Педагогические науки/ Перспективные научные исследования

 

п.ғ.к., доцент Манабаева А.Ш., п.ғ.к., доцент Абилкасимова Г.

Қазақстан Республикасы, Е.А.Бөкетов атындағы

Қарағанды мемлекеттік университеті,

аға оқытушы Мұхаметжан Қ.Е

Қазақстан Республикасы, О.А.Байқоныров атындағы Жезқазған университеті

 

Студент тұлғасын қалыптастырудағы эстетикалық тәрбиенің орны

 

XXI ғасырдың басты міндеті миллиондаған, миллиардтаған адамдардың өмірлері, оның ішінде тұлғаны дамыту талаптарын анықтайтын білім сапасын арттыруы болып табылады. Сондықтан білім мен ғылым жүйелерін қайта қалыптастыру, жоғарғы дәрежеге жеткізу глобализация талаптарында көптеген проблемаларды шешудің анықталған факторы болып табылады.

Қазіргі заманғы қоғамда адамнан тек политехникалық білімді болуын талап етіп қана қоймай, жоғары деңгейдегі мәдениет пен ғылым мен техниканың түрлі салаларында терең мамандануын ғана емес қоғамда өмір сүріп тіршілік ете білуді талап етеді. Студенттердің тұлғалық дамуының негізгі параметрлері оның жалпы адамзаттық құндылықтарға бағытталуы, ізгілік, зиялылық, креативтілік,белсенділік, жеке басының намыс сезімі, ой-пікірдегі тәуелсіздік болып табылады. Осы қасиеттердің даму деңгейі тұлғаның әлеуметтік қалыптасу мен әлеуметтік біліктілігінің көрсеткіштері деп қарастыруға болады.

Білім беру жүйесінің басты міндеті – жеке тұлғаның ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар негізінде қалыптасуы мен дамуы және оның кәсіби жетілуі үшін қажетті жағдайлар жасау; баланың тәрбиелену, білім алу және жан-жақты қалыптасу, ана тілін, ұлттық салт дәстүрлерді сақтау, ақпараттану, денсаулығын нығайту сияқты құқықтарын іске асыру болып табылады. Осы сияқты қасиеттерді білім алушылардың бойында қалыптастыру мен дамыту Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінің маңызды міндеті ретінде қарастырылады – деп Қазақстан Республикасының үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие тұжырымдамасында атап көрсетілген.

Болашақ мұғалімдердің эстетикалық тәрбиесін қолданбалы қолөнері құралдары арқылы қалыптастыру мәселесіне орай қазіргі саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени-эстетикалық тәрбие беру жағдайында үлкен үмітпен қоса, болашақ мұғалімдерге орасан зор жауапкершіліктер де артып отыр. Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінің салаларында бүгінгі жастарға эстетикалық тәрбие берудің міндеті алдыңғы қатарға қойылып отыр.

Бұл қөзқарастан, әсемдікті, сұлулықты сезініп, оны дамытып отыру қажеттілігін көрсетеді. Осыған байланысты, қазіргі заман талабына сай болашақ мұғалімнің эстетикалық тәрбиесінің рөлін, оның маңызын ашып көрсету үшін, құрамдас компоненттерінде эстетикалық білім, қабілет, мәдениетті қарастырдық (сурет 1). Сондықтан да эстетикалық тәрбиені қалыптастыруда эстетикалық білімнің (таным, бағалау, даму, қалыптасу), эстетикалық қабілеттің (талғам, қызығушылық, қолөнер бұйымын орындау, басқа заттармен үйлесімділігі) және эстетикалық мәдениетінің (көзқарас, сезіну, әсер алу, қабылдау) болуы маңызды саналады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Сурет 1 – Эстетикалық тәрбиенің құрамдас компоненттері

 

Жастарға білім беру, тәрбиелеу, адам мен табиғат тіршілігін ажырамайтын, жеке бөліп қарастыруға келмейтін, жастардың дүниетанымын қалыптастыру, адамгершілікке тәрбиелеуді қазақ халқының зиялы ағартушылары мен ақын-жазушылары Ы.Алтынсарин, Х.Арғынбаев, М.Әуезов, А.Байтұрсынов, Ә.Бөкейханов, М.Дулатов, А.Жұбанов, М.Жұмабаев, А.Кұнанбаев, Ш.Құдайбердиев, Ә.Марғұлан, Ш.Уәлиханов т.б. ғалымдардың еңбектерінде эстетикалық тәрбиенің өзіндік болмысына теориялық талдаулар беріледі.

Жоғары оқу орнында болашақ мұғалімдерді даярлау мәселесін оқу-тәрбие процесін қалыптастыру, оларға кәсіптік білім беру мәселелері Ш.Ә.Әбдраманның, Б.Әбдікәрімұлының, Р.Ч.Бектұрғанованың, К.Ә.Дүйсенбаевтің, В.В.Егоровтың, С.Т.Каргиннің, М.С.Мәлібекованың, В.Н.Монаховтың, Г.К.Нұртаеваның, Ә.Ә.Усмановтың, Н.Д.Хмельдің т.б. ғалымдардың еңбектерінде жарық көркен.

Бүгінде адам өзінің білімділігі мен әлеуметтік сенімділігіне жауапты болуы керек. Сондықтан мемлекеттік білім беру саясатындағы неғұрлым маңызды қағидасы, жеке талаптардың басымдылығы, адамның өзінің эстетикалық денгейін көтеруге ұмтылуы деп есептейміз. Әлеуметтік даму адамның өмірлік стратегиясын түбегейлі өзгертеді, болмысты игеруге оның шығармашылықпен қарауға деген белсенділігін арттыруға жағдай жасайды.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында жеке тұлғаның өзін-өзі анықтауын қамтамасыз ету, оның қабілетін толық ашуына, «өз заманына кіріктенген және осы қоғамды қалыптастыруді көздейтін адамның-азаматтың қалыптасуына» жағдай жасау қажеттігі ерекше атап көрсетілген. Осы қағидалар «Қазақстанның білім беру жүйесіндегі тәрбиені дамыту бағдарламасында» орын тауып отыр. Онда «тәрбие қазығы білім алушыларда әлеуметтік жағынан қажетті білімдер мен дағдылар, кәсіби қызығушылық, азаматтық көзқарас қалыптастыру болып табылады» деп көрсетілген. Жеке тұлғаның әлеуметтік және мәдени құзыреттілігін дамыту, оның әлеуметтегі өз орнын анықтауы, азамат болып қалыптасуы үшін тәрбиенің білім беру жүйесі мен қоғамдағы әлеуметтік дәрежесін арттыру қажет.

Сонымен, болашақ мұғалімдерді эстетикалық тәрбиелеу бұл дамыған көркем сана мен талғамды, оны қабылдау және бағалау қабілетін қалыптастыру мақсатына бағытталған процесі. Эстетикалық тәрбие беру болашақ мұғалімді жан-жақты және үйлесімді дамытудың жалпы жүйесінде ең алдымен өзіне тән қызмет атқарады. Ол барлық іс әрекетінде әсемдік негізін анықтап, болашақ мұғалімнің әсемдікке деген көзқарасын дамытып жетілуіне ықпал етеді.

Бүгінгі таңда Қазақстанда орындалған көптеген зерттеулерде эстетикалық тәрбие ұғымын анықтау бойынша тұжырымдар жасалған (Е.Арын‚ С.Б.Бабаев, Ж.К.Оңалбек‚ Ж.Ш.Балкенов т.б.).

Эстетикалы тәрбиелі жан қалай болса солай жүріп тұрмайды, не болса соны киіп шықпайды, жөнді жосықсыз әрекеттерге бармайды. Эстетикалық тәрбиелі жастар бойына талғампаздық қасиетін дарытады. Мұндағы талғампаздықтың мәні адамның сұлулық пен ұсқынсыздықты, асқақтық пен мешеулікті, шынай әсемдікпен жалған көзбояушылықты ажырата біледі.

Сонымен, эстетикалық тәрбие студенттердің жеке тұлғалық талғамын, эстетикалық мұратын, эстетикалық ұстанымдарын қалыптастыру нәтижесінде эстетикалық сананы сомдайды. Эстетикалық сананың сомдалуы қоғам үшін болсын, тұлғанын өзі үшін болсын үйлесімді дамыған белсенді тұлғаны қоғамдық өмірге даярлауымен бағалы. Эстетикалық тәрбие алған адам өзінің адамсүйгіштігмен, бекзаттылығымен, сыртқы кейпінің, мәнерлерінің, өзін-өзі ортада ұстай білуінің жоғары әсемдік талғамға сай келуімен анықталуы тиіс.

 

 

Әдебиеттер тізімі:

1. Ахметова З.Р. Формирование профессиональной готовности будущих учителей к эстетическому воспитанию школьников. Автореф. дисс. к.п.н. - Алматы, 1995. - 23 б.

2. Абдыкаримов Б.А. Теория и практика развития профессионально технического образования. Автореф. дисс. д.п.н. -Алматы, 1996. - 51 с.

3. Алимбеков А. Формирование у будущих учителей готовности к эстетическому воспитанию младших школьников на прогрессивных традициях народной педагогики: Автореф. дисс. ...кан. пед. наук. -М., 1990. -17 с.

4. Арын М. Бес анык /тэрбие туралы толгамдар. - Алматы, 1996.

5.   Балкенов Ж. Халык мұрасындағы ұлттык өрнек және рең. Ғылыми әдістемелік монография. -Қараганды: КарГУ, 1996. - 198 б.