамытудың орны ерекше. Сыныптағы және сыныптан тыс
жұмыстарды ұйымдастырғанда ойын элементтерін қолдану
ұтымды, ал оқушыларды әртүрлі көркем
шығармашылық іс-әрекетке, әдеби кештерге
қатнастырғанда өздерін таныс ән-күй, бейнелеу
өнері шығармаларын пайдаланған дұрыс. Мәнерлеп,
әдеби жанрдың өзіндік ерекшелігіне сай мақамдап
оқуды естен шығармағанда ғана оқушыны сөз
өнеріне де, өнердің басқа түрлеріне де
құлшындыра аламыз.
Оқушылардың ортада
пікір алмасуын, олардың түсінісу қажеттілігін
өтейтін, өз ойын жеткізуге
мүмкіндік тудыратын, сол арқылы тілін дамытатын тиімді
әдістерінің бірі-топтық
жұмыстар технологиясы (В.К.Дьяченко) [5].
Топтық жұмыстар барысында оқытудың
тәрбиелік тиімділігі артады. Тұлғаралық
қатнастарды қалыптастыруға әсер етеді. Оқушыларда
топтық жұмыстарды орындау барысында жолдастық, достық,
ұжымдық сезімдер қалыптасады.
Ертегілер бойынша топтық жұмыстарды жүргізудің екі
түрі бар: біріңғай
топтық жұмыс мен
сараланған топтық жұмыс [6].
Біріңғай топтық жұмыс барысында
барлық топ бірдей тапсырма орындайды.
Аталған
технологияның басты талаптары:
-
педагогикалық ынтымақтастыққа жеке қатынас;
-
табыс – оқытуда бала дамуының жетекші шарты;
-
сыныпта жағымды жағдай, көңіл-күй
туғызу;
-
қателермен жұмыс істегеннен гөрі оны болдырмау;
-
оқу материалы мазмұнының жүйелі, бірізді болуы;
-
әр бала үшін тапсырманың қолжетерлі болуы мен
сараланып берілуі;
-
білетін оқушы арқылы білмейтіндерді оқыту.
Топтық жұмыстармен қатар ұжымдық жұмыс жасау
технологиясын (А.Г.Ривин) қолдану тиімді болмақ. Аталған
технологияны қолдану төмендегідей ұстанымдарды
басшылыққа алуды міндеттейді:
- оқушылардың
өзара орнын алмастыруды;
- өзара
оқытуды ұйымдастыру;
- өзара
бақылау жүргізу;
- өзара
басқару орнату.
Ұжымдық
және топтық оқыту барысында оқушыларға
қойылатын талаптар:
- өз ойыңды,
пікіріңді анық жеткізуге тырыс;
- басқалардың
сөзін бөлмей, олардың пікірін аяғына дейін тыңдауға
үйрен;
- өз пікірің
болсын;
- басқаның
пікірін де бағала;
- өз пікіріңе
дәлелдер, айғақтар келтір.
Сонымен,
1. Топтық жұмыс
барысындағы ықпалдастық оған қатысушылардың
өзара қарым – қатынасының жақсаруына әсерін
тигізеді;
2. Топтық жұмыс
оқушылардың оқуға қызығушылығын
күшейтіп, «күш қорын» жұмылдырады;
3. Топта бірлесе жасаған
жұмыс барысындағы өзара ықпалдастық
сыныптағы психологиялық ахуалға және
оқушылардың өзін - өзі бағалауына жағымды
әсер етеді;
4. Топтық жұмыс оқу
материалының жеңіл, әрі тез игерілуіне тиімді ықпал
етеді.
Пайдаланылған
әдебиет тізімі:
1 Дьяченко
В.К. Сотрудничество в обучении: О коллективном способе
учебной работы. -М.,
1991 г.
2
Қазақстан Республикасы Бастауыш
білімнің мемлекеттік стандарты.
-А., 2000.
3
Қараев Ж. Жетілдірілген педагогикалық
жүйені жобалаудың
дидактиклық
шарттары. -А., 2004.
4
Рахметова С.Р. Қабатаева Б.Т. Ана тілі. 2-4сыныптарға
арналған оқулық. -А., «Атамұра», 2000-2003.
5
Беспалько В. Программированное обучение. -М.,
2000.
6
Кобдикова Ж.У. Деңгейлеп саралап оқыту педагогикалық
технологиясы талаптарына сәйкес
өтетін сабақтардың үлгісі. -А., 2006.