Жапарова Самал Сабыровна
Шоқан Уәлиханов
атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті, 5 курс, Есеп және
аудит
Аннотация
Мақалада Қазақстан республикасының Қаржы
министрлігімен бекітілген ақша қаражатының есебі және
аудитінің мәні мен міндеттерінің мазмұны
сараланған.
Ақша
қаражатының есебі және аудитінің мәні мен
міндеттері
Қазақстан
Республикасы Қаржы Министрлігінің жанындағы «Бугалтерлік есеп
және аудит әдістемесі Департаментінің»№4 «Ақша
қаражаттарының қозғалысы туралы есеп» деп аталатын
бугалтерлік есеп стандартының бірінші бабында: «Кәсіпорындар мен
ұйымдардың, яғни субъектілерді, ақша
қаражаттарының қозғалысы туралы есебін пайдаланушыларды
түрлі операциялық және инвестициялық қаржы
қызметі бойынша есепті кезеңдегі ақша
қаражаттарының келіп түсуі, кірістелуі ол
қаржылардың жұмсалуы туралы ақпараттармен
қамтамасыз етіп және оларға осы заңды
тұлғаның , яғни субъектінің қаржы
жағдайындағы өзгерістерге бағалауына мүмкіндік
береді» делінген. Ал осы стандарттың екінші бабында: «Заңды
тұлғалар , субъектілер (банктер немесе бюджеттік мекемелерден
басқа) ақша қаражаттарының қозғаласы туралы
есепті осы стандарттың талаптарына сай жүргізеді және есепті
кезеңдегі қаржы нәтижелері есептемесінің
құрамында (яғни сонымен бірге) тапсырады» делінген.
Барлық
шаруашылық жүргізуші субъектілерде өндірілген өнімді
сату барысында, сондай-ақ материалдық
құндылықтарды, негізгі құралдарды, тауарларды
сатып алғанда немесе көрсетілген қызметке және бюджетке
немесе бюджеттен басқа да мекемелерге әртүрлі
төлемдерді төлеуге байланысты түрлі операциялар пайда болады.
Әрбір кәсіпорын, ұйым, мекеме немесе фирма әдетте бір уақытта өндірілген өнімін сатып немесе қызмет көрсетіп, жабдықтаушы ретінде болатын болса, екіншіден сол өнімдерді өндіріп шығару үшін қажет болатын шикізаттар және материалдармен жабдықтайтын жабдықтаушылар алдында сатып алушы болып табылады. Осындай кәсіпорындар мен ұйымдардың, фирмалардың арасында алашақ және берешек операциялар көбіне қолма-қол ақша және қолма-қол ақшасыз төлеу жолы арқылы жүргізіледі. Қолма-қол ақшамен есеп айырысу Қазақстан Республикасының Ұлттық Банк-мекемесі белгілеген ережелер мен тәртіпке сәйкес жүргізілуі тиіс. Ақшалай қаржылармен есеп айырысу операцияларының бугалтерлік есебін жүргізу мен ұйымдастырудың мақсаттары мыналар болып табылады.
1. Ақшамен есеп айырысу операцияларын толық және уақытылы дер кезінде есептеу;
2. Субъектідегі ақшалай қаржылардың түгелдігін және оларды дұрыс, тиімді пайдалануды бақылау.
3. Есеп айырысу, төлеу тәртібін бақылау, кәсіпорынның, ұйымның немесе фирманың ақшалай кірістері мен шығындарын дұрыс есептеу.
Ақшалай
қаражаттар есебі мен аудитінің мәні мен міндеттері.
Барлық
шаруашылық субъектілері ақша қаражаттарымен жұмыс
істейді. Кәсіпорын қызметінің тиімділігі бір жағынан
ақша қаражаттары есебінің дұрыс жолға қойылуына
тәуелді. Шаруашылық қызметінде кәсіпорын басқа кәсіпорындармен сатып алынған негізгі құралдар, материалдар мен шикізаттар, орындалған қызметтер үшін есеп айырысулар жүргізеді. Сонымен бірге кәсіпорын есеп айырысулар жолымен салық органдарымен, еден қызметімен, бюджетпен қарым-қатынасқа түседі.
Кәсіпорындар
арасындағы есеп айырысулар екі формада жүргізіледі:
қолма-қол ақшасыз және нақты ақшамен есеп
айырысулар арқылы.
Банк арқылы кассалық есеп айырысулар жүргізу мемлекеттің кәсіпорындардың қаржы-шаруашылық қызметін жан-жақты бақылауға мүмкіндік береді. Банк мекемелері кәсіпорындардың шаруашылық қызметіне жұмсалатын шығындарын қадағалауға, олардың басқа субъектілермен уақтылы есеп айыысуын реттеуге, банктен түрлі мақсаттар үшін несие алуға мүмкіндік береді.
Ақша
қаражаттарының есебі алдында келесідей міндеттер тұр:
• шаруашылық субъектілермен уақтылы есеп айырысулар жүргізуді
қадағалау;
• есеп регистрлерінде
ақша қаражаттарының белгіленген шектер негізінде дұрыс
пайдалануын қадағалау;
• ақша қаражаттарының
мақсатты жұмсалуын қадағалау және
мақсатымен кезең сайын түгендеу жұмыстарын
жүргізу;
• кассадағы
және ағымдық шоттағы ақша
қаражаттарының бар болуы мен жұмсалуын бақылау;
• есеп айырысу
тәртібінің орындалуын бақылау.
Ақша
қаражаттарының бар болуы мен олар бойынша есеп айырысуларды
дұрыс ұйымдастыру, есеп айырысу тәртібінің бекуіне,
дебиторлық және кредиторлық міндеттемелердің кемуіне,
ақша қаражаттарының айналымдылығының
жылдамдауына, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының
нығаюына алып келеді.
Қолданылған әдебиеттер тізімі:
1.
М.С. Саниев “Ақша, Несие, Банктер”, Алматы-2001ж
2. Максимова В.Ф., Шишов А.Л. “Теория
рыночной экономики” т.1. ч.2., Москва, Соминтэк, 1992г.
3. “Деньги, кредит,
банки”. Справочное пособие. Под редакцией Г.И.Кравцовой, 1994г.
4. “Қазақстан
Респудликасының Банк құқығы” Алматы, “Жеты Жарғы”, 2000г.
5. “Ақша,
Несие, Банктер”, Г.С.Сейтқасымов, Алматы 1996г.
6. “Ақша, Несие, Банктер”, 2003-07.