Ныязбекова К.С.
Абай
атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық
университеті Мемлекеттік тіл кафедрасының оқытушысы, Алматы
қаласы, Қазақстан
ҰЛТТЫҚ
ТӘРБИЕ
Тәуелсіз
Қазақстан Ресрубликасының «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің міндеті – ұлттық
және адамзаттық құндылықтар, ғылым мен
практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға,
дамытуға және кәсіби шыңдауға
бағытталған білім алу үшін қажетті жағыдайлар
жасау» екендігі атап көрсетілген.
Бүгінгі
таңда жас ұрпақты өз халқының тарихын,
тегін, салт-дәстүрін, тілін, білімін меңгерген
мәдениетті, адами қасиеті мол, шығармашыл тұлға
етіп тәрбиелеу – өмір талабы, қоғам қажеттілігі.
Қазақстан
Республикасының «Білім туралы» Заңы жас ұрпаққа
жан- жақты білім мен тәрбие
берудің мемлекеттік саясатының негізгі ұстанымдарын
айқындап берді: Қазақстанның барлық
азаматтарының білім алуға тең құқылы,
әрбір азаматтың интеллектуалдық дамуына, психо-физиологиялық ерекшеліктеріне
қарай, білімнің барлық деңгейіне кең жол ашылды. Әрбір
азаматтың білім алуға құқылығын негізге ала
отырып, оқушы бойына ұлттық құндылық
қасиеттерін қалыптастырып, құрметтеуге
тәрбиелеуде дидактикалық шарттар, яғни оқыту, тәрбиелеу,
дамыту, қалыптастыру үрдісін жан-жақты қамту
қажеттілігі туындайды.
Қазақ мәдениеті – ғасырлар
бойы қалыптасқан ұлттық мәдениет. Ол
ұлттық тәлім-тәрбиенің негізінде дамып
қалыптасады. Ұлттық тәрбие сол ұлттың
мәдениетін дамытудың қозғаушы күші болып
табылады. Қазіргі кезеңде жоғары оқу орындарының
табалдырығынан аттаған студенттерге мемлекеттік тілден білім беруде
ел тарихын терең қозғап, берілген мәтіндердің
тәрбиелік мәніне көбірек көңіл бөлінсе,
қазақ зиялы қауымының еңбектерімен қоса,
әлемдік деңгейде ғылыми еңбектерімен өздеріне
назар аудартқан, «Нобель сыйлығының» иегері атанған
ғалымдардың өмірімен де таныстырып, қоғам дамуына
қосқан үлестерін айтып түсіндіру арқылы
студенттердің адами-құндылық қасиеттерін
қалыптастырып дамыта аламыз.
Сонымен, ұлттық салт-сананың
өмірдегі қолданбалы көрністері: діни уағыздар,
сенімдер, ырымдар, тиымдар, жөн-жоралғылар, рәсімдер, кісілік
рәсімдер арқылы іске асырылады. әрбір жеке
тұлғаның ұлттық қасиеттері
(имандылығы, кішіпейілдігі, сыпайылығы, мәдениеттілігі,
сыйласымдылығы, салауаттылығы, тіршілікке бейімділігі,
өнерпаздығы, шешендігі, ақынжандылығы, т.б.)
ұлттық тәрбиеге байланысты дамиды.
Әрбір мәдениетті, білімді адам
өзінің дүниетанымдық, кәсіптік деңгейін
ұлттық мәдениетпен ұштастыра білуі керек. Білімді
болғанымен, ұлттық мәдениетті бойына сіңіре
білмеген болса, ондай адам ұлт алдында мәңгүрт,
мәдениетсіз болып көрінеді де, халықтың
наразылығына ұшырайды. Білім беру мен тәрбиелеудің
мақсатын айқындау үшін, Жүсіпбек Аймауытовтың
айтқан сөзін еске түсірейік: «мектеп бітіріп
шыққан соң бала бүкіл әлемге, өзгенің
және өзінің өміріне білім жүзімен ашылған
саналы ақыл көзімен қарай білсе, міне білімдендірудің
көздейтін түпкі мақсаты осы. Мектеп осы бағытта
баланың келешекте жетілуіне
мықты негіз салуы керек», – деген екен.
Студенттердің
ұлттық құндылық қасиеттерін
қалыптастырып дамыту негізінің бірден бір көзі – оқу
орындарында жүргізілетін тәрбиелік іс- шаралар. Адамның
бойына жақсы адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуы,
өнер-білімді игеруі өскен ортаға, тәрбиеге ғана
емес, үлгі-өнеге берер ұстазға, отбасындағы
тәрбиеге де байланысты. Әрбір халықтың өсіп-өркендеуі
үшін әлеумет ортада қалыптасқан рухани, мәдени,
саяси құндылықтарды сақтап, дамытып отыруы қажет.
Олай болмаса, халықтың біртұтас дүниетанымы ыдырай
бастайды. Әртүрлі бағыттағы реакциялық
көзқарастар қоғамда өз үстемдігін
жүргізе бастауы мүмкін.
Ұлттық
идеяны қазіргі Қазақстанда бір ғана ұлттың
мүддесінен туындатып жүргізу – демократиялық,
құқықтық қоғам құрамыз
деген мақсатпен қайшылыққа келеді. Сондықтан,
Қазақстан үшін қазіргі кезеңде үш саяси
құндылықтың – Бірлік, Тұтастық,
Тәуелсіздіктің
басымдық танытқанын Елбасымыздың халыққа
Жолдауынан көруге болады.
Мәселен, ресейлік ғалымдар бұл
идея адамдардың, әлеуметтік топтардың арасындағы
келісімдердің, биліктің әр түрлі формасының
практикалық қызметіне негіз болатындай базалық қасиеті
болу қажеттілігін тұжырымдайды.
Саяси
құндылықтардың ішіндегі ең маңыздысы – еліміздің
тәуелсіздігі. Өйткені басқа
құндылықтардың бәрін біріктіруші, жүйелеуші
орталық, өзек сияқты құбылыс. Сондықтан
Қазақстан азаматтарының бәріне ортақ құндылық
рухани, мәдени, саяси, әлеуметтік, экономикалық
тәуелсіздікті нығайту басымдылық танытады.
Ұлттық
тәрбие өркениеттік құндылық ретінде
қарастырылып, өтпелі қоғамда трансформациялық
процесстегі өркениеттегі құбылыс сияқты өте
күрделі категорияның ауқымын, даму тенденциясын
анықтайды; ұлттық тәрбие, оның өркениеттік
мәні жөніндегі мәселені ашуда мәдениет пен
өркениеттің арақатынасын айқындау мақсатында
маңызды зерттеулерге арқау болуы;
Ұлттық
тәрбие, оның өркениеттік мәні жөніндегі
мәселені ашуда мәдениет пен өркениеттің
арақатынасын айқындау мақсатында зерттеулерге арқау
болуы; әлемдік дамуда өркениетті құндылықтарды
ұстану көкейтесті мәселеге
айналып, дүниежүзін екіге бөлген қос жүйе
текетіресінің ақырынан кейінгі ТМД да қалыптасқан
әлеуметтік мәдени ахуалдың шиеленіскен тұсында
ұлттық дамудың ағымы мен динамикасын анықтауда
гуманитарлық ғылымдар жүйесінде мәдениеттанудың
маңыздылығын еселей түсуі; Ұлттық
тәрбиенің өркениеттік құндылық ретіндегі
тенденциясын анықтау – мәдениеттанулық мәселе екендігі;
Ұлттық тәрбиенің
адамгершілік ұстанымдары өркениеттік
құндылық ретінде қалыптасуында халықтың
рухани мұрасын, оның ішінде өміршең тәлім-тәрбиенің
озық үлгілерінің бүгінгі қоғамдық
сұранысқа сай қолданылуы; ұлттық
тәрбиенің өркениеттік құндылық ретінде
қаралуы адамдар арасындағы мынадай
құндылықтардың:
әлеуметтік
теңдік пен әділдікке негізделген деп қабылданып келген
кеңес дәуіріндегі құндылықтардың;
- ұлттық
құндылықтардың;
- батыстан енген
құндылықтардың ара-салмағының қай
дәрежеде екендігін саралауға негіз болуы;
- Ұлттық тәрбие арқылы
қазақ халқының мәдениеті – оның
ұлттық тарихының өнімді өзегі,
құрамдас бөлігі, маңызды саласы екеніне айрықша
көңіл аударуы;
- Ұлттық тәрбиенің
мәдени феномен ретіндегі негізгі
міндеттерінің бірі – үшінші мыңжылдықтың
буырқаныстарына жауап беретіндей стратегиялық темірқазығы
– Шығыс пен Батыстың дүниетанымдық типтерін
оңтайлы синтездеуде ұлттық
құндылықтардың орны мен мазмұнына, мәніне
баса назар аударып, оның орны мен маңызын ашып көрсетуге
негіз болуы;
- Қазақтың ұлттық
тәрбиесін сипаттайтын ұғымдардың мәні ғылыми әлемде
қалыптасқан теориялық түсініктермен байланыста ашылып,
этнотәрбиенің білімдік ерекшеліктерін анықтауы;
- Қилы-қилы тарихи жағыдайда
(көшпенділіктің жалпы дағдарысы, отаршылдықтың
әсері, тоталитарлық жүйенің ықпалы, қазіргі
вестерннің тегеуріні) қалыптасқан ұлттық
тәрбие феноменіне ғылыми талдау жасауы;
- ХХ ғасырда бірнеше түбегейлі
өзгерістерді бастан кешірген, айтулы дәрежеде трансформацияға
ұшыраған ұлттық тәрбиенің
төлтумалылығының сақталуы мен оған батыстың
тәрбие үрдісінің ықпал ету деңгейін
анықтауы;
- Дәстүрлі
құндылықтар мен жаңа нарықтық
құндылықтардың қақтығысы барысында
қалыптасқан қазіргі ұлттық тәрбие
процессіндегі қайшылықтардың себеп-салдарын теориялық
мәдениеттанулық тұрғыдан пайымдауы;
- Ұлттық тәрбиенің
өркениеттік құндылықтарды қалыптастырудағы
рөлін ашып көрсетуі.
Адам қолымен жасалған әлем
шексіз мүмкіндіктер мен өзара байланыстылық дәуіріне
қадам басты. әрбір адам мен әрбір халықтың
өзбетінше дербес өмір сүруге, дамуға деген
ұмтылысы күшейіп отыр. Адамзаттың мәдениет пен
діндердің бейбіт сұхбаты болмаған жағыдайда
қандай да бір қауіпсіздік туралы сөз
қозғаудың мүмкін еместігіне көзі жетті.
Сондай-ақ, әрбір халықтың
өзінің тарихи, рухани және мәдени төлтума
қасиеттеріне бойлауы арта түсуде. Бірақ осындай
ұмтылыстар басқа халықтардың мүдделеріне нұқсан
келтірмеуі тиіс. Сондықтан Қазақстанның өркениет
өріне бастар бағыты – адамгершілік-ізгілік қасиеттерге
негізделген ұлттық тәрбиеге табан тірейді.
Ұлттық тәрбие мақсаты –
ұлттық құндылықтар мен жалпыадамзаттық
болып табылатын құндылықтардың үйлесімді дамып,
көркейіп, жалпыадамзаттың бүгіні мен келешегіне қызмет
етуі.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Бурбаев Т. Ұлт мәдениеті. Астана:
Елорда, 2001. – 248 б.
2.
Есім Ғарифолла. Ұлттық өркениет және мәдени
бағдар // Қазақстан: сындарлы жылдар және
ғаламдық мәселелер. – Аматы: Қазақ университеті,
2003. – 305 б.