“Педагогикалық ғылымдар /5.Білім берудің замануи тәсілдері

Айдосова Б.Х.

э.ғ.к., аға оқытушы

Жұмабекова А.М.

 Фин-11-1 тобының студенті

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті

 

ОҚУ ҮДЕРІСІНДЕ МЕНТАЛЬДІ КАРТАНЫҢ ПАЙДАЛАНЫЛУЫ

 

Біздің жұмысымызға, оқуымызға, қызығатын ісімізге, сондай-ақ жалпы тұрмыс-тіршілігімізге және басқа да барлық мүмкін мақсаттарымызға жетуге қажетті ақпаратқа толы қазіргі заманда үлкен көлемде мәліметтерді есте сақтау мүмкін емес. Сондықтан қандай да бір әрекетпен күнделікті жиналып жатқан мәліметтерді бірыңғайлап, белгілі бір жоспар құру үшін  және ойдағы аласапыран дүниені бір ретке келтіру үшін ментальді карталарды қолдану бірден бір тиімді әдіс болып табылады.

“Ментальді карта” терминін ағылшын психологы Тони Бьюзен енгізген болатын және де ағылшын тілінен тікелей аудармасы “ақыл-ой картасы” деген мағынаны білдіреді.

Ментальді карталар (майндмэппинг, mindmapping) – бұл ойлау қабілетін қалыптастырудың ерекше әдісі емес, ол нағыз қарапайым әдіс, ақпараттың  үлкен көлемін есте сақтауға мүмкіндік беретін ойлау қабілетін дамытудың және баламалы жазбаның ыңғайлы әрі тиімді техникасы.

Ментальді карталар тек идеяны тудыру, визуализациялау, құрылымдау, саралау үшін ғана емес, сондай-ақ қандай да бір мақала жазуда тапсырмаларды орындауды, ұйымдастыруды үйрену, шешімдерді қабылдау құралы ретінде де қолданылады.

Тіпті біздің эрамыздың үшінші ғасырының ойшылдары Аристотельдің тұжырымдамаларын суреттеу үшін ақпараттарды жазудың осындай тәсілдерін қолданған. Кейбір европалық елдерде ментальді карталар бастауыш сынып оқушыларын оқыту үшін де пайдаланылады.

Тармақшалары және түсініктемелері бар ұзыннан ұзақ жазбалар, тақырыптары, кестелері және де сызбалары бар тексттер біздің ойымызды жинақтауға және тиянақтап зейін қоюымызға мүмкіндік бермейді, себебі бұл жағдайда біз тек сол жақ жартышарымызға ғана жұмыс істетеміз.

Ал ментальді картаның техникасымен, біз сондай-ақ суреттер мен бейнеге  жауап беретін оң жақ жартышарымызды да жұмыс істетеміз [1].

Ментальді карталар ортасы және де одан тараған кілт сөздер мен суреттер бейнеленген тармақтары бар сызба ретінде салынады. Бұл мүмкін болатын ассоциациялардың шексіз алуан түрлілігін, демек соған сәйкес мидың мүмкіндігінің де сарқылмайтындығын көрсетеді.

 Осылайша, ментальді карталар мен адамдардың миының құрылысы арқылы ойлау қабілетін қалыптастыруды теңдестіріп қарауымызға болады:

- нейронның өзі де тармақшалары бар ядроға ұқсайды (мини-майндмэп);

- табиғи деңгейдегі ой биохимиялық импульстердің “ағашы” ретінде кескінделеді [2].

Енді ментальді карталарды құрастырудың алгоритмін қарастырайық    (1-кесте).

Кесте 1. Ментальді карталарды құрудың жалпы ережелері

Ережелер

Ескертулер

1

Бүкіл мәселенің сұлбасын (тапсырманың, білім саласының) ортаға орналастыру керек.

 

Бұл дегеніміз,біздің зейін қойып отырған басты тақырып парақшаның ортасында, яғни нағыз назар аударатын жерде  орналастырылады деген сөз.

2

 

 

 

 

 

Орталықтан жазбалары бар негізгі тармақтар таралады – олар картаның негізгі бөлімдерін көрсетеді. Негізгі тармақтардың өзі тармақшаларға бөлінеді.

Сөздерді әр түрлі мүмкін болатын дөңгелекшелер мен параллелепипедтерде емес, тармақтардың тұсында орналастырған маңызды.

 

3

 

 

 

 

 

 

 

Барлық тармақтар белгілі бір ұғымды еске түсіретін кілт сөздермен жазылған. Айқындылық және ашықтық үшін үлкен баспа әріптермен жазған дұрыс. Сызықтың ұзындығы сөз ұзындығына пара пар болу керек. Бұл үнемді және ұқыпты.

Барлығын бірдей жаза бермеу керек, тек кілт сөздерді жазу жеткілікті. Кілт сөздер ретінде ерекше, айқын, есте қалатын, “сөйлеп тұрған” сөздер таңдалады. Әрбір сөз мүмкін болатын мың ассоциацияларды қамтиды, сондықтан сөздерді бір-біріне желімдеу ойлау қабілетінің еркіндігін шектейді. Ал сөздердің бөлек жазылуы жаңа идеяларды тудыруы әбден мүмкін.

1-кестенің жалғасы

4

 

 

 

 

Негізгі тармақтарға міндетті түрде әр түрлі түстер қолданыңыз. Бұл біртұтастай және құрылымдап түсінуге мүмкіндік береді.

Суреттер мен таңбаларды жиі қолданыңыз (ортадағы тақырыпқа міндетті түрде қажет). Жалпы алғанда ментальді карта бірыңғай суреттерден құралса да болады.

5

 

 

 

 

 

 

Кеңістік қалыптастыра біліңіз, бос орын қалдырмаңыз және де тармақтарды да тығыз орналастырмаңыз. Кішкене ментальді картаға А4 парақшасын, ал ауқымды тақырыпқа А3 парағын қолданыңыз.

Тармақталған тармақшаларды көршілес бұталармен араласып кетпеуі үшін белгілі бір пішіндерге орналастыруға болады. Парақты көлденең қойыңыз. Мүндай карта оқуға ыңғайлы. Әр түрлі пішіндермен, түстермен, көлеммен, шрифтпен, нұсқарлармен, белгілермен сәндеп көріңіз.

Е С К Е Р Т У – кесте [1, 2] мәліметтер бойынша құрылған

 

Ментальді карталарды жасау – бұл кез келген жұмысқа іскерлікпен қарау, оны ойға қонымды етіп атқару. Жекелеп айтқанда, өзімнің мұғалімдік қызметімде мен оларды тек лекцияларымның конспектісі ретінде ғана қолданбаймын, сондай-ақ студенттердің ментальді карталар арқылы лекциялық материалдарды өз бетінше конспектілеуіне де мүмкіндік беремін. Мұндағы ең негізгі мотивация біріншіден, студенттер практикалық сабақтарда өз қолымен жасаған ментальді карталар бойынша жауап береді, екіншіден, ментальді картаның сәнделуіне қосымша балл қосылады. Онымен қоса,студенттер өздерінің презентацияларын баннерге ментальді карта істеулері арқылы өткізеді, ал бұл өз кезегінде аудиторияға баяндаманың негізгі құрылымын түсінуге және ең басты мәселелерді аңғаруға мүмкіндік береді.

Ескере кеткен жөн, студенттер ментальді картаны жасау барысында-ақ лекциялық мәліметтерді есте ұстап қалатындарын айтады.

Ментальді картаны құру техникасының барлық басымдылықтары мен артықшылықтары 1-суретте бейнеленген.

2-суретте “Фин-11-1” оқу тобының студенті Жұмабекова Ақботаның “Биржа ісі” пәнінің бірінші лекциясы бойынша жасалған ментальді картасы, ал 3-суретте үшінші лекция бойынша жасаған ментальді картасы берілген. Осыған қарап-ақ студенттің осындай қысқа мерзім ішінде шығармашылық және логикалық ой-өрісінің дамығандығын көреміз.

логикалық

 

 

Шығарма-шылық

 

 

қиял

 

 

зерде

 

 

Ой-өріс

 

 

бар мүмкіндік

 

 

Шығарма-шылық

 

 

   Дамытамыз

 

 

Басымдықтары

 

 

логика

 

 

құрылым

 

 

байланыс

 

 

Айқын

 

 

азғантай

 

 

жылдам

 

 

рақаттанып

 

 

Жазамыз

 

 

Әрекеттенеміз

 

 

сапалы

 

 

Есте сақтаймыз

 

 

көп

 

 

лезде

 

 

Үйренуге оңай

 

 

Сурет 1. Ментальді карта техникасының басымдылықтары [3]

 

Ментальді картаның пайдаланылу ауқымын одан да нақтырақ ашып айтатын болсақ:

-                Оқу үдерісін ұйымдастыру;

-                Уақытты дұрыс үйлестіру;

-                Тілдерді үйрену (сурет 4);

-                Жұмыстарға шектеу қою;

-                Шешім қабылдау;

-                Идеяны тиянақтау және де басқа да көптеген нәрселер үшін қажет.

 

 

Сурет 2. Жубамекова А. “Биржалық сауданың даму тарихы мен беталысы” тақырыбы бойынша ментальді картасы

 

 

Сурет 3. Жубамекова А. “Тауар биржасының басқару органдары мен ұйымдастырушылық құрылымы” тақырыбы бойынша ментальді картасы

 

 

Сурет 4. Ағылшын тілін үйренудегі ментальді карта [4]

 

Сонымен, ментальді карталарды ойды жүйелеу, жоба жасауға жаңа идея тудыру, шешім қабылдау, ой шабуылын ұйымдастыру үшін пайдаланады. Өйткені зерде мен креативтілік бір үдерістің екі жағы сияқты, сәйкесінше, өткенді жаңғырту, келешекті құруға ықпал етеді.

 

Әдебиеттер:

1. http://dagaz.ucoz.ru/index/mentaknaya_karta/0-43

2. http://kolesnik.ru/2005/mindmapping/

3. http://quicknews.ucoz.ru/blog/kniga_karty_uma/2013-12-24-37

4. http://www.nkj.ru/news/21885/