Педагогические науки/ Наука и технологии: шаг в будущее

 

п.ғ.к., доцент Манабаева А.Ш., п.ғ.к., доцент Абилкасимова Г.

Қазақстан Республикасы, Е.А.Бөкетов атындағы

Қарағанды мемлекеттік университеті,

аға оқытушы Мұхаметжан Қ.Е

Қазақстан Республикасы, О.А.Байқоныров атындағы Жезқазған университеті

 

Болашақ мұғалімдерді эстетикалық тәрбиелеудің

мәні мен мазмұны

 

Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан – 2030» стратегиялық бағдарламасында барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі, әл-ауқатының артуы және елдің денсаулығын жақсарту міндеттерімен бірге жас ұрпаққа білім мен тәрбие беру мәселесі атап көрсетілген. Осыған сәйкес, біздің тәуелсіз мемлекетімізде еңбекқор, кәсібін терең түсінетін, өзінің білімі мен іскерлігін жан-жақты қолдана білетін мамандар даярлау қажеттігі туындайды. Болашақ маманның өз мүмкіндіктерін көрсете алуына жағдай туғызу бұл кез келген мемлекеттің жоғарғы оқу орнының маңызды қызметі болып табылады. Осыған орай бәсекеге қабілетті жоғары білімді мамандар даярлайтын оқу орындарының алдында тұрған негізгі алғы шарттар болып отыр.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетiстiктерi негiзiнде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсiби шыңдауға бағытталған бiлiм алу үшiн қажеттi жағдайлар жасау» – деп, тұлғаның шығармашылық, рухани және дене мүмкiндiктерiн дамыту, адамгершiлiк пен салауатты өмiр салтының берiк негiздерiн қалыптастыру арқылы өркениетке жеткізу міндеттері ұсынылған.

ХХ ғасырда адамзат қоғамы ғылыми техниқалық жетістіктерді өз игілігіне пайдалануда бұрын – соңды болмаған биіктерге көтеріле бастады. Алайда, бұл осы жетістіктермен қоса, табиғат заңдылықтарының тепе-теңдігінің сақталуына нұқсан келтіріп, айналасындағы ортаға, адам өмірі мен тіршілігіне кері әсер ететін жағдайларды да туындатып отыр.

Сонымен бірге қоғамда болып жатқан әлеуметтік–экономикалық өзгерістер адамдардың санасына да әсер етіп, жаңа заманның менталитетін қалыптастыруда. Осыған орай, жастардың рухани-тұлғалық қасиеттерін қалыптастыруге сәйкес, өз өмірінің құндылығын дұрыс түсіне алатын ерікті тұлға тәрбиелеу көзделуде. Қазіргі кезеңде рухани танымның тоқырауы, ізгілікпен адамгершіліктің төмендеуі тек материалдық құндылықтарға ие болу шырмауында қалуға ықпалын тигізуде.

Эстетикалық тәрбиенің қалыптасуы мен дамуы халықтың сан ғасырлық тарихымен, тыныс – тіршілігімен, тұрмыс салтымен және мәдени өнерімен тығыз байланысты екені мәлім.

Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында «жоғары білім берудің мақсаты - ...жеке тұлғаның сапалы жоғары білім алуға деген мүдделерін қанағаттандыру, әрбір адамға оқытудың мазмұнын, ...таңдауға кеңінен мүмкіндік беру» делінген. Осыған орай болашақ маманға кәсіби білім беру барысында рухани дамуындағы рөлін терең зерттеуді қажет етеді. Осыған байланысты өзекті мәселелердің бірі болашақ мамандарға эстетикалық тәрбие беру мүмкіндіктерін меңгеруі.

Ұрпақтан-ұрпаққа дәстүрлі жалғасын тапқан бабалар мұрасы тек шеберлік пен іскерлікті игеру ғана емес, адамзаттың әлемді эстетикалық танымын қалыптпстырудың керінісі болып табылады. Халықтың рухани негізі – ұлттық қолданбалы қолөнері құралдарында эстетикалық тәрбие жатқанына көз жеткіземіз. Сондықтан біз бұл ұғымының мәнін ашып көрсету үшін ең алдымен «эстетика», «тәрбие», «эстетикалық тәрбие» ұғымдарының анықтамасын жүйелеп, соның негізінде «болашақ мұғалімдердің қолданбалы қолөнер арқылы эстетикалық тәрбиесін қалыптпстырудың» мәнін ашып көрсетеміз.

Эстетика философиялық ілім. Кейбір ғалымдар эстетиканы философиялық ғылымнан гөрі өнерге жақындастырады. Өйткені оларға негізгі ортақ нәрсе жеке тұлғаның, даралықтың үлкен орын алатындығы. Бірақ көркем өнер үшін тұлға тағдырының басқаларға ұқсамайтын кездейсоқтығы, бірегейлігі маңызды болса, философия үшін жалқылық жалпылықтың көрінуі мен жүзеге асуының формасы ретінде маңызды.

Эстетика ұғымын ғылыми қолданысқа XVIII ғасырдың орта шенінде неміс философы Александр Баумгартен енгізді. Ол эстетиканың грек тіліндегі «айстетикос» сөзінен құрастырып шықты. Этимологиялық тұрғыдан алғанда «айстетикос» сезім, сезіммен қабылданатын деген мағынаға ие. Этимологиялық түбір әлі күнге дейін «анестезия» сөзінде кездеседі. А.Баумгартен сезім арқылы қабылдауға мүмкін кемелділікті әсемдік деп білген, әсемдіктің бірден бір көрініс табатын саласы өнер деп қарастырған. Сөтіп, неміс философы эстетикаға әсемдікті және оның өнерде көрініс табуын зерттейтін ілім деген анықтама берген.

Эстетика этикамен өнер мен өнегелік қалай байланысты болса солай тығыз байланысты, өйткені, өнер сезімге әсер ете отырып, адамгершілік, ізгілікке тәрбиелейді. Көркемдікке сүйсіну, соны тамашалаған сәтте сезімге бөліну барысында жанымыз тазарады. Жан тазалығы – ар тазалығы. Олай болса, эстетикалық тәрбие имандылық, ғибраттылық тәрбиесінің бір тарауы.

«Тәрбие» термині педагогика теориясы мен практикасында кеңінен қолданылуда. Бірақ бұл терминнің белгілі бір педагогикалық ұғым ретінде әлі де қалыптасу үстінде екені анық. Сондықтан да біз «тәрбие» ұғымын толық пайымдау үшін, оның тарихи даму деректеріне шолу жасаймыз.

Е.Арын орысша-қазақша түсіндірме сөздігінде «тәрбие» әлеуметтік, кең мағынада – қоғамның өспірім ұрпақтыөмірге дайындау жөніндегі бүкіл әлеуметтік құрылыммен: қоғамдық институттармен, ұйымдармен, бұқаралық ақпарат құралдары, отбасымен және мектеппен жүзеге асырылатын қызметі. Педагогикалық мағынада – оқу-тәрбие мекемелерінде педагогтармен жүзеге асырылатын тұлғаны дамытуға бағытталған арнайы ұйымдастырылатын және басқарылатын адамды қалыптастыру процесі.

П.И.Пидкасистый тәрбие ұғымын – «бұл баланың барынша тұлға ретінде дамуына, баланың қазіргі заман мәдениетіне енуіне, өз өмірінің субъекті және іске асырушы адам аталуға тұратындай болып қалыптасуы үшін маман-педагогтың мақстты бағытталған әрекеті» деп анықтама береді.

Дегенмен, зерттеу жоғары мектепте студенттердің эстетикалық тәрбиелілігін қолөнер құралдары арқылы қалыптастыру проблемасы жеткіліксіз қарастырылғандығын аңғартты. Нақтылай келсек, жоғары оқу орындарының тәрбие тұжырымдамалары шеңберінде бұл жұмыстың қалыптасу процесі өтуде.

Сонымен эстетикалық тәрбие табиғаттағы, өнердегі, еңбектегі, өмірдегі ең жақсыны қабылдау, одан ләззат алу деп айтуға болады. Эстетикалық тәрбие адамды дүниедегі көркемдікті бағалауға үйретеді, қолөнер шығармаларын терең тануға, құрметтеп-қастерлеуге баулиды.

Эстетикалық тәрбие – тұлғаның эстетикалық талғамы мен мұраттарын мақсатты қалыптастыру, оның ақиқат құбылыстары мен өнер шығармашылықтарын эстетикалық қабылдау, сондай-ақ өнер саласында дербес шығармашылыққа қабілетін дамыту.

Эстетикалық тәрбие және білім алудағы мақсаттар: тұлғаның өнер мен қоршаған болмыс нысандарын қабылдау, игеру және бағалау дайындығын дамыту, көркем өнер, рухани және дене шынықтыру мәдениеті саласында шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру.

Сонымен, болашақ мұғалімдерге эстетикалық тәрбие беру мәселесі қоршаған ортадағы қолданбалы қолөнері құралдарының сұлулығын, көркемдігін дұрыс қабылдауды және оладрың эстетикалық сезім мен талғамын тәрбиелейтіні анық.

 

 

Әдебиеттер тізімі:

1. Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика Алматы, 2004.- 420 б.

2.   Әліпбек А.З. Жеткіншектердің салауатты өмір салтын эстетикалық құндылықтар негізінде қалыптастыру. Пед. ғыл. .канд. ...дисс. автореф. – Алматы, 2010.- 31 б.

3.   Жарықбаев Қ., Қалиев С. Қазақ тәлім-тәрбиесі. – Алматы, 1995

4.   Байжігітов Б., Ибраева М. Эстетикалық оқу тәрбие жүйесі мәселелері. - Қазақстан мектебі. 1993. №6.