Өндірістің ғылыми-техникалық деңгейін арттырудың экономикалық маңызы, факторлары

 

Аймен А.Т., э.ғ.д.,профессор, Талха А.А., магистрант

 

М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Тараз

 

Жаһандану үрдістері, ақпараттық сферадағы жоғары технологиялар, қатаң түрдегі халықаралық технологиялық бәсекелестік тенденциялары өнеркәсіпте технологиялық базаны жетілдіруді талап етеді. Экономикалық жүйені мықты ғылыми, инновациялық, өнеркәсіптік әлеует құру арқылы күшейтуге болады деп тұжырым жасауға болады. Ғылыми-өнеркәсіптік әлеуетті күшейту және жетілдіру проблемаларын шешу үшін биліктің заң шығаратын және атқару органдары көмектесіп отыруы қажет [1].

Пайдалы қазба байлықтардың бай кеніштерінің болуы Қазақстанда ауыр өнеркәсіпті, әсіресе ол кен өндіру, мұнай, көмір, түсті және қара металлургиясалаларын баса дамыту үшін негіз болды. Бұл салалар республиканың индустриалдық бейнесін, оның өнеркәсібінің шикізаттық бағытын ұзақ уақытқа белгілеп берді. Сондықтан бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының Индустриалдық-инновациялық стратегия міндеттерінің бірі – ел экономикасын әртараптандыу шараларын жүзеге асыру. Демек, экономикадағы шикізаттық емес секторларды, өңдеу өнеркәсібін дамыту болып табылады. Осы себептен бүгінгі таңда елімізде осы мақсатты жүзеге асыруға бағытталған шаралар қарқынды жүзеге асырылуда.

Қазіргі заманғы экономикалық дамудың өлшеуіші ретінде - өндірістің технологиялық әдісінің түбегейлі өзгеруі мен оның бүкіл қоғамның экономикалық әлеуетіне барынша әсері бейнеленеді. Инновациялық өзгерістер тек қоғамның өндірістік күшіне ғана әсер етіп қоймайды, сонымен қатар әлеуметтік-экономикалық процестер жүйесінде орталық буын болып табылады. Инновациялық даму концепцияларына сәйкес техника мен технологиялардағы инновациялардың әр жаңа буыны әлеуметтік өмірге әсер ету сферасын кеңейтеді. Сонымен қатар постиндустриалды қоғамдағы адамның өзін-өзі қалыптастыруы мен оның өмір сүру жағдайының жақсаруы да осы технологиялық жаңару мүмкіндіктерімен тікелей байланысты.

Қазақстан бет бұрып отырған индустриялық қоғамның оған дейінгі қоғамнан айырмашылығы қайта индустриаланған өнеркәсіптің күрт өсуі салдарынан табыс көлемінің қарқынды түрде артуы болмақ. Көптеген салаларда мехникалық, автоматты, ақпараттық технологиялар енгізу арқылы инновациялық тауарлар өндіруге қол жеткізу нәтижесінде бәсекеге қабілетті өнімдерді өндіруге мүмкіншіліктер пайда болуға тиіс.

Осы мақсатта елімізде 2003-2015 жылдарға арналған Индустриялық-Инновациялық даму Стратегиясы қабылданды. Осы 5-6 жыл уақыт аралығында елімізде экономиканы әртараптандыруға бағытталған масштабты қыруар жұмыстар жүргізілді.Қазақстан БСҰ кіру жолында дайындықтар жасап жатыр [2].

Аталған стратегияның басты нысанының біріне Қазақстанның 2015 жылға дейінгі мемлекеттік-экономикалық саясатын қалыптастырып, шикізаттық өнеркәсіптің өңдеуші салаларын дамытуға көшу жатады, демек экономика салаларын диверсиффикациялау арқылы тұрақты дамытуға мүмкіндік береді.

Қоғамның экономикалық және әлеуметтік-саяси даму деңгейі ғылыми-техникалық прогрестің деңгейіне байланысты екені бәрімізге мәлім. Сондықтан заман талабына сай дамыған елдерде тиімді әзірлемелер жүйесі және түрлі қызмет сфераларына жаңа технологиялық шешімдерді енгізуге негізделген инновациялық экономикаға өту үрдісі байқалады, яғни нарық жағдайында ғылым мен өндіріс интеграциясы байқалады. Өйткені ғылым жетістіктерінің сапасы ғылым деңгейіне ғана емес, сонымен қатар сол жетістіктерді өнеркәсіпте тиімді пайдалануға да тәуелді болып табылады. Сонымен бірге табиғи ресурстардың мол болуы маңызды болған дәуір өтіп барады, оның орнына олардың технологиялық дамуын тездету, үдету мақсатында максималды тиімді қолдану мүмкіншілігі үлкен мәнге ие болып отыр. Арзан, сапасы төмен еңбекке негізделген өндіріс кезеңі аяқталуда. Адам, оның инновацияларды қабылдауы мен жүзеге асыру қабілеті – маңызды ресурс болып табылады.

Сондықтан соңғы кездері ұлттық экономиканың шикізаттық емес салаларына назар аудара бастауы уақыт талабы болып отыр. Мұның басты себебіне көп жағдайда еліміздің экономикалық жағдайы әлемдік нарықтағы шикі мұнайдың, табиғи газдың, бидай және қара, түсті металдардың бағаларына тәуелділігі жатады. Әлемдегі тауар, қаржы және валюта нарықтарында жиі кездесетін тұрақсыз жағдай, тұтынушылық және инвестициялық белсенділіктің төмендеуі ұлттық экономиканың өрлеуіне теріс ықпалын тигізуі мүмкін. Экономикалық өрлеудің жоғарғы қарқынын қамтамасыз ету үшін перспективаға айқын мақсат пен міндеттер анықтап алу қажет.

Жетекші шет елдердің стратегиялық белсенділігі сол елдердегі ғылыми-техникалық сферасының жетістіктері арқасында артып отыр. Әлемдік нарықта елдің бәсекеге қабілеттілігін анықтаушы фактор – ғылыми-техникалық даму деңгейі болып табылады.

Жалпы өндірістің техникалық деңгейін арттыру - ғылыми-техникалық прогресс нәтижелерімен байланысқан. Демек, өндірістің тиімділігін арттыру ғылыми-техникалық прогресстің даму ырғағымен тікелей байланысты. Техникалық прогресс – мақсаттың өзі емес, қоғамдық еңбек өнімділігін арттыру құралы, сондықтан өндіріс күштерін территорияларға орналастыруда өзгерістер енгізу өндіріс техникасы мен технологиясының дамуымен шарттасқан.

Ғылыми-техникалық прогресс – «білімді заттандыратын» көп сатылы күрделі үрдіс. Ол уақыт пен кеңістікте жүзеге асырылады. Онда фундаменталды және қолданбалы зерттеулер, тәжірибелік-конструкторлық және технологиялық әзірлемелер біртұтас жүйеге жинақталып, нәтижесінде олар өндіріспен ұштасады [3].

Бүгінгі таңда нарықтық экономиканың негізгі буыны – кәсіпкерлік объектісі – кәсіпорындар болып табылады. Мұндай кәсіпорындар ішіндегі өнім өндірумен айналысатын кәсіпорындардың орны өте маңызды және бірегей мәнді иеленді. Ал осы өнім өндірумен айналысатын кәсіпорындардың қызметін  ұйымдастыруға қажет қаржыландыру көздерін іздестіру, өндірісті ұйымдастыру, қызмет барысын басқаруды және басқа да маңызды қызмет түрлерін көрсетуді талап етеді.

Бүгінгі таңда мемлекет тарапынан өндірісті дамытуға, ғылым сыйымды және жоғары технологиялы өндірістерді және елдің экспорттық потенциалын көтеруге бағытталған іс-шаралар кеңінен жүзеге асырылуда. 2007 жылы осы мақсатта ҚР Үкіметі 2007-2015 жылдарға арналған «Қазақстан Республикасының технологиялық дамуы» атты бағдарламасы қабылданды [4].

ҚР 2015 жылға дейінгі технологиялық даму бағдарламасы елде инновациялық белсенділікті арттыру мақсатында ғылым мен бизнесті өзара байланыстыруды қарастырады. Оны жүзеге асыру жолында ғылыми қауымдастықты және іскерлік топтарды біріктіру көзделген. Біз білетіндей, елдің технологиялық деңгейін өнеркәсіптік өндіріс құрылымымен, оның тиімділігімен, сонымен қатар елдегі ғылым әлеуетінің дамуымен, жаңа технологияларды өндіріске енгізу жылдамдығымен анықтайды.

Біздің елде технологиялық дамытуға ықпал ететін негізгі факторларға өндіріс тиімділігі, оның техникалық қайта қарулануы, өндіріске жаңа техниканы енгізу, өнімнің жаңа түрлерін жасау жылдамдығы жатады. Аталған факторлардың елдің технологиялық деңгейіне әсері отандық өнеркәсіп құрылымымен, ғылыми- техникалық сала жағдайымен, шикізат тауарларына әлемдік конъюнктураның әсерімен ел экономикасының өсу тенденциясымен және кадрлық қамтамасыз ету сапасы, өнеркәсіп құрылымының шикізаттық бағыты сияқты тарихи қалыптасқан факторлармен шарттасқан.

Сондықтан аталған стратегияның басты міндеті - өндірістік қуаттың тиімділігін қамтамасыз ету және өндіріске жаңа озық технологияларды енгізу арқылы ҚР технологиялық деңгейін арттыру болып табылады.

ҚР технологиялық дамыту бағдарламасының жалпы қаржыландыру көлемі 154 млрд теңгені құрайды. Бағдарлама 3 кезеңде жүзеге асырылады. Оның қаржыландыру көлемін келесі кестеден көруге болады:

 

Кесте 1- Бағдарламаның жүзеге асыруды қаржыландыру көлемі

 

Кезеңдер

Қаржыландыру көлемі

2008-2010 жж.

23 млрд 159 млн теңге

2011-2013 жж.

67 млрд теңге

2014-2015 жж.

64,5 млрд теңге

 

Аталған бағдарлама тиімді жүзеге асырылу нәтижесінде келесідей мәселелерге қол жеткізуге болады:

-         өнеркәспке ғылым жетістіктерін тиімді енгізу жүйесін құру;

-         конструкторлық бюролар ұйымдастыру арқылы инженерлік инфрақұрылымды қалыптастыру;

-         өндірістерің модернизациясын жүзеге асыру негізінде олардың техникалық деңгейін арттыру.

Жалпы, осы бағдарлама шеңберінде орташа құны 477 млрд теңге шамасындағы 165 жоба қаржыландырылды. Жаңа кәсіпорындарын құру мен өңдеуші өнеркәсіптің қуатын арттыру жұмыстары белсендей түсті. Болашақта экономиканың тиімді модернизациялануы үшін өндіріс ресурстарының ұдайы өндірісі мен тиімді қолдануын қамтамасыз ету шараларын жетілдіру қажет. Қазіргі ғылыми-техникалық прогрестің қарқында дамуы жағдайында инновациялық процестер белсендеп, соның ішінде негізгі капиталдың тиімді ұдайы өндірісін қамтамасыз етудің мәні зор.

Жалпы индустриялық саясаттың негізгі басым бағыттарына: өңдеу өнеркісібін дамыту; жаңа ғылыми-сыйымды және жоғары технологиялық өндірістерді құру; жаңа инфрақұрылымды және ақпараттық технологияны дамыту жатады.

Демек, өнеркәсіптің технико-технологиялық деңгейін көтеруге бағытталған барлық шаралар өнеркәсіптің бәсекеге қабілеттілігін  көтеруге үлесін қосады. Ондай шараларды кешенді түрде жүргізу үшін сыртқы инвестициялар мен амортизациялық қорларды құру арқылы пайда болатын ішкі инвестицияларды өндірістің технологиялық құрылымын жаңартуға, өндірістің қуатын кеңейтуге бағыттаудың маңызы зор.

Өндірістің  материалдық-техникалық базасының факторлары – жаңа техниканы, озық технологияларды, жаңа шикізат немесе материалдар түрлерін қолданумен байланысты. Демек, өндірістің өнімділігін арттырудың бірден-бір жолы - өндірістің техникалық деңгейін арттыру болып табылады. Өндірістің техникалық деңгейін жетілдіру келесідей жолдармен жүзеге асырылады:

-         құрылғыларды модернизациялау;

-         моральдық тозған құрылғыларды өнімділігі жоғары құрылғылармен алмастыру;

-         өндіріс модернизациясы деңгейін көтеру, автоматтандырылған станоктар, құрылғыларды енгізу, автоматтандырылған желілерді қолдану, өндіріс жүйелерін автоматтандыру;

-         жаңа озық технологияларды енгізу.

Қазіргі заманғы экономикалық дамудың өлшеуіші ретінде - өндірістің технологиялық әдісінің түбегейлі өзгеруі мен оның бүкіл қоғамның экономикалық әлеуетіне барынша әсері бейнеленеді. Инновациялық өзгерістер тек қоғамның өндірістік күшіне ғана әсер етіп қоймайды, сонымен қатар әлеуметтік-экономикалық процестер жүйесінде орталық буын болып табылады. Инновациялық даму концепцияларына сәйкес техника мен технологиялардағы инновациялардың әр жаңа буыны әлеуметтік өмірге әсер ету сферасын кеңейтеді. Сонымен қатар постиндустриалды қоғамдағы адамның өзін-өзі қалыптастыруы мен оның өмір сүру жағдайының жақсаруы да осы технологиялық жаңару мүмкіндіктерімен тікелей байланысты.

Кәсіпорындарды қайта индустриаландыру немесе модернизациялау бағдарламасының басты мақсатына бәсекеге қабілетті өнім өндіру мүддесіне сай әзірлемелер мен зерттеулерді ұйымдастыру жатады. Бұл міндетті шешу жаңа білімді, басқару жүйесі, дайындығы жоғары мамандарды, жобалық жұмыстарды автоматтандырудың ғылыми техникалармен жабдықтауды, жобаны басқаруда компьютерлік жүйені жетілдіруді талап етеді. Жоғары білікті мамандардың біліктілігі, ғылыми жаңалықтарға негізделген технологияны қолдану, жеткілікті өндірістік қуаттың болуы, ғылыми-техникалық базаның сапасы және тәжірибелік өндірістің өз уақытында бәсекеге қабілетті өнім өндіруге бейімділігі аталған мәселені өз уақытында шешуге мүмкіндік береді.

Осы тұста өндіріске аяқталған инновациялық әзірлемелерді енгізу бағдарламасының маңызы зор. Бұл бағдарламаның мақсаты өндірістік немесе өндірістік емес экономикалық тиімділігі жоғары жаңа инновациялық немесе модернизацияланған өнімдерді шығаруды ұйымдастыру, максималды табыс табу мақсатында өнімді жаппай таратуды жеделдету үшін ұйымдастыру және экономикалық шарттарды орындау болып табылады. Мұндай бағдарламалар  өнеркәсіптік сынақтан өткізіліп, жобалық қуатқа жеткізу үшін оны іске қосу үрдісіне технологиялық және техникалық параметрлерді сынауды қамтамасыз етеді.

Жалпы өндірістің техникалық деңгейі ҒТП дамуына, инновациялық жаңалық деңгейіне байланысты болады. Инновациялық жаңалық деңгейі – зерттелетін облыстағы ғылыми-техникалық шешімдердің санына, идеяларға рационализаторлар мен өнертапқыштардың жаңалықтарына тәуелділігі.

Сондықтан өнеркәсіп салаларындағы кәсіпорындардың техникалық және технологиялық құрылымын үнемі жетілдіріп отыру өзінің өзектілігін әрқашан сақтап қалады. Оны басқаруда, ұйымдастыруда менеджерлер, өндіріс ұйымдастырушылары сыртқы орта факторларын ескере отырып, жаңарту, кеңейту, техникалық қайта жарақтандыру, реконструкциялау шараларын ұдайы жүргізуі арқылы жаңа жетістіктерге қол жеткізеді.

Өндірістің техникалық базасын кушейту жолдары саланың ерекшелігіне, кәсіпорын профиліне, нарық талаптарына, бәсекелестік ортаға және басқа да көптеген факторларға байланысты болады. Техникалық базаны жетілдіру екі жолмен жүзеге асырылады:

1.                 Интенсивті – прогрессивті құрал түрлерін енгізу, іске қосылған құралдарды пайдалануды жақсарту және тиімділігін көтеру, өндірісті қайта жарақтандыру, реконструкциялау инновациялық әлеуетті көтеру арқылы өнімділікті арттыру жолы;

2.                Экстенсивті – қосымша ресурстар тарту ( айналым құралдарын, негізгі құралдары), техникалық модернизациялау, жөндеу жұмыстарын жүргізу негізінде өнімділікті арттыру.

Техникалық ресурстардың ең басты сипаттамасына олардың прогрессивтілік дәрежесі немесе ресурстардың техникалық деңгейі жатады. Аталған екі жолдың ішінде әрине интенсивті даму жолы өзекті болып саналады. Қазіргі таңда өнеркәсіптің дамуы кезеңінде экономикалық өсудің құрамдас бөлігі болып- өнімділік табылады., демек ол кәсіпорын өндірісінің белсенділігін арттыруға тікелей әсер етеді.

Жалпы, кәсіпорында өндірістің техникалық деңгейін арттырудың көзі – сырттан инвестициялар тарту жолы болып табылады. Сондықтан өндірісте инвестициялық тартымдылықты арттырудың мәні зор. Мұндай әрекеттер өндірістік қызметті жүзеге асыру барысындағы жұмыстардың толық циклын қамтитын ұтымды жобалар әзірлеу, яғни ол жаңа ғылыми-техникалық идеяның пайда болуынан сол идеяның жүзеге асырылуына дейінгі өзара байланысқан және бір-бірін өзара толықтыратын жүйелер мен оларға қажет ұйымдастырушылық элементтер жиынтығы деп түсінуге болады..Сонымен қатар, бизнес-жоспар жасау, барлық қажет болатын ақпаратпен қамтамасыз ету жұмыстарын жүзеге асырудың да мәні зор болып болады [5].

Өндіріс өнімділігіне әсер ететін бірқатар маңызды факторлар бар. Осылардың ішіндегі ең маңыздысы – ғылыми-техникалық прогресс. Ғылыми-техникалық прогресс - өнімділіктің жан-жақты және кешенді дамуының негізгі көзі болып табылады. Сондықтан бүгінгі таңда өндірістік үрдісте ғылыми-техникалық прогресс жетістіктерін қолдану үшін, ең алдымен, қолданыстағы өндірістерді реконструкциялауға және қайта қаруландыруға, озық технология мен жаңа техникаларға, негізгі өндірістік қорлардың белсенді бөлігі – машиналар мен құрылғыларға жұмсалатын салымдар үлесін арттыру үшін инвестицияларды тарту мәселесінің мәні өте зор.

Өнімділігі жоғары негізгі қорлардың үздіксіз жаңартылуы бірқатар факторлармен айқындалады:

-         қоғамдық өндірістің дамуындағы еңбек құралдарының ролі;

-         өндірістік шығындар құрамындағы затталған еңбек үлесінің өсуі;

-         еңбекпен қор қайтарымдылығының ұлғаюы;

-         негізгі капиталдың  қарқынының өсуі;

-         экономиканың интенсивті даму факторларының мәнінің  өсуі.

Өндірістің дамуындағы еңбек құралдарының экономикалық және әлеуметтік мәні – адами жұмыс күші мен қоғамдық қатынастар көрсеткіштерінің өлшеуіші ретінде болуы саналады.

Экономиканың қазіргі даму кезеңінде негізгі капиталдың ұдайы өндірісін зерттеуде жоғарыда аталған факторлармен қатар, әлемдік қаржы нарығының тұрақсыздығын ескеру қажет.

Осы тұста өндіріске аяқталған инновациялық әзірлемелерді енгізу бағдарламасының маңызы зор. Бұл бағдарламаның мақсаты өндірістік немесе өндірістік емес экономикалық тиімділігі жоғары жаңа инновациялық немесе модернизацияланған өнімдерді шығаруды ұйымдастыру, максималды табыс табу мақсатында өнімді жаппай таратуды жеделдету үшін ұйымдастыру және экономикалық шарттарды орындау болып табылады. Мұндай бағдарламалар  өнеркәсіптік сынақтан өткізіліп, жобалық қуатқа жеткізу үшін оны іске қосу үрдісіне технологиялық және техникалық параметрлерді сынауды қамтамасыз етеді.

 

Әдебиеттер

 

1. Қазақстан Республикасының 2009 жылғы «Салық Кодексі»

2. Қазақстан Республикасының статистика агенттігінің жинақтары

3. А.Н.Дауренбекова «Қазақстан өнеркәсібінің индустриялық деңгейін көтерудің экономикалық механизмі», Алматы, Экономика 2005 жыл.

4. О.Сабден «Бәсекелестік экономика», Алматы, 2007 жыл.

5.                Д.А.Досхожаев «Технико-экономическая оценка долговечности механизмов машин», Алматы, 2001 год.